Қазіргі қоғамды ақпараттандыру жəне онымен тығыз байланысты білім беруді ақпараттандыру жетілгендігімен, ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялардың (атт) кеңінен таратылуымен сипатталады



Дата23.03.2023
өлшемі13,5 Kb.
#172954
Байланысты:
1 дәріс
HTML деген тіл сайттың негізгі құраушысы, сочинение

№ 1дәріс. Кіріспе.

Қазіргі қоғамды ақпараттандыру жəне онымен тығыз байланысты білім беруді ақпараттандыру жетілгендігімен, ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялардың (АТТ) кеңінен таратылуымен сипатталады. Олар ақпаратты тарату үшін жəне мұғалімдер мен білім алушылардың өзара əрекетін қамтамасыз ету үшін білім берудің қазіргі жүйесінде кеңінен қолданыс табуда. Арнайы жағдайда көптеген технологиялар оқушыларды оқыту жəне тəрбиелеу сапасын арттыруға айтарлықтай əсер ететіндігін түсіну қажет.


Қазіргі мектеп мұғалімдерінің кəсіби дамуының маңызды мəселелерінің бірі олардың ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды пайдалану саласындағы жеткіліксіз кəсіби деңгейі болып табылады. Алдыңғы кезекте, мұндай мұғалімдердің кəсіби деңгейінің жеткілікті деңгейде қалыптаспауы оқушыларды оқыту тиімділігінің айтарлықтай төмендеуіне əсер етеді.
Осыған орай мұғалім ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар саласындағы білімді игеріп қана қоймай, сонымен қатар оларды өз кəсіби іс-əрекетінде қолданатын маман болуы қажет. Мұндай мақсатқа білімді ақпараттандыру жəне оқытудағы мəселелерді ақпараттық технологияларды қолдану арқылы қол жеткізуге болады.
Болашақ жəне бұрыннан жұмыс жасап келе жатқан педагогтарға білімді ақпараттандыру екі стратегиялық мақсатқа жетуді қамтамасыз ету қажеттігін білу маңызды. Біріншісі - ақпараттық жəне қатынастық технологияларды пайдалану негізінде білім беру іс-əрекетінің барлық түрлерінің тиімділігін арттырумен анықталады. Екіншісі – ақпараттық қоғамның сəйкесінше талаптарын қанағаттандыратын жаңа типті ойлайтын мамандарды даярлаудың сапасын арттыру. Ақпараттандыру əдістері мен құралдарының көмегі арқылы болашақ маман қандай ақпараттық ресурстар барлығы, олардың қайда орналасқандығы, оған қалай қолжеткізуге болатындығы жəне оларды өз кəсіби іс-əрекетінің тиімділігін арттыру мақсатында қалай пайдалану қажеттігі туралы сұрақтарға жауап алуы қажет.
Пәннің мақсаты:
1. Мұғалімдерді ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды жалпы орта білім беруде қолданудың жағымды қырларымен таныстыру;
2. Ақпараттық қоғамда білімді ақпараттандырудың рөлі мен орны туралы түсінікті қалыптастыру;
3. Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын тиімді қолдану саласы мен құрамы туралы түсінік қалыптастыру;
4. Жалпы орта білім беру саласында ақпаратты құру, өңдеу, көрсету, сақтау жəне тасымалдау технологияларын тиімді қолдану саласы мен құрамы туралы түсінік қалыптастыру;
5. Ақпараттандырудың жалпы əдістерімен, оқыту үрдісінің барабар қажеттіліктерімен, оқыту нəтижелерін бақылау жəне өлшеумен, жалпы орта білім беру жүйесінің оқу мекемелеріндегі оқудан тыс, ғылыми-зерттеушілік жəне ұйымдастырушылық-басқару ісəрекетімен таныстыру;
6. Ақпараттық-қатынастық технологиялардың құралдарына қойылатын талаптар, олардың сапасын бағалаудың негізгі приницптері туралы білімді қалыптастыру;
7. Педагогтарды ақпараттық білім беру ортасын қалыптастыру мен енгізуге қатыстыруға тұрақты мотивация қалыптастыру;
8. Қалыптасып келе жатқан білімді ақпараттандыру тіліне оқыту;
9. Мұғалімге қазіргі əлемдегі ақпараттық технологиялардың рөлі мен орнын оқушыларға түсіндіруге қосымша мүмкіндіктер беру;
10. Түрлі педагогтардың Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын өзінің кəсіби іс-əрекетінде қолдану саласының мүмкіндіктерін теңестіру;
Мазмұны жалпы орта білім беруде қолданылатын ақпараттық қатынастық технологиялар құралдары ретінде қарастырылатын білім беретін электрондық басылымдары мен ресурстарын сараптау мен қолдану, құрудың негіздерін қамтиды. Бұл салада əлі де болса шешілмеген мəселелер көп. Оған мұндай құралдардың оқыту үдерісіне бара-барлығы, ақпараттандыру құралдарының мазмұнының ғылыми деңгейін, мағыналық жəне стилистикалық мəдениетін арттыру, мектеп іс-əрекетінің түрлі салаларында енгізілген жеке білім беру басылымдары мен ресурстар арасындағы интерфейстік, технологиялық жəне ақпараттық байланыстың қажеттілігі жатады.
Пәннің мазмұнын жүйелейтін негізгі бағыттар ретінде, білімді ақпараттандырудың маңыздылығы, мақсаттары жəне ерекшеліктері, техникалық құралдары жəне білімді ақпараттандыру технологиялары, білім беру іс-əрекетін ақпараттандыру əдістері іріктелген, ақпараттық білім беру ортасын жəне жалпы орта білім берудің ақпараттық білім беру кеңістігін қалыптастыру негіздері, білімді ақпараттандыру саласында педагогтарды оқытудың ерекшеліктері келтірілген.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет