Бағдарламасы Нысан ф со пгу


Емтихан қабылдаудың біріктірілген (компьютерлік тестілеу + жазбаша) түрі кезінде



бет4/11
Дата06.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#39599
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Емтихан қабылдаудың біріктірілген (компьютерлік тестілеу + жазбаша) түрі кезінде емтихан өткізудің әр кезеңі мыналардан тұрады:
- компьютерлік тестілеу — мамандық бойынша 30 сұрақ, кәсіптік қызметпен байланысты мәселелерде үміткерлердің біліктілігін анықтау үшін;
- жазбаша бөлім - Эссе, оқу мен ғылыми-зерттеу қызметіне деген уәждемені анықтау үшін.
Қабылдау комиссиясы қызметінің құрамы мен саласы.
Мамандық бойынша түсу емтиханы университет ректорының бұйрығымен бекітілген қабылдау комиссиясымен (ҚК) өткізіледі, оның құрамына төраға және кем дегенде үш мүшесі кіреді, олардың екеуі ғылым докторлары болуы тиіс, сонымен қатар комиссия хатшысы.
Комиссия жұмысына факультет деканы, университеттің арнайы кафедраларының, бизнес-қауымдастықтардың, бөгде ұйымдардың өкілдері тартылады.
Комиссия қызметінің саласына жататындар:
- мамандық мәселелерінде ұміткерлердің біліктілігін анықтау;
- оқуға және ары қарайғы кәсіптік қызметке деген уәждемені анықтау;
- докторантурада оқу үрдісінде дербес ғылыми, өндірістік және инновациялық қызметке деген болашақ магистранттың дайындығын анықтау.
Түсу емтиханын тапсыру алдын ала бөлінген компьютер залында және аудиторияда бейне жазбасы мүмкіндігі бар бекітілген аудиторияда ҚК мүшелерінің кем дегенде жартысының болуы кезінде өткізіледі.
Емтихан өткізу тәртібі:
үміткер емтиханға кесте бойынша тағайындалған уақытта тағайындалған аудиторияға келеді;
- ҚК мүшелерінің рұқсатымен үміткер компьютер алдынан жұмыс орнын алады/жауаптар парағын алады;
- жауаптар парағында үміткер өзінің тегін, атын, әкесінің атын немесе ТАӘ, оқу үшін таңдаған мамандығын және оқыту траекториясын көрсетеді.
- 30 минут бойы үміткер эссе жазады (жауаптар ықшамды, қажет болған жағдайда кестелер, формулалар, сұлбалар т.б. болуы тиіс);
- барлық сұрақтарға жауаптардың бағытталған көлемі 3-4 беттен артық болмауы тиіс;
- барлық сұрақтарға жауап берген соң үміткер барлық жауап парақшаларына өзінің қолын қояды және оларды қабылдау комиссиясының хатшысына тапсырады;





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет