Қазіргі таңда бүкіл дүние жүзінде



Дата08.02.2022
өлшемі15,01 Kb.
#122950
Байланысты:
Таңат


Қазіргі уақытта заманауи ақпараттық-технологиялардың мүмкіндігі зор. Мамандардың айтуынша, оның ең сапалысы – цифрлы технология. Қазіргі таңда бүкіл дүние жүзінде цифрлы технологтя кең қолданыс тауып отыр. Қазақстан дамыған елдер қатарына қосылу мақсатында ғылыми-техникалық прогресстің осы бір маңызды бағытынан құр қалмауда. 


«Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты» деген болатын Мемлекетіміздің алғашқы басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арнаған Жолдауында
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жандандыру төрт негізгі бағыт бойынша жүзеге асады:
1) «Сандық Жібек жолын» жасақтау қолжетімді, жылдам әрі қорғанысы мықты сандық инфрақұрылымды жетілдіруге бағытталады.
2) «Жасампаз қоғамды» қалыптастыру арқылы цифрлы экономиканың дағдыларын дамытып, халықтың сандық сауаттылығын ашуға мүмкіндік туады.
3) «Цифрлық жаңғыру» бағыты экономиканың әр саласында бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында сандық технологиялардың қолдану бойынша жұмыс істейді.
4) «Белсенді сандық үкімет» электронды және мобильді жүйенің жетілуін қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік қызметті жолын жеңілдетуді қарастырады.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында мемлекеттің стратегиялық міндеттері мен қызметтері айқын. Ең алдымен, еліміз үшін өзекті әрі маңызды істердің шешімін табу – негізгі міндеттердің бірі. Соның ішінде, мемлекеттің басқару тиімділігін өсіру, денсаулық сақтау, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, білім деңгейін жетілдіру және еңбек өнімділігін арттыру сынды мәселелердің шешімін қарастыру жүктелді.
Сандық технологиялар көптеген мүмкіндіктерге жол ашты. Үкімет ұсынған қызметтерге бизнес пен халық еркін қол жеткізеді, ақпарат алмасу жылдамдығы артты, жаңа бизнес бағыттарын қалыптастырып, жаңа сандық өнімді құрастыруға мүмкіндік туды. Еліміздегі ауқымды бағдарламалардың бірі – «Цифрлық Қазақстан» жобасы. Оның басты мақсаты – халықтың тұрмысындағы сандық экожүйенің даму үрдісін жеделдету арқылы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
. Бірақ білімді адамдарсыз бұл бағдарламаны іске асыру өте қиын. Сондықтан біз орта мектептер мен жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын қайта қарауды жоспарлап отырмыз. Бұл ретте бағдарламалау тілдері де жаңартылып, бұрынғылары Java, Python, Rust сияқты жаңа бағытқа ауыс­тырылады. Сол сияқты жоғары білім деңгейінде Data Science, Enterprise Architecture секілді талап етілетін өндірістегі мамандар даярланатын болады. Білім берудің барлық кезеңдерінде қағаз құжаттарды азайтып, қызметтерді электрондық форматта беру үшін жұмыстар жүргізілдіАталмыш бағдарламаны жүзеге асыру үшін енді орта мектептердің бастауыш сыныптарына «Бағдарламалау негіздері» және «Робототехника» пәндері бойынша оқу бағдарламалары енгізілуде және бұл жаңа бастамалар өзінің жемісін бере бастады

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет