БАҒдарламасы өскемен қ., 2016 жыл Мазмұны Паспорт 3 2



бет7/10
Дата12.03.2018
өлшемі6,19 Mb.
#38437
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

(мекенжайы бойынша, 2015 ж. деректер Медақпарат мәліметі бойынша анықталған).
Ана өлімінің негізгі себептері – жасанды түсіктердің жоғары деңгейі және аурулар (жыныстық жолмен жұқтырылатын аурулар, қаназдық) себебінен акушерлік қан ағу, гестоздар, экстрагенитальді патология. Бұл жағдай әсіресе ауылды мекендерде білікті мамандардың жетіспеушілігі себебінен медициналық қызметтердің жеткіліксіз сапасымен ұлғаяды. 2015 жылы облыс бойынша 3 ана өлімі тіркелді.

Кейінгі жылдары облыс бойынша 1000 аман туғандарға нәресте өлімі көрсеткішінің тұрақты төмендеуі байқалады: 2013 жылғы 13,21-ден 2015 жылы 9,75 дейін, яғни 26,2 % - ға.

Перинаталды кезеңдегі жағдайлар және туа біткен ақаулар нәресте өлімінің негізгі себептері болып табылады. Туа біткен патологиялар ерте кезеңде өткізілген диагностиканың жеткіліксіз деңгейін (туа біткен патологияларды анықтауға жүкті әйелдердің скринингі) және облыстың жалпы қолайсыз экологиялық жағдайын айқындайды.

Сонымен қатар 2013 - 2015 жылдары өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде босандыру ұйымдарының материалдық-техникалық жағдайын 86,6 % - ға, бала ұйымдарының материалдық-техникалық жағдайын 74,7 %-ға жақсартуға жағдай туғызды, жүктілік пен босанудың жаңа технологияларын енгізуге, перинаталды көмектің тиімділігін арттыруға ықпал етті.



Облыста туберкулез аурулары 100 мың халық санына 32,2 % төмендеді, бірақ бұл көрсеткіш республика бойынша орташа көрсеткіштен 2,4 %-ға жоғары (ҚР - 58,5), (11 сурет).


11 сурет – ҚР және ШҚО бойынша 2013 - 2015 ж.ж. туберкулезден ауыру және өлім деңгейі

(100 мың тұрғынға)


Эпидемиологиялық көрсеткіштердің тұрақтылыққа беталғанына қарамастан туберкулез ауруының әрі қарай жасаруы (жалпы науқастанғандардың санынан 81,9 % 18 - ден 55 жасқа дейін), жұмыс істемейтіндердің және әлеуметтік бейімнен шет шыққан адамдар санының ұлғайуы, дәріге көнбейтін аурулардың өсуі айқындалады.

Балалар арасында туберкулезден ауыру деңгейінің 2,6 % - ға азайуы байқалады: 2013 жылы балалардың сырқаттану көрсеткіші 100 мың адамға


22,0, ал 2015 жылы 8,6 құрады.

Облыста түзеу мекемелері көп және онда отырғандардың ішінен туберкулезбен сырқаттанатын адам саны біршама. Бұл фактор да облыстың эпидемиологиялық жағдайын қиындатады. Облыстың азаматтық тұрғындарымен салыстырғанда, бұл контингент арасында туберкулезбен белсенді ауыратындар саны 10,6 есе жоғары.

Облыс бойынша туберкулезбен орта деңгейден жоғары ауыру көрсеткіші Глубокий (116,9), Ұлан (86,5) аудандарында, Өскемен (73,1), Семей (62,4), Риддер (62,0) қалаларында сақталады.

Туберкулезбен ауырғандарға әлеуметтік көмек көрсету мәселесі әлі де маңызды болып табылады (баспана беру, жол ақысын төлеу, тамақтануға қаражат бөлу, олардың ішінде балаларға да).



Облыс балалары арасында ауыру деңгейі. Облыс бойынша 2015 жылы
0 - 5 жас аралығындағы балаларда 142 517 ауру жағдайлары тіркелген,
2013 жылы – 126 487. 0 - 5 жас аралығындағы 1000 балада бұл көрсеткіш
2015 жылы 1 258,3 болды (2013 жылы - 1 157,5), орта республикалық
көрсеткіш – 1000 балаға 1 153,5.


2015 жылы 0-5 жас аралығындағы балаларда нозологиялар кесіндісі 1000 балаға алғанда төмендегідей:

тыныс жолдары аурулары – 878,6, ҚР бойынша – 725,0;

перинаталдық кезеңде пайда болған күйлер – 48,6, ҚР бойынша – 45,7;

жұқпалы және паразитарлық аурулар – 37,7, ҚР бойынша – 30,8;

несеп-жыныстық жүйе аурулары – 16,8, ҚР бойынша – 13,0;

эндокриндік жүйе аурулары – 14,1, ҚР бойынша – 12,7, оның ішінде гипотрофия – 4,1, ҚР бойынша – 3,0;



жарақаттар, уланулар және сыртқы себептер әсерінен болған зардаптар – 14,1, ҚР бойынша – 12,3.

Кейінгі 3 жылда аумақ халқының қатерлі ісіктермен науқастану деңгейі 100 мың тұрғынға алғанда 2013 ж. 285,6 болса, 2015 ж. 301,4 дейін көтерілді, ҚР бойынша көрсеткіштен де 1,5 есе жоғары (207,7).



Қатерлі ісіктердің жоғары көрсеткіштері өндірісі дамыған аудандарда және бұрынғы Семей сынақ полигонына жақын аумақтарда тіркелген: Өскемен, Зырян, Риддер қалалары, Глубокий, Шемонаиха аудандары.

Қатерлі ісіктер деңгейінің өсуін скрининг бағдарламалары нәтижесінде қатерлі ісіктерді анықтаудың жоғары деңгейімен түсіндіруге болады (12 сурет).


12 сурет – ҚР және ШҚО бойынша 2013 - 2015 жж. қатерлі ісіктермен ауыру және өлім деңгейі (100 мың тұрғынға)
Жалпы өлім құрамында қанайналым жүйесі аурулары (ҚЖА) ең көп үлесті құрайды (22,8 %). 2015 жылы ҚЖА-дан өлім көрсеткіші 100 мың адамға 2 767,3 құрады, ал республика бойынша деңгейі - 2 429,7, яғни 13,9 % - ға жоғары (13 сурет).

13 сурет – ҚР және ШҚО бойынша 2012 - 2014 жж. қанайналым жүйесі ауруларынан

ауыру және өлім деңгейі


Кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту, тексеру және емдеудің жаңа әдістерін енгізу нәтижесінде жүректің сазып ауыруынан өлім саны 2013 жылмен салыстырғанда 1,3 есе төмендеді.

Жарақаттардан, жазатайымдардан және уланудан (12,5 %) өлім саны үшінші орынды алады: 2015 жылы 100 мың адамға - 130,6, 2013 жылмен салыстырғанда 4,2 %-ға төмендеді, ҚР бойынша көрсеткіш - 2015 жылы 82,5.



14 сурет – Облыс бойынша 2013 - 2015 жж. АҚТБ жұқпасының таралу көрсеткіші.
Облыста АҚТБ жұқпасының таралуы шоғырланған кезеңінде тұр. 2016 жылдың 1 қаңтар жағдайына АҚТБ-мен жұқтырылған адам саны - 2961. 670 адам қайтыс болды, оның ішінде ЖҚТБ-дан - 105 адам. Диспансерлік есепте АҚТБ-мен нақты 2 027 адам тұр, олардың таралуы 100 мың тұрғынға - 145,3. Ауруды анықтау көрсеткіші бойынша Алматы қ., Павлодар және Қарағанды облыстарынан кейін ШҚО - 4-ші орында.

АҚТБ-жұқпасының ең көп анықталған саны Зырян, Шемонаиха, Глубокий аудандары мен Өскемен қаласында тіркелген.

Тегін медициналық көмектің кепілдік көлеміне бөлінген шығындар 2013 жылғы 45,3 млрд. теңге сомасынан 2015 жылы 51,6 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Жалпы облыс бойынша 2016 жылдың басына халыққа медициналық көмек көрсететін ұйымдар:

82 ауруханалық ұйымдар (11-і жекеменшік, 71-і мемлекеттік меншікте);

269 амбулаторлық-емханалық ұйымдар, олардың 195-і – мемлекеттік меншікте, 74-і жекеменшікті;

59 фельдшерлік - акушерлік, 338 медициналық пункттер және 64 медициналық қызметкерлер қызметтік үй-жайсыз жағдайда дәрігерге дейін көмек көрсетеді.

Дәрі-дәрмектік көмекпен қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында ауыл тұрғындары үшін дәріханалары жоқ ауылды аймақтарда БМСК ұйымдары арқылы дәрі-дәрмектерді тарату жолдары ұйымдастырылған.

Облыстың денсаулық сақтау саласын білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесі күрделі болып сақталуда. Мысалы, 2013 жылы мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін дәрігерлер саны 4 396 болса, 2015 жылы олардың саны 4 179 дейін азайды.

2015 жылы дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 10 мың тұрғынға 38,3 құрады (2013 ж. - 38,6). Мемлекеттік ұйымдарда облыс бойынша көрсеткіш 29,9 (2013 ж. - 30,1), ҚР бойынша көрсеткіштен төмен


(2015 ж. - 29,7).

Орта медицина қызметкерлерімен қамтылу көрсеткіші - 10 мың тұрғынға 94,6 (2013 ж. - 93,8), оның ішінде мемлекеттік ұйымдарда 10 мың тұрғынға


78,0 (2013 ж. деңгейінде), бұл ҚР көрсеткішінен (78,6) төмен.

Осы күнге дәрігерлік кадрлардың тапшылығы 133 дәрігер, оның ішінде ауыл жерлерінде 23 дәрігер жетіспейді. Ең жоғары қажеттілік - Өскемен, Риддер қалаларында.

Дәрігерлік кадрлардың «қартаюы» байқалады: 50 жастан жоғары мамандар 39,5 % құрайды, 30 жасқа дейінгі мамандар - 20,7 % (мемлекеттік секторда). 25 жылдан жоғары еңбек өтілі бар мамандардың саны ұлғайып, бұл көрсеткіш жас мамандардың аз келуін айғақтайды.

2015 жылы 211 жас маман келді (2013 жылы - 217), 12-сі тұрғын үй алды, көтерме қаражатпен 44 маман қамтылды, 28 маманға баспана алу үшін пайызсыз несие берілді.

Жоғары мамандандырылған медициналық көмекті дамыту үшін медициналық мамандардың біліктілігін арттыру қажет. Ағымдағы жылда Өскемен, Семей қалалары перинаталдық орталықтарының 12 дәрігері Англия клиникаларында сынақ ісінен өтті. Медициналық кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру мақсатында көшпелі оқу айналымдары мен шеберлік сабақтар ұйымдастырылды, сонымен қатар шетелдік мамандардың қатысуымен (Израиль, Корея, Алтай өлкесі) ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізілді.

2011 - 2015 жж. арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде жоғарымамандандырылған медициналық көмекті, көліктік медицинаны дамытуға, скрининг бағдарламаларын енгізуге, босану және балаларды емдеу ұйымдарының, онкологиялық диспансерлердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік туды.


SWOT - саланың даму жағдайын талдау:


Күшті жақтары (S):

  1. демографиялық көрсеткіштердің жақсаруы,өлім - жітімділіктің төмендеуі, табиғи өсімнің ұлғайуы;

  2. нәрестелер өлімінің азаюы;

  3. медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде медициналық көмектің жоғарытехнологиялық түрлеріне халықтың қолжетімділігін жақсарту;

  4. кардиологиялық және кардиохирургиялық қызметті дамыту.

Әлсіз жақтары (W):

  1. әлеуметтік мағыналы аурулармен науқастанудың жоғары деңгейі;

  2. облыс бойынша дәрігерлер тапшылығы;

  3. көрсетілетін медициналық қызметтердің жеткіліксіз сапасы;

  4. медициналық ұйымдардың медициналық құрал-жабдықтармен және үлгілік ғимараттармен қамтылудың төмен деңгейі;

  5. саланың жеткіліксіз қаржыландырылуы, оның себебінен: медициналық құрал-жабдықтардың және медициналық ұйымдар ғимараттарының біршама тозуы ауруларды уақтылы анықтау және халыққа медициналық қызметтерді көрсету сапасын төмендетеді.

Мүмкіндіктер (O):

  1. заманауи медициналық объектілерді салуға қаржыландыруды ұлғайту;

  2. медициналық кадрларды жұмыс орнына бекіту және жас мамандарды әсіресе ауыл елді мекендерге тарту үшін қажетті шаралар жүйесін құру.

Қатерлер (T):

  1. аумақтың экологиялық жағдайының төмендеуі.

Негізгі проблемалары:



  1. әйелдер мен балалар денсаулығының төмен көрсеткіші;

  2. нәрестелер өлімінің жоғары көрсеткіштері;

  3. әлеуметтік мағыналы аурулармен, онкологиялық аурулармен, туберкулезбен сырқаттанудың жоғары деңгейі;

  4. жарақаттану мен уланудың, АҚТБ/ЖҚТБ жұқпаларының жоғары деңгейі;

  5. кадрлар тапшылығы;

  6. денсаулық сақтау сұрақтарындағы сектораралық қарым-қатынастардың төмен тиімділігі;

  7. тұрғындар тарапынан өз денсаулығы үшін жауапкершіліктің төмендігі;

  8. емдік-алдын алу ұйымдары, әсіресе ауылды мекендердегі мекемелердің, материалдық-техникалық базасының жеткіліксіздігі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

Мемлекеттің тиімді ойластырылған саясатына байланысты облыста жұмыспен қамту жүйесінде өзгерістер байқалады (29 кесте).
29 кесте – 2013 - 2015 жылдарға еңбек нарығының негізгі индекаторлары


Атауы

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Жұмыссыздық деңгейі (%)

5,1

4,8

4,9

Жұмыссыз халық (мың теңге)

37,7

35,5

35,9

Экономикалық тұрғыдан белсенді халық (мың адам)

746,0

740,9

732,5

Жұмыспен қамтылғын халық (мың адам)

708,2

705,5

696,7

Өскемен қ. (5,2 %) және Семей қ. (5,2 %), сондай-ақ Зайсан (5,1 %) және Күршім аудандарында (5 %) аумақтық бөлінісінде жұмыссыздық деңгейі орташа облыстық деңгейден жоғары байқалады.

Жұмыссыздар құрылымында ең көп үлесті орта жастағы адамдар құрайды (69,8 %), яғни 29 - дан 54 жасқа дейін, жұмыссыздар арасында жартысынан көбі әйелдер (56,3 %).

Еңбекке қабілетті жастағы халықтың көшіп кетуіне байланысты экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны жыл сайынғы төмендеуде, негізінде Семей және Өскемен қалалары, Үржар, Аягөз аудандары.

Жұмыспен қамтылған халық құрылымында экономика салалары бойынша үлес салмағы бюджеттік салаға тиесілі (мемлекеттік басқару, білім беру, денсаулық сақтау) - 23,4 %, ауыл, орман, балық шаруашылығы 18,3 %, көтерме және бөлшек сауда, көлік және мотоциклдерді жөңдеу 17,8 %, өнеркәсіп - 16,1 %, ең аз үлес салмағы өнер, ойын-сауық және демалыс саласына тиесілі - 1 %, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет және әкімшілік, қосалқы қызмет көрсету саласына - 1,3 %.

Еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімсіздік проблемасы сақталуда, әсіресе жастар, мүгедектер, көп уақыт жұмыс істемегендер және зейнеткерлік жасқа таяу санаттағы халық арасында.

Облыста жыл сайын 96 мың адамнан 100 мың адамға дейін еңбек ресурстарының артықшылығы байқалады, жыл сайынғы қажеттілік 34,0 мың адам шамасында, яғни 1 жұмыс орнына 3 жұмыссыз үмітткер болады.

Осы санаттағы халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында облыста халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешендік жоспары әзірленген, ол әлсіз топқа жататын халықпен нысаналы жұмыс істеуді қарастырады.

2016 - 2018 жылдарға еңбек ресурстарының жалпы қажеттілігі анықталған - 54 мың жұмыс орын. Ауылшаруашылық (ветеренарлық техниктер, механизаторлар, тракторшылар және т.б.), өнеркәсіпте (әр түрлі мамандықтағы инженерлер, автоматтық желілерді реттеушілер, өндіріс операторлары, машинистер, слесарлар), құрылыс және басқа салаларда мамандықтар сұранысқа ие болады.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асырудың 3 жылдық барысында жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және азқамтылған адамдар қатарынан 36,3 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Бағдарлама іске аса бастағаннан бері сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқытумен 18,2 мың адам қамтылды. Оқуды аяқтағандар қатарынан 15,1 мың адам немесе 83 % тұрақты жұмыс орындарға жұмысқа орналастырылды.

2015 жылы жұмысқа орналастыруға өтініш білдіргендер саны 37,1 мың адамды құрады, бұл 2013 жылмен30 слыстырғанда 1,5 есе көп, олардың 82 %31 жұмыспен қамтылған. 2015 жылы 18 мың жаңа жұмыс орыны құрылды32.

2 032 шетелдік жұмысшылар тартылған, олардың 70 % - жоғары білікті мамандар 33.

3 жылда әлеуметтік-әлсіз халықтың деңгейінің төмендеуі байқалуда (30 кесте).


30 кесте – 2013 - 2015 жылдардағы жәрдемақы алушылардың негізгі көрсеткіштері


Атауы

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Мекендік әлеуметтік көмек алушылардың саны

9 741

8 127

6 146

18 жасқа дейінгі балалар үшін жәрдемақы алушылар саны

32 156

29 514

29 378

Тұрғын үй көмегін алушылардың саны

10 640

10 024

9 163

АӘК алушылардың құрылымында үлес салмақтын көп бөлігін балалар құрап келеді – 72,9 % (3 618 балалар). АӘК алушылардың жалпы санынын 56,6 % - ауылдық мекендердің тұрғындары.

Тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету үшін мекемелерінің желісі құрылған, оған кіреді 16 медициналық-әлеуметтік мекемелер, 8 қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелер, 4 психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекеме, 2 тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекеме, 1 балаларға арналған психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекеме және ардагерлер мен мүгедектерге арналған «Уба» шипажайы.

Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (тұлғалардың жалпы саны, оларды алуға мұқтаж) өсті. 2013 жылдағы 97 % - дан 2015 жылы 98,5 %.


SWOT- саланың даму жағдайына талдау:


Күшті жақтары (S):

  1. жұмыссыздық деңгейін 4,9 % деңгейінде сақтау үшін әлеуетінің болуы (ҚР - 5,0 %);

  2. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке (МАӘК) өтініш білдіргендердің санының азайуы, 2 жылда 54,6 %-ға;

  3. атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құрамындағы еңбекке қабілетті халықтың үлес салмағының төмендеуі, 30,6 % дан 27,1 %;

  4. шартты ақшалай көмек төлеу бойынша «Өрлеу» пилоттық жобасын іске асырылуы;

  5. қоғамдағы мүгедектерді интеграциялау бойынша іс-шаралардың іске асуы;

  6. жұмыс орындарын құру шеңберінде басқа да мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларға, жастар іс-тәжірбиесіне, қоғамдық жұмыстарды кеңейтуге, әлеуметтік жұмыс орындарын құруға Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары;

  7. облыстың 2017 - 2019 жылдарға арналған Жұмыспен қамту картасы, облыстағы еңбек ресурстарының қажеттіліктері мен көздерін болжау.

Әлсіз жақтары (W):

  1. жұмыс күшінің еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігі;

  2. жұмыс күшінің санының төмендеуі;

  3. тұрақты жұмыс орындарын жетіспеушілігі, әсіресе ауылда;

  4. арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаждардың жартылай стационарлық қызметке көшу қажеттілігі;

  5. МАӘК алуға үміткер адамдарға (отбасыларға) жиынтық табысын есептеудің жетілдірілмеген методикасы;

  6. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезінде интеграцияланған тәсілді қолдану тетіктерінің болмауы, әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің нақты қызмет алушылармен жұмыс істеу кезінде ведомствоаралық өзара әлсіз іс-қимылы.

Мүмкіндігі (O):

  1. жұмыспен қамтудың белсенді түрлерін қолдану, сондай-ақ халықты кедейлік «шеңберден» шығару бойынша өңірлік бағдарламалар әзірлеу;

  2. өз бетінше еңбекке жарамды, жұмыссыз әйелдер, жастар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар бойынша нысандандыруға және болашақта жұмыпен қамтуға мәліметтер базасын құруы;

  3. өнірде дайындалуы мүмкін болмайтын мамандықтар бойынша шетелдік жұмыс күшін тарту;

  4. халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге белсенді мемлекеттік бағдарламаларын спектрін кеңейту;

  5. ауылдық жердің тұрғындары үшін басымдық бере отырып, жұмыссыз азаматтардың кәсіпкерлік бастамын дамытуға жәрдемдесу;

  6. республикасының жұмыс күші артық өңірлерінен қоныс аудару есебінен білікті мамандармен қамтамасыз ету.

Қатерлер (T):

  1. жұмыссыздықтың өсуі салдарынан өндіріс көлемін төмендеуі және жұмыс орындарын қысқарту;

  2. еңбекке қабілетті жастағы халықтың көшуінің күшейуінен кемуі;

  3. ең төменгі күнкөріс деңгейінен кедейлік шегі мөлшерінің деңгейі 60 % - ға дейін ұлғайуы АӘК алушылар санының шекті өсуіне әкеледі;

  4. коммуналдық қызмет тарифтерін арттыруы тұрғын үй көмегін алушылардың ұлғайуына әкеп соқтырады;

  5. қиын өмірлік жағдайға тап болған санаттағы тұлғалар есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер алуға мүмкін тұлғалардың санының өсуі.

Жұмыспен қамту саласындағы негізгі мәселелер:



  1. еңбекке қабілетті жастағы халықтың көшіп-қонуының кемуі және еңбекке қабілетті халықтың қартаюы;

  2. ауылдық жерлерде тұрақты жұмыс орындарының болмауы;

  3. жастар мен әйелдер арасындағы жұмыссыздықтың жоғары деңгейі;

  4. жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасындағы аз қамтылған азаматтардың жоғары үлесі;

  5. көлеңкелі жұмыспен қамтудың болуы;

  6. ұзақ уақыт жұмыс істемегендердің жұмыссыздық проблемасы.

Әлеуметтік қорғау саласындағы негізгі мәселелер:



  1. мүгедектер мен егде жастағы азаматтар арасындағы өмір сүрудің төмен деңгейі;

  2. жәрдемақы алатындардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға ниет танытпауы;

  3. мүгедектер және басқа да санаттағы азаматтардың оңалту шараларына өсіп жатқан қажеттілігі (психоневрологиялық МӘМ жоғары кезектілік);

  4. мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қолжетімді ортасының жетіспеушілігі;

  5. әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысының төмен деңгейі;

  6. МӘМ-і медициналық білімі бар кадрлармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі.

Өндірісте жарақаттану

2015 жылы аймақтық экономика салаларында 201 жазатайым оқиға нәтижесінде (2013 ж. - 211) өндірісте 216 адам жарақаттанды, оның ішінде
22 - адам өлімімен және 90 - ауыр зардаппен аяқталған.

2015 жылы 1000 адамға шаққандағы жазатайым оқиғаның жиілік коэффициенті 0,396 (2013 ж. - 0,435), адам өлімімен - 0,04 (2013 ж. - 0,044) құрады.

2015 жылы жазатайым оқиғаның жоғары көрсеткіштері тау-кен-металлургия өнеркәсібі кәсіпорындарында - 47 адам (2013 ж. - 63 адам), құрылыс саласында - 41 адам (2013 ж. - 43 адам), бюджеттік сала мекемелерінде - 26 адам (2013 ж. - 21 адам) болған. Жалпы өндірістік жарақаттанудың 50 % астамы осы экономика салаларында орын алған.

Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері зардап шегушінің өрескел абайсыздығы - 68 немесе жалпы себептердің 33,8 % (2013 ж. - 28), жұмыс жүргізудің қанағаттанғысыз ұйымдастырылуы - 44 немесе 21,9 % (2013 ж. - 78), еңбек қауіпсіздігі тәсілдерін оқытудағы кемшіліктер 30 немесе 15 %


(2013 ж. - 36) болып табылады.

Жұмыс берушілердің өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауға үстірт қарауы өндірістегі жазатайым оқиға мен кәсіптік аурулардың негізгі себептерінің бірі болып табылады.

Облыс кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етудің негізгі бағыттары: еңбекті қорғауды басқару жүйесін (ЕҚБЖ), сонымен қатар, жалпыға танылған еңбекті қорғаудағы стандарттарды енгізу, кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін тікелей бағындыру болып табылады.

Өндірістегі жазатайым оқиға мен кәсіптік аурудың алдын-алу үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды (құрылыс саласындағы нормалар мен ережелер, стандарттар, санитарлық ережелер, тазалық нормативтері, техникалық регламент) қазіргі заманға сай халықаралық нормалар, талаптар және ғылыми - зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сәйкес келтірілуі қажет.


Өндіріске байланысты кәсіптік аурулар

Шығыс Қазақстанда зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерімен 40 мыңнан астам қызметкер немесе аймақтық экономика салаларындағы барлық адамдардың әр бір он екінші адамы жұмыс істейді.

2015 жылы зиянды факторлардың әсеріне ұшыраған қызметкерлер арасынан бастапқы кәсіптік ауру жағдайына ұшырағандар саны 180 құрады (2013 жылы - 194). Облыс бойынша 16 кәсіпорында кәсіптік аурулар тіркелген (2013 жылы - 21).

Қызметкерлер арасында кәсіби аурулардың қалыптасуының негізгі себептері, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істеуі: қанағаттанарлықсыз еңбек жағдайлары, жұмысшылар ағзасына тигізетің зиянды өндірістік факторлардың ұзақ әсері, жеткіліксіз технологиялық процестер, механизмдер, жабдықтар мен машиналардың конструктивті кемшіліктері, жұмысшыларға жеткіліксіз медициналық қызмет көрсетілуі.


Еңбек қатынастарының саласындағы бұзушылықтар

2015 жылы еңбек қатынастары саласында 1 169 тексеру өткізілді
(2013 ж. - 1645). 2015 жылғы тексерулер барысында еңбек заңнамасы бойынша 2 757 бұзушылықтар анықталған, оның ішінде 2 029 (2 982) еңбек қатынастары бойынша, 702 (1 942) - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша,
26 (182) - халықтың жұмыспен қамтылуы бойынша.

Бұзушылықтарды жою мақсатында 2015 жылы 860 (2013 ж. - 1 189) нұсқама берілді, оның ішінде еңбек қатынастары бойынша - 681 (2013 ж. - 851), еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша - 161 (2013 ж. - 293), халықтың жұмыспен қамтылуы бойынша - 18 (2013 ж. - 45).

Облыстық, қалалық және аудандық деңгейлерде әлеуметтік әріптестік туралы үш жақты келісім шарттарын жүзеге асыру үшін салалық кәсіподақтар, жергілікті билік органдары мен облыстық кәсіподақтар кеңесі мемлекеттік органдар арасында белсенді ынтымақтастық жүзеге асырылады.
SWOT - саланы дамыту жағдайын талдауы:


Күшті жақтары (S):

  1. облыс кәсіпорындарында қазіргі заманға сай еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу;

  2. өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды уақтылы және сапалы түрде жүргізу;

  3. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін кәсіпорынның бірінші басшысына бағындыру.

Әлсіз жақтары (W):

  1. негізгі құралдарды жаңарту қарқынының төмендігі және ескірген технологиялардың қолданылуы;

  2. еңбек міндеттерін орындаған кезде қызметкерлердің өндірістік қауіпсіздік бойынша білім деңгейінің жеткіліксіздігі.

Мүмкіндіктер (O):

  1. заңнамалардың сақталуына мемлекеттік, ішкі бақылаудың тиімділігін арттыру.

Қатерлер (T):

  1. облыста қауіпті (аса қауіпті), зиянды (аса зиянды) кәсіпорындардың орналасуы.

Негізгі проблемалары:



  1. негізгі құралдарды жаңарту қарқынының төмендігі және ескірген технологиялардың қолданылуы;

  2. еңбек міндеттерін орындаған кезде қызметкерлердің өндірістік қауіпсіздік бойынша білім деңгейінің жеткіліксіздігі.

Мәдениет

Облыста мәдениет және өнер саласы ұйымдарының желісін 305 клубтық мекеме, 322 кітапхана, 10 мұражай, 2 театр34, 2 концерттік ұйым, қызметкерлер саны 5 000 астам адамнан, оның ішінде шығармашылық кадрлар 2 400 мыңнан астам адамнан тұрады. Көркем өнер шығармашылық ұжымдар саны
150 бірлікті құрады, оның ішінде: 117 бірліктің «Халықтық» атағы және 33 бірліктің «Үлгілі» атағы бар.

Облыс аумағында республикалық маңызы бар 17 тарих және мәдениет ескерткіші және жергілікті маңызы бар 703 ескерткіш, оның ішінде


«Жидебай-Бөрілі» мұражай-қорығы (Абай ауданы), б.д.д.. VII-VI ғғ. археология ескерткіші Шілікті қорғаны (Зайсан ауданы), Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Ақбаур көне астрономиялық кешені тіркелді.

Кітапханалардың кітап қоры 5 154,6 мың дананы, оның ішінде мемлекеттік тілде - 1 395 мың дананы құрады. Облыс бойынша кітапханалар оқырмандарының саны 421,1 мың адамды құрады. 270 ауылдық кітапханадан Интернетке қол жеткізген 43 кітапхана бар (Көкпекті, Күршім, Аягөз, Глубокое, Катонқарағай, Шемонаиха және Ұлан аудандары).

Елді мекендерді қызметтермен толық қамту үшін мәдениет саласында ұялы қозғалмалы кітапханалар (библиобустар) құру, сондай-ақ елді мекендерде көпфункционалды ұялы қызмет көрсету жүйесін құру қажет.

2013 - 2015 жылдар кезеңі ішінде: нәтижесінде 5 мәдениет нысаны пайдалануға тапсырылды.

Мәдениет нысандарының күрделі және ағымдағы жөндеуін жүргізу «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында
2013 - 2015 жылдары ішінде 61 мәдениет нысаны жөндеуден өтті. Нәтижесінде мемлекеттік клубтық мекемелердің 80 % қанағаттанарлық күйде болуда, алайда жөндеулерді өткізуде қажеттілік орын алуда35.

2015 жылы өңірде облыстың клубтық мекемелерімен 25 мыңнан астам мәдени-көпшілік іс-шара өткізілді, немесе 2013 жылға қарағанда 1,1 есе ұлғайуы байқалады. 2015 жылы облыс театрларымен қойылған спектакльдер саны барлығы 594 бірлікті, оның ішінде 26 жаңа қойылымды құрады.

Облыс мұражайларымен 31 мыңнан астам іс - шара, оның ішінде экскурсия, көрме, дәріс түрінде өткізілді. Мұражай қоры - 431 мыңнан астам экспонатты, оның ішінде электронды тасымалдаушыда - 11 мыңнан астам экспонатты құрады. 2015 жылы мұражайға келушілер саны 752,3 мың адамды құрады, немесе 2013 жылға қарағанда 1,2 есе ұлғайуы байқалады. 2015 жылы кітапханаларға келушілер саны 6 150,9 мыңнан астам адамды құрады, немесе 2013 жылға қарағанда 1,1 есе ұлғайу байқалады.

Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін анықтау және зерделеу мақсатында Күршім, Зырян, Абай, Жарма, Катонқарағай, Көкпекті, Тарбағатай, Үржар аудандары мен Семей қаласы төңірегінде ғылыми - зерттеу археологиялық жұмыстары жүргізілді. Археологиялық зерттеулер нәтижелері бойынша


2013 - 2015 жылдар ішінде облыс аумағында жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілетін 118 тарихи - мәдени мұра ескерткіші анықталды, 318 ескерткішке төлқұжаттау жүргізілді.

Археологиялық даму мәселесі ерекше назарда тұр. Археология саласында ғылыми - зерттеу жұмыстарының даму жоспары әзірленген. Туристік әлеуеті бар облыстың көрнекті археология ескерткіштерін қосатын 5 нысанға зерттеулер жүргізіледі (соның ішінде: Катонқарағай ауданының Берел, Зайсан ауданының Шілікті, Абай ауданының Қырыкүнгір, Аягөз ауданының Қырықоба, Тарбағатай ауданының Елеке сазы қорғандары және Ұлан ауданының Аблайкит бекініс - монастры). Зерттелген нысандар


ЮНЕСКО - ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізуге ұсынылады.

Ағымдағы жылы өткізілген зерттеулер нәтижесі бойынша қола, темір және орта ғасыр дәуірін сипаттайтын құнды жәдігерлері анықталған. Өскемен қ. облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Бабалар мұрасы» экспозициясы құрылды, қазба барысында анықталған 3 000 астам жәдігермен толықтырылған. Катонқарағай ауданының Берел бірегей кешенінде ашық аспан астында мұражай салынған, қонақтарға баға жетпес археологиялық қазбаларды көруге мүмкіндік беретін қорғанның үсті шыны саркофокпен орнатылған.

Археология саласында ғылыми-зерттеу жұмыстары біздің облыстың мәдени брендін құру және туристтік әлеуетін ілгерілетуге маңызы бар.

Мәденит нысандары негізінен пандустармен және мүмкіндіктері шектеулі адамдардың объектілерге келу үшін қолжетімділіктің басқа түрлерімен жарақтандырылған.


SWOT - саланың даму жағдайын талдау:


Күшті жақтар (S):

  1. жаңа мәдениет нысандарын салуға жергілікті бюджеттен қаражат бөлу;

  2. мәдениет объектілеріне келушілер деңгейін арттыру;

  3. өткізілген мәдени-көпшілік іс-шаралардың санын арттыру;

  4. мәдениет мекемелері ғимараттарына мүгедектердің келу үшін қолжетімділікті арттыру;

  5. туристік қызығушылық тудыратын мәдениет объектілерінің санын арттыру.

  6. Мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбекақысының өсуі – еңбекақы есептеудің жаңа моделі бойынша республикалық трансферттердің бөлінуі.

Әлсіз жақтар (W):

  1. мәдениет саласында минималды мемлекеттік нормативтің болмауы;

  2. компьютерлендірудің, ауылдық кітапханалардың интернет желісіне қол жеткізуінің;

  3. жеке мамандардың жетіспеуі және кадрлардың тұрақсыздығы;

  4. барлық емес тарихи және мәдени ескерткіштері бойынша күзету міндеттері келісілген;

  5. ведомствалық үйдің жоқтығы;

  6. елді мекендерде қызмет көрсету, мәдениет саласында қызметпен қамтылмаған, соның ішінде көшпелі кітапханаларда көп функционалды мобильді жүйенің болмауы.

Мүмкіндіктер (O):

  1. жаңа мәдениет нысандарының құрылысы, мәдениет мекемесінің материялды-техникалық жабдықталуын жақсарту;

  2. жаңа мәдениет нысандарының құрылысы, мүгедектерге мәдениет қызметіне қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін қосымша қаржыландыру;

  3. өңірдің жас әртістерін жоғарылату үшін жарыс өткізу;

  4. мәдениет саласында минималды мемлекеттік нормативтерін бекіту.

Қатерлер (T):

  1. қазіргі кездегі дағдарыс жағдайында жеткіліксіз қаржыландыру мәдениет саласында Қазақстан Республикасы халқының мәдени және рухани құндылықтарын тарату, пайдалану, дамыту, сақтау, жаңарту, қайта құруға бағытталған мемлекеттік саясаттын, сондай-ақ азаматтардың патриоттық және эстетикалық тәрбие беруге жағдайлар жасауының орындалмауына әкеледі.



Негізгі проблемалар:



  1. мәдениет саласындағы минималды мемлекеттік нормативтердің және кітапханалардың жинақтауының болмауы кітапхана қорларының жаңартуына, мекемелер желісі мен жылжымалы мәдениет нысандарының дамуына қиындық туғызады;

  2. компьютерлендірудің, ауылдық елді мекендерде интернетке қолжетімділіктің болмауы (облыстың 38 ауылдық кітапханасы интернетке қол жеткізген);

  3. мәдени қызметкерлерінің даярлау орталықтарының болмауы;

  4. мәдениет саласында белгілі бір саланың жеке мамандарының, сондай-ақ, шығармашылық көшбасшыларының және маркетинг пен арт-менеджментті меңгерген жаңа түрлі басқарушы кадрлардың тапшылығы;

  5. ведомстволық тұрғын үйлерінің болмауы (білікті мамандарды тартудағы негізгі шектеулер);

  6. мәдениет саласындағы ұйымдардың жеткіліксіз материалдық техникалық жарақтандыруы.

Дене шынықтыру және спорт

2016 жылдың басына дене шынықтыру және спортпен айналысатын тұрғындар саны 423,4 мың адамды құрады (30,3% тұрғындар), 2013 жылға қарағанда 21 % - ға өсті (31 кесте).
31 кесте – 2013-2015 жылдардағы дене шынықтыру және спорттағы негізгі көрсеткіштер


Көрсеткіштер

Өлшем бірл.

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

ҚР/ШҚО үлесі

Спорттық нысандар – барлығы

бірл.

3 070

3 132

3 149

34 926/9 %

Дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандар – барлығы

- соның ішінде дене шынықтыру білімі барлар



адам

3 644
3 567

3 843
3 616

3 800
3 700

44 315/

8,6 %
35 716/

10,3 %


Жүйелі дене шынықтыру және спортпен айналысатын тұрғындар үлесінің өсуі

%

25,2

30,1

30,3

25,1

Денешынықтыру және спортпен айналысатын тұрғындар саны

адам

350 204

419 276

423 400

4 581 763/
9,2 %

Денешынықтыру және спорт бірлестіктері (ведомствалық Денешынықтыру және спорт бірлестіктері, барлық спорт клубтары, кәсіпорындар мен ұйымдардың спорттық ұжымдар)

бірл.

1 900

1 900

1 900

19 057/10%

Денешынықтыру және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдердің ауқымдылығы

%

13,7

14,2

15

13

Денешынықтыру және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдердің саны

адам

24 093

26 864

27 000

2 222 137/
1,2%

45 спорт мектебі 10 мамандандырылған, 25 балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, 3 жоғарғы спортағы шеберлік мектебі (жазғы, қысқы және бұқаралық спорт түрлері), спортта дарынды балаларға арналған мектеп интернаты, 3 спорт клубы, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубы, олимпиадалық даярлау орталығы, дене шынықтыру-сауықтыру диспансері, дене шынықтыру сауықтыру кешені, 3 коммуналдық қазыналық мемлекеттік мекемелері: «Алтай» волейбол клубы, «Алтай» спорт ойындар түрлері бойынша спорт клубы (гандбол, футбол, хоккей), дене шынықтыру-сауықтыру кешені.

13 мың бала 112 балалар-жасөспірімдер клубтарына қатысады. Негізгі білім беру мектептерінің спорт жабдықтарымен қамтамасыз етілуі 50 % құрап отыр.

Спорттық ғимараттардың саны 2013 жылмен салыстырғанда 2,5 %-ға өсіп отыр 79 нысан, 2015 жылы 3149 нысанды құрады, оның ішінде 2649 нысан білім беру мекемелеріне қарасты, 500 нысан ғана дене шынықтыру - сауықтыру бағытында.

Спорт ғимараттарының өскеніне қарамастан ауылдық жерлерде спорт нысандарының жетіспеушілігі туындап отыр. Облыс бойынша 381 спорттық және көпфункционалдық залдардың жетіспеушілігі есептелген.

2015 жылы 4 халықаралық, 15 республикалық, 149 облыстық және 3950 қалалық пен аудандық спорттық іс-шаралар өткізілді.

Тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту мақсатында 25 спорт түрлерінен өткен Халықтық спорт ойындарына қала және аудандар командаларынан 2000 астам спортшылар қатасты, «Біз Президенттің командасы» атты мемлекеттік қызметшілердің спартакиадасы, оқушылар спартакиадасы, «Жулдызша» атты хоккей, футболдан «Былғары доп» жарыстары өткізілді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ел Басы Н. Назарбаевтың тестілеу айлығы өткізілді. Оған 140 мыннан астам қамтылды.

Қазақстан Республикасының құрама командаларына 566 спортшы


Шығыс Қазақстан облысынан, оның ішінде 180 жасөспірімдер құрамасына, 194 жастар құрамасында, 192 ересектер құрамасында.

2015 жылы 534 спортшы (8 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 62 ҚР спорт шебері, 464 спорт шеберлігіне үміткерлер) және 408 бірінші разрядты спортшылар дайындалды. 2013 жылғы кезеңмен салыстырғанда спорттық дәрежесі бар спортшылар саны 82 спортшыға және 69 бірінші разрядты спортшыға көбейген.

Облыс спортшылары халықаралық және республикалық жарыстарда 319 медаль алса, оның ішінде 130 алтын, 119 күміс, 70 қола медаль алған
(2013 жылы - 125 алтын, 115 күміс, 65 қола).
SWOT - саланың даму жағдайын талдау:


Күшті жақтар (S):

  1. спорт объектілер мен нысандардың тұрақты өсуі;

  2. тұрғындарға қолжетімді мәдени - сауықтыру және спорт нысандарының болуы.

Әлсіз жақтар (W):

  1. материалдық-техникалық базасының сапасы төмен;

  2. саланың кадрлармен қамтамасыздандырылуының төмендігі;

  3. ауылдық жерлерде бұқаралық спорттың әлсіз дамуы;

  4. көптеген спорт нысандарының спорттық стандарттарға сәйкес келмеуі;

  5. жасөспірімдер спорттық мектеп желілері мектеп жасындағы балалардың 14 % ғана қатыстыру мүмкіндігі бар.

Мүмкіндіктер (O):

  1. Қазақстан Республикасында 2025 жылға дейінгі дене шынықтыру және спорт дамуының Конецепциясының іске асырылуын жеделдету;

  2. тұрғындар арасында ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын күшейту;

  3. ауылдық округтердегі спорт саласындағы мамандарға әдістемелік көмек көрсету;

  4. спорттық кадрларды дайындау бағдарламасын жеделдету.

Қатерлер (T):

  1. жабық спорт ғимараттардың жоқтығынан, кейбір спорт түрлерінің әлсіз дамуы;

  2. мамандардың басқа салаларға кетуі.

Негізгі проблемалар:



  1. спорттық инфрақұрылымы және материалдық-техникалық базасының сапасы төмен;

  2. ауылдық жерлерде дене шынықтыру және спорттын дамуы төмен;

  3. кадрлармен қамтамасыздандырылуы;

  4. бұқаралық спорттың әлсіз дамуы;

  5. негізгі жергілікті жерлердегі дене шынықтыру жұмыстарының әлсіздігі, спорттық секциясы мен клубтар желілері дамымаған.

Тілдерді дамыту



Ересек тұрғындарға мемлекеттік тілді оқыту инфрақұрылымы облыстық, 10 қалалық және аудандық тіл оқыту орталықтарынан, кәсіпорындар мен мекемелер жанынан ұйымдастырылған 825 үйірмеден36, оралмандарға қазақ әліпбиі мен орыс тілін оқытуға арналған 15 топтан құрылған. Тілдерді оқыту орталықтары мен 16 жеке меншік орталықта ағылшын тілін оқыту курстары ұйымдастырылған. Этнос тілдерін оқытуға арналған 43 топ жұмыс істейді.

Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 2015 жылы 76,1 % құрады немесе 2013 жылмен салыстырғанда 2 % өсті.

2015 жылы тіл оқыту орталықтарының базасында мемлекеттік тілді 5 504 адам оқыды, оның ішінде 2 930 - мемлекеттік қызыметші, 2 574 - басқа санаттағы азаматтар. Соңғы екі жылда орталық тыңдаушыларының саны 2 есеге өсті.

Мемлекеттік тілді қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру мақсатында KAZCENTER.KZ сайты іске қосылды. Аталған сайттың қызметін 900 мыңнан астам адам пайдаланып отыр, оның 2 мыңы қарапайым деңгейде мемлекеттік тілді үйренуде.

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау жұмыстары жүргізілуде. 2015 жылы 1 011 мемлекеттік қызметші диагностикалық тестілеуден өтті. Сертификатқа тапсырған 59 мемлекеттік қызметшінің 31 - і В1 деңгейі бойынша сертификат алды.

Мемлекеттік органдардың жалпы құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 94,7 %. Мемлекеттік қызметшілердің 70,8 % мемлекеттік тілді өз қызметерінде қолданады. Тұрғындардың 93 % орыс тілін, 3,2 % ағылшын тілін меңгерген.

Ағылшын тілін оқыту курстары ұйымдастырлған. 53 топта 1 022 адам ағылшын тілін үйренуде. Бұдан басқа мекемелер мен кәсіпорындарда ұйымдастырлған 224 үйірме мен топта 4 180 адам, 22 жекеменшік орталықта 1 341 адам ағылшын тілін оқуға тартылған.

Шығыс Қазақстан халқының мәдениеті мен тілдерін түлету мектебі жұмыс істейді, онда 11 этностың тілі оқытылады. Аудан, қалаларда ұйымдастырлған 56 топта 613 тыңдаушы өз ана тілдерін үйренуде.

Қазақ тілінде білім беретін мектептер мен мекемелерде 2 548 өзге ұлт балалары қазақша білім алуда.

Тіл саясатының іске асырылуын ақпараттық қамтамасыз ету бағытында мақсатты жұмыстар атқарылуда. Ай сайын облыстық телеарна эфиріне «Тілтаным», «Тіл - татулық тірегі» бағдарламалары және бейнематериалдар шықты. Облыстық «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттерінде 6 арнайы бет ұйымдастырлды. 2015 жылы мемлекеттік тіл саясатының мәселелеріне қатысты облыстық, аудандық және қалалық газеттерде 400-ден астам мақала, 30-дан астам сюжет және 30-ға жуық тақырыптық хабар электронды БАҚ эфиріне шықты.
SWOT - саланың даму жағдайын талдау:


Күшті жақтары (S):

  1. мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымы жасалды;

  2. мемлекеттік тілді деңгей бойынша (А1, А2, В1, В2, С1, С2) оқытудың типтік бағдарламасы жасалды;

  3. тілді қашықтан оқытуды еңгізу тілді онлайн режімінде үйренуге мүмкіндік берді;

  4. этнос тілдерін оқыту жұмысы жолға қойылды;

  5. мемлекеттік тілде іс жүргізу үдерісі белсенді түрде іске асты.

Әлсіз жақтары (W):

  1. қоғамдық өмірдің барлық саласында мемлекеттік тілге қажеттіліктің болмауы;

  2. аудандардағы мемлекеттік тілді меңгерудің әркелкі деңгейі.

Мүмкіндіктер (O):

  1. үш тілді меңгерген тұрғындардың үлесін арттыру;

  2. ұлттық бірліктің дұрыс саясатын жүргізу арқылы толерантты ортаны сақтау.

Қатерлер (T):

  1. ономастика бойынша нормативтік-құқықтық акті қабылдау қажеттілігі;

  2. тіл оқыту орталықтарының жекешелендірілуі.

Негізгі проблемалар:



  1. тілдерді дамыту және ономастика саласының нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуінінің жеткіліксіздігі;

  2. мемлекеттік тілді оқытудың әдістемелік базасын нығайту қажетігі.

Ұлтаралық келісім

Халықтың ұлттық құрамында екі этнос басымдылыққа ие:
қазақтар – 59,3 %, орыстар – 37,1 %37. Татарлар, немістер, украиндар, белорустар, шешендер, әзербайжандар және басқа ұлттар 3,6 % құрайды.

Облыста 110 этномәдени бірлестіктер бар, олардың көпшілігі: орыстар, слаяндар және казактар – 20, татарлар мен немістер – 10. Этномәдени бірлестіктердің көпшілігі Өскеменде – 22, Семейде – 17, Риддерде – 10, Шемонаиха ауданында – 10.

Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл

Жыл сайын әділет органдарында тіркелген қоғамдық ұйымдардың саны артуда: 2013 ж. – 619, 2014 ж. – 705, 2015 ж. – 718.

Әсіресе жастар саясаты, спортты қолдау және салауатты өмір салтын дамыту, білім мен ғылым, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарымен жұмыс секторлары белсенді жұмыс істейді.

Соңғы 3 жылда 809,8 млн. теңге көлеміндегі 252 әлеуметтік маңызды жоба іске асырылды. 2013 жылдан 2015 жыл аралығында әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру аясында үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі - ҮЕҰ) қызметтерімен 970 мың адам қамтылды.


Жастар саясаты

Жастардың орташа саны 2013 жылмен салыстырғанда 23 мың адамға төмендеп 316 мың адамды құрады немесе жастар облыс халық санының 22,6 % үлесін құрады.

Жастардың көші - қон теріс сальдосы қалады, 2015 жылы 1 257 жас адамдар кетіп, 237 келді.

Қазіргі уақытта Томск, Новосибирск және Барнаул қалаларындағы жоғары оқу орындарында ШҚО - нан 2 мың студент нанотехнология, ядролық физика, геология, металлургия, тау - кен ісі, инженерия мен медицина мамандықтары бойынша білім алуда.

Сауалнама қорытындысы бойынша аталған студенттердің 35 % жұмысқа орналастыру жағдайында қайтуға ниетті. Шығыс қазақстандық студенттер және бос орындар жәрмеңкесін өткізу кезінде қазақстандық жұмыс берушілер туралы ақпаратты беруге Ресей ЖОО - ның Әкімшілігі ынтымақтастыққа дайын.

Облыс мектептерінің талапкерлерімен кәсіптік бағдарламалық жұмыс бойынша кешенді жұмыс, жастарды облыста 74 арнаулы орта және 8 жоғары оқу орнының бар екендігі туралы ақпараттандыру жүргізілуде.

Жастар кетісінің мәселесін шешу үшін облыста ШҚО - да жұмысқа орналасу үшін жастардың барынша көп санын қайтару бойынша жағдайлар жасау бойынша іс-шаралардың кешенді жоспары әзірленуде.

Жастардың ең көп саны Өскемен және Семей ірі қалаларында, сондай - ақ Үржар, Аягөз, Зырян аудандарында. Курчатов қаласында, Абай, Бесқарағай, Күршім және Катонқарағай аудандарында жастар саны аз.

Қазіргі кезде 90 аса жастар ұйымдары тіркелген, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 3 бірлікке көп. Ұйымдардың көпшілігі Өскемен, Семей, Риддер қалаларында, Шемонаиха және Зырян аудандарында жұмыс істейді. Жастар ұйымдарында жұмыс жасайтын жастардың үлесі 2013 жылмен салыстырғанда 3 пайыздық тармаққа артып, 20 % - ды құраған.

139 қызметкер жұмыс атқаратын 20 жастардың ресурстық орталығы қызмет етуде. Жастардың ресурстық орталығы жұмысқа орналасуға, кәсіпкерлікті дамытуға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге, «Жастар


іс-тәжірибесі», «Дипломмен ауылға», «Жасыл Ел» мемлекеттік бағдарламаларына қатысуына кеңестік көмек береді.

Шығыс Қазақстан облысының талдау және болжау институтының зерттеуі бойынша облыс жастарының мемлекеттік жастар саясаттың іске асуына қанағаттану деңгейі соңғы 3 жылда жоғарылап, 35 % құрады (2013 жылы - 25 %). Ең жоғары көрсеткіштер Тарбағатай (45 %), Зырян (43 %) және Зайсан (42,7 %) аудандарында, ал ең төмен көрсеткіштер Ұлан (25,1 %), Жарма (27 %) және Үржар (27,2 %) аудандарында.

Жастар саясатын жетілдірудің бір тетігі жұмыспен қамту, жұмысқа орналастыру, қолжетімді тұрғын үй және тәжірибелі болашағы бар бизнес-идеяларды қамтамасыз етуге бағытталған жобалар болып табылады.

«Жастар клубы», «Жаңа әлем жастары», «Жастар форматы» газеттері шығарылады.



2015 жылғы деректер бойынша жалпы жастар санына NEET (оқытылмайтын және жұмыс істемейтін) үлесі республикалық орташа көрсеткіштен 0,4 % - ға артық (15 сурет).

15 сурет – 2013-2015 жж. ҚР NEET үлесі.


Тұрғын үймен қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып табылады, кезекте тұрғандардың 25 % 14-29 жастағы жастар немесе 6 025 адам: жетім балалар, әлеуметтік жағынан осал жастар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, жас отбасылар.

Шығыс-Қазақстан облысы республикада жастар арасындағы қылмыстан бірінші орында, 2013 жылдан қарағанда 2 есеге төмендеумен 2015 жылы 3 919 оқиға тіркелген38. Аталған көрсеткішті азайту жұмыстары жергілікті атқарушы органдармен, қалалар мен аудандардағы құқық қорғау органдары мен жастар орталықтарымен бірлесіп жүргізеді.

Нәтижесінде 14 - 29 жас арасындағы қылмыскерлер саны 2013 жылмен салыстырғанда 47 % - ға немесе 3 761 адамға төмендеді.
SWOT - саланың даму жағдайын талдау:


Күшті жақтары (S):

  1. жастарға арналған ресурстық орталықтарды құру және жұмыс істеуі;

  2. мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге ҮЕҰ белсенді қатыстыру;

  3. ҮЕҰ арқылы арнайы әлеуметтік қызметтер жүйесі жолға қойылған, пилоттық режимде бірегей методикалық әзірлемелер енгізілген.

Әлсіз жақтары (W):

  1. ауыл аймақтарындағы ҮЕҰ жұмысының төмен деңгейі;

  2. үкіметтік емес және жастар ұйымдарын қолдауға жеткіліксіз қаражат бөлінуі.

Мүмкіндіктер (O):

  1. жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;

  2. ауыл аймақтарында жұмыс жасайтын жастар ресурстық орталықтарына әдістемелік көмек көрсету;

  3. мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемін арттыру;

  4. қиын жағдайда қалған адамдардың өмір сүру сапасын арттырудың негізі ретінде интеграцияланған арнайы әлеуметтік қызметтер моделін енгізу және әзірлеуге ҮЕҰ тарту.

Қатерлер (T):

  1. облыстағы қоғамдық-саяси жағдайдың нашарлауы;

  2. деструктивті діни ағымдардың таратылуы;

  3. жастарды деструктивті діни ағымдарға тарту;

  4. шетел мемлекеттерінің тарапынан ақпараттық әсер ету.

Негізгі проблемалар:



  1. мемлекеттік органдар және қоғамдық бірлестіктерінің өзара қарым - қатынасын регламенттейтін, соның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, халықаралық ұйымдар қызметін мониторингілеу саласында заңды нормативті-құқықтық актілерінің болмауы;

  2. қоғамдық бірлестіктерінің белсенділігі деңгейінің айырықша төмендеуі (әсіресе ауылдық аймақта). Мемлекеттік қолдаудың (гранттар) баламалы тетіктерінің болмауы себебінен, тұрақты қызметкерлер штаты, кеңсе, материалды-техникалық базасы жоқ ҮЕҰ саны ұлғайуда;

  3. жоғары бәсекелестіктен алуы қиындатылған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру пайда көзі болып табылатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстын дәстүрлі жүйесі ҮЕҰ институцияландыру дамуын қарастырмайды;

  4. NEET үлесінің шамалы төмендеуі;

  5. ауыл жастарының жұмысқа орналасуының төмен пайызы;

  6. жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету;

  7. жастар арасындағы қылмыс;

  8. жастар саясатын іске асыру үшін кадр, ғылыми және ақпараттық қамтамасыз ету тапшылығы;

  9. жастардың халықаралық деңгейдегі тәжірибе алмасуы дамымаған.

Дін


2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 310 діни бірлестік және олардың филиалдары тіркелген. Олардың қарамағында 269 ғибадат нысандары бар.

Олар 12 конфессияның өкілдері болып табылады: ислам - 198, православиялық - 41, протестанттық - 62, католиктік - 6, кришнаиттік - 2, иудейлік - 1. 9 шетелдік миссионер тіркелген (4 - католиктік шіркеуден,


2 - «Кришна Санасы» қауымынан, 1 - «Жаңа өмір», 2 - «Жаңа апостол» шіркеулерінен).

2013 жылмен салыстырғанда діни қызмет субъектілері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы филиалдарының және протестанттық бағыттағы діни бірлестіктердің тіркелуіне байланысты 24 бірлікке өсті.

Тұрғындар көпшілігінің конфессионалық ұстанымдары ұлттарына байланысты белгіленген: облыс тұрғындарының 60 % - мұсылмандар,
39,5 % - христиандар, 0,04% - басқалары. Тұрғындардың 18,5 % ғана мешіт пен шіркеулерге үнемі барып, діни жораларды сақтайды.

Мемлекет-конфессиялық және конфессияаралық қарым-қатынастарды нығайту мақсатында Облыстың діни бірлестіктерімен байланыстар жөніндегі кеңес, Діни бірлестіктер басшылары клубы сұқбат алаңшалары ретінде жұмыс атқарады.

Мемлекет-конфессиялық және конфессияаралық қарым-қатынастарды нығайту мақсатында Облыстың діни бірлестіктерімен байланыстар жөніндегі кеңес, Діни бірлестіктер басшылары клубы сұқбат алаңшалары ретінде жұмыс атқарады.

Тұрғындардың радикалдану деңгейлерін төмендету мақсатымен іріткі салушы діни ағымдардан зардап шеккендерді оңалту жұмысы белсендетілді. 2014 жылдан бастап дәстүрлі емес діни ағымдар ұстанушыларын дәстүрлі діндер нормаларына бейімдеуге бағытталған «Әлеуметтік портрет» жобасы іске асырылуда.

Шетелдік теологиялық оқу орындарына жастардың өз бетімен кетулерінің алдын-алу жұмыстары атқарылуда. Мектеп түлектеріне арнап екі жыл бойы «Сақ бол, жас түлек!» - «Будь осторожен, выпускник!» шарасы өткізіліп, оларға шетелге оқуға баратындарға арналған жадынама, «дінтанушы» мамандығын оқытатын қазақстандық зайырлы және діни оқу орындарының тізімдері таратылады.

Республикалық «қауырт желімен» қатар облыстық «сенім телефоны» арқылы кеңес берілуде.

Демократиялық мемлекеттің шарттары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы экстремистік идеялардың тарауына қарсы тұруда жалғыз құрал болып табылады.

Бұл жұмысқа мемлекеттік органдар, діни бірлестіктер, ғылыми орта өкілдері, студенттер және өнер қайраткерлері тартылды. Құрамына 325 белсенді және білікті мүше енгізілген 1 облыстық және 19 аудандық ақпараттық-түсіндіру топтары жұмыс істейді.

2015 жылы барлық деңгейдегі топтар 2986 іс-шара өткізіп 243 мыңнан астам адамды тартты.

Алдын-алу жұмыстардың әр-түрлі әдістері пайдаланылады: «Рухани керуен», «Жастар-экстремизмге қарсы», семинарлар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, дөңгелек үстел, дәрістер, баспа және бейнематериалдар тарату, жеке сұқбаттар.

Ақпараттық-түсіндіру жұмысында бұқаралық ақпараттық құралдардың әлеуеті белсенді пайдаланылады. Себебі, 2015 жылы қараша айында өткізілген әлеуметтік зерттеулер респонденттер үшін дін саласындағы мемлекеттік саясат туралы ақпараттың негізгі дереккөзі БАҚ болып табылады: телевидение/радио (55,1 %), ғаламтор, әлеуметтік желілер (36,9 %), газет/журналдар (34,8 %).

Дін мәселелері бойынша халықтың сауаттылығын арттыру мақсатында «Қазақстан-Өскемен» («Дін мен діл», «Близкие духом»), «Қазақстан-Семей» («Ойталқы», «Жеті шатыр», «Көкейкесті», «Соты духовные», «Время Вашего вопроса»), «ТВК-6» телеарналарында («Жұмадағы жүздесу», «Айтарым бар») ай сайынғы бағдарламалар, сюжеттер, дайын фильмдер, роликтер эфирге шығып отырады.

Сонымен қатар, өңірлік «Рудный Алтай», «Дидар», «Вести Семей», «Семей таңы» газеттерінде («Руханият», «Духовность», «Ынтымақ», «Достық», «Мы - казахстанцы», «Казахстан наш общий дом», «Общество и вера», «Религия и общество», «Рухани келісім» атты) арнайы беттер шығарылады. Оларда өз қателіктерін түсініп, теріс жолдан бас тартқан азаматтардың интервьюлері, теріс діни ағымдарының зардаптары туралы материалдар орнастырылуда.

Облыс аумағында 14 түзету мекемесі орналасқан. Түзету мекемелерінде оңалту жұмыстарын жүргізуге 4 теолог, 1 психолог және 4 тарихшы бекітілді. 2013 жылы 295 іс-шара өткізілсе, 2015 жылы 410 іс-шара өткізілді.

2015 жылдан бастап психологтар, тарихшилер, саясаттанушылар, әлеуметтанушылардың дәрістері ұйымдастырылып, өткізілуде.
SWOT- анализ состояния развития отрасли:


Күшті жақтары (S):

  1. қолданыстағы заңнамалық база;

  2. қоғамдағы діни төзімділіктің, конфессияаралық, этносаралық келісімнің, тұрақты діни ахуалдың, қазақстандық бірегейліктің сақталуы;

  3. діни экстремизмге және терроризмге қарсы тұру іс-шаралар барысында алдын-алу жұмыстарына көңіл бөлінуі;

  4. терроризмге қарсы комиссиясын құру арқылы діни экстремизм және терроризмнің алдын-алуында мүдделі мемлекеттік органдардың үйлестірілуін қамтамасыз етілуі;

  5. діни ахуалға, діни бірлестіктер қызметіне, баспа және электронды бұқаралық ақпараттық құралдар арқылы шыққан дін тақырыбындағы материалдарға талдау және мониторинг жасалуы;

  6. діни бірлестіктердің қатысуымен сұқбат алаңшалардың белсенді жұмысын қамтамасыз етілуі.

Әлсіз жақтары (W):

  1. тұрғындардың «ұйымдастырылмаған», «маргиналды» топтарының діни қызмет мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстармен жеткілікті қамтылмауы;

  2. исламдық және христиандық бағыттағы дәстүрлі емес діни идеология ұстанушылардың болуы;

  3. экстремистік және террористік мазмұндағы материалдардың интернет-ресурстар арқылы тарауына қарсы тұру жүйесінің жетілдірілмеуі;

  4. облыста кәсіби теологтардың болмауы;

  5. Шығысқазақстандықтардың саяси және діни ахуалы тұрақсыз мемлекеттерге кетуі.

Мүмкіншіліктер (O):

  1. тұрғындар арасында дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру, оның ішінде «адрестік», «нүктелік» жұмыстарын жандандыру;

  2. интернет-ресурстардағы, әсіресе әлеуметтік желілердегі экстремистік сипаттағы матералдарды айқындау үшін мониторинг өткізу. Сол әлеуметтік желілерді қарсы үгіт жұмыс үшін пайдалану.

Қауіптер (T):

  1. облыстағы діни ахуалдың күрделенуі;

  2. деструктивті діни ағымдар идеяларының тарауы (шетелге «жиһадқа» кету, «неке халял», ұлттық дәстүрлерді жоққа шығару, т.б.);

  3. Исламдық және христиандық бағыттағы радикалды діни идеологияны ұстанушылар санының өсуі.

Негізгі проблемалар:



  1. радикалды діни идеологияны ұстанушылардың болуы: «Сәләфия», «Таблиғи Жамағат»;

  2. Інжіл Христиан баптистердің (Шіркеулер кеңесі) тіркелмеген діни қауымдардың қызметі;

  3. мектептегі сабаққа хиджаб киіп баратын жасөспірім қыздардың болуы;

  4. діни көзқарастарына байланысты сенбі күні балаларын мектепке жіберуден бас тартатын Жетінші күні адвентистерінің болуы;

  5. білікті имамдар, теологтар, дінтанушылардың жетіспеушілігі.

Саяси партиялар

Облыста Республикалық партиялардың 6 филиалы тіркеліп, өз қызметтерін жүзеге асыруда. Олар: «Нұр Отан», «Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы», «Ақ жол» демократиялық партиясы», «Бірлік саяси партиясы», «Қазақстанның Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы», «Ауыл» халықтық патриоттық партиясы. Қалалар мен аудандарда Республикалық партиялардың 37 өкілдікі жұмыс істеуде.

Бастауыш ұйымдардың жалпы саны - 651. Партия мүшелері санының өсу динамикасы байқалмайды (Нұр Отан партиясынан басқа). Бұл партиялардың өңірлік проблемаларды шешудегі саяси белсенділігінің төмендеуіне алып келеді.


Гендерлік саясат

Қазақстандағы гендерлік саясатының негізгі принциптері, басымдықтары мен міндеттері Әйелдердің жағдайын жақсарту мемлекеттік саясатының концепциясында анықталған.

Қазақстандағы гендерлік саясатының міндеттеріне: билік құрылымдарында әйелдер мен еркектердің теңгерімді қатысуына қол жеткізу, экономикалық тәуелсіздігіне тең мүмкіндіктер қамтамасыз ету, өз бизнесін дамыту және қызметі бойынша өсу, отбасыда құқықтар мен міндеттерді тең атқаруға мүмкіндік жасау, жыныс белгісі бойынша зорлық-зомбылықтан азат болу жатады.

Облыста гендерлік саясатты іске асыру жұмықа орналасу және еңбекке қамтылуына әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Осыған байланысты, мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кеңінен дамуы қарастырылған. Халықтың гендерлік білімге және гендерлік ағартуға көңіл бөлінеді, соның ішінде мемлекеттік қызметкерлеріне, мәслихат депутаттарына, барлық деңгейдегі басшыларға, БАҚ қызметкерлеріне. Әйелдер құқықтарын қорғауға және олардың мәртебесін арттыру үшін арналған институционалды механизмдердің толық жүйесі қалыптасқан. Ол механизмдер тұрақты дамып, жетілдіріледі, өмірдің барлық салаларында неғұрлым пәрменді және тиімді болып қалыптасады.

Және күн тәртібінде – экономикаға қатысуына неғұрлым көп әйелдерді тартұ. Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау бойынша шаралар асырылады. Ондаған әйелдер жеңілдікті несиелер алып, өз бизнестерін ашты. Облыста әйелдер мәртебесін арттыру бойынша жұмыста маңызды ролін үкіметтік емес ұйымдар құрайды.

Әйелдердің ҮЕҰ жұмысқа орналасу және кәсіптік бағыттау, құқықтық және заңды қолдауға орталықтары құрылған.

2016 жылдың 1 қаңтарда әйелдер үлесі 52,4 % құрады, ерлер – 47,6 %39. Сонымен ұрпақты болу жасындағы (15-49 жас) әйелдер саны 345,9 мың адам құрады (барлық халықтың 24,8 %).

Облыстың экономикалық қызметінің барлық салаларында әйелдер белсенді қатысады. Барлық жалдамалы жұмыскерлердің жалпы санынан олардың үлесі 50,4 % құрады. Сонымен қатар, экономикалық қызметінің кейбір түрлері бойынша әйелдер үлесі басым. Көтерме және бөлшек сауда саласында әйелдер барлық жұмыс істеп жүргендерден 63,4 % құрайды, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер - 78,7 %, тұру және тамақтану қызметтері - 89,7 %, білім беру саласында - 76,2 %, қаржы және сақтандыру қызметінде - 67,5 %.

Сонымен бірге, ерлер мен әйелдердің еңбек ақысының алшақтығы сақталады. Орташа облыс бойынша ерлердің еңбек ақы деңгейі 2015 жыл бойынша әйелдерге қарағанда 24,7 % - ға көп. Өндірісте, құрылыста, саудада, қаржы саласында және басқа салаларда ерлерге қарағанда әйелдердің еңбек ақысы 13,6 - 24,2 % - ға төмен.

Сонымен қатар, әйелдер еңбек нарығында бұрынғыдай бәсекелестігі төмен болып келеді. 2015 жылы жұмыспен қамтылған барлық халықтан ерлер саны 51,5 % құрады, әйелдер - 48,5 %40. Жұмыссыздардың жалпы санынан әйелдер 20,2 мың адам немесе 56,3 % құрады.

Облыста әйелдерді саяси жылжыту бойынша жұмыстар өткізіледі.

Облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттары 321 депутаттарының 54-і әйел, облыстағы қалалар мен аудандардың 73 әкімдері мен орынбасарларының 11-і әйел, 250 ауылдық және кенттік округтар әкімдері - 36 әйел адам.


SWOT- сала дамуының жағдайын талдау:


Күшті жақтары (S):

  1. өкілді және атқарушы өкімет органдарының басшылары арасындағы әйелдер үлесі көтерілді;

  2. кейбір экономикалық қызмет түрлері бойынша әйелдер үлесі басым болады;

  3. әйелдердің өмір ұзақтығы еркектерге қарағанда жоғары.

Әлсіз жақтары (W):

  1. жұмыссыз әйелдердің жалпы саны 24,5 мың адам немесе 55,1% құрайды;

  2. шешімдер қабылдау деңгейінде өкіметте әйелдердің жеткіліксіз қатысуы;

  3. әйелдер мен еркектер еңбекақысында айырмашылықтың сақталуы.

Мүмкіндіктері (O):

  1. әйелдердің саяси жылжу есебінен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту.

Қауіптер (T):

  1. әйелдер құқықтарының сақталмауы;

  2. жыныстық белгілер бойынша кемсітуі.

Негізгі проблемалар:

1) шешімдер қабылдау деңгейінде өкіметте әйелдердің жеткіліксіз қатысуы, (ал аудандық, қалалық және облыстық деңгейде өкілетті билік органдарындағы әйелдер үлесі тек 16,8 %, атқарушы билік органдарындағы – 14,4 %).
2.1.3. Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды толық есепке алу тіркеуді қамтаамсыз ету бойынша жүргізілген мақсатты жұмыстардың барысында еліміздегі қылмыстылықтың объективті статистикалық мәліметтеріне қол жеткізуге және оларды неғұрлым нақтылыққа келтіруге ықпал етті.

Нәтижесінде қылмыстың статистикалық төмендеу үрдісі қалыптасты. Облыстағы нақты қылмыстық ахуал бұрынғы әлеуметтік - қолайлы деңгейде сақталуда (16 сурет).



2015 жылдың қортындысы бойынша облыстағы жедел жағдай тіркелген қылмыстар санының 18 %-ға төмендеуімен сипатталады (2013 жылы 32 мыңнан 2015 жылы 26,2 мыңға дейін).


16 сурет – Облыс бойынша тіркелген қылмыстардың саны
Сонымен қатар ауыр және аса ауыр қылмыстар саны 19,7 % (1 902 дейін), оның ішінде кісі өлтіру (3,8 %) өскен.

Көптеген жылдар бойында облыстағы қылмыстық деңгей жоғары болып қалуда. 2015 жылдың қортындысы бойынша біздің облыс 188 қылмыспен 8 орынға тұрақтады (17 сурет).


17 сурет –10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыс деңгейі


Қоғамдық орындарда және көшелерде жасалатын қылмыстар саны жоғарғы деңгейде қалып отыр.

Көшеде жасалатын қылмыстар санын тежеу мақсатында қоғамдық тәртіпті қорғау тетігін одан әрі жетілдіру шаралары қабылдануда. Көшелерде және қоғамдық орындарда бейнебақылау жүйесі кеңейтілуде, 202 бейнебақылау камералары жұмыс істейді, соның ішінде: облыс орталығында 97 орнатылған, Семей қаласында 45 бейнебақылау камерасы орнатылған Жедел басқару орталығы пайдалануға берілді. Сонымен қатар, ІІБ-нің кезекші бөлімдеріне қосылған бейнебақылау қамералары Риддер және Зырян қалаларында - 17, Аягөз қаласында -16 және Шемонаиха қаласында - 10 орнатылған.

Бейнебақылау камерасы арқылы 2015 жылы 16 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталып әшкереленді, 201 қылмыс ашылды.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың күштері мен құралдары тартылады, 3,5 мыңнан астам адамды біріктіретін жұмыс жергілікті атқарушы органдармен көтермеленіп отырады.

Жасөспірімдік қылмыстың алдын алу мақсатындағы соңғы жылдары өзін ақтаған мектеп инспекторларының жұмыстарын дамыту жалғасын табуда. Мектептерде 212 мектеп инспекторлары жұмыс жасайды.

Қылмысты қайталау көрсеткіші де жоғары деңгейде қалып отыр. Бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыстардың үлес салмағы 29,7 % құрайды. 2015 жылы 3,9 мыңнан астам қайталанған қылмыстар тіркелген.

Отбасы-тұрмыстық жағдайда жасалатын қылмыстар кең таралған, сондай-ақ алкогольді және есірткімен мас күйінде жасалатын қылмыстар. 2015 жылы мұндай қылмыстардың 2,2 мыңнан астам фактісі тіркелген.

Заңсыз еңбек көші - қон ауқымы да аз емес. Көші - қон заңнамасы ережесін бұзғаны үшін 2015 жылы 4 мыңнан астам шетелдіктер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 400 адам елден шығарылды.

Жолдардағы апаттылық жағдай күрделі күйінде қалуда. Жол-көлік оқиғаларының саны жыл сайын өсіп келеді, адам шығындарының саны да өсуде.

Жол-көлік оқиғаларының ауыр зардаптарына тұтас бір кешенді себептер әсер етеді:



  1. жолдардың қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы және үлкен ұзындығы;

  2. жол қозғалысына қатысушылардың, ең алдымен көлік құралдарын жүргізушілерінің тәртібінің төмендігі.

SWOT - саланың даму жағдайын талдау:




Күшті жақтары (S):

  1. азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау үшін жағдай жасалған;

  2. барлық қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды толық тіркеу және есепке алу;

  3. 2015 - 2017 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің өтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыру;

  4. полиция қызметкерлерінің қызметтік және жауынгерлік даярлық, жауынгерлік қабілеті мен кәсіби деңгейін арттыру;

  5. «мектеп» инспекторлар институтын одан әрі дамыту.

Әлсіз жақтары (W):

  1. кәсіби кадрларлың кетуі және ішкі істер органдарындағы негізгі қызметкерлер арасында кету ағымының өсуі;

  2. отбасы - тұрмыстық жағдайдағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жеткіліксіз шаралар;

  3. тұрмыстық маскүнемдік, алкоголизм мен нашақорлық мәселелерінің шешілмеуі;

  4. қиын өмірлік жағдайда қалған тұлғаларға әлеуметтік бейімдеу мен оңалту деңгейінің жеткіліксіздігі;

  5. балалардың бос уақытын өткізетін ұйымдардың, ақысыз аула клубтары, үйірмелер, спорт секциялары жетіспеушілігі;

  6. облыстағы ішкі істер органдарының типтік әкімшілік ғимараттармен қамтамасыз етілмеуі және қолданыстағы ғимараттарды жаңарту қажеттілігі;

  7. полиция бөлімшелерінің материалды-техникалық қамтылудың жеткіліксіз деңгейі және оқу базасының болмауы.

Мүмкіндігі (O):

  1. халықаралық қылмысқа қарсы ынтымақтастықты жетілдіру;

  2. ақпараттық жүйелерді және электронды деректер базасын жаңғырту және құру;

  3. құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың санының өсуінің алдын алу үшін дер кезінде шаралар қабылдау;

  4. сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу аясын кеңейту қажеттілігі;

  5. заңсыз көші - қон арналарының жолын кесу мақсатында халықаралық және республикалық «Мигрант», «Нелегал» жедел-профилактикалық іс - шараларын жүргізу;

  6. террористік және экстремистік ұйымдардың мүшелерін анықтап және ұстау бойынша іс - шаралар жүргізу, елге діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа заттарды әкелу және тарату арналарын жабу.

Қауіп-қатерлер (T):

  1. біртұтас экономикалық кеңістік аумағында қылмыстық топтардың белсенді шоғырлану қаупі артуда. Еуропа елдерінен әртүрлі синтетикалық есірткілер, Ауғаныстаннан есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдау көбейген, сондай-ақ қылмыстық табыстардың жылыстауы;

  2. Қазақстанмен шектес елдердің тұрақсыз әлеуметтік – саяси жағдайы көші-қон ағымына ықпал етеді, сәйкесінше қылмыстарға да;

  3. дәстүрлі емес ағымдағы экстремистік бағытты ұстанатын шетелдік миссионерлердің қызметтері мен діни бірлестіктер қызметі;

  4. білікті кадрлардың Қазақстаннан кетуі, сондай - ақ Орталық Азиядағы еңбек
    көші - қон ағынының біліксіз жұмыс күштерінің Ресейден Қазақстанға бағдар алуы.

Негізгі проблемалары:



  1. қалалардағы көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда, елді мекендердегі жоғары криминогенді жағдай;

  2. автомобильді патрульдік полицейлер санының, стационарлық бекеттер мен жылжымалы полиция пунктерінің жетіспеуі. Бейнебақылу жүйелері жеткілікті дамымаған;

  3. ішкі істер органдарының жеке құрамдары денешынықтыру мен жауынгерлік даярлыққа арналмаған ғимараттарда орналасуы;

  4. көлік құралдары мен жауынгерлік техниканың жетіспеушілігі;

  5. тұрғындар мен азаматтық қоғам институттарына нақты сүйене отырып құқық бұзушылықтың жалпы мемлекеттік профилактика жүйесі тиімсіз;

  6. арнайы мекемелер жүйесінің жетіспеушілігі (Өскемен, Семей қалалары және Қанай кентінде сыйымдылығы 350 орындық 3 мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекеме, Өскемен, Семей және Зырян қалаларында сыйымдылығы 35 орындық 3 медициналық айықтырғыш);

  7. ішкі істер органдарының жеке құрамының тұрғын үй жағдайын жақсарту және басқа да әлеуметтік қорғау мәселелерін шешу мақсатында шаралар қабылау;

  8. ішкі көші-қон процестерін күшейту, әсіресе жастар арасында.

Төтенше жағдайларға қарсы әрекет ету инфрақұрылымы

Соңғы жылдар ішінде төтенше оқиғалары мен төтенше жағдайлар санының біршама тұрақты болуына байланысты төтенше оқиғалары мен төтенше жағдайлар кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің санының азайуы байқалады (32 кесте).
32 кесте – төтенше жағдайлар мен оқиғалар динамикасы





2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

ҚР/ШҚО үлесі

Төтенше жағдайлар және оқиғалар саны, барлығы

1 800

1 971

2 068

17 678 %

соның ішінде төтенше жағдайлар

159

177

493

2 780 %

Зардап шеккендер саны, барлығы

411

408

404

4 105 %

с.і. төтенше жағдайлар кезінде

239

250

292

2 468 %

Қаза тапқандар саны, барлығы

138

111

185

1 237 %

с.і. төтенше жағдайлар кезінде

116

111

185

1 222 %

Материалдық залал, млн. теңге

639,1

195,8

122,3

4 126,7 %

с.і. төтенше жағдайлар кезінде

0

0

0

18,0 %

Бұдан әрі адамдар мен материалдық залалдарды азайтуға су тасқынына, селге, сырғымаға, жер сілкінісіне, өрттерге қарсы әрекет ету инфрақұрылымының қамтамасыз ету деңгейін және су айдындарына бақылауды күшейткен кезде қол жеткізу мүмкін.

Облыстағы 204, сонымен қоса 4 ірі су құрылыстары (108 нысан коммуналдық меншікте, 70 республикалық және 26 жеке меншікте) теңгерімде бекітілген және олардың жағдайларына тұрақты бақылау жүргізіледі. Гидротехникалық құрылыстардың бір шамасы егжей-тегжейлі аспаптық тексеру жүргізуді және құрылмаларды күшейту бойынша жұмыстар жүргізуді талап етеді.

Су тасқыны әсер ететін қауіпті аймақта шамамен 82,4 мың адам тұрады және 15,3 мың тұрғын үй қоры, әлеуметтік-мәдени және өндірістік маңызды нысандары орналасқан. Олардың кепілді қорғалуы үшін 258,36 шақырым су тасқынына қарсы бөгеттер салу қажет.

Биік таудағы көлдері және мұздықтардың бар болуы көктем-жаз кездерінде жалпы саны 22 ошаққа сел қауіпін төндіреді. 336 қар көшкіні телімдері 437 астам нысандарға қауіп төндіреді.

Шығыс Қазақстан облысы ауа-райының күрт-континентальді жағдайы және елді мекендердің бір-бірінен анағұрлым алшақ орналасуы адамдардың өмірі мен денсаулықтарына қыс мерзіміндегі төтенше жағдайлар белгілі бір қауіп төндіреді. Соңғы жылдары қыс қатты аязбен және көп мөлшерде қардың түсуімен айрықшаланады.

Жер сілкінісінің болуы мүмкін жағымсыз салдарына қарсы әрекет ету ең проблемалы сала болып табылады. 269 мектепті, 78 аурухананы, 45 бала бақшаны, жалпы ауданы 11,6 млн. м2 2 508 тұрғын үйді және жалпы ауданы 381,8 мың.м2 472 өнідірістік ғимараттарға сейсмикалық күшейту талап етіледі. Жоғары сейсмикалық қауіпті аймақ Өскемен, Риддер, Зырян қалаларын, Глубокое, Зайсан, Зырян, Катонқарағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Үржар аудандарын қамтиды.

Облыстың елді мекендерін өртке қарсы минималды қорғау үшін 5 өрт депосын, 38 өрт сөндіру тірек пунктерін салу, тиісті нормаларға дейін жеткізу үшін қосымша 272 бірлік өрт техникасын сатып алу қажет.

Өрт автоматтары қондырғылармен: 270 мектеп (667-ден), 19 (268-ден) мектепке дейінгі мекемелер, 97 (466-дан) медициналық пунктер, 5 (10-нан) қарттар үйі жабдықталмаған.

Облыстың су айдындарында адамдардың қаза болуын болдырмау, сондай-ақ құтқару жұмыстарын жүргізу тиімділігін арттыру мақсатында 3 заманауи суда - құтқару станцияларын (Үржар ауданының Қабанбай а., Күршім ауданының Күршім а., Семей қ. Шүлбі а.) құру қажет.


SWOT - саланың даму жағдайын талдау:


Күшті жақтары (S):

  1. табиғи өрт туындау ошақтарын және көктемгі су тасқыны қауіпті мерзімде қар қорының еруін анықтау бойынша ерте ғарыштық мониторинг қызметтерін пайдалану;

  2. «Казгидромет» арқылы ауа - райы жағдайына мониторинг;

  3. смс-хабарламалар, теле және радио арналарын қолдана отырып төтенше жағдайлар қауіпі туралы облыс халқын хабарландыру.

Әлсіз жақтары (W):

  1. халықты құлақтандыру жүйесінің техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауы немесе қауіпі кезінде халыққа шұғыл ақпаратты толық көлемде жеткізуге қабілетсіздігі;

  2. АҚ және ТЖ аумақтық құрылымдарының авария және табиғи апат аймағында шұғыл құтқару жұмыстарын жүргізуге қажетті құрал-саймандармен, құрылғылармен және құтқару қару-жарақтармен жабдықталуының төменділігі;

  3. адамдардың өмірі мен денсаулығына едәуір қауіп төндіретін бөгеттер жағдайын тексеру және оларды күшейту шараларының қажетті мөлшерде қаржыланбауы;

  4. қосалқы басқару пунктінің жеткіліксіз жабдықталуы;

  5. капитал сыйымдылығына байланысты апаттар мен зілзалаларға қарсы әрекет ету және жою бойынша кешенді шаралардың толық көлемде іске асырылмауы;

  6. аумақтың химиялық зақымдануы жағдайында адамдардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заманауи жеке қорғау құрылғыларын сатып алуға қаражаттың жеткіліксіздігі.

Мүмкіндігі (O):

  1. төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен халықты кепілді тіршілікпен қамтамасыз ету үшін облыс әкімінің және қалалар мен аудандардың әкімдірінің материалдық-техникалық қорын күшейту;

  2. бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар аясында білімді насихаттау бойынша кең масштабты жұмыс жүргізу, төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету ережелері бойынша көрнекті құралдар тарату;

  3. табиғи өрттен залалды азайту үшін өрт сөндіру тірек пунктерін дамыту және көбейту, сондай-ақ аудандандық орталықтардан алшақ орналасқан елді мекендерді қорғауды қамтамасыз ету;

  4. су тасқыны қауіпті телімдерді инженерлік қорғау бойынша іс-шаралар жүргізу, бар су құрылыстарын жүйелік жөндеу және жаңғырту.

Қауіптер (T):

  1. қатты жер сілкінісі кезінде адамдардың қаза болуын азайтуға мүмкіншіліктің болмауы;

  2. елді мекендерге және инженерлік құрылыстарға тікелей қауіп төндіретін, су тасқыны және су басуы мүмкін аса-қауіпті телімдердің барлығы.

Негізгі проблемалар:



  1. облыс аумағында гидротехникалық құрылыстардың тозуы;

  2. өртке қарсы инфрақұрылымның тапшылығы.




      1. Каталог: files
        files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
        files -> Астрономия Мазмұны
        files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
        files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
        files -> Расул гамзатов
        files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
        files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
        files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
        files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


        Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет