Бағдарламасы радиоэлектроника



бет1/114
Дата13.12.2021
өлшемі0,69 Mb.
#100210
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114
Байланысты:
Силлабус Радиоэл 4126 (1)




1. ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Радиоэлектроника



Кіріспе. Радиоэлектрониканың міндеттері. Радиоэлектроника мен микроэлектрониканың даму және жетілу тарихы туралы түсініктер. Радиоэлектрондық құралдардың элементтік базасы және микроэлектрони-каның бүгінгі жетістігі.

Радиотехникалық тізбектер мен сигналдар.

Тербелмелі тізбектер. Еркін тербелістер, еркін тербелістердің өшуі. Тізбекті және параллель контурдағы еріксіз тербелістер. Резонанстық құбылыстар. Контурлардың амплитудалық жиіліктік және фазалық жиіліктік сипаттамалары,негізгі көрсеткіштері және қолданылуы. Өзара байланысқан контурлар. Контур-ларды үйлестіру. Сигналдар. Детерминантты және кездейсоқ сигналдар. Сигналдардың спектрлік жіктелуі. Сигналдың спектрін тасымалдау. Тасымалдаушы тербелістер. Модуляция. Амплитудалық, жиіліктік, және фазалық модуляция. Импульстық модуляция. Модуляцияланған тербеліс-терді өндіру және детектірлеу. Модуляцияланған тербелістердің спектрі және қолданылуы.



Шала өткізгіш приборлардың физикалық негіздері. Шала өткізгіш материалдар қасиеттері. Меншікті және қоспалы шала өткізгіштер. Шала өткізгіштердің зоналық теориясы. Электрондық кемтіктік өткізгіштік.

Шала өткізгіш диодтар. Биполярлы және униполярлы транзистор. Транзис-торлардың қосылу схемалары, сипаттамалары және дифференциалдық көрсеткіштері. Көп эмиттерлі транзисторлар.



Тиристорлар. Шала өткізгіш приборлардың арнайы түрлері. Оптоэлектрон-ды приборлар.Шала өткізгіш приборлардың қолданылуы және таңбалануы.

Интегралды микросұлбалардың құрылу және жұмыс істеу принциптері. Интегралдық микроэлектроникада қолданылатын құбылыс-тар мен процестер. Микроэлектрондық құрылымдарды жасаудың физика-лық бастаулары. Шала өткізгіш. Дубара(гибрид) және үлдірлі микросұлба-лар. Үлкен интегралды микросұлбалар. Интеграциялану дәрежесі жоғары микросұлбалар. Микросұлбалардың жүйелері мен қатарлары. Микросұлба-лардың сапасы мен сенімділігі. Микросұлбалардың қолдану аясы мен таңбалануы.

Аналогты микроэлектроника. Күшейткіштер элементінің бөлінуі, не-гізгі бастамалары мен көрсеткіштері. Транзистордың күшейткіш элементі ретінде қолданылуы. Биполярлы және униполярлы транзистордың күшейт-кіш екі кері байланыс күшейткішін жұмыс режимін стабилизациялау. Транзисторды тесілуден қорғау. Операциялық күшейткіштер. Инвентір-леуіш және инвертірлемеуші күшейткіштер. Дифференциалдық күшейт-кіштер. Күшейткіштердің қолданылуы.

Сызықты емес электронды құрылымдар. Гармоникалық тербеліс-тердің генераторлары. LC- генераторлардың құрылу принциптері. Өздігі-нен қозатын генераторлар. Оң кері байланыс. Генераторлардың қозу шарттары мен режимдері. RC-генераторлар. Генераторлардың операция-лық күшейткіштерімен құрылуы. Генераторлардың тербеліс жиілігін ста-билизациялау. Сыртттан қоздырылатын генераторлар. Генераторлардың қолданылуы.

Импульстық құрылымдар.Импульстық сигналдардың физикалық табиғаты, түрлері. Көрсеткіштері мен сипаттамалары. Импульстық құрылымдардың сызықтық элементтері. Сызықтық тізбектердегі өткінші процестер. Ақпарат, ақпарттың мөлшері. Сигналдардың мағлұматтық құны және құрылымдық сипаттары.сигнал мен ақпараттың өзара байланысы. Цифрлық сигналдар.Цифрлық сигналдардың қолдану аясы. Импульстық құрылғылардың түрлері, Мультивибратор, бірлік вибратор, блокинг-генератор. Импульстық генераторлардың операциялық күшейткіштермен және энергияны жинақтаушы элементтермен құрылуы. Сызықты түрде өзгеретін процестердің генераторы. Генераторлардың қолданылуы.

Цифрлы микроэлектроника. Импульстық құрылымдардың кілттік режимдері.санақ жүйелері. Санақ жүйелерінен бір түрінен екінші түріне ауысу. Логикалық функциялар. Цифрлық құрылымдардың элементтері. Комбинациялық логика. Импульстық генераторлардың логикалық элементтермен құрылуы. Компараторлар, селекторлар. Жадылық элементтер. Триггерлер, санауыштар, регисторлар. Комбинациялық құрама тізбектер. Кодты түрлендіргіштер. Аналогты-цифрлық және цифрлы- аналогты түрлендіргіштер. Жадылық құрылғылар. Оперативті жадылық құрылғылар. Тұрақты жадылық құрылғы. Программаланатын жадылық құрылғы.

Радиоэлектрондық құрылғыларды қоректендіру көздері. Түзеткіштер. Құрылу принциптері. Электрлік фильтрлер. Түзеткіштердің негізгі көрсеткіштері мен сипаттамалары.түзетілген кернеуді стабилизациялау. Импульстық қоректендіру көздері. Интегралдық микроэлектрониканың импульстық электр қоректендіру көздерін басқаруға қолданылуы.

Электрониканың даму перспективалары мен жаңа салалары.

Радио хабарын тарату және қабылдау. Теледидарласу жүйелері. Радио байланыстың цифрлық жүйелері. Ұтқыр байланыстың негіздері. Микроэ-лектрониканың потенциалдық мүмкіншіліктері мен жаңа бағыттары. Функциональдық микроэлектроника. Оптоэлектроника. Опто талшықтық байланыс. Диэлектрлік электроника. Криоэлектроника. Радиоэлектроника жетістіктерінің адамзат тіршілігі үшін маңызы. Қорытынды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет