Бағдарламасы мен пәні Тапсырмалар


Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны



бет3/3
Дата27.10.2022
өлшемі28,86 Kb.
#155170
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
№1 СОӨЖ
№4 СОӨЖ
4. Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны
37. Тіл және сөйлеу (2 сағат):

  1. тіл және сөйлеу туралы берілген ұғымды еске түсіру. Ауызекі және жазба тілде сөйлеу туралы түсініктерін кеңейту;


  2. сөйлеудің адамдардың сезіміне, іс-әрекетіне әсері.


38. Дыбыс және әріп (7 сағат):




  1. дыбысқа байланысты берілген білімді қайталау. Фонетика туралы түсінік беру. Фонетикалық талдау жасау;


  2. буын үндестігі туралы ұғым қалыптастыру: дауысты дыбыстардың сөз ішінде жуан-жіңішкелігіне қарай үндесіп айтылуы және жазылуы;


  3. дыбыс үндестігі туралы түсінік. Түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса, оған жалғанатын қосымшаның бірінші дыбысы қатаң болып келетіні. Түбірдің соңғы дыбысы ұяң немесе үнді болса, оған жалғанатын қосымшаның бірінші дыбысы да ұяң не үнді болып сәйкестенуі;


  4. дауысты дыбыстың әсерінен түбірдің соңындағы қатаң дыбыстың ұяң не үнді болып өзгеруі.


39. Мәтін (7 сағат):




  1. мәтін және оның түрлері туралы берілген ұғымды кеңейту;


  2. әңгімелеу мәтіні, оның құрылымын талдау. Өз беттерінше әңгіме құрау (7-8 сөйлем);


  3. тірек сөздер, суреттер, оқығандары бойынша әңгіме;


  4. сипаттау мәтіні, оның құрылымын талдау. Затты нақты сипаттау, көркемдік сипаттау, салыстырмалы сипаттау;


  5. пайымдау мәтіні. Пайымдаудың мазмұндық және құрылымдық ерекшеліктерін байқату: мұнда түсіндіру (ой), дәлелдеу және қорытынды болатыны; пайымдауда түсінікті дәйектемелерді пайдалану. Пікір айтуға дағдыландыру, өз ойын дәлелдей алуға, қорытынды жасай білуге үйрету;


  6. қабырға газетіне мақала жазу. Саяхат кезінде көргендері, алған әсерлері жайында жазу. Өздігінен мәтін құрау дағдысын жетілдіру: айтқан ойларының тақырыпқа сай болуы, мазмұндау логикасының сақталуы, сөйлемдердің дұрыс құрылуы, орынсыз қайталауға жол берілмеуі және т.б.


40. Сөйлем (22 сағат):




  1. сөйлемге қатысты берілген білімді қайталау;


  2. синтаксис туралы түсінік беру. Синтаксистік талдау жасауға үйрету;


  3. сөйлемнің дара және күрделі мүшелері;


  4. сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Сөз тіркесі туралы түсінік. Сөйлемдегі сөз тіркестерін табуға жаттықтыру;


  5. жай сөйлем және құрамалас сөйлем;


  6. құрмалас сөйлемнің тыныс белгісі;


  7. қыстырма сөз, олардың тыныс белгісі.


41. Сөз және оның мағынасы (5 сағат):




  1. сөз мағыналары туралы білімді еске түсіру;


  2. мағынасы бір-біріне жуық сөздер, мағынасы қарама-қарсы сөздер, көп мағыналы сөздер туралы түсініктерін кеңейту;


  3. тұрақты сөз тіркестері туралы түсінік беру.


42. Күрделі сөздер (9 сағат):




  1. күрделі сөз туралы жалпы түсінік;


  2. біріккен сөз. Біріккен сөздің жасалуы және оның жиі кездесетін түрлері;


  3. қос сөз және олардың жасалуы. Қос сөздердің мәні және емлесі;


  4. қысқарған сөз. Қысқарған сөздердің жасалуы және олардың емлесі.


43. Сөз таптары (48 сағат):




  1. сөз табы туралы өтілгенді қайталау;


  2. морфология туралы түсінік. Морфологиялық талдау жасау;


  3. зат есім. Зат есімнің септелуі. Септік жалғауының аттары мен септелуі. Септік жалғауының емлесі;


  4. тәуелденген сөздердің септелуі;


  5. көптік жалғаулы сөздердің септелуі. Зат есімнің жіктелуі;


  6. жіктік жалғаулары, олардың жекеше, көпше түрлері;


  7. етістік, оның жіктелуі. Жекеше және көпше жіктеу үлгілері;


  8. етістіктің шақтары: осы шақ, өткен шақ, келер шақ;


  9. сын есім. Сын есімнің дара және күрделі түрлері, олардың емлесі;


  10. қарсы мәндес сын есімдер;


  11. сан есім. Дара және күрделі сан есімдер, емлесі;


  12. есімдік туралы жалпы түсінік. Жіктеу есімдіктері, олардың септелуі;


  13. үстеу туралы түсінік;


  14. шылау туралы түсінік, олардың мәні;


  15. шылау мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы;


  16. одағай сөздер және олардың емлесі;


  17. еліктеуіш сөздер туралы түсінік. Олардың мәні мен емлесі.


44. Сөйлеу мәдениеті (2 сағат):




  1. сөйлеу мәдениеті бойынша берілген ұғымды кеңейту: сөйлесіп отырған адамның сөзін бөлмеу, онымен ақжарқын, байыпты қалыпта сөйлесу, өзі туралы көп айта бермеу, дөрекі сөйлемеу және т.б.;


  2. ауызекі және жазба тілде кешірім сұрауға немесе келіспегенін білдіруге қажетті сыпайы сөздерді қолдана білу.


45. Жыл бойы өткенді қайталау (14 сағат).


46. Жыл бойына арналған жазба жұмыстары (20 сағат).

2. Әр сыныпта оқытылатын тілдік материалдардан конспекті жасау.


3. Оқу пәнінің алдына қойған міндеттеріне талдау жасау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет