Бағдарламасы Гүлнар Тоқайқызы Қажиева



Pdf көрінісі
бет1/41
Дата07.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#94729
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
«Рухани уыз» тәрбие бағдарламасы
«Рухани уыз» тәрбие бағдарламасы


 «Рухани уыз» тәрбие бағдарламасы 
 
Гүлнар Тоқайқызы Қажиева
 
«Оқыту дегеніміз философиялық негізде білім беру,
ал, тәрбиелеу – ұрпаққа адамгершілік өмір тәртібі мен
алуан түрлі өнер салаларынан тәлімгерлік үлгі
беретін ұстаздық қызмет». 
Әл Фараби 
 
Қазіргі кезде білім, тәрбие беру саласында ежелден келе жатқан халық 
тарихының, дәстүрінің, рухани ата-баба мұраларының алатын орны зор. Ежелгі 
түркілік тектен тараған халқымыздың інжу-маржандары, қазақ халқының ұлы 
ойшылдары мен ғұлама абыздарынан мұра боп қалған асыл сөздер 
халқымыздың бойына, жастардың жүрегіне өшпес із қалдырумен келеді.
Ата Заңымызда және басқа да маңызды құжаттарда айқындалғандай жеке 
тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы 
мен дамуы, оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау, білім алуы және 
жан-жақты жетілуі, ана тілін, ұлттық салт дәстүрлерді сақтауы, ақпараттану,
ден-саулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру – мемлекеттік саясаттың 
негізгі тармағы болып табылады. 
Қазақстан Республикасында мекен етіп жатқан өзге диаспора өкілдері де 
ұрпақ қамын өздерінің әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері негізінде жүргізе отырып, 
қазақ халқының тілі мен өзге де рухани тұстарын қабылдағаны жөн. Бұл үдеріс 
қазақ қоғамында бірте-бірте жүріп те жатыр. Бұған бүгінгі күні өзге ұлт 
өкілдерінің бүлдіршіндері қазақ бала бақшалары мен мектептерінде 
тәрбиеленіп, тіл ұстартып жатқанын мысалға алуға болады. 
Жалпыадамзаттық құндылықтарды саралап, оның іргелі бөлшегі болып 
саналатын ұлттық құндылықтарға қатысты ұғымдарды нақтылау ізденісін 
төмендегідей бағытта жүйелегенді жөн санадық: 
ұлттық болмыс, ұлттық 
дүниетаным, ұлттық педагогика, ұлттық мәдениет, ұлттық экономика.
Аталған құндылықтарды ой елегінен өткізіп, ерекше тағылымын бойына 
сіңіре алған ұрпақ өз ұлтының қадір-қасиетін, тарих толқынындағы қилы 
тағдырын танып, өз ұлтын жанымен сүйіп, бағалай білетін ұлтжанды тұлға 
болары сөзсіз.
Осыдан білім беру жүйесіндегі тәрбие беру ісін дәстүрлі қазақ 
қоғамындағы ұлттық құндылықтар негізін басшылыққа ала, ізденісімізді 
ұлғайта отырып, іс тетігін шешу мәселелері туындайды. Осыған орай өз 
бағдарламамызды «Рухани уыз» деп атауды жөн санадық.
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет