«Тіл – ұлттық қазына» атты тәрбие сағатының бағдарламасы
/ Сахнаға Абай мен Ахмет рөліндегі екі бала шығады. Өз өлеңдерін кезек-кезек оқиды./
Абай:Жасымда ғылым бар деп, ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім,
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ахмет: Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.