Бағдарламасы және практиканы өткізу барысы бойынша әдістемелік нұСҚАУ


Практиканы өту нәтижелері бойынша студентті аттестаттау барысы



Pdf көрінісі
бет4/27
Дата09.11.2022
өлшемі487,09 Kb.
#157307
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
TARIH-programmma-praktiki-kaz

3.4. Практиканы өту нәтижелері бойынша студентті аттестаттау барысы 
 
Практика бойынша есептерді қорғауды кафедра меңгерушісі тағайындаған 
комиссия жүзеге асырады. Практикадан өту нәтижелері 4 балдық (100 балдық) жүйе 
бойынша бағаланады және студенттің курстан курсқа ауысуы кезінде GPA есептеу кезінде 
ескеріледі. 
Практика бағдарламасын орындамаған, жұмысы туралы теріс пікір алған немесе 
есепті қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студент қосымша семестр кезеңінде 
қайта практикаға жіберіледі немесе институттан шығарылады. 
Дәлелді себеппен практикаға келмеген жағдайда студент практиканы келесі 
академиялық кезеңде ақысыз өтеді және тапсырады. Дәлелді себептерсіз практикаға 
келмеген немесе келесі академиялық семестрге немесе курсқа ауысу үшін қажетті практика 
бойынша балл жинамаған, яғни қорытынды бақылау бойынша қанағаттанарлықсыз баға 
алған студент қосымша (жазғы) семестр немесе келесі академиялық кезең ішінде ақылы 
негізде практикадан өтуге және оны тапсыруға құқылы. 
Практика бойынша бір жетекшіні тағайындау кезінде баға көрсетілген білімге және 
есептің ресімделуіне сәйкес ұсынылған есепті қорғау қорытындылары бойынша қойылады. 
Практика бойынша екі жетекшіні тағайындау кезінде үлес салмағы қорытынды 
бағаның 40% - ын құрайтын практика базасындағы жетекшінің бағасын және үлес салмағы 
қорытынды бағаның 60% - ын құрайтын институт басшысы ұсынған есепті қорғау 
жөніндегі бағаны ескере отырып, қорытынды баға қойылады. 
Практиканың қорытындылары мен талдауы қорытынды конференцияда 
шығарылады, ол бітіртуші кафедра отырысында практика нәтижелері талқыланғаннан кейін 
1 аптадан кешіктірілмей өткізіледі. 


Тәжірибе нәтижелерін бағалау кезінде келесі факторлар ескеріледі: 
Студенттің теориялық дайындық деңгейі (мамандық және аралас пәндер бойынша 
білімді меңгеру). 
Тәжірибе нәтижелерін талдау келесі өлшемдер бойынша жүргізіледі: 
1) атқарылған жұмыс көлемі; 
2) талдамалық есептің, қорытындылар мен ұсыныстардың сапасы
3) жұмысты белгіленген мерзімде орындау; 
4) дербестік, бастамашылдық, жұмысқа шығармашылық көзқарас
5) есеп беру құжаттамасының уақтылы және сапалы ұсынылуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет