Бағдарламасы мектеп тренеріне арналған нұСҚаулық


Кәсіби шеберлік және кәсіби даму



Pdf көрінісі
бет4/163
Дата05.08.2020
өлшемі1,1 Mb.
#76190
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   163
Байланысты:
билеты по истории Казахстана, Презентация, Презентация, Презентация, Презентация, Презентация, Презентация, «Двадцать Вершин Независимости»
Кәсіби шеберлік және кәсіби даму
Мектеп  тренерлері  кәсіби  мінез-құлықтың  жоғары  стандарттарын  сақтаудың  неге 
маңызды екендігін біледі.
Мектеп  тренерлері  мұғалімдердің  Бағдарлама  тақырыптарын  сыныптағы  оқушылармен 
жұмыстарына тасымалдауда үлгі алу моделі болып табылады. Олар өз әріптестеріне құрмет 
көрсете отырып, кез келген жағдайда өздерін кәсіби шебер ретінде ұстайды. Мектеп тренерлері 
өз  тобының  мұғалімдері  Бағдарлама  мақсаттарына  жетуде  табысты  болуын  көздейді. 
Бұған  уақытты  тиімді  пайдалану,  мұқият  жоспарланған  сабақтар,  топ  жұмысына  барлық 
мұғалімдердің  қатысуын  ынталандыру  және  әрбір  қатысушының  жұмысы  туралы  егжей-
тегжейлі қалыптастырушы пікір білдіру жатады.
Мектеп тренерлері барлық тыңдаушылармен адал, сындарлы, сыйластыққа, сенім мен 
қолдау көрсетуге негізделген қарым-қатынас орнату жолдарын біледі.
Мектеп  тренерлері  өз  тобының  барлық  мұғалімдеріне  құрметпен  қарайды.  Олар 
барлық тыңдаушыларға және олардың жұмысына бірдей көңіл бөледі, әрі олардың ұсынған 
идеяларына сындарлы жауап беруге ұмтылады. Мектеп тренерлері талқы жүргізуге және топта 
орындалатын  тапсырмаларға  барлық  тыңдаушылардың  қатысуын  қолдап,  ынталандырып 
отырады.  Сыныптағы  және  шағын  топтардағы  бірлескен  жұмыс  ережесі  оқу  үдерісінің 
басында белгіленеді. Ол ережені барлық тыңдаушылардың қатысуымен құрған дұрыс, алайда 
онда төмендегі тармақтар міндетті түрде қамтылуы тиіс:
•  әр тыңдаушыға пікір білдіруге мүмкіндік беру;
•  басқаларды тыңдау;
•  сұрақ қойғанда, адамның жеке қасиеттеріне тіл тигізбеу.
Топтық жұмыс туралы ереженің толық нұсқасын оқу материалдарынан табуға болады.
Мектеп тренерлері топқа арналған ережелерге бағынады.
Мектеп  тренерлері  үздіксіз  кәсіби  дайындықтың  маңызын  және  оның  өздерінің  және 
басқалардың  оқу  мен  тәжірибелік  жұмысын  қалай  дамыта  және  жақсарта  алатынын 


| 8 |
түйсінеді.
Мектеп  тренерлері  Бағдарлама  мұғалімдердің  тәжірибелік  жұмысына  да,  оқушылардың 
білім  алу  үдерісіне  де  оң  әсер  ететіне  үлкен  үміт  артады.  Бұны  олардың  өз  сабақтарын 
энтузиазммен  өткізуінен  және  олардың  мұғалімдердің  кәсіби  өсуінің  келешегіне  деген 
сенімінен көруге болады. Олар тыңдаушылардың меңгерген біліміне қарай әр сабақтың тиісті 
бағасын беріп, алдағы сабақтарын жетілдіру жолдарын іздейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   163




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет