Бағдарламасы силлабус Дәрістер


Тақырыптық жоспар: әрбір сабақтың (дәрістердің, практикалық, семинарлық, өзіндік жұмыстың) тақырыбы, өткізу формасы және ұзақтығы



бет3/6
Дата07.11.2016
өлшемі2,1 Mb.
#1216
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

Тақырыптық жоспар: әрбір сабақтың (дәрістердің, практикалық, семинарлық, өзіндік жұмыстың) тақырыбы, өткізу формасы және ұзақтығы.



Дәрістердің тақырыптық жоспары




Тақырыбы

Өткізу формасы

Дәріс

ұзақтығы

1

Медицина тарихы ғылым ретінде. Медицина тарихының зерттеу көздері. Алғашқы қауымдық құрылыстағы дәрігерлік

Презентация

1

2

Ежелгі дәуір медицинасы.

Презентация

1

3

Ерте және дамыған Орта ғасырлар медицинасы.

Презентация

1

4

Орта ғасылар соңғы кезенінің медицинасы. Жаңа заман медицинасы.

Презентация

1

5

ХХ ғасыр медицинасы. Қазақстан медицинасы

Презентация

1




Барлығы




5


Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары



Тақырыбы

Өткізу формасы

Сабақ ұзақтығы

1

Медицина тарихы ғылым ретінде. Медицина тарихының зерттеу көздері. Алғашқы қауымдық құрылыстағы дәрігерлік

Презентация, әңгімелесу, ауызша сұрау, видеоматериалдарды демонстрациялау, тарихи эссе.

1

2

Ежелгі Шығыс медицинасы

Ауызша сұрау, видеоматериалдарды демонстрациялау, жазбаша бақылау.

1

3

Антикалық Жеророта теңізі медицинасы

Талқылау, видеоматериалдарды демонстрациялау, кішігірім топтарда жұмыс жасау.

1

4

Ерте және дамыған Орта ғасырлар медицинасы..

Талқылау, кішігірім топтарда жұмыс жасау, кері байланыс.

1

5

Орта ғасылар соңғы кезенінің медицинасы

Ауызша сұрау, жазбаша бақылау, кері байланыс.

1

6

Орта ғасырдағы Қазақстан медицинасы

Ауызша сұрау, жазбаша бақылау.

1

7

Жаңа заман медицинасы.

Ауызша сұрау, жазбаша бақылау, кері байланыс.

1

8

ХХ ғасыр медицинасы.

Ауызша сұрау, жазбаша бақылау.

1

9

ХХ ғасырдағы Қазақстан медицинасы.

Видеоматериалдарды демонстрациялау, кішігірім топтарда жұмыс жасау, іскерлік ойын.

1

10

Тәуелсіз Қазақстан медицинасы

Талқылау, кішігірім топтарда жұмыс жасау, глоссарилер құру.

1




Барлығы




10


Студенттердің оқытушымен бірге өзіндік жұмысының (СОӨЖ)

тақырыптық жоспары




Тақырыбы

Өткізу формасы

Сабақ ұзақтығы

1

Ежелгі Шығыс медицинасы.

Дискуссия, презентация.

1

2

Антикалық Жеророта теңізі медицинасы.

Дискуссия, презентация.

1

3

Византия және Араб халифаттарының медицинасы.

Дискуссия, презентация.

1

4

Жаңа заманның теориялық және клиникалық медицинасы.

Дискуссия, презентация.

1

5

ХХ ғасыр медицинасы.

Дискуссия, презентация.

1

6

Қазақстанда дәстүрлі және ғылыми медицинаның дамуы. Тәуелсіз Қазақстан медицинасы.

Дискуссия, презентация.

1




Аралық бақылау

Жазбаша сұрау, тестілеу

1




Барлығы




7

Студенттердің өзіндік жұмысының (СӨЖ) тақырыптық жоспары




Тақырыбы

Өткізу формасы

Сабақ ұзақтығы

1

Ежелгі Грекия медицинасы. Гиппократ. Гиппократ жинағы.

Презентация, реферат.

3

2

Ежелгі Рим медицинасы. Асклепиад. Гален. Цельс.

Презентация, реферат.

3

3

Бүкіләлемдік медицинаның эмблемалары.

Презентация, реферат.

3

4

Қазақстанда медицина білімінің даму тарихы

Презентация, реферат.

3

5

Араб халифаттарының медицинасы. Абу-Али Ибн Сина (Авиценна). Дәрігерлік ғылым қағидалары.

Презентация, реферат.

3

6

Абу Наср ибн Мухаммед аль-Фараби. Трактаты аль-Фараби.

Презентация, реферат.

3

7

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы «Шипагерлік баян».

Презентация, реферат.

3

8

Жусіп Баласағұн «Құдатқу білік».

Презентация, реферат.

2




Барлығы




23


2.9 Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырма:

Жеке тапсырмаларды орындау, ұсынылған әдебиет бойынша баяндама (презентация) дайындау, жағдаятттық есептерді шешу, үйлестіру материалдарымен, дербес компьютермен жұмыс істеу, курстық жұмыстарды орындау; студенттің оқу-зерттеулік жұмысы, типтік бақылау есептерін шешу, тестік сұрақтарды, сөзжұмбақтарды және жауаптардың эталондарын құрастыру. Күнтүзбелік тақырыптық жоспарға сәйкес жеке тапсырмаларды орындау және өткізу берілген тақырыпты талқылау кезінен кешіктірілмей қорғалуы керек.

Семестр барысында студент көлемі 12-15 баспа беттерінен кем емес әдістемелік нұсқауда ұсынылған оқытушы белгілеген тақырыптарға бір жазба жұмысын (3, 4 немесе 8 аптада) орындауы тиіс.
2.10 Негізгі және қосымша әдебиет

Негізгі:

1. Бигалиева Р.К. Бүкіләлемдік медицина тарихы. – Алматы, 2004. – 390 б.

2. Камалиев М.А., Бигалиева Р.К., Хабиева Т.Х. «Қазақстан халық медицинасы және қоғамдық денсаулық сақтау тарихы». – Алматы, 2009. – 173 б.

3. Камалиев М.А., Бигалиева Р.К., Хабиева Т.Х. История народной медицины и общественного здравоохранения Казахстана. – Алматы, 2004. – 173 с.

4. Сорокина Т.О. Атлас истории медицины. – M., 1987. – 166 с.

5. Сорокина Т.С. История медицины. – M., 2006. – 560 с.

6. Сорокина Т. С. История медицины : учебник / Т. С. Сорокина ; [Рос. ун-т дружбы народов]. – 9-е изд., стер. – М.: Академия, 2009. – 559 с.

Қосымша:

1. Әлиев М.Ә., Нұрмүханбетқызы Р. Қазақстан медицинасының тарихы. – Алматы, 2003. – 192 б.

2. Бисенова А. Материнство и детство. – Алма-Ата, 1965. – 208 с. 3

3. Биомедицинская этика: Учеб. пособие / Под общ. ред. Т.В. Мишаткиной, С.Д. Денисова, Я.С. Яскевич.Мн.:МГЭУ им. А.Д. Сахарова, 2008.

4. Бородулин В. И. История клинической медицины: от истоков до середины 19-го века : лекции :

учебник / В. И. Бородулин ; Моск. мед. акад. им. И. М. Сеченова. – М. : Медицина, 2008. – 178 с.

5. Введение в биоэтику. Учебное пособие. – М.: «Прогресс-Традиция», 1998. – 384 с.

6. Государственная программа «Саламатты Казахстан» на 2011-2015 годы, от 29 ноября 2010 года.

7. Жакупова М.А. Эвакогоспитали Казахстана в годы Великой Отечественной войны. – Алма-Ата, 1985. – 120 с.

7. История медицины и фармации / под ред. Д. В. Михеля. – М. : Эксмо, 2010. – 184 с.

8.Кодекс Республики Казахстан «О здоровье народа и системе здравоохранения» от 18 сентября 2009г.

9. Комиссаров С. А. Очерки по истории и теории традиционной китайской медицины : учеб. пособие / С. А. Комиссаров. – Новосибирск : ред.-издат. центр НГУ, 2009. – 139 с.

10.Конституция Республики Казахстан от 30 августа 1995г.

11.Лисицын Ю. П. История медицины : учебник / Ю. П. Лисицын. – 2-е изд., перераб. и доп. – М. : ГЭОТАР-Медиа,2011.–393с.

12. Международный этический кодекс медицинской сестры // Врач. 2002. - 4. - С. 47.

13. Назарбаев Н.А. Послание Президента страны народу Казахстана «Через кризис к обновлению и развитию». – Астана, 2009.



14. Назарбаев Н.А. Послание Президента страны народу Казахстана «Новое десятилетие –

новый экономический подъем – новые возможности Казахстана». – Астана, 2010.

15. Назарбаев Н.А. Послание Президента страны народу Казахстана «Социально-экономическая модернизация – главный вектор развития Казахстана». – Астана, 2011.

16. Островская, И. В. Психологические особенности профессионального общения медсестры с пациентами пожилого и старческого возраста / И. В. Островская // Мед. сестра. - 2003. – N 6. - C. 34-36.

17. Очерки истории народной медицины Казахстана / Под ред. Т.Ш. Шарманова и Б.А. Атчабарова. - Алма-Ата, 1978. – 209 с.

18. Проблемы этики и деонтологии в работе медицинской сестры / авт.-сост. А. К. Хетагурова.- М. : Мед. проекты, 2008.- 72 с.- (В помощь практикующей мед. сестре; 1`2008). (Шифр: 614.25; П 781).

19. Риффель А.В. Роль врача в современном обществе// Медицинское право. - 2007. - №3(19). - С.23-24.

20. Риффель А.В. Юридические аспекты реализации прав врача /А.В. Риффель // Журнал Закон и Право. - Белгород, 2006. -№12(40). - С. 15-17.

21. Романовский Г.Б. Право на врачебную тайну в системе прав пациентов / Г.Б Романовский // Медицинское право. - Москва, 2004. -№4. - Стр. - 18.

22. Самарин Р.И. Очерки истории здравоохранения Казахстана. – Алма-Ата, 1958. – 164 с.

23. Свиридова Л.Е. Вглядимся в прошлое. Из истории здравоохранения и медицины Северного Казахстана. - М., 1990. – 174 с.

24. Скурлягина, Е. А. Деловой этикет в работе медицинской сестры : // Сестринское дело. - 2007. - № 8. - С. 44-45.

25. Тульчинский Т.Х., Варавикова Е.А. Новое общественное здравоохранение: Введение в современную науку. – Иерусалим, 1999. – 1049 с.15.

26. Уразаков Е. Казахская народная медицина. – Алматы, 1989. – 140 с.

27. Чельцова, А. А. Зарубежный опыт стандартизации сестринской деятельности / А. А. Чельцова, Н. Н. Камынина // Медицинская сестра. - 2007. - № 8. - С. 20-22.

28. Чокин А.Р. Очерки развития санитарно-эпидемиологической службы в Казахстане. – Алма-Ата, 1975. – 176 с.

29. Шарманов Т.Ш. Мировое здравоохранение до и после великой Алма-Атинской конференции. – Алматы-Вашингтон-Женева, 2003. – 143 с.

30.Шахиева А.М. Отебойдак Тлеугабылулы – великий целитель средневековья.// Фармация Казахстана №9, 2008. - С. 47-48.

31. Юденков, В. С. Сестринское дело в России / В. С. Юденков // Новые Санкт-Петербургские ведомости. - 2008. - № 2. - С. 110-112.


2.11 Оқу және оқыту әдістері:

Дәрістер – кіріспе, тақырыптық, шолу, қорытынды.

Тәжірибелік сабақтар – алдын-ала түрлі оқу және ғылыми әдебиеттерден алған білімді белсенді қолдану әдісімен өткізілетін семинарлар (кіші топтар, презентациялар, талқылаулар және т.б.).

СОӨЖ– кафедрада үйлестіру материалдарымен жұмыс жасау, типтік бақылау есептерін (тестерді) шешу, дербес компьютермен жұмыс істеу, конференциялар, пәндік олимпиада, кеңес өткізу.

СӨЖ – жеке тапсырмаларды орындау: баяндамалар (презентациялар), эссе, пікірлер даярлау; курстық жұмыстарды орындау; студенттердің оқу-зерттеу жұмысы; тест сұрақтарын, кроссвордтар және жауаптардың эталонын құрастыру; үйлестіру материалдарын және көрнекі құралдарды дайындау. Жеке тапсырмаларды орындап тапсыру берілген тақырып оқылатын пән бөліміне сәйкес аптадан кешікпей жүргізілуі тиіс.
2.12 Студенттердің білімі мен дағдыларын бағалау әдістері:: (әр деңгейдегі білімді бағалау критериі мен шкаласы).

Құзыреттілікті бағалау




Сабақ тақырыбы

Бағаланатын құзыреттіліктер

Когнитивті

(білім)


Операционалды

(тәжірибелік дағдылар)



Аксилогиялық

(комму-никативті дағдылар)



Құқықтық

(құқықтық компетен.)



Үздіксіз оқыту және өзін жетілдіру

1.

Медицина тарихы ғылым ретінде. Медицина тарихының зерттеу көздері. Алғашқы қауымдық құрылыстағы дәрігерлік

Сұрақтар бойынша ауызша жауап беру. Тесттік тапсырмаларды шешу.


Тарихи көздерді зерттеудің әдіснамалық негізін қолдану.







Студенттердің әр сабаққа дайындаған өзіндік жұмысын бақылау, интернет қорларын, on-line оқулықтарын қолдану. Глоссарилер, сөзжұмбақтарды құрастыру, көрнекілік құралдары мен үйлестіру материалдарын құрастыру.

2.

Ежелгі Шығыс медицинасы

Сұрақтар бойынша ауызша жауап беру. Тесттік тапсырмаларды шешу.

Ежелгі шығыс елдеріндегі медицинаның қалыптасуындағы хронологиялық құрылымды құру







Студенттердің әр сабаққа дайындаған өзіндік жұмысын бақылау.

3.

Антикалық Жеророта теңізі медицинасы

Сұрақтар бойынша ауызша жауап беру. Тесттік тапсырмаларды шешу.

Құлиеленушілік кезеңіндегі медициналық білімге талдау жасау.




Ежелгі әлем елдеріндегі медицина саласындағы заңдылықтар (Ману, Хамурап заңдары және XII кесте заңдары )

Студенттердің әр сабаққа дайындаған өзіндік жұмысын бақылау

4.

Ерте және дамыған Орта ғасырлар медицинасы..

Сұрақтар бойынша ауызша жауап беру. Тесттік тапсырмаларды шешу.










Студенттердің әр сабаққа дайындаған өзіндік жұмысын бақылау

5.

Орта ғасылар соңғы кезенінің медицинасы

Сұрақтар бойынша ауызша жауап беру. Тесттік тапсырмаларды шешу.










Студенттердің әр сабаққа дайындаған өзіндік жұмысын бақылау

6.

Орта ғасырдағы Қазақстан медицинасы

Сұрақтар бойынша ауызша жауап беру. Тесттік тапсырмаларды шешу.










Студенттердің әр сабаққа дайындаған өзіндік жұмысын бақылау

7.

Жаңа заман медицинасы.

Сұрақтар бойынша ауызша жауап беру. Тесттік тапсырмаларды шешу.










Студенттердің әр сабаққа дайындаған өзіндік жұмысын бақылау

8.

ХХ ғасыр медицинасы.

Сұрақтар бойынша ауызша жауап беру. Тесттік тапсырмаларды шешу.










Студенттердің әр сабаққа дайындаған өзіндік жұмысын бақылау

9.

ХХ ғасырдағы Қазақстан медицинасы.

Сұрақтар бойынша ауызша жауап беру. Тесттік тапсырмаларды шешу.

Орта ғасыр және Қазақстанда кеңес заманының орнау кезеңіндегі медицинаның дамуына салыстырмалы талдау жасау.

ХХ ғасырдағы Қазақстанның теориялық және клиникалық медицинасының дамуына хронологиялық талдау жасау.









Студенттердің әр сабаққа дайындаған өзіндік жұмысын бақылау

10.

Тәуелсіз Қазақстан медицинасы

Сұрақтар бойынша ауызша жауап беру. Тесттік тапсырмаларды шешу.





Тәуелсіз Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін негізгі даму кезеңдері бойынша өз көзқарасын дәлелдеу




Студенттердің әр сабаққа дайындаған өзіндік жұмысын бақылау

*1 кредитте студент өз таңдауымен СӨЖ бір тақырыбын орындайды.



Аралық бақылау (r) – саны- 1, өткізу формасы – тест және жазбаша жауап түріндегі сұрақтар.

Пәннің қорытынды рейтингі/бағасы 100 баллға тең.


Күнделікті бақылау:

- ауызша сұрау;

- жазбаша бақылау;

- тестілеу;

- жағдаяттық есептердің шешімін тексеру;

- ұсынылған рефераттар, баяндамалар, презентациялардың қорғауын бағалау.


Қорытынды бақылау: нәтижелерді кешенді бағалау:

- білімін күнделікті бақылау;

- тестілеу;

- ауызша әңгімелесу.


Студенттердің білімін бақылауды ауызша жүргізу технологиясы

Күнделікті бағалау t – біліктіліктің қалыптасуын бағалау деңгейі

t = (Z+N+K+P+S+R)/n мұнда

n – барлық біліктілік бойынша тапсырма саны

Z: z1+z2+…+zn - білімнің бағасы

N: n1+n2+…+nn - тәжірибелік дағдылар бағасы

K: k1+k2+…+kn - коммуникативті біліктіліктің бағасы

P: p1+p2+…+pn - құқықтық біліктіліктің бағасы

S: s1+ s2+…+sn - СӨЖ бағасы

R-аралық бақылау



t – күнделікті бақылау = орта баға оқытудың бес біліктілігі бойынша: білім, тәжірибелік дағды, құқықтық біліктілік, коммуникативті біліктілік, өзін жетілдіру дағдыларына қатысты бағаланады.
Білім - максималды 100 балл


Критерилер

Баға баллмен

Қатысу, қосымша әдебиеттерді (үш және одан жоғары) қолдана отырып толық жауап беру, барлық тапсырмаларды өз бетінше орындау

95-100

Қатысу, бір қосымша әдебиетті қолдана отырып толық жауап беру, барлық тапсырмаларды өз бетінше орындау

90-94

Қатысу, ауызша толық жауап беру

85-89

Қатысу, ауызша жауап беруде болмашы қателіктер жіберген, өз бетінше, бірақ тапсырманы дәлдіксіз орындаған

80-84

Қатысу, ауызша жауап беруде болмашы қателіктер жіберген, тапсырманы өз бетінше, бірақ дәлдіксіз, толымсыз орындаған

75-79

Қатысу, ауызша жауап беруде болмашы қателіктер жіберген, жұмыстың бір сатысында оқытушының көмегіне жүгініп, тапсырманы дәлдіксіз, толымсыз орындаған

70-74

Қатысу, толымсыз ауызша жауап беруде айтарлықтай қателіктер жіберген, жұмыстың бірнеше сатыларында оқытушының көмегіне жүгініп, тапсырманы дәлдіксіз, толымсыз орындаған

65-69

Қатысу, толымсыз ауызша жауап беруде айтарлықтай қателіктер жіберген, жұмыстың барлық сатыларында оқытушының көмегіне жүгініп, тапсырманы дәлдіксіз, толымсыз орындаған

60-64

Қатысу, толымсыз ауызша жауап беруде айтарлықтай қателіктер жіберген, тапсырманы орындамау

55-59

Қатысу, толымсыз ауызша жауап беруде дөрекі қателіктер жіберген, тапсырманы орындамау

50-54

Қатысу, материалды білмеу, тапсырманы орындамау

0-49

Сабаққа қатыспау

0




Тәжірибелік дағдылар - максималды 100 балл





Критерилер

Баға баллмен




Тәжірибелік сабақтарда белсенді өзіндік жұмыс жасау; Тәжірибелік сабақтың тақырыбында қарастырылған икемділік пен дағдыларды мінсіз меңгеру, оларды ситуациялық мәселелерді шешу және зерделетін проблемаларды талдау барысында өз бетінше тиімді пайдалану

95-100




Тәжірибелік сабақтарда белсенді өзіндік жұмыс жасау; Тәжірибелік сабақтың тақырыбында қарастырылған икемділік пен дағдыларды толығымен меңгеру, оларды ситуациялық мәселелерді шешу және зерделетін проблемаларды талдау барысында өз бетінше тиімді пайдалану

90-94




Тәжірибелік сабақтарда саналы өзіндік жұмыс жасау; Тәжірибелік сабақтың тақырыбында қарастырылған шеберлілік пен дағдыларды жеткілікті толық меңгеру, оларды ситуациялық мәселелерді шешу және зерделетін проблемаларды талдау барысында өз бетінше тиімді пайдалану

85-89




Тәжірибелік сабақтарда өзіндік және саналы жұмыс жасау; Тәжірибелік сабақтың тақырыбында қарастырылған шеберлілік пен дағдыларды меңгеру, оларды ситуациялық мәселелерді шешу және зерделетін проблемаларды талдау барысында өз бетінше тиімді пайдалану.

80-84




Тәжірибелік сабақтарда өзіндік жұмыс жасау; Тәжірибелік сабақтың тақырыбында қарастырылған шеберлілік пен дағдыларды жеткілікті толық меңгеру, оларды ситуациялық мәселелерді шешу және зерделетін проблемаларды талдау барысында өз бетінше тиімді пайдалану.

75-79




Стандартты ситуацияларды дұрыс бағалай отырып, оның жөнін таба білу; Тәжірибелік сабақтың тақырыбында қарастырылған шеберлілік пен дағдыларды меңгеру, бірақ оларды ситуациялық мәселелерді шешу және зерделетін проблемаларды талдау барысында пайдалану қиыншылық тудырады.

70-74




Оқытушының жетекшілігімен стандартты (типті) мәселелерді шешу шеберлілігі; Тәжірибелік сабақтың тақырыбында қарастырылған шеберлілік пен дағдыларды меңгеру, ситуациялық мәселелерді шешу және зерделетін проблемаларды талдаудағы қиыншылықтар.

65-69




Оқытушының жетекшілігімен стандартты (типті) мәселелерді шешу шеберлілігі; Тәжірибелік сабақтың тақырыбында қарастырылған шеберлілік пен дағдыларды меңгеру, ситуациялық мәселелерді шешу және зерделетін проблемаларды талдаудағы қиыншылықтар

60-64




Тәжірибелік сабақтың тақырыбында қарастырылған шеберлілік пен дағдыларды толымсыз меңгеру, ситуациялық мәселелерді шешу және зерделетін проблемаларды талдаудағы қиыншылықтар.

55-59




Тәжірибелік сабақтардағы әрекетсіздік; Тәжірибелік сабақтың тақырыбында қарастырылған шеберлілік пен дағдыларды толымсыз меңгеру, ситуациялық мәселелерді шешу және зерделетін проблемаларды талдауда пайдалана алмау.

50-54




Тәжірибелік сабақтардағы әрекетсіздік; Тәжірибелік шеберлілік пен дағдылардың болмауы.

0-49




Сабақта болмау.

0








Коммуникативті дағдылар - максималды 100 балл







Критерилер

Баға баллмен







Оқитын тақырып бойынша негізгі теориялар мен бағыттар жөнінде хабардар болу; айналасындағылармен байланыс жасауда шеберлілік пен дағдыларды мінсіз меңгеру, оқу мәселелерін шешу барысында өз бетінше тиімді қарым-қатынаста болу.

95-100







Оқитын тақырып бойынша негізгі теориялар мен бағыттар жөнінде хабардар болу шеберлілігі; айналасындағылармен байланыс жасауда шеберлілік пен дағдыларды толығымен меңгеру, оқу мәселелерін шешу барысында өз бетінше тиімді қарым-қатынаста болу.

90-94







Тәжірибелік сабақтарға белсенді қатысу; айналасындағылармен байланыс жасауда шеберлілік пен дағдыларды жеткілікті толық меңгеру, оқу мәселелерін шешу барысында өз бетінше тиімді қарым-қатынаста болу.

85-89







Тәжірибелік сабақтарға өз бетінше және саналы түрде қатысу; айналасындағылармен байланыс жасауда шеберлілік пен дағдыларды меңгеру, оқу мәселелерін шешу барысында өз бетінше тиімді қарым-қатынаста болу.

80-84







Тәжірибелік сабақтарға саналы түрде қатысу; айналасындағылармен байланыс жасауда шеберлілік пен дағдыларды меңгеру, оларды оқу мәселелерін шешу барысында пайдалану.

75-79







Стандартты ситуацияларды дұрыс бағалай отырып, оның жөнін таба білу; айналасындағылармен байланыс жасауда шеберлілік пен дағдыларды меңгеру, оларды оқу мәселелерін шешу барысында пайдалану.

70-74







Оқытушының жетекшілігімен стандартты ситуациялардың жөнін таба білу шеберлілігі; айналасындағылармен байланыс жасауда шеберлілік пен дағдыларды меңгеру, оларды оқу мәселелерін шешу барысында пайдалану.

65-69







Оқытушының жетекшілігімен стандартты ситуациялардың жөнін таба білу шеберлілігі; айналасындағылармен байланыс жасауда толымсыз шеберлілік пен дағдыларды меңгеру, оларды оқу мәселелерін шешу барысында пайдалану.

60-64







Айналасындағылармен байланыс жасауда толымсыз шеберлілік пен дағдыларды меңгеру, оларды оқу мәселелерін шешу барысында пайдалану.

55-59







Тәжірибелік сабақтарға әрекетсіз қатысу; айналасындағылармен байланыс жасауда толымсыз шеберлілік пен дағдыларды меңгеру, оларды оқу мәселелерін шешу барысында пайдалану.

50-54







Тәжірибелік сабақтардағы әрекетсіздік; коммуникативті дағдылар мен шеберліліктің болмауы.

0-49







Сабақта болмау.

0










Құқықтық құзыреттілік - максималды 100 балл


Критерилер

Баға баллмен

Заң актілерінің негізгі ережелерінен хабардар болу шеберлілігі; денсаулықты қорғау саласында нормативтік-құқықтық базасын мінсіз меңгеру

95-100

Заң актілерінің негізгі ережелерінен хабардар болу шеберлілігі; денсаулықты қорғау саласында нормативтік-құқықтық базасын толығымен меңгеру

90-94

Денсаулықты қорғау саласында нормативтік-құқықтық базасын жеткілікті толық меңгеру

85-89

Заң актілерінің негізгі ережелерін өз бетінше ұғыну; денсаулықты қорғау саласында нормативтік-құқықтық базасын меңгеру

80-84

Заң актілерінің негізгі ережелерін дұрыс бағалай отырып, ұғыну; денсаулықты қорғау саласында нормативтік-құқықтық базасын меңгеру

75-79

Заң актілерінің негізгі ережелерінен хабардар болу шеберлілігі; денсаулықты қорғау саласында нормативтік-құқықтық базасын меңгеру

70-74

Оқытушының жетекшілігімен заң актілерінің негізгі ережелерінен хабардар болу шеберлілігі; денсаулықты қорғау саласында нормативтік-құқықтық базасын меңгеру

65-69

Оқытушының жетекшілігімен заң актілерінің негізгі ережелерінен хабардар болу шеберлілігі; денсаулықты қорғау саласында нормативтік-құқықтық базасын толымсыз меңгеру

60-64

Денсаулықты қорғау саласында нормативтік-құқықтық базасын толымсыз меңгеру

55-59

Денсаулықты қорғау саласында нормативтік-құқықтық базасын нашар меңгеру

50-54

Құқықтық құзыреттіліктер бойынша дағдылардың болмауы

0-49

Сабақта болмау.

0


Өзін-өзі жетілдіру - максималды 100 балл





Критерилер

Баға баллмен




Графикалық материалдар мен қосымша әдебиеттерді (5 және одан жоғары) қолдана отырып СӨЖ формаларына сәйкес барлық талаптардың толық орындалуы. Материалды еркін және толық бақылау. Бақылау сұрақтарына толық жауап беру.

95-100




Графикалық материалдар мен қосымша әдебиеттерді (2-5) қолдана отырып СӨЖ формаларына сәйкес барлық талаптардың толық орындалуы. Материалды еркін және толық бақылау. Бақылау сұрақтарына толық жауап беру.

90-94




Графикалық материалдар мен қосымша бір әдебиетті қолдана отырып СӨЖ формаларына сәйкес барлық талаптардың толық орындалуы. Материалды еркін және толық бақылау. Бақылау сұрақтарына толық жауап беру.

85-89




Қосымша әдебиеттерді қолдана отырып СӨЖ формаларына сәйкес барлық талаптардың толымсыз орындалуы. Материалды баяндауда болмашы дәлсіздіктер жіберілген. Бақылау сұрақтарына толық жауап беру.

80-84




СӨЖ формаларына сәйкес барлық талаптардың толымсыз орындалуы. Материалды баяндауда болмашы дәлсіздіктер жіберілген. Бақылау сұрақтарына толымсыз жауап беру.

75-79




СӨЖ формаларына сәйкес барлық талаптардың толымсыз орындалуы. Материалды баяндауда болмашы дәлсіздіктер жіберілген. Бақылау сұрақтарына толымсыз, болмашы қателіктермен жауап беру.

70-74




СӨЖ формаларына сәйкес барлық талаптардың толымсыз орындалуы. Материалды баяндауда айтарлықтай дәлсіздіктер жіберілген. Бақылау сұрақтарына айтарлықтай қателіктермен толымсыз жауап беру.

65-69




СӨЖ формаларына сәйкес барлық талаптардың толымсыз орындалуы. Материалды баяндауда айтарлықтай дәлсіздіктер жіберілген, материалдың логикасы мен мазмұны бұзылған. Бақылау сұрақтарына айтарлықтай қателіктермен толымсыз жауап беру.

60-64




СӨЖ формаларына сәйкес барлық талаптардың толымсыз орындалуы. Материалды баяндауда айтарлықтай дәлсіздіктер жіберілген, материалдың логикасы мен мазмұны бұзылған. Бақылау сұрақтарына жауап бермеу.

55-59




СӨЖ формаларына сәйкес барлық талаптардың толымсыз орындалуы. Жұмысты ауызша қорғай алмау.

50-54




СӨЖ болмауы

0


* Пән бойынша баллдық-рейтингтік бағалау өзгерістері №2 үлгіде көрсетілген
Емтиханды жүргізу және бағалау технологиясы

Қорытынды бақылау: дифференциалды сынақ, екі кезеңнен тұрады:

1) тестілеу,

2) ауысша (билет бойынша тәжірибелік дағдыларды тексеру және т.б.)

қорытынды бақылауда білім алушының білімін бағалау.



E= (Е12)/2 × 0,4

мұнда, Е1 - емтиханның I кезеңінің балдары



Е2 – емтиханның II кезеңінің балдары.
Студенттің емтиханға жіберілу рейтингі қорытынды бағада 60% кем болмау керек, сондықтан да, пән бойынша семестрлік бағалау келесі формула арқылы анықталынады:

Rд = t × 0,6

мұнда t – күнделікті бақылау


Қорытынды баға жіберілу рейтингімен және қорытынды бақылау бағасының қосындысынан тұрады:

I = R х 0,6 + E х 0,4, мұнда

I – қорытынды баға

R– емтиханға жіберілу рейтинг бағасы

E – қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша емтихан)

Қорытынды рейтинг 60% жіберілу рейтингтен және 40% қорытынды бақылау бағасынан тұрады.


I = Rд + (Е1 + Е2 ) /2 х 0,4, мұнда

I – қорытынды баға

Rд – жіберілу рейтинг бағасы

Е1 – қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша тестілеу)

Е2– қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша әнгімелесу)

Рейтинг I - 60% , емтихан I - 40% құрайды.


Пән бойынша әріптік-балдық-рейтингтік бағасы


Әріптік жүйе бойынша бағасы

Балдың сандық

эквиваленті



Пайыздық

мөлшері,


%

Дәстүрлі жүйе бойынша бағасы

А

4,0

95-100

Үздік

А-

3,67

90-94

Үздік

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

Жақсы

В-

2,67

75-79

Жақсы

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

Қанағаттанарлық

Д+

1,33

55-59

Қанағаттанарлық

Д

1,0

50-54

Қанағаттанарлық

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ


Құрастырғандар: м.ғ.д. Камалиев М.А., м.ғ.к. Шахиева А.М., м.ғ.к. Нурбақыт А.Н.

Курс: бірінші


2012


Тақырып 1. МЕДИЦИНА ТАРИХЫ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ. МЕДИЦИНА ТАРИХЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ КӨЗДЕРІ. АЛҒАШҚЫ ҚАУЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ЕМШІЛДІК.

Мақсаты: Ерте кезден қазірге дейінгі емшілік пен медицинаның пайда болып даму процесінің жалпы заңдылықтарын ашу. Адамзаттың рухани мәдениетінің бөлігі ретінде медицинадағы әрбір жаңа дәірдегі жетістіктерін сипаттау, жер шарының түрлі аймақтарындағы медицина ғылыми түзілуіндегі ұлттық факторлардың әрекеттестігі мен бірегейлігін көрсету, болашақ дәрігерлердің ой – өрісін дамытуға, физиологиялық процестерді диалектикалық түсінуге, логикаға шақыру үшін студенттердің дәрігерлік этиканың негізгі ережелерін меңгеруге атсалысу.

Медицина тарихы, ғылым ретінде адамзаттың дүниежүзілік тарихы негізде медицина мен емшіліктің пайда болу, даму және жағдайын зерттейді. Медицина тарихы оқу пәні ретінде екі бөліктен тұрады: жалпы және жеке медицина тарихы.

Жалпы медицина тарихы- дүниежүзілік медицинасын оның түрлі салаларының дамуының жалпы заңдылықтарын, олардың ерекшелігін, басты мәселелерін, жетістіктерін, жаңалықтарын зерттейді, ғылымға еңбегі сіңген атақты ғалымдардың өмір жолымен таныстырады. Дүниежүзінде дәрәгерлік ілімнің калай пайда болғанын, медицинаның халық мәдениеті мен тарихи дамуы мен бірегей екенін көрсетеді.

Жеке медицинада әрбір дәрігерлік салаларға байланысты. Мысалы, терапия, хирургия- арнайы өз кафедрасында зерттеледі, аурудың алдың алу жолдары, оның пайда болу себептері, кеселдің түрін анықтау және емдеу әдістері көрсетіледі.

Медицина тарихы мынадай мәселелерді зерттеуді алдына мақсат етіп қояды,


  • Медицинаның дамуындағы құбылыстардың заңдылығын көрсету, оның мирасқорлық екенін түсіндіру;

  • Медицина тарихында дәрігерлік салаларды жалғастыруын;

  • Дәрігерлік ілімнің дамуын жалпы қоғам дамуымен байланысты екенін көрсету арқылы ой-өрісті кеңейтіп, отанға деген сүйіспеншілікті арттыру.

Медицина тарихы зерттеу, іздену әдісіне үйретеді, емдеу дағдысына бағдарлайды. Ауру түрін анықтау, аның алдын алу, сонымен бірге осы айтылғандардың маңызын түсіне білу медицина тарихын оқып білу арқылы болады.

Қоғамның даму процесстерінің өндірістік күштердің, саяси ағымдардың медицинаны дамытуда, қандай әсерін тигізді, медицинаның құрамы өзгерді ме, нендей жаңалықтар болды, міне мұны да медицина тарихы үйретеді.

Өткен ғасырдың қыршынды жылдары проф.М.Н.Тихомировтың және кейінірек қайта қаралып нақты түрде профессор А.П.Пронштейн ұсынылған жіктеу бойынша барлық тарихи көздер жеті топқа бөлінеді: Материалдық деректер: археологиялық қазбаларда табылған заттар мен түрлі деректер (палеантропологиялық т.б.),


  • Жазбаша деректері; ежелден бізге жеткен көне заманның графикалық белгілірі, қолжазбалар немесе басылым құжат қағазға, папирусқа, қышқа түсірілген жазба айғақтарына жақын эпиграфиялық жазулар, олар тасқа, катты балшыққа, ағашқа, ағаш қыртысына немесе қабыққа (береста) т.б. қалдырған жазулар.

  • Этнографиялық дректер- бұл өткен заманнан адамзатқа мұра болып жеткен қоғамдық, мәдени өмірдің көріністері. Бұлар заман өзгеруіне сәйкес жаңа түрде өзгерілуі мүмкін. Мысалы: сенім, ұғым, дәстүр т.б.

  • Ауызша (фолькорлық) деректер. Бұлар болған істі нақты кейіпті сөзбен аңыз ретінде, мақала-мәтен, өлең, ертек т.б. әдіспен жеткізді.

  • Лингвистикалық деректер-бұл деректердің пайда болуы фотосуретке түсіру мен киноманографиялық дамуымен байланысты

  • Фоноқұжаттар- бұл деректер тарихи фактілердің дыбыстық жақтарын бейнелейді де болған жағдайдың бір мезгіліндегі фонограммасын көрсетеді.

Алғашқы қауымдық құрылыстағы медицина.

Адамзаттың даму жолындағы алғашқы қауым қоғамында емшілдіктің пайда болуы үш кезеңге бөлінеді:



  • Адамның, алғашқы қоғамның және алғашқы қауымда емшіліктің қалыптасуы, бұл уақытта табиғи дәрілер (өсімдіктен), жануарлар ағзаларынан, минералдан жасалған, емдеу туралы алғашқы эмпирикалық білім жиналып, толықтырылып, талдап қорытылуы,

  • Алғашқы қауымның дамыған кезеңінде емді бағытты түрде қолдану және қоғамдық эмпирикалық тәжірибе әлеуметтік іске айнала бастады,

  • Алғашқы қауым қоғамының ыдырау уақытында жеке меншік иесі пайда бола мен қатар емшілдіктің діни түрлері және қоғамдық тәжірибенің жиниқталуы мен қатар жеке емшілік практикада дамыды.

Ерте замандағы адамдар өсімдіктердің емдік қасиеттерін анықтай білген. Бұл салада әйелдер саналы тәжірибелер жинақтаған Мұндай жұмыс олардың басты міндеті болған. Сондықтанда әр елде әйелдердің әр түрліатауларға ие болғаны мәлім. Мысалы әйелдер « Берегиня» деп ежелгі Ресейде аталған. « Берегиня» - славян тіліген аударғанда жанұяны сақтаушы әйел деген мағынаны білдіреді. Емшілік құдіреті бар әйелдерді египеттіктер Полидамна деп атаған. Грекиялықтар – Златокудрая Агамеда, Чехтар – Мудрая Каза, Колхидалықтар – Медея деген. Бұлар анахандық дәуірінде өмір сүрмеген, бірақ халықтың сырқатын емдеген алғашқы тәуіптер болып танылады. Алғашқы қоғамдық құрылымдағы емшілер оташылық әдістерді қолдағанЯ: жараны өсімдіктен, минералдан т.б. дайындаған дәрілермен емдеген, сынықты салу, қан ағызу арқылы емдеуді жиі қолданған. Бірақ мұндай ем- домның бәрі күнделікті өмір тәжірибесінен туындаған, ал аурудың пайда болуы, табиғи апаттар себебін, сыртқы ортаның құбылысына, тіршілік- әрекет өзгерістеріне әрине жауап табылмаған , ой- тұжырым жасай алмаған. Сондықтанда сол қилы заманнан бастап адам түсінігіне айеаладағы орта туралы наным- сенісдер пайда бола бастаған. Олар: тотемизм, фетишизм, анимизм (рұхтарға сиыну деген). Бұл ілкінші (примитивті) діндерде жиі кездесетін ұғым. Дене өлгенмен рух өлмейді. Анимизм нанымы бойынша табиғатта адам рухына ұқсас басқа да рұхтар болады деумен негізделген.

Фетишизм - адамнан табиғатқа, заттарға ауған немесе сыңарлар бар деп сесптейді. Олар сиқыр, сиқырлы перілі нәрсе дегенді білдіреді. Осыған орай тұмар, үкі, көктас тағу.

Тотемизм - ру мүшелерінің кейбір махлұқтарға (жануарларға) киелі деп табынуы ( маймыл,сиыр , қарға, сауысқан, жылан т.б.) немесе әр алуан киелі нәрселерге тас, ағаш, өсімдікке (эвкалипт т.б.) тәуелді болуы және рудағы әрбір адамның сол рудаң ортақ төтемімен туыстық байланысы бар деген сенім.

Анимизм , яғни рухқа табыну Орталық Азия халықтарында және жартылай көшпелі дәуірлерде, сонымен қатар Австралия, Америка, Океания,Африка елдерінде алғашқы қоғамдық құрылымда қалыптасқан примитивті сенім.

Оташылдық- қазақ сахарасында кеңінен тараған дәрігерлік өнерінің бірі. Осыған байланысты дәлел ретінде Күлоба сауытыда ежелгі сактар заманында бейнеленген суретті айтуға болады. Онда бір адам екіншісінің сыңған аяқты сүйегін салудан, малдың сыңған сүйегін салудан, малдың шыққан буындарын орнына келтіруден бастаған болу керек.

Алғашқы қоғамдық құрылымның ыдырауы шамамен біздің заманымызға дейін Х-У мыңжылдықтарда басталады. Бұл үрдістің негізгі белгісі ретінде жеке меншіктің, жеке шаруашылықтың, сыныптық қоғамның және мемлекеттердің пайда болуы. Бұл кезеңде адамзаттың даму жолында өте мағыналы мәдени жетістіктің бірі жазудың пайда болуы.

Емшілдіктің дамуы бұрынғы тәжірибелік әдістерді бекіту, дәстүрлік емдеу әдістерін нығайту, дәрілердің түрлерін көбейту, ота жасауда жаңа құралдар (мыстан, бронзадан, темірден т.б.) пайдалану болды.


Каталог: 13067


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет