Бала құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялау туралы Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы


-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері



бет2/15
Дата07.02.2022
өлшемі165,77 Kb.
#89952
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word
5қмж130 Мадибеков Болатбек, 1703050771288 (2)
1-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
1-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi
Мемлекеттiк Ту, Мемлекеттiк Елтаңба, Мемлекеттiк Гимн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тiк бұрышты көгiлдiр түстi мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тiк жолақ түрiнде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесi алтын түстес. Тудың енi мен ұзындығының арақатынасы - 1:2.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы - дөңгелек нысанды және көгiлдiр түс аясындағы шаңырақ (киiз үйдiң жоғарғы күмбез тәрiздi бөлiгi) түрiнде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесiндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесi орналастырылған. Жоғарғы бөлiгiнде - бес бұрышты көлемдi жұлдыз, ал төменгi бөлiгiнде "Қазақстан" деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесi, сондай-ақ "Қазақстан" деген жазу - алтын түстес.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимнi - осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда орындалатын музыкалық-поэтикалық туынды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы мен Мемлекеттiк Елтаңбасының эталондары Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясында сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет