Бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі ересек жастағы топ педагогтеріне арналған


Ұйымдастырылған оқу қызметтерінің негізгі бағыттары мен мазмұны



бет4/59
Дата08.02.2022
өлшемі294,87 Kb.
#117196
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
қоршаған орта 2020-2021
603048, 499361, Өзен, 8 cынып БЖБ, 8 cынып БЖБ, Документ (4), Документ (4), Әлемдегі саяси қақтығыстар, Маманды кәсіби дайындау жүйесіндегі саясаттану., 208802, үйірме 9 сынып, Хаттама жас маман тест 2018, Абайлаңыз балалар жоспары 22, Бала құқығы -адам құқығы ақпарлама (Автосохраненный)

Ұйымдастырылған оқу қызметтерінің негізгі бағыттары мен мазмұны


Ұйымдастырылған оқу қызметі (ҰОҚ) 30 минутқа созылады. «Қоршаған ортамен танысу» бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі балаларды қоршаған ортаның базалық түсініктерімен, жанды және жансыз табиғаттың алуантүрлілігімен, адамның табиғат пен қоғамда жүріп-тұру негіздерімен таныстыруды көздейді. Балалардың табиғатқа және ондағы тіршілік иелеріне құрметпен қарауын, олардың тағдырына жауапкершілігін қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді. Балалармен жұмыс жүргізуде мүмкіндігінше бейнематериалдар, түрлі ойын түрлерін пайдалану қажет. Бұл ұйымдастырылған оқу қызметін қызықты етумен қатар, берілген материалдың жақсы меңгерілуіне ықпал етеді. «Экология негіздері» әдістемелік нұсқау бойынша ұйымдастырылған оқу қызметтері бір-бірін толықтыратын және оқу бағдарламасының тиімді меңгерілуін арттыратын бірнеше түрде өткізіледі.
ҰОҚ-нің теориялық түрі – оқу бағдарламасына сәйкес (төменде айтылатын әдіс бойынша) белгілі бір оқу материалымен таныстыру, сондай-ақ ғылыми-әйгілі экологиялық, көркем әдебиетпен, бейнелеу өнерінің үлгілерімен жұмыс жүргізу. Ұйымдастырылған оқу қызметінің практикалық түрі алуан түрлі топтамалармен, үлгілермен, муляждармен т.б. жұмысты қамтиды.
Түрлі ойындарды белсенді пайдалану көп нәтижеге жеткізеді. Ойын балалардың ұйымдастырылған оқу қызметінде демалу құралы ғана емес, бірқатар дидактикалық міндеттерді орындайды. Ойында әрбір баланың жеке қасиеті айқын көрінеді, соның нәтижесінде оның мінез-құлқын түзеу үшін мүмкіндік туады. Сонымен қатар ойын балалардың өзара қарым-қатынасының тәсілі, ол балаларға қоғамда өзін ұстау мәдениетінің, бірге мақсатты жұмыс жүргізудің бастапқы дағдысын қалыптастырады. Мұнымен қоса ойын баланың зейінін, қиялын, тапқырлығын, зеректігін дамытады, алдына қойылған міндетті зерделеп, шешу дағдысын қалыптастырады. Ойын ақырында балаға «жеке қатысу», оқиғаның «ортасында болуы» секілді әсер береді.
Бұл оқу үдерісінің шынайы, әсерлі, балалар үшін қызықты, әрі тез түсініп, есте жақсы сақталып қалуына мүмкіндік береді. Дегенмен, ойын мұнымен қатар құпияға орын қалдырып, бағалы нәрсенің сырын кетірмеуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет