Бахишева с. М


бет8/389
Дата07.02.2022
өлшемі
#94232
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   389
Байланысты:
Бахишева С.М (2)
психология слайд
ойлау әрекетінсіз қарастыру мүмкін еместігін
түсіндірді [21]. Бүл тезис күні бүгінге дейін ғылыми танымның ең маңызды 
әдіснамалық негізі болып табылады.
Ғылымдағы жүйелік түрғыдан танудың қалыптасуы XIX - XX гасырларға 
карай орын алған ғылыми танымдағы дағдарысты өткергеннен кейін басталды 
[22, 23]. XIX ғасырда танымның жаңа принциптері жаратылыстану саласын 
қамти 
бастады, 
мысалы, 
К.М. 
Хайловтың 
айтуынша, 
биологиядағы 
эволюциялық даму теорияның қалыптасуы ойлау әрекеттерінін түрлерін 
мүлдем өзгертті. ғалымдардың айтуынша, өзіне дейінгі биология ғылымында 
қалыптасқан түсінік бойынша тірі табиғаттың бастау алатын «бастапкы атомы»
- «біртүтас организм» деп есептеліп келген тұжырымдаманың орнына 
«бастапкы атомы» — «биологиялық түр» түсінігін енгізген Ч.Дарвин негізгі 
биологиялық түсініктер жүйесін түбегейлі қайта жаңарггы [24].
Белгілі жүйетанушылар пікірінше, К.Маркстің «Капитал» еңбегі күрделі 
жүйелерді зерттеуде жаңа ғылыми әдіснама түрғысы жүзеге асырылған 
алғашқы ғылыми енбек болып табылады [25]. Олар аталған еңбекте күрделі 
жүйелерді талдаудың үлгісі гана емес, сонымен қатар, 
логикалык— 
эдіснамалык 
талдау үшін арнайы кұралдардың ұсынылғанын атап өтеді. Бүгігі күнге дейін 
жүйелік тұрғыдан талдауда қолданылып жүрген маркстік «кіші клетка» — бүған 
дейщгі та
нымдагы
«атом», немесе мэнін ашуга қол жетпейтін 
т р а н с ц е н д е н т т і к
түсініктегі «тұтастык» та емес, экономикалық жүйенің шындыкта бар 
кұрылымы. Сондыктан оның ашылуы зертгеу пэні бойынша жаңа теориялык 
бағытгарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Зерттеушілер «кіші клетканы» субстанциялық қана емес, оған коса, 
зерттеліп 
отырған 
жүйенің 
күрылымдык 
сипаттамасын 
да 
беретін 
болғандықтан оны түтастық деп те, бөлік деп те біржакты карастыру мүмкін 
емес деп есептейді [14,6.184'185].


Жаратылыстану жэне әлеуметтік-экономикалык танымның қаркынды даму 
кезеңдері Ч.Дарвин мен К.Маркс теорияларының жарык көруінен басталды. 
Аталған салалардағы теориялық танымды меңгеру адамның ойлау әрекеті 
түрлері мен әдістеріне жаңа өзгерістер енгізу негізінде ғана мүмкін болатыны 
белгілі болды.
Ғылыми танымның ф илософиялық-әдіснамалык базисінің біртіндеп 
өзгеруі, күрделі жүйелерді зерттеудің жаңа принциптерінің ұсыныла бастауы 
көптеген басқа да арнайы ғылымдар саласына тарап, түрлі тұжырымдамалар 
жасауға негіз бола бастады. Мысалы, Л.С.Выготскийдің, Ж.Пиаженің жүйелік 
қүрылым негізінде қарастыруы психология ғылымының әдіснамасын дамытуда 
елеулі үлес болып қосылды. Олар психиканы элементаристік түргыдан 
зерттеуге жатпайтын күрделі жүйе ретінде ала отырып, 
оның жүйелік 
қүрылымын биологиялық жэне әлеуметтік түргыдан терен талдаған [26, 27].
Күрделі жүйелерді танудың жаңа принциптері XX ғасыр басында ғылым 
мен тәжірибенің алдына қойылған кешенді проблемаларды да шешу барысында 
да карастырыла бастады. Аталған проблемаларды шешу мазмүны жағынан 
жүйелік - құрылымдык идеяларды қамтитын жана әдіснамаға негізделген жаңа 
түжырымдамалар қүрастыруға экелді. Оның көрнекті мысалы ретінде 
В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімін айтуға болады. Философиялық 
түрғыдан алғанда аталған зерттеушінің түжырымдамасы тұтастық принципіне 
негізделген, сонымен катар, таным тарихында түңғыш рет бұл принцип ғылыми 
сабақтастыкка сүйене отырып 
орасан зор ауқымды қамтиды. Бұған дейінгі 
ғылыми таным түсініктерінде берілген объектінің тұтастығы бұрыннан 
айнымас постулат ретінде қарастырылса, Вернадский үшін биосфера тұтастыгы
- зерттеу нәтижесі болып табылады. Сөйтіп, биосфера туралы тұжырымдама 
күрделі жүйені тануға тағы бір жаңалық қосады: егер бүрын тұтастықты тану 
оны күрайтын ерекше байланыстарды айқындауға бағытталса, Вернадский 
бойынша керісінше, белгілі бір байланыстар түрлерін талдау негізінде осы 
байланыстардан түратын объектінің түтастығы қарастырылады [28].
XX ғасырдың ортасындағы жүйелік тұрғының дамуына байланысты 
ғылыми ойлау мен ғылыми танымнын 
жаңа түрінің қалыптасуын қазіргі 
зертгеушілер әдіснамалық төңкеріс кезеңі деп атайды. Оның нәтижесінде 
бүгінгі ғылымда кең тараған «жүйелер теориясы жэне жүйелік зерттеулер 
әдіснамасы» немесе «жүйетаным» үғымдары аркылы біріктірілген көптеген 
пэнаралық 
ғылымдар 
мен 
теориялар 
пайда 
болы. 
Соның 
ішінде, 
Л.Берталанфи 
мен 
М.С.Каганның 
жүйе 
туралы 
философиялық 
көзқарастарының маңызы зор, олардың мәні - 
объектінің түтастығын оның 
сан 
алуан байланыстарын 
аныктауда жэне таным 
әрекетінің жалпы 
принциптеріне сай олардың біртұтас теориялық бейнесін жасауда болды.
Осы кездері түтастық принципін дамытуға бағытталған 
көптеген 
философиялык еңбектер жазылды. Зерттеушілер 
«бүтін» мен «бөліктің», 
«ұйымдастырылу» мен «кұрылымнын» жэне «жүйенің» аракатынасын, 
«тұтастықтың» факторларын талдаумен айналысты [29, 30]. Бұл еңбектерде
11


«жүйе» ұғымының онтологиялық мэні карастырылғандықтан М.С.Каганнын 
теориясына сай зерттеудің жаңа әдіснамалык бағдарламасы камтылған жок [25, 
6.94].
Солай бола тура аталған философтар 
жүйелік түрғының одан әрі 
дамуына өз үлесін коскан болатын, оны сол кезде «түтастык» ұғымын түсіну 
үшін колданыла бастаған «жүйе» үғымына гносеологиялык сипат берілуінен 
байкауға болады. Осылайша, жүйені сипаттау үшін оның реттелу деңгейі мен 
сипатына, объектінің ұйымдастырылуы мен тұтастығына, оны кұрайтын 
элементтердің өзара байланысы мен өзара әрекеттесуіне, күрамынын тұракты 
жэне өзгермелі құрылымына назар аудару қажеттігі туралы түсініктер 
қалыптасты.
Г.П. Щедровицкийдің жетекшілік етуімен өткен гасырдың 60- жылдары 
әдіснамалық клуб қүрылып, И.С. Алексеев, Н.Г. Алексеев, О.И. Генисаретский, 
В.В. 
Давыдов, 
А.А. 
Зиновьев, 
Ю.А. 
Левада, 
В.А. 
Лекторский, 
М.К.Мамардашвили, В.М. Розин, В.Н. Садовский, B.C. Швырев, Э.Г. Юдин 
сияқты белгілі кеңестік методологтар ондағы семинарларыньщ белсенді 
катысушылары болып, сол кездердегі басылымдарда өздерінің жүйе туралы 
түрлі ғылымдар саласындағы 
жан -жақты зерттеулерін 
көптеп ұсынған 
болатын. Э.Г. Юдиннің пікірінше, аталған әдіснамалык семинар шын мэнінде 
пәнаралық сипатта болгандыктан, Кеңес Одағындағы жүйелік зерттеулердің 
негізін салды [31-39].
Жүйелік тұрғының 
ғылыми мәртебесін анықтау үшін 
И.В.Блауберг,
В.Н.Садовский және Э.Г.Юдин барлық жүйелік зерттеулерді ездеріне тэн 
міндеттеріне сай бірнеше салаға бөлуді үсынды. Олар:
- философиялық және жалпығылымдық салалар үшін - дүниенін жүйелік 
бейнесін жэне жалпы жүйелік теорияларды қалыптастыру міндеті;
- метағылымдық пәндер үшін — жүйелік зерттеулердің логикасы мен 
эдіснамасын қүрастыру міндеттері;
- нақты ғылымдар үшін — арнайы ғылымдық жүйелік зерттеулер жүргізу 
міндеттері;
- абстрактілік-математикалық, биологиялық, технологиялық, әлеуметтік 
ғылымдар үшін - универсалдық түсінігінен бөлек, «метатеория» ретіндегі 
жүйелердің жалпы теориясын жасау міндеттері белгіленді.
Осы кезде философия мен жүйелік түрғынының аракатынасын ажырату 
мэселесінде екі белсенді бағыт қалыптасты, олар: 1)жүйелік тұрғы мен 
философия 
- эдіснамалық талдаудьщ екі түрлі деңгейі деушілер; 
2
)жүйелік 
түрғы - диалектиканың бір элементі деушілер;
Бүл екі көзкарас та жүйелік тұрғының қалыптасуына да және оның накты 
ғылымдарға тарауына да көп ықпал етті. Бірінші көзкарас бойынша 
ж ү й е л і к
тұрғы мен философияның әдіснамалық талдаудың екі деңгейі деп қарастыру 
ғылыми танымның филоеофиялық жэне нақты - ғылымдық 
д е ң г е й л е р і н -
айқындайды. 
Сөйтіп, 
б.ұл 
көзқарас 
зерттеушілерге 
жалпығылымдык 
феномендер ретіндегі ұғымдардың (алгоритм, 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   389




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет