146
76-сурет. Триангуляциялық торлардың түрлері
1 – базистер; 2 – аралдар
қиылыстыру əдісі кезіндегі бағыттар арасындағы бұрыштар
300 кем, 1500 артық болмауы керек, ал қиылыстыру ұзындығы (аспаппен тіреу ортасындағы нүктеге дейінгі арақашықтық) келесі шамадан аспағаны жөн:
есеп алу дəлдігі 30// теодолитпен қадалау кезінде – 100 м; есеп алу дəлдігі 10// теодолитпен қадалау кезінде – 300 м; есеп алу дəлдігі 1// теодолитпен қадалау кезінде – 1000 м.
Базистерді жер бетінің көлбеулігі 1% артық емес ашық, тегіс жерде қадалайды, ал оның ұзындығы анықталмақшы қашық-тықтың 0,5 шамасынан кем болмауы керек.
77-сурет. Тіреу ортасын тура қиылыстыру əдісімен қадалау
Базистік нүктелердің арақашықтығын өлшеу базис арқылы анықталмақшы арақашықтықтан дəлдігі 2 есе жоғары болуы керек. Триангуляция белгілерін үлкен емес, биіктігі 4-6 м ағаш
147
немесе темір пирамидалар түрінде орнатады. Белгінің ортасы (центрі) ретінде рельс немесе құбырдың кесіндісін тереңдігі 2,0-2,5 м жерге көміп қолданса болғаны.
Қарапайым триангуляциялық торларды құруда (қабырғала-рының ұзындығы 1,5 км артық емес), оның бұрыштық өлшеулерін ғана теңдейді, ал үлкен көпірлерді салуда триангуляциялық торларды ең кіші квадраттар əдісімен теңдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |