Бақыт кілтін ұсынған ұстаз



Дата11.12.2021
өлшемі17,27 Kb.
#99521
Байланысты:
Ұстаз (1)


БАҚЫТ КІЛТІН ҰСЫНҒАН ҰСТАЗ
Күн сайын тарылып бара жатқан мына заманда тарихи тамыры, рухы мықтылардың ғана болашағы барлығына көзіміз жеткендей. Тәуелсіз ел болған соң, шынайы тарихымызды түгелдеуге, ұлттық идеологиямызды жасауға кірісіп жатқан жайымыз бар. Себебі, біз де өзге халықтар сияқты әлемдік тарихта, әлемдік өркениетте өзіндік орны бар іргелі мемлекеттердің біріміз.

Тарихтың «құм басқан» көне «рухани күмбездерінің» ішінде алыстан мұнартып, жақындаған сайын жарқырай түсетін Әбу Насыр Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фарабидің тұлғасы биіктей түседі. Қазақ елі көп уақытқа дейін Әл-Фарабиді біле бермеді. Оның есімі шығыстанушылардың еңбектерінде аталып жүргенімен де ол өзіне лайықты бағасын өз дәрежесінде толық ала алмай келді

Әл-Фараби - ғылымның барлық саласымен дерлік, айналысып, 150-дей ғылыми трактат жазып, артына өшпес мұра қалдырған энциклопедист ғұлама, орта ғасырлардағы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы қазіргі Түркістан облысындағы Оңтүстік Отырар өңірінде әскери қызметкердің отбасында дүниеге келгені баршамызғабелгілі. Географиялық орналасуы жөнінен саяси-экономикалық маңызға ие Отырар қаласы жас ғалымүшін үлкен мүмкіндіктер сыйлаған еді. Шығыстан үнділік, батыстан антикалық мәдениет ұшқындары жергілікті иран-парсы мәдениетімен ұштасып жаңа бір түркілік тұрпаттағы, араб тілінде жазылып жатқан шығармалардың дүниеге келуіне себепкер болды. Бұл тұрғыда әл-Фараби философиясының қалыптасуына. Ислам дінінің ықпалы да зор болды. Ислам дінінің қай кезеңде болсын ғылымға жоғары дәрежеде ден қоятындығы белгілі. Батыстық өркениеттен шығыстық мәдениеттің де ерекшелігі сонда. Ортағасырларда Еуропада ғылыммен айналысқандарды дінге қайшы әрекет қылған «сиқыршылар» деп айыптап, жазаға тартқаны тарихтан белгілі, Орта Азияда бұл мүлдем басқа сарында орын алған еді. Шығыста ілім жолында қызмет ету өмір мәнін жете түсінуге мүмкіндіктер

ашады деген ұғым болды. Сол үшін де Халифат аумағындағы ғалымдар тек бір ғана ғылым түрімен айналысқан жоқ. Мәселен Ибн-Сина философ әрі дәрігер, ал әл-Бируни математик әрі астроном ретінде танылса, әл-Фараби философ, астроном,

музыка танушы, математик ретінде белгілі еді. Сонымен қатар араб әліпбиі ұлы ғұламаның еңбектерінің әлемге танылуына жол ашты, бүгінгі күнге шейін жетуіне өз септігін тигізді. Ислам діні таралған аумақта араб тілі ғылым-білім, жазудың тілі болған кезеңде, Араб қарпінің өзге әліпбиге ұқсамайтын өзіндік жазылу, дыбысталу ерекшелігі әліпбидің ұзақ өмір сүруіне септігін тигізіп, ойшылдың «Музыка туралы

үлкен трактат», «Ғылымдардың шығуы», «Бақытқа жету» сынды көптеген ғылыми-философиялық еңбектердің бүгінгі күнге дейін жетуіне себепкер болды. Осындай көптеген мүмкіндіктерді өз пайдасына тиімді игерген әл-Фараби өз кезеңінде Орта Азиядағы ілім деңгейін батыстық өркениетпен теңестіре алған еді. Сол үшін де ол «Аристотельден кейінгі екінші ұстаз» немесе «Шығыстың Аристотелі» деген атқа ие

болды. Әл-Фарабидің көзқарасының қалыптасуына ертедегі грек философтары Платонның, Зенонның және Аристотельдің еңбек мұралары да ықпал еткенін атап өткеніміз жөн. Әл-Фарабидің айтуына қарағанда бақытқа ие болу үшін

алдымен адам бар жақсы қасиеттерге қол жеткізуі тиіс. Өз бойындағы барлық жаман қасиеттерден арылуға мән беруі керек. Бақытқа жетудің жолы өте қарапайым ол – жан, ар тазалығы. Барша адамзат өз ұлты мен ұлысына деген таза махаббаты, білім мен ғылымға деген құштарлығы адал болған жағдайда, ол адамнан ғалым да, философ та шығады деген. Адам міндетті түрде адал ниетті болу керек деп тұжырым

жасаған. Ғылым мен техника қарыштап дамып отырған қоғамда адам баласы техникасыз өмір сүре алмайтын кезеңде елді кітап оқығандар басқаратынын ескерсек, әл-Фараби еңбектері таптырмас әдістемелік құрал екендігін атап өтуіміз қажет.

Еліміз биылғы жылы әл-Фарабидің 1150 жылдығын атап отырғалы тұрғанда ғұлама ғалымның еңбектері кеңінен жастар арасында насихатталып, астарлы ойларының мәні жас ұрпақ санасына сіңімді жеткізілер болса, жастардың алдағы алар

асулары мен бағындырар биік шыңдары жақындай түсері һақ.
Б Кейкиев атындағы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті



пәнінің мұғалімі АбдрасиловаГ

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет