Қазіргі таңда отандық өнеркәсіпте


Орталықтан сыртқа тепкіш қызылша кескіш СЦБ-16М (



бет2/5
Дата06.02.2022
өлшемі372,97 Kb.
#80359
1   2   3   4   5
Байланысты:
2-сабаk'
лаб теор основы, «Асты- т-йірді са-тау мен --деуді- технологиялы- процесстерін же (1), жазира пв, Бүгін менің туған күнім, Бүгін менің туған күнім, 1234, мазмұны, Кванттық механика Бейорганикалық химия пәні, 1-lesson Water Sources for Irrigation, тапсырма №4 анатомия
Орталықтан сыртқа тепкіш қызылша кескіш СЦБ-16М (10.22-сурет) цилиндрлі корпустан 2, айналмалы ротордан 3, конусты редуктордан, жетектен 8, жоғарғы 5 және төменгі 4 қаптамадан, жүктеуші бункерден 1, пышақты жақтаулардан 6, жүкарбадан 7 және гидравликалық шиберден тұрады. Ротор 3 үш қалақты құлақша түрінде орындалған және вертикальды білікке орнатылған, ол білік конустық тісті дөңгелектер жұбы арқылы жетекпен байланысқан.
Қызылша кескіштің жұмыс істеу қағидасы келесіге негізделген. Қызылша кескішке қызылшаның жүктелуі жүктеуші бункер арқылы жүзеге асырылады. Қызылша кескіштің корпусында қызылша айналмалы ротормен тартылып әкетіледі де, орталықтан сыртқа тепкіш күштің әсерінен пышақтардың кесетін жиегіне қысылады, олар арқылы сырғи отырып біртіндеп жоңқаларға айналады. Дайын жоңқа пышақты жақтаулардың ойықтары арқылы қызылша кескіштің корпусы мен қаптаманың арасындағы кеңістікке түседі, одан кейін төменгі корпус арқылы одан әрі өңдеуге түседі.

10.22-сурет. Сыртқа тепкіш қызылша кескіш СЦБ-16М
Пышақты жақтауларды пышақтар жиынтығымен бірге қызылша кескіштің корпусының ұяшықтарына мықтап орнатады. Жақтаулар қызылша кескіштің корпусымен бір радиустағы ішкі бетті қалыптастыруы үшін орнатқаннан кейін корпуспен бірге теседі. Қызылша кескіштің корпусы жөндеу жұмыстарына икемді етіп жасалған, олар оны бірнеше рет қатара тесуге мүмкіндік береді. Әдетте, қосымша және жұмыс жақтаулары қызылша кескіштің корпусымен бірге қант қайнату мергілінде бір рет тесіледі. Пышақтарды жұмыс кезінде ауыстыру үшін қызылша кескіш рейкалы механизмен жабдықталған, ол пышақты ұясынан көтереді, оның орнына бітеу жақтауды орнатады, ол жұмыс жақтауынан пышақтарды орнатуға арналған саңылауының жоқтығымен ерекшеленеді.
Талшықты қызылшаны өңдеген кезде пышақтар талшықтармен жиі тығындалып қалады. Сондықтан да, жақсы сападағы жоңқаны алу үшін оларды бумен немесе 0,7 МПа қысымдағы қысылған ауамен үрлеп тазартады. Бу мен ауаны пышақтарға олардағы талшықтарды үрлеп тастайтындай етіп жіберу керек.
Қант өнеркәсінде қызылшаны кесу үшін көмірсутекті және аспаптық болатпен фрезерленген қызылша кескіш пышақтар (Чижек пышақтары мен кенигсфельд пышақтары) және жоғары көмірстуекті болаттан штампталған Шоллер пышақтары қолданылады. Екі типті пышақтарды дайындалу қарастырылады: қырсыз (1 түр) және қырлы (2 түр) үш орындауда: А – сол; В – оң; О – айырылған. 1 типтегі пышақтар 6,7,8,9,10,12 мм қадамды, ал 2 типтегі пышақтар 5 және 6 мм қадамды болады.
Отандық қант зауыттарында Чижектің қызылша кескіш пышақтары кеңінен таралған, оларды сыртқа тепкіш қызылша кескіштер және дискілі қызылша кескіштер үшін жасайды. Пышақтар жақтауға бекітіледі, олардың конструкциясы қызылша кескіштің түріне және пышақтардың конструкциясына байланысты болады: орталықтан сыртқа тебетін қызылша кескіштерге арналған пышақты жақтаулар және дискілі қызылша кескіштерге арналған жақтаулар бар. СЦБ-16М сыртқа тепкіш қызылша кескіштің техникалық сипаттамасы 10.4-кестеде келтірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет