БАҒдарламасы мазмұны кіріспе



бет2/12
Дата08.09.2017
өлшемі3,7 Mb.
#30637
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2.2.1. Экономикалық даму

Аумақтың экономикасының жалпы сипаттамасы


Жамбыл облысының жалпы өңірлік өнімі 2009 жылы ағымдағы бағамен 348,9 млрд. теңгені, 2010 жылы – 446,4 млрд. теңгені, 2011 жылы – 634,3 млрд. теңгені, 2012 жылы – 763,9 млрд. теңгені құрады.

Бұл ретте Жамбыл облысының ЖӨӨ-нің нақты өзгеру индексі 2009 жылы алдыңғы жылға 101,2%-ды, 2010 жылы – 107,6%-ды, 2011 жылы – 112,9%-ды, 2012 жылы - 109,8%-ды құрады (ҚР -105,0%).

Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ көрсеткіші бойынша Жамбыл облысы ҚР-ның өзге өңірлерінен арасында 15-16 орындарда тұр. Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2009 жылы 339,5 мың теңгені, 2010 жылы - 429 мың теңгені және 2011 жылы – 603,3 мың теңгені, 2012 жылы - 718,7 мың теңгені, құрады, орташа республикалық халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2009 жылы 1056,8 мың теңгені, 2010 жылы – 1336,5 мың теңгені, 2011 жылы – 1665,1 мың теңгені, 2012 жылы -1807,3 мың теңгені құрады.

Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өніміндегі Жамбыл облысының ЖӨӨ-нің үлес салмағы 2009 жылы 2,0%-ды, 2010 жылы – 2,1%-ды, 2011 жылы – 2,3%-ды, 2012 жылы – 2,5%-ды құрады. Жамбыл облысының ЖӨӨ-нің төмен үлес салмағы өңірдің табиғи-өндірістік әлеуетіне, сонымен бірге ауыл шаруашылығындағы өз бетінше жұмыспен қамтылудың басымды үлесіне (онда еңбек өнімділігің өсімі қиындатылған), мұнай және газ ірі кен орындарының жоқтығына (Маңғыстау және Атырау облыстарымен салыстырғанда) байланысты.


1 кесте




2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

ЖӨӨ

үлес салм., %

ЖӨӨ

үлес салм., %

ЖӨӨ

үлес салм., %

ЖӨӨ

үлес салм., %

Облыс бойынша барлығы

348916,4

100

446399,3

100

634251,9

100

763861,8

100

ауыл шаруашылығы

44617,4

12,8

43927,7

9,8

60116,8

9,5

67770,9

8,9

өнеркәсіп

59366,2

17,0

78345,7

17,6

117322,8

18,5

120754,9

15,8

құрылыс

33125,6

9,5

40992,9

9,2

56010,5

8,8

93383,6

12,2

сауда

40265,3

11,5

44102,2

9,9

75922,0

12,0

85979,9

11,2

көлік

29464,6

8,4

45901,1

10,3

68179,0

10,7

84886,5

11,1

байланыс

4549,6

1,3

6391,2

1,4

5443,7

0,8

6574,0

0,9

басқалар

137527,7

39,5

186738,5

41,8

251257,1

39,7

304512,0

39,9

ЖӨӨ құрылымында 2009 жылы өнеркәсіп үлесіне 17,0%, 2010 жылы – 17,6%, 2011 жылы – 18,5%, 2012 жылы - 15,8%, ауыл шаруашылығының үлесіне тиісінше – 12,8%, 9,8%, 9,5% және 8,9%, саудаға – 11,5%, 9,9%, 12,0% және 11,2%, көлікке – 8,4%, 10,3%, 10,7% және 11,1%, байланысқа – 1,3%, 1,4%, 0,8% және 0,9%, құрылыстың үлесіне – 9,5%, 9,2%, 8,8% және 12,2%, басқа салаларға - 39,5%, 41,8%, 39,7% және 39,9% сәйкес келді.

ЖӨӨ құрылымында 2009 жылдан бастап көлік және сауда қызметтерінің өсімі байқалуда. Аталған өсімге мемлекеттік және жеке секторлардағы тұтынудың өсімімен қамтамасыз етілген ішкі нарықтағы тауарларға және қызметке сұраныстың ұлғаюы, халық кірісінің өсімі, әкімшілік кедергілерді қысқаруы, кәсіпкерлер белсенділігінің іскерлік өсімі, Кедендік Кеңес елдерімен өзара сауда себеп болды.


Өңірлік экспорт

Сауда саясатын тиімді жүргізу өңірді дамытудың, халықтың ахуалын жоғарылатудың маңызды құрамдасы болып табылады.

Жамбыл облысы Қазақстан Республикасындағы жалпы экспорттың 0,2% және импорттың 1,0% құрайды. Жамбыл облысының импортының және экспортының шамамен 40% ТМД елдеріне келеді. Маңызды сауда серіктестері – Ресей, Украина Қырғызстан. Әсіресе Қытай елімен сауда айналымы жылдам өсуде.

2010 жылы экспортқа бағытталған салалардағы өндіріс өсімі сыртқы сауда айналымының өсіміне ықпал еткен, ол 13,7% өсіп, 518,5 млн. АҚШ долларын құрады. Тауарлар экспорты алдыңғы жылға қарағанда 34,8%-ға артқан (266 млн. АҚШ доллары). Импорт 2,4%-ға төмендеген (252,5 млн. АҚШ доллары). Сауда балансының сальдосы оң қалыптасып, 13,5 млн. АҚШ долларын құрайды.

Кеден статитикасының мәліметі бойынша сыртқы сауда айналымының көлемі 2011 жылы 590,7 млн. АҚШ долларын немесе 2010 жылдың тиісті кезеңіне 113,9%-ды құрады, оның ішінде экспорт – 286,1 млн. АҚШ доллары (107,6%), импорт – 304,6 млн. АҚШ доллары. (120,6%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң қалыптасқан - 18,5 млн. АҚШ доллары. Өсім гипсті экспорттаудың 6,5 есеге, қантты – 6,1 есеге, тас көмірді – 5 есеге, әкті – 4,3 есеге, аммон нитратын – 2,3 есеге, мазутты – 2,1 есеге, барий сульфатын – 1,4 есеге ұлғаюына; картоп импортының – 2,1 есеге, пияз – 2 есеге, бұрыш – 11,5 есеге, қант шикізаты – 1,3 есеге, алма – 3,4 есеге, жүзім - 2,6 есеге артумен байланысты қамтамасыз етілген.


2012 жылы Жамбыл облысының сыртқы сауда айналымы ҚР Қаржы минитрлігі Кедендік бақылау комитетінің мәліметтері бойынша 488,9 млн. АҚШ долларын құрап (республика бойынша сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінен 0,4%), жылдық мөлшерде 17,2%-ға қысқарған. Тауарлар 190,5 млн. АҚШ доллар сомасында экспортталып, жылдық мөлшерде 33,4%-ға қысқарған, 298,4 млн. АҚШ доллары сомасында импортталған (2,0%-ға). Сауда балансының сальдосы теріс қалыптасқан - 107,9 млн. АҚШ доллары.

Сонымен қатар, экспорттың жалпы көлемінде жылдық өсім келесі тауарлар бойынша байқалады: мазут өнімін экспорттау 5,6 есеге артып, 38,1 млн. АҚШ долларын құраған, пияз - 2,8 есеге (2,5 млн. АҚШ доллары), минералдық тыңайтқыштар - 2,6 есеге (4,1 млн. АҚШ доллары), бидай - 2,4 есеге (6,2 млн. АҚШ доллары), өзге де күл мен қоқыс - 1,6 есеге (9,7 млн. АҚШ доллары), алтын ұнтағы - 1,5 есеге (62,5 млн. АҚШ доллары), барий сульфаты - 1,2 есеге (24,8 млн. АҚШ доллары).



Экспорттың географиясы кеңейген. Үлесіне барлық сыртқы сауда айналымының 53,5%-ы келетін алыс шет елдері облыстың негізгі сауда серіктестері болып табылады. Өңдеу саласының тауарлары Италияға (экспорттың жалпы көлемінен 22,3%-ы), Қырғызстанға (17,3%), Қытайға (17,1%), Швейцарияға, (12,3%), Түрікменстан (9,2%), Өзбекстанға (5,8%), және өзге де елге (16%) экспортталған. Облысқа тауарлар негізінен Қырғызстаннан (импорттың жалпы көлемінен 39,7%), Қытайдан (29,3%), Украинадан (5,2%), Өзбекстаннан (4,8%), Индиядан (2,5%), Германиядан (2,1%) және өзге де елдерден (16,4%) импортталады.

Сыртқы елдерге келесі өнеркәсіп кәсіпорындардың тауар өнімдері экспортталады: «Казфосфат» ЖШС – жақын және алыс шет елдеріне өндіріліп жатқан өнімнің шамамен 90% (сары фосфор, ортофосфор және полифосфор қышқылы, натрий үшполифосфаты, минералдық тыңайтқыштар), «Тараз металлургия зауыты» ЖШС – Ресейге ферросиликомарганец, «Жамбылгипс» АҚ - Ресейге гипсокартон, «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС - Италияға ТОПС, «Та-Мак» ЖШС – Ресейге ұн өнімдері, «Шығыс кен басқару» ЖШС – Түрікменстанға барит қойыртпалары, «Ақтас» ЖШС – Кырғызстанға әк тас.


Импорт құрылымында 2012 жылы былғары шикізатын импорттау 11,5 есеге өсіп, 0,4 млн. АҚШ долларын құраған, тоқыма бұйымдары - 7 есеге (35,3 млн. АҚШ доллары), аяқ киім және галантереялық тауарлар - 3,2 есеге (1,7 млн. АҚШ доллары), ағаш - 1,6 есеге (8,7 млн. АҚШ доллары).

Басқа облыстарға «Мынарал Тас Компани» ЖШС (цемент), «АльБасар» ЖШС (граниттан жасалған бұйымдар), «ТаразКожОбувь» ЖШС (арнайы аяқкиімдер), «Айвенго» ЖШС (киім, төсек жапқыштары, арнайы киімдер өндірісі), «Жасулан Флора» ЖШС (өндірістік негіздегі гүлдер), «Тараз құбыр зауыты» ЖШС (полиэтиленді құбырлар және тамшылап суғаруға құбырлар), «ЫрысБахыт» ЖШС (теріден және ұлттық бұйымдар) кәсіпорындарының өнімдері экспортталады.

Негізін бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі өндірістік кооперациялар схемасы құрайтын Кедендік одақ мемлекеттерімен Қазақстан өңірлерінің байланыстары экономикалық қарым-қатынастың маңызды факторы болып табылады. Сауданың нақты режимін құру серіктестікке қатысушы елдердің өзара сауда айналымы көлемінің өсімін қамтамасыз етті. Сонымен, әлемдік экономиканы жандандыру, сыртқы сұранысты қалпына келтіру және сыртқы баға конъюктурасын тұрақтандыру, Кедендік одақтың тұрақтылығы Жамбыл облысында өзара сауданы 2012 жылы 130,4 млн. АҚШ доллары сомасында қамтамасыз етті (Ресеймен – 122,8 млн. долл., Беларусь – 7,6 млн.долл.), оның ішінде экспорт – 41,8 млн. АҚШ доллары, , импорт – 88,5 млн. АҚШ доллары.



Кедендік одақ елдерінде тауарлар экспортын жүзеге асырушы кәсіпорындар тізімі




Кәсіпорындар атауы

Қызмет түрі

Серіктес елдердің атауы

1.

«Жамбылгипс» АҚ

гипстен сыртқы нәрлеу өндірісі

Ресей

2.

«Тараз металлургия комбинаты» ЖШС

шойын, болат және ферроқойыртпалар өндірісі

Ресей

3.

«Гипсовый комбинат» ЖШС

құрылыстық мақсатқа гипстен бұйымдар өндірісі

Ресей

4.

«Жамбылский завод металлоконструкций-Имсталькон» ЖШС

құрама құрылыстық болат өндірісі

Ресей

5.

«Агрохимконтракт» ЖШС (шағын бизнес)

минерлдық тыңайтқыштармен көтерме саудасы

Ресей

6.

«Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС

жүн талшықтарын дайындау

Ресей

7.

«Salangani» ЖШС (шағын бизнес)

макарон бұйымдарының өндірісі

Ресей

8.

«Жамбыл Балық» ЖШС

балықпен бөлшек сауда

Ресей

9.

«Агропродхлебснаб» (ЖШС (шағын бизнес)

аралас ауыл шаруашылығы

Ресей

10.

«Кордай Тау» ЖШС

тас кесіндісі, өңдеу

Ресей

11.

«Мирал» ЖШС (шағын бизнес)

кең сұрыпталымда тауарлардың көтерме саудасы

Ресей

12.

«ЫрысБахыт» ЖШС (шағын бизнес)

теріні бөлу және илеу

Беларусь

13.

«Артезиан Трейд» ЖШС (шағын бизнес)

сүт өнімдерімен, жұмыртқамен, азық түлік майымен көтерме сауда

Ресей

14.

«Alensia» ЖШС

сыртқы киімдер өндірісі

Ресей, Беларусь

15.

«Цискари-2000» ЖШС

кең сұрыпталымда тауарлардың көтерме саудасы

Ресей

16.

«Platina Asia» ЖШС

минералдық тыңайтқыштардың көтерме саудасы

Ресей

17.

«Жамбыл Рем Сервис» ЖШС

темір жолдардың жылжымалы құрылымын жөндеу

Ресей



Өңірдің сыртқы сауда байланысындағы мәселелері:

- экспорттық-импорттық операциялардың аз көлемі;

- аймақтағы елдердің экспорттық-импорттық операциялары құрылымының географиясын өзгерту сонымен қатар, алыс және жақын шетелдерінің, кеден одағы мүшелерінің экономикасының құрылымы бірыңғай емес және бәсекеге қабілеттігі төмен болғандықтан экономиканың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін емес;

- экспорттық салалар жетіспейді;

- шетелге экспортталған шикізат онда қайта өңделіп, қосымша құны жоғары өнім түрінде қазақстандық нарыққа қайта түседі және отандық өнімге бәсекелестік жасайды;

- шет елдерден, кеден одағы елдерінен толықтырылып отырған азық-түлік емес тауарлары импортына тәуелділік.


Өнеркәсіп.

Облыстың өнеркәсіп өндірісінің үлесі республикалық көлемде 2009 жылы 1,3%-ды, 2010 жылы - 1,0%-ды, 2011 жылы – 1,2%-ды, 2012 жылы – 1,2%-ды құрады.

Облыста минералды-шикізат ресурстарының болуы арқасында тау-кен өндіру, газ өндіру, химия, мұнай өңдеу, тамақ, металлургия өнеркәсібі, құрылыс материалдары өнеркәсібі, электр қуаты саласы дамыған.

Облыстың өндірістік әлеуетін тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау кәсіпорындары құрайды (1 кесте).


2007-2012 жылдардағы тауар өнімдері өндірісінің

көлемі және нақты көлем индексі

1 кесте

Атауы

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Өнеркәсіп, млрд. теңге

97,5

150,2

115,6

119,6

185,7

206,8

Алдағы жылға НКИ %-бен

114,1

113,0

69,3

110,8

127,7

101,6

оның ішінде:



















тау-кенөндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру, млрд. теңге

4,5

7,7

6,5

8,6

13,0

17,1

алдағы жылға НКИ %-бен

107,1

125,1

69,6

131,8

139,8

106,8

өңдеу өнеркәсібі, млрд. теңге

72,8

109,5

88,2

91,1

144,5

155,7

алдағы жылға НКИ %-бен

109,3

107,0

73,4

116,5

127,4

98,2

электр қуатын, газ бен суды өндіру және тарату, млрд. теңге

20,2

32,9

-

-

-

-

алдағы жылға НКИ %-бен

144,0

128,4

-

-

-

-

электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау, млрд. теңге

-

-

19,9

18,3

26,6

31,9

алдағы жылға НКИ %-бен







55,6

80,7

125,9

121,8

сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау, млрд. теңге

-

-

1,1

1,5

1,6

2,1

алдағы жылға НКИ %-бен

-

-

62,4

126,3

98,1

128,4

2009 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 115,6 млрд. теңгені (НКИ – 2008 жылғы деңгейге 69,3%-ды) (1 сурет) құрады. Өнімге деген сұраныстың баяулауынан, әлемдік бағаның төмендеуінен болған қаржылық дағдарысқа байланысты өндірістің нақты көлем индексі төмендеді, бұл кәсіпорындардың жағдай тұрақталғанға дейін өндірістерін тоқтата тұруына алып келді. 2010 жылы мемлекетік саясатты іске асыру шеңберінде облыста дағдарыстан кейінгі кезеңіндегі дамудың тұрақты негізін құруға бағытталған дағдарысқа қарсы бағдарламасын іске асыру жалғастырылған. Өнеркәсіп көлемінің өсіміне қол жеткізуге облыс кәсіпорындарымен өндіріс көлемін өсіру, химия өнеркәсібінің өніміне сыртқы сұраныстың қалпына келуі, Индустриаландыру картасына енгізілген жаңа өндірістерді қосу, сонымен қатар қазақстандық үлесті дамыту ықпал етті. Нәтижесінде 2010 жылдың басынан өнеркәсіп өнімін өндіруде оң динамика байқалады, онда өнім көлемі 119,6 млрд. теңгені құрап, 2009 жылдың деңгейімен салыстырғанда 10,8%-ға өскен,

Индустриалдық саясаттың тиімділігі 2011 жылы өнеркәсіп өнімінің өндірісінде байқалды (республика өңірлері арасында 1 орын). Нақты көлем индексі 127,7% құрады (ҚР-103,8%), 185,7 млрд. теңге сомасында өнімдер өндірілді.

Мемлекет Басшысымен қойылған міндеттерді сәтті іске асыру 2012 жылы өнеркәсіпті тұрақты дамытуды қамтуға мүмкіндік берді. 2011 жылмен салыстырғанда өнеркәсіпті өндіру көлемі 1,6%-ға өскен (206,8 млрд.теңге).


2007-2012 жылдардағы өнеркәсіптің серпіні
1 сурет


Өңдеу өнеркәсібі

Облыс өнеркәсібінде өңдеу өнеркәсібі басымды сала болып табылады, оның кәсіпорындарының үлесіне 2009 жылы өнеркәсіп өндірісінің 76,3%-ы сәйкес келеді. ЖӨӨ-ң құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 12,3%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар 20,8 млрд. теңгені құрады.

Облыстың өңдеу өнеркәсібі құрылымында химия өнеркәсібі, азық-түлік өнеркәсібі, металлургия саласы, машина жасау, мұнай өнімін қайта өңдеу және құрылыс материалдары өнеркәсібі басым.

Экономикалық дағдарыс өте маңызды сынақ болды және ол облыстағы өнеркәсіп саласының кәсіпорындарының жұмысына қатты әсер етті. 2009 жылы өндірілген өнім көлемі 88,2 млрд. теңгені құраған (2008 жылдың деңгейіне НКИ - 73,4%). Нақты көлем индексінің төмендеуі химия өнеркәсібіндегі (41,9%-ға), азық-түлік өндірісіндегі (23,8%-ға), өзге де металл емес өнімдер өндірудегі (19,7%-ға), машина жасаудағы (8,5%-ға), металлургиялық өнеркәсіптегі (7,8%-ға) және т.б. өндіріс көлемдерінің қысқаруынан болып отыр.

Дағдарысқа қарсы шаралардың арқасында 2010 жылы өңдеу өнеркәсібі саласында өсім химия өнімін өндіру (2009 жылдың деңгейіне 138,9%), дайын металл бұйымдары (122,7%), өзге де метал емес минералды өнімдерін (1,6 есеге), былғары және былғарыға жататын өнімдер (3,3 есеге) көлемдерін едәуір арттыру есебінен 16,5%-ды (91,1 млрд. теңге) құрады, қара металлды өндіруде өсімнің оң қарқындары байқалуда (ферроқойыртпалары – 28,2%).

2011 жылы өңдеу өнеркәсібінің өндірісінде оң тенденция байқалуда, онда 27,7%-ға (144,5 млрд. теңге) өндіріс көлемінің өсіміне қол жеткізілді. ЖӨӨ өңдеу өнркәсібінің үлесі 2010 жылғы 13,2%-ға қарағанда 14,3%-ды құрады (ҚР-11,4%). Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 25,6%-ға артқан (35,8 мың АҚШ доллары).

Ең үлкен өсім өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында байқалады: химия өнеркәсібінің 1,5 есеге, мұнай өнімдері 2,6 есеге, резеңке және пластмасса бұйымдары 8,9 есеге, өзге де металл емес минералды өнімдер 2,7 есеге, металлургия өнеркәсібі 2,3 есеге, дайын металл бұйымдары 1,8 есеге, машина жасау 1,2 есеге, ағаш бұйымдары 1,8 есеге, жиһаз 1,4 есеге, жеңіл өнеркәсібі 1,3 есеге, сусындар 1,1 есеге өскен.

Алайда, 2012 жылы азық-түлік өнімін өндіру көлемдерінің 27,6 пайыздық тармаққа, химия өнеркәсібін - 9,1 пайыздық тармаққа, жеңіл өнеркәсібін - 11,7 пайыздық тармаққа, резеңке және пластмасса бұйымдарын - 8,5 пайыздық тармаққа, машина жасау - 7,5 пайыздық тармаққа қысқаруының салдарынан өңдеу өнеркәсібінің 1,8 пайыздық тармаққа төмендеуіне жол берілген (155,7 млрд. теңге).


2007-2012 жылдардағы өңдеу өнеркәсібінің серпіні

2 сурет

Бұл кезеңде өндіріс көлемдерінің өсімі келесі салаларда байқалады: мұнай өнімдерін қайта өңдеу көлемдері 2,2 есеге, өзге де металл емес минералды өнімдерін - 1,5 есеге, металлургия өнеркәсібі - 1,5 есеге, дайын металл бұйымдары 2%-ға өскен.

2012 жылы өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігі бір қызметкерге 45,2 мың АҚШ долларын құрады және 2011 жылмен салыстырғанда 1,2 есеге өскен. Еңбең өнімділігінің ең үлкен көрсеткіші металлургия саласында байқалуда - 24,9 мың АҚШ доллар/адам, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,5 есеге өскен, өзге де металл емес минералды өнімдерін өндіруде - 1,8 есеге (58,6 мың АҚШ доллар/адам), азық-түлік өнімдерін өндіруде және мұнай өнімдерін қайта өңдеуде - 1,5 есеге (тиісінше 55,3 мың АҚШ долларын/адам және 84,1 мың АҚШ долларын/адам), химия өнеркәсібінде - 1,2 есеге (90,6 мың АҚШ доллары/адам), машина жасау - 1,1 есеге (10,5 мың АҚШ доллары/адам).




Каталог: files -> PRT KAZ
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
PRT KAZ -> Программа развития Жамбылской области


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет