Балалар аурулары



Дата06.02.2023
өлшемі87,99 Kb.
#167559
Байланысты:
у вас нет, а у нас есть хахаахахахах


Балалар аурулары
#1
*!Ана мен 1,5 айдағы баласы ауруханаға жолықты. Анасы баланың мазасыздығы, тершеңдігі және қалтырауына шағымданады. Анамнезден: бала І жүктіліктен, гестоз болды, І жедел босану. Ер бала қарашада дүниеге келді. Бала аралас қоректенуде. Тексеру барысында краниотабес анықталды, шүйде аймағының шашы түсіп қалған. Ішкі ағзаларда өзгерістер жоқ. Қанның биохимиялық анализі: жалпы фосфор – 1,6 ммоль/л, жалпы кальций – 2,7 ммоль/л, иондармен қанықтырылған кальций – 1,55 ммоль/л.
Баладағы бұл аурудың туына ана жақтан ішкі итермелеуші ең ықтимал қандай себепшарт?
*зат алмасу ауруы
*асқынған босану
*бүйрек патологиясы
*жасы
*+гестоз
#2
*!Қыз бала 9 жаста, қыжылға, тамақ ішкеннен кейін кеуде артында және эпигастрийде ауру сезімі, қышқылмен кекіруге шағымданады. Болжам диагноз қойылды: гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы.
Қандай зерттеу әдісі ЕҢ ақпаратты?
*асқазанды зондтау
*ультрадыбысты зерттеу
*+өңешішілік рН-метрия
*эндоскопиялық зерттеу
*рентгенологиялық зерттеу

#3
*!Ер бала 12 жаста, тамақ ішкеннен кейін 30-40 минутқа созылатын, эпигастрий аймағында ұстама тәрізді ауру сезіміне,қыжылға, қышқылды кекіруге, жүрек айнуға шағымданады. Тәбеті сақталған. Тексеруден кейін диагноз қойылды: жоғары секрециялы созылмалы гастрит.


Певзнер бойынша қандай диета ЕҢ сәйкес?
*+стол №1
*стол №2
*стол № 4
*стол №5
*стол №7

#4
*!Науқас 13жаста, «тамақта тас тұрғандай», ащы, суық,ыстық тағамдарды қолданғаннан кейін ашыту сезімге шағымданады. Бұл симптомдар 10 күннен бері мазалаған. Диагноз қойылды: жедел эзофагит.


Қандай эдоскопиялық өзгерістер ЕҢ тән?
*+өңештің шырышты қабатының гиперемиясы мен ісінуі
*шырышты қабатының ісінген қатпарының жоғарында эрозия
*диффузды- эрозирленген шырышты қабат, қанайды
*фибринозды экссудат жақын жатқан тіндермен дәнекерленбеген
*фибринозды экссудат жақын жатқан тіндермен мықты байланысқан

#5
*!Анасы 1 айлық баласымен дәрігерге қаралды. Анасының айтуы бойынша, мазасыздыққа, жоғары тершеңдікке,селк ете қалуға шағымданады.Анамнезінен белгілі болғаны, шала туылған, салмағы 2100 гр., бойы 42 см. Қазіргі уақыттағы бала салмағы -2600 г., рост – 45 см.


Қандай диагноз ЕҢ сәйкес?
*+рахит
*анемия
*гипотрофия
*гипостатура
*паратрофия

#6
*!Пневмонияны емдеу кезінде бастапқы эмпериялық емге қолданылатын препарат қайсысы?


*бензилпенициллиннің натрий тұзы
*феноксиметилпенициллин
*бициллин 5
*цефазолин
*+аугментин

#7
*!Қыз бала 14 жаста, тамақтан соң 1 сағаттан кейін эпигастрий аймағында тұйықталған ауру мерзіміне,қышқылмен кекіру, жүрек айнуға шағымданады. Тәбеті төмендеген. Ауырғанына 1 жылдай болған.


Сіздің диагноз?
*+Созылмалы гастрит
*Созылмалы дуоденит
*Созылмалы панкреатит
*Созылмалы холецистит
*Билиарлы жолдың дисфункциясы

#8
*!Төрт жастағы ұл бала. Бала «Жедел гломерулонефрит» диагнозына қатысты стационарлык емнен кейінгі амбулаторлық емдеу курсын аяқтаған соң «Д» есепке алынған. Диспансерлік бақылаудың бірінші жылына тоқсан сайын жүргізілетін лабораториялық зерттеулер жоспарланған.


Осы балаға қандай лабораториялық зерттеулер ЕҢ тиімді?
*ЖҚА, ЖЗА, зәрдің стерильділігін талдау
*ЖҚА, қанның биохимиялық анализі, ЖЗА
*+ЖҚА, ЖЗА, креатининді анықтау, ШФЖ анықтау
*ЖҚА, креатининді анықтау, Зимницкий сынамасы
*қанның биохимиялық анализі, ЖЗА, Реберг сынамасы
#9
*!Қыз бала 13 жаста, НР-ассоцияланған 12-елі ішектің ойық жара ауруымен диспансерлік тіркеуде тұрады. «Үштік» антихеликобактерлі терапия курсын алды. 6 аптадан кейін жүргізілген бақылау эрадикациясы Helicobacter pylori бар екенін анықтады.
Қандай емдеу тактикасы алдағы уақытта ЕҢ сәйкес?
*ИПП+амоксициллин+метронидазол
*ИПП+амоксициллин+кларитромицин
*ИПП +амоксициллин+тетрациклин +висмут тұзы
*ИПП +амоксициллин+ метронидазол+тетрациклин
*+ИПП+амоксициллин+кларитромицин+ висмут тұзы

#10
*!Ер бала 15 жаста, антацидті препараттарға басылмайтын эпигастрий аймағындағы тұрақты қарқынды ауру сезіміне, қышқылды кекіруге, жұрек айнуға, іш өтуге шағымданады. ФГДС: асқазан мен 12-елі ішекте кқптеген ойық жаралар. Сарысулық гастриннің базальды деңгейінің 400 мЕД/мл (қалыпты 115 мЕД/мл дейін) жоғарылаған.


Қандай алдын ала диагноз ЕҢ сәйкес?
*асқазан ойық жарасы
*асқазанның эрозиясы
*Дубин-Джонсон синдромы
*+Золлингер-Эллисон синдромы
*12-елі ішектің полипі

#11
*!Қыз бала 10 жаста, жарты жылдың ішінде аптасына үлкен дәреттің 3-4 күнге дейін болмауына, іштің төменгі аймағында аздаған ауру сезіміне, нәжіс «қойдың құмалағы » тәрізді екеніне шағымданады. Қойылған диагноз: іш қатумен жүретін ішектің тітіркену синдромы.


Қандай препарат терапияда ЕҢ лайықты?
*кастор майы
*+лактулоза (Дюфалак)
*антрагликозид (Сенна)
*дифенилметан (Бисакодил)
*натрий пикосульфаты + сорбит (Гутталакс)

#12
*!Крон ауруымен науқастың колоноскопиясын қараған кезде:тоқ ішектің шырышты қабаты ашық гиперемияланган,төмпешікті, айқын ісіну, гаустрация байқауға болады емес, тамырлық сурет майланған, фибриндік ақау 3 тен 6-8 мм, оң жақ мықын аймағында сыртқы түтік анықталды.


Көбінесе Крон ауруынан қаңдай асқыну болуы мүмкін?
*+тесілу
*іріңді ісік
*стриктура 
*токсикалық кеңею
*ішек жүрмеуі
#13
*!Үш жастағы ұл бала. Ата-анасы баланың бет және аяқтарындағы ісікке, тәбетінің төмендеуіне, ішіндегі ауру сезіміне шағымданып, дәрігерге қаралды. Анамнезінен: бала жиі суық тиіп ауырады, екі апта бұрын баспамен ауырған. Үй жағдайындағы емде: бисептол, фарингосепт, поливитаминдер. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозғылт, аяқ, беттері ісінген. Жүрек және өкпе жағынан патологиялық өзгеріс анықталмаған. Іш пальпациясы кезінде аздаған ауру сезімі. Бауыр, көкбауыры ұлғаймаған.
Осы ауруда қанның биохимиялық талдауына келтірілген көрсеткіштердің қайсысы ЕҢ ықтимал?
*мочевина > 4,3 ммоль/л, креатинин > 35 ммоль/л
*мочевина > 5,3 ммоль/л, креатинин > 55 ммоль/л
*мочевина > 6,3 ммоль/л, креатинин > 75 ммоль/л
*мочевина > 7,3 ммоль/л, креатинин > 95 ммоль/л
*+мочевина > 8,3 ммоль/л, креатинин > 115 ммоль/л

#14
*!Жеті жастағы ұл бала. Ата-анасы баланың шаршағыштығына, бетіндегі ісінулеріне дәрігерге шағымданды. Анамнезінде: бала бір жыл бұрын зәршығару жүйесінің ауруына байланысты стационарда ем қабылдап, кейін диспансерлік бақылауға алынған. Бақылау кезінде екі рет ЖРВИ мен ауырған. Бұл асқынуы суықтаумен байланысты. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозғылт, бетінің домбығуы. АҚ - 100/70 мм рт.ст. Зәр талдауында: белок 0,9 г/л, лейкоциттер бірен саран, эритроциттер көп мөлшерде, цилиндрурия.


Осы ауруда зәр анализінде қандай цилиндрлердің табылуы ЕҢ ықтимал?
*+гиалинді, дәнді
*пигментті, лейкоцитарлы
*восковидті, эритроцитарлы
*лейкоцитарлы, эпителиальды
*эритроцитарлы, цилиндроидты

#15
*!Бес айлық қыздың анасы баласының тері және шырышты қабаттарының бозғылттығына, әлсіздігіне, аппетиттің төмендегеніне шағымданады. Дәрігер І дәрежелі темір тапшылық анемиясы деген диагноз қойды. Нәресте жасанды тамақтандыруда. Обьективті тексергенде: тері қабаты таза, бозғылт. Жұтқыншақ өзегеріссіз. Ағзасы патологиясыз.


Темір тапшылық анемиясы кезінде ішек қызметінде НЕҒҰРЛЫМ қандай бұзылулар байқалады?
*диспепсиялық бұзылыс
*ойық жара ауруы
*дәмді бұрмалау
*+мальдигестия
*құсу

#16
*!Он бір жастағы ер бала дене қызуының 39,0°С температураға дейін көтерілуіне, бас ауруына, ылғалды жөтелге және кеуде қуысындағы ауру сезіміне шағымданады. Тексеруде: тері қабаттары бозғылт, ауыз–мұрын үшбұрышында цианоз, ТЖ 1 мин 25, кеуде қуысы көтерілген және оң жақ кеуде қуысының тыныс алу актісінде қалуы байқалады. Өкпеде оң жақта дыбыстың тұйықталуы, тыныстың әлсізденуі. Сырылдар жоқ. ЖСЖ 1 мин 110. R-граммада: оң жақ өкпенің төменгі жағының интесивті қараюы.


Қан анализінде НЕҒҰРЛЫМ болатын өзгерістер:
*лейкоцитоз, лимфоцитоз, ЭТЖ төмендеуі
*лейкопения, лимфопения, ЭТЖ төмендеуі
*лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ төмендеуі
*лейкоцитоз, лимфоцитоз, ЭТЖ төмендеуі
*+лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жогарылауы+

#17
*!Бала 2,5 айлық, анасының айтуынша, мазасыздыққа, терлегіштікке шағымданады. Бала І жүктіліктен, жүктілік гестозбен өткен, І жедел босану. Бала қыркүйек айында дүниеге келген. Жасанды бейімделген сүт қоспалармен тамақтанады. Қазіргі уақыттағы дене салмағы - 5500 гр., бойы - 59 см. Қарау кезінде краниотабес, шүйде аймағында шашының түсуі анықталды. Ішкі ағзаларында патологиялық өзгерістер жоқ.


Қандай қан талдауы баланың ауырдық жағдайын ЕҢ нақты бағалайды?
*қалдық азотты анықтау
*зәр қышқылын анықтау
*лимон қышқылын анықтау
*жалпы билирубинді анықтау
*+сілтілік фосфатазаны анықтау
#18 *!Бала 7 жаста. Дене қызуы 39,0°С дейін көтерілді, бас ауруы, ылғалды жөтел, кеудеде ауру сезімі шағымымен қаралды. Тексеру кезінде: тері жабыны бозғылт, «мраморлы» суреттермен, ТЖ 32 минутына, кеудесі кебіңкі, оң жақ жартысы тыныс алудан қалған. Өкпеде – оң жақ дыбыс тұйықталған, тынысы әлсіреген, сырыл жоқ. ЖСЖ 110 минутына. Рентгенологиялық зерттеуде: оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде интенсивті қарауыту.
Осы ауруды анықтауда қан анализінде қандай өзгерістер болады?
*лейкоцитоз, лимфоцитоз, ЭТЖ төмендеуі
*лейкопения, лимфопения,ЭТЖ төмендеуі
*лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ төмендеуі
*лейкоцитоз, лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы
*+лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жоғарылауы

#19
*!Ұл бала 13 жаста, тексерілуден соң диагноз: НР-ассоцирленген созылмалы гастродуоденит, өршу сатысы. Ішек лямблиозы.


Эрадикациялық терапияның ең тиімді қайсысы?
*омепразол+амоксициллин
*+омепразол +амоксициллин+метронидазол
*омепразол +амоксициллин+кларитромицин
*висмут тұзы+амоксициллин+ метронидазол
*омепразол +амоксициллин++кларитромицин+висмут тұзы

#20
*!Қыз бала 12 жаста, асқазан ойық жарысы бойынша диспансерлік тіркеуде тұрады. Эпигастрий аймағында кенеттен пайда болған ауру сезіміне, кофе тәрізді көп мөлшерде құсу , мелена, әлсіздік. Қарап тексеру кезінде: айқын бозару, пульс - 120 минутына. АҚ 80/50 мм.рт.ст. іші кернелген,эпигастри аймағында ауру сезімі.


Қандай асқыну болуы мүмкін?
*стеноз
*+қанкету
*пенетрац
*перфорация
*малигнизация

#21*!Ұл бала 13 жаста , өт–тас ауруы бойынша диспансерлік тіркеуде тұрады. Емдәмді бұзған соң пайда болған шаншуға шағымданады. Қарап тексергенде: өт қабы аймағында ауру сезімі, қайталамалы шаншу ұстамалары. УДЗ-де өт қабы: контуры тегіс емес,қабаттары қалыңдаған, кеңістікте 4 гиперэхогенді тастар анықталды. Мөлшері 1,0 нен 3,5см дейін.


Емдеу тактикаңыз қаңдай?
*Пероральды литотрипсия
*жанаспалы литотрипсия
*Кеңістікті холецистэктомия 
*Дистанционды литотрипсия
*+Лапароскопиялық холецистэктомия

#22
*!Қыз бала 10 жаста, шағымдары: 8 рет тәулігіне қан мен шырыш аралас құсу,іш кебу,толғақ тәрізді іштің төмен бөлігінде ауру сезімі,дене салмағы азаюы. Крон ауруы бойынша тіркеуде тұрады. Жалпы шолу рентгенограммасында іші: тоқ ішектің айқын диффузды ұлғаюы, сұйықтық пен газға толы,қабырғалары қалыңдаған, гаустр жоқ.


Крон ауруының қандай асқынуы?
*жыланкөз
*абсцесстер
*іш өтімсіздігі
*стриктуралар
*+токсикалық дилатация

#23
*!Үш жастағы ұл бала. Ата-анасы баланың бет және аяқтарындағы ісікке, ішіндегі ауру сезіміне шағымданып, дәрігерге қаралды. Анамнезінен: бала жиі суық тиіп ауырады, екі апта бұрын баспамен ауырған. Үй жағдайында бисептол, фарингосептпен ем қабылдаған. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозғылт, аяқ, беттері ісінген. Жүрек және өкпе жағынан патологиялық өзгеріс анықталмаған. Іш пальпациясы кезінде аздаған ауру сезімі байқалады. Бауыр, көкбауыры ұлғаймаған.


Осы ауруда зәр анализіндегі қандай өзгерістер ЕҢ ықтимал?
*гематурия, протеинурия 1 г/тәулігіне
*гематурия, протеинурия 2 г/тәулігіне
*микрогематурия, протеинурия 1 г/тәуліктегі мөлшерден жоғары
*микрогематурия, протеинурия 2 г/тәуліктегі мөлшерден жоғары
*+микрогематурия, протеинурия 3 г/тәуліктегі мөлшерден жоғары

#24
*!Қыз бала 6 айлық, анасының айтуы бойынша шағымдары бозару, әлсіреу, тәбетінің болмауы. Анамнезінен анқталды: Жүктілік кезінде анасы фетопланцентарлық жетіспеушілікпен өтті. Босану жедел, бірақ кеш кіндік байланды. Бала жасанды тамақтанады. Обьективті: бала мазасыз. Тері жабындылары бозғылт. Ішкі ағзаларды қарап-тексеру кезінде ешқандай өзгерістер жоқ. ЖҚА: гемоглобин 90 г/л, эритроцит 3,0х1012/л, ТК 0,8; MCV-70 fL, MCH-25 pg, MCHC-29%, анизоцитоз+, пойкилоцитоз+, гипохромия+, ретикулоцит - 10 %.


Баланың осы ауруының дамуында ЕҢ сәйкес келетін маңызды интранатальды себебі?
*жедел босану
*бронхопневмония
*ауыр акушерлік анамнез
*кеш кіндік бауын байлау
*+фетоплацентарлы жетіспеушілік
#25
*!Қыз бала 5 айлық, анасының айтуы бойынша шағымдары бозару, әлсіреу, тәбетінің болмауы. Анамнезінен: ІІ жүктіліктен, ІІ жедел босанудан. Бала жасанды тамақтанады. Обьективті: бала мазасыз, активті. Тері жабындылары бозғылт, таза. Ішкі ағзаларды қарап-тексеру кезінде ешқандай өзгерістер жоқ. ЖҚА: гемоглобин 95 г/л, эритроцит 3,7х1012/л, ТК 0,82; MCV-70 fL, MCH-26 pg, MCHC-29%, анизоцитоз+, пойкилоцитоз+, гипохромия+, ретикулоциттер - 11 %, ЭТЖ – 6 мм/с.
Науқасқа ЕҢ сәйкес мақсатты ем тағайындау?
*100 мл көлемінде тұтас қан құю
*0,3мл феррум лек күн ара парентеральді тағайындау
*толыққанды және ұйымдастырылған емдәм тағайындау
*10 мл/кг салмағына есебімен эритроцитарлық масса құю
*+тәуліктік дозасы 16 тамшы гемоферді пероральді тағайындау

#26
*!Екі жарым жасар қыз бала анасымен келді, дәрігерге шағымдары тәбетінің төмендеуі, бозару, әлсіздік, зірдің қызыл түсті болуы. Анамнезінен: бозару, тәбетінің төмендеуі, әлсіздік 2-3 апта бұрын пайда болған, зәрінің қызаруы бүгін азанда байқалған, кеше қызылшадан салат жеген. Өмір анамнезінен: бала ІІ жүктіліктен, ІІ жедел босанудан. Обьективті: тері жабындылары бозғылт. Ішкі ағзаларды қарап-тексеру кезінде ешқандай өзгерістер жоқ. ЖҚА: НЬ 95 г/л, эритроцит 3,7х1012/л, ТК- 0,8; MCV-70 fL, MCH-26 pg, MCHC-29%, анизоцитоз+, пойкилоцитоз+, гипохромия+, ретикулоцит-11%,ЭТЖ – 6 мм/с.


Берілген ауруда ЕҢ жиі қай симптом жатады?
*ісіну
*бозару
*әлсіздік
*+битурия
*тәбеттің төмендеуі

#27
*!Бір жарым айдағы бала мен анасы ауруханаға жолықты. Анасы баланың мазасыздығы, тершеңдігі және қалтырауына шағымданады. Анамнезден: бала І жүктіліктен, І жедел босану. Ер бала қарашада дүниеге келді. Бала аралас қоректенуде. Бала анасымен күнделікті таза ауада 15-30 минут серуендейді, массаж және ЕДТ алмайды, ұйқы барысында өз қолдарынан шошынбау үшін баланы тығыз бөлейді. Тексеру барысында краниотабес анықталды, шүйде аймағының шашы түсіп қалған. Ішкі ағзаларда өзгерістер жоқ.


Бала тарапынан ең ықтимал қандай сыртқы факторлар бұл ауруды тудырды?
*энцефалопатия, уақытына жетпей туған, емізу, дамымаған
*ірі ұрық, мальабсорбция синдромы, туылған мерзімі, массаждың болмауы
*тығыз бөлеу, емізу, туылған мерзімі, массаждың болмауы
*+ЕДТ және массаждың болмауы, туылған мерзімі, тығыз бөлеу, аралас қоректену
*ішек инфекциясы, емізу, мальабсорбция синдромы, туылған мерзімі

#28
*!Он айдағы бала мен анасы дәрігерге аяқ қисаюына байланысты шағыммен жолықты. Анамнезінде: бала І жүктіліктен, І жедел босану. Тексеру барысында: тері қабаты боз. Маңдай және төбе сүйегі айтарлықтай шығыңқы. Кеуде қуысы: төменгі апертура жазылған, қабырғасында «таспиқ», білектерінде «білезік», аяқ-қолының варусты деформациясы. Бұлшық ет гипотониясы байқалады. Ағзалардың патологиясы жоқ. Қанның биохимиялық анализі: фосфор – 0,96 ммоль/л, кальций – 1,4 ммоль/л, сілтілі фосфатаза – 1863 нмоль/л.


Қай ең ықтимал клиникалық белгілер дәрігерге диагноз қоюға мүмкіндік береді?
*экзофтальм, қан аздық, іш қату, омыртқа бағанасының деформациясы
*+«білезік», «інжу жібі», «таспиқ», барлық сүйектерінің деформациясы
*қимыл қызметінің кешеуілі, жүйке жүйесінің бұзылысы, қан аздық, бас сауыты деформациясы
*кеуде қуысының деформациясы, экзофтальм, жүйке жүйесінің бұзылысы, «білезік»
*омыртқа бағанасының және бас сауыты деформациясы, қан аздық, іш қату

#29
*!Ер бала 8 жаста, қойылған диагноз: билиарлы жолдың дисфункциясы, гипокинетикалық түрі.


Қандай клиникалық белгілер ЕҢ тән?
*+жүрек айну, ащы дәм, іштің кебуі, іш қату, он жақ қабырға астында сыздаған ауру сезімі
*сол жақ жауырынға берілетін ауру сезімі, арқаға берілетін ауру сезімі, ащы дәм, іш қату
*оң жақ қабырға астында толғақ тәрізді ауру сезімі, арқаға берілетін ауру сезімі, жүрек айну
*оң жақ қабырға тұсына шаншу тәрізді ауру сезімі, арқаға берілетін ауру сезімі, іштің кебуі, қату
*сол жақ қабырға тұсына берілетін ауру сезім, жүрек айну, ащы дәм, іштің кебуі

#30
*!Қыз бала 15 жаста, көбіне түнгі уақытта болатын эпигастрий аймағындағы қатты толғақ тәрізді ауруларға шағымданады. Ішті пальпациялаған кезде пилородуоденальды аймақта ауру сезімі байқалады. Алдын-ала қойылған диагноз: 12-елі ішектің ойық жарасы.


Қандай әдістер Н.pylori үшің ЕҢ ақпаратты?
*биохимиялық, бактериологиялық, браш-цитологиялық, биопсия
*+бактериологиялық, браш-цитологиялық, уреазды тыныстық тест, полимеразды тізбекті реакция
*жалпы қан талдауы, биохимиялық, жалпы зәр талдауы, копрограмма
*иммуно-ферментті талдау, биопсия, бактериологиялық, полимеразды тізбекті реакция
*жалпы қан талдауы, биохимиялық, уреазды тыныстық тест, полимеразды тізбекті реакция

#31
*!Нәрестеде ОЖЖ дамуына әсер ететін емшек сүтінің компоненті:


*Липаза, иммуноглобулиндер
*Лактаза, фосфатидтер
*Мальтоза, липаза
*+Галактоза, фосфатидтер
*Иммуноглобулин, лактаза

#32
*!Қыз бала 9 жаста, диареялық синдроммен ауырады. Соңғы 3 жылдықта жағдайы айтарлықтай нашарлаған, салмағы төмендеген,жалпы әлсіздену пайда болған,үлкен дәреті қан аралас күніне 5–6 рет. Болжамды диагноз: спецификалық емес жаралы колит.


Қандай эндоскопиялық маркерлер тән?
*+жанаспалы қансырау,тамырлық суреттер болмауы, жолдамалар, ойық жаралар, дәнді болуы
*шырыштары бозғылт, тамырлық суреттер сақталған, ішектің терең қабаттарында гранулемалар
*ішектің терең қабаттарында гранулемалар, ішектің қабырғасының трансмуральды зақымдануы
*арнайы емес гранулемалар,Пирогов-Лангханс тәрізді клеткалар, шырыштары бозғылт
*«кенгіру секірулері» патологиялық және қалыпты бөліктердің кезектесуі, дәнді болуы
#33*!Ерте жастағы балаларда жедел пиелонефриттің қандай клиникалық белгілері ЕҢ ықтимал?
*ісіну, токсикоз, цианоз, интоксикация
*цианоз, дизурия, ісіну, эксикоз
*бас ауруы, интоксикация, ісіну, гипертония
*+диспепсия, менингизм белгілері, токсикоз, эксикоз
*диспепсия, бас ауруы, ісіну, интоксикация

#34
*!Бес айлық қыздың анасы баласының тері және шырышты қабаттарының бозғылттығына, әлсіздігіне және аппетиттің төмендегеніне шағымданады. Аймақтық дәрігер І дәрежелі темір тапшылық анемиясы деген диагноз қойды. Нәресте жасанды тамақтандыруда. Обьективті тексергенде: тері қабаты таза, бозғылт. Жұтқыншақ өзегеріссіз. Ағзасы патологиясыз.


Темір тапшылық анемиясы кезінде жалпы қан анализінде қандай өзгерістер НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?
*+ТК төмендеу, эритроциттердің пішіні, мөлшері әртүрлі, саны азайту
*ТК көбею, ретикулоциттердің, лейкоциттердің, лимфоциттердің саны көбею
*ТК қалыпты, лейкоциттердің, нейтрофилдердің, тробоциттердің саны азайту
*ТК төмендеу, ретикулоциттердің, эритроциттердің мөлшері, саны көбею
*ТК төмендеу, ретикулоциттердің, десфералдық тест, қан сарысуындағы темір саны азайту

#35
*!Бір жастағы ұл баланың анасы баласының тері және шырышты қабаттарының бозғылттығына, әлсіздігіне және аппетитінің төмендегеніне шағымданады. Аймақтық дәрігер І дәрежелі темір тапшылық анемиясы деген диагноз қойды. Бала пысық, үлкендердің шақырғанын түсінеді,қарапайым жауаптар қайтарады және өзі жүреді. Обьективті тексергенде: тері қабаты таза, бозғылт. Жұтқыншақ өзгерссіз. Ағзасы патологиясыз.


1 жастағы балада І дәрежелі анамияға сай эритроциттер саны НЕҒҰРЛЫМ қандай көрсеткішке сай болуы керек?
*+3,5-3,9 х 10¹²/л
*3,0-3,4 х 10¹²/л
*4,0-4,4 х 10¹²/л
*4,5-4,9 х 10¹²/л
*5,0-5,4 х 10¹²/л

#36
*!Екі жарым жастағы қызды тексеру барсында анасында ешқандай шағымдар жоқ. Анамнезде бала сау. Қыз пысық, жақсы сөйлейді, төрт жолды тақпақтарды жатқа айтады. Обьективті тексергенде: тері қабаттары таза, қалыпты түсте. Жұтқыншақ өзгеріссіз. Ағзасы патологиясыз.


3 жастағы сау баланың гемоглобин мөлшері НЕҒҰРЛЫМ сай келетін өлшемді көрсетіңіз
*89-70 г/л
*110-90 г/л
*+110-120 г/л
*121-130 г/л
*131-140 г/л

#37
*!Жеті айлық қызды тексеру барсында анасында ешқандай шағымдар жоқ. Анамнезде бала сау. Қыз пысық, үлкендердің шақыруын түсінеді, бөтен және өзінің адамдарын таниды, отырып, еңбектейді. Обьективті тексергенде: тері қабаттары таза, қалыпты түсте. Жұтқыншақ өзгеріссіз. Ағзасы патологиясыз.


Түсті көрсеткіштің НЕҒҰРЛЫМ нормаға сай келетін өлшемін көрсетіңіз
*0,85-тен аз
*1,05-тен көп
*+0,85 -1,05 аралығында
*0,75 -0,84 аралығында
*0,65- 0,74 аралығында

#38
*!Жеті айлық қызды тексеру барсында анасында ешқандай шағымдар жоқ. Анамнезде бала сау. Қыз пысық, үлкендердің шақыруын түсінеді, бөтен және өзінің адамдарын тниды, отырып, еңбектейді. Обьективті тексергенде: тері қабаттары таза, қалыпты түсте. Жұтқыншақ өзгеріссіз. Ағзасы патологиясыз.


7 айлық сау балаға тән қансарысуынындағы темірдің НЕҒҰРЛЫМ дұрыс мөлшерін көрсетіңіз
*1,0 – 4,0 мкмоль/л
*5,0 – 19,3 мкмоль/л
*+10,6 - 33,6 мкмоль/л
*34,5 – 48,1 мкмоль/л
*52,3 – 62,8 мкмоль/л
#39
*!Бір жарым жастағы қызды тексеру барсында анасында ешқандай шағымдар жоқ. Анамнезде бала сау. Қыз пысық, сөйлесуге дайын, қарапайым жауаптар қайтарады. Обьективті тексергенде: тері қабаттары таза, қалыпты түсте. Жұтқыншақ өзгеріссіз. Ағзасы патологиясыз.
Жалпы қанның темірмен байланысу қабілетінің қай көрсеткіші НЕҒҰРЛЫМ дұрыс мөлшерге сай екенін көрсетіңіз
*5,0 – 19,3 мкмоль/л
*10,6 - 33,6 мкмоль/л
*+40,6 - 62,5 мкмоль/л
*77,3 – 86,9 мкмоль/л
*63,4 – 71,2 мкмоль/л

#40
*!Бір жарым жастағы қызды тексеру барсында анасында ешқандай шағымдар жоқ. Анамнезде бала сау. Қыз пысық, сөйлесуге дайын, қарапайым жауаптар қайтарады. Обьективті тексергенде: тері қабаттары таза, қалыпты түсте. Жұтқыншақ өзгеріссіз. Ағзасы патологиясыз. Латентті қанның темірмен байланысу қабілетінің қай көрсеткіші НЕҒҰРЛЫМ дұрыс мөлшерге сай екенін көрсетіңіз


*7 мкмоль/л
*15 мкмоль/л
*27 мкмоль/л
*36 мкмоль/л
*+47 мкмоль/л

#41
*!Алты айлық қызды тексеру барсында анасында ешқандай шағымдар жоқ. Анамнезде бала сау. Қыз пысық, бөтен және өзінің адамдарын таниды, отырады. Обьективті тексергенде: тері қабаттары таза, қалыпты түсте. Жұтқыншақ өзгеріссіз. Ағзасы патологиясыз.


6 айлық сау балаға тән қансарысуынындағы ферритиннің НЕҒҰРЛЫМ дұрыс мөлшерін көрсетіңіз
*36
*34
*32
*37
*+51

42
*!Алты күндік ұл бала. Біріншілік патронаж перзетханадан шығарғаннан кейін 3-ші күні жүргізілді. Анамнезінде: нәресте екінші жүктіліктің 40 аптасында туылған, 3-ші күні тері жабындылары мен склерада сарғаю байқалды. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, тері жабындылары мен склера сарғыштау, шартсыз рефлекстері анықталады, мүшелері патологиясыз.


Туғаннан кейін сарғаюдың қай мерзімде қайтуы осы нәрестеде ЕҢ ықтимал ?
*++7-8 күнінде
*9-10 күнінде
*11-12 күнінде
*13-14 күнінде
*15-16 күнінде

43
*!Жеті күндік қыз бала. Біріншілік патронаж перзетханадан шығарғаннан кейін 3-ші күні жүргізілді. Анамнезінде: нәресте төртінші жүктіліктің 39 аптасында туылған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, негізгі шартсыз рефлекстері анықталады, сонымен қатар нәрестенің ернінен саусақпен жылдам ұрса, ол өзінің ернін алға қарай созады.


Сипатталған шартсыз рефлекстің қандай түрі осы нәрестеде ЕҢ ықтимал?
*Бабкина рефлексі
*қорғаныс рефлексі
*іздеу рефлексі
*+хоботковый рефлексі
*сору рефлексі

44
*!Жеті күндік ұл бала. Біріншілік патронаж перзетханадан шығарғаннан кейін 3-ші күні жүргізілді. Анамнезінде: нәресте біріншілік жүктіліктің 40 аптасында туылған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, негізгі шартсыз рефлекстері анықталады, сонымен қатар алдыға қарай еңкейткенде және аяқтарын қолмен тірегенде нәресте қадамдап қозғалыс жасай бастайды.


Сипатталған шартсыз рефлекстің қандай түрі осы нәрестеде ЕҢ ықтимал?
*тіреу рефлексі
*Моро рефлексі
*Бауэр рефлексі
*Робинзон рефлексі
*+автоматты жүру рефлексі

#45
*!Емшек жасындағы балаларды ұтымды тамақтандыру принциптері үстеме тағам түрінде қосымша құнарлы заттарды дер кезінде енгізуді қарастырады.


Балаға үстеме тағамды бере бастайды:
*+Емшекпен емізу алдында
*Емшекпен емізгеннен кейін
*Емшекпен тамақтандыру арасында
*Тамақтандырғаннан кейін 1 сағаттан кейін
*Емшекпен бір рет тамақтандыруды толық алмастыра отырып

#46
*!Лактация бала өсуіне қарай біртіндеп жоғалады. Құнарлы заттардың орнын толтырып, баланың толыққанды тамақтануын қамтамасыз ету үшін емшек сүтін біртіндеп алмастыратын жаңа тағам енгізу керек.


Бұл аталады:
*Үстеме қорек
*+Қосымша тамақ
*Аралас тамақтандыру
*Табиғи тамақтандыру
*Жасанды тамақтандыру

#47
*!Баланың дамуын қамтамасыз ететін толыққанды тамақтану үшін тамақтандыру ұзақтығы аса маңызды.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша баланы емшекпен емізудің минут бойынша оптимальды ұзақтығы?
*10
*+20
*30
*40
*15

#48
*!Сәбидің туғандағы салмағы 3000 гр, бойы 50 см. Табиғи тамақтанады. Қазір оған 3 ай.


Осы жастағы сәбиде дене салмағы ең ықтимал қанша болуы керек:
*6500 гр
*+5400 гр
*2000 гр
*7500 гр
*3500 гр

#49
*!Бала емізетін анаға әр емізген сайын қалған сүтті сауып тастауға жиі кеңес береді.


Бұл мына мақсатта жүргізіледі:
*Иммунитетті жоғарлату
*Гипотрофияның алдын-алу
*Анемияның алдын-алу
*+Гипогалактияның алдын-алу
*Паратрофияның алдын-алу

#50
*!Тұрақты гипогалактия дамыған кезде баланы жасанды тамақтандыруға.


Қай өнімді емшек сүтін алмастырушы ретінде пайдаланған аса дұрыс:
*Ешкі сүтін
*Сиыр сүтін
*Байытылған сүт қоспаларын
*Бейімделген нативті қоспаларды
*+Бейімделген қышқылсүт қоспаларын

#51
*!Баланың ішегінде түскен тағамды толық қорыту үшін қажетті белгілі бір бактериялардың түрі бар. Олардың құрамы мен мөлшері баланың тамақтану сипатына байланысты.


Жасанды тамақтану кезінде қай бактериялар ішекте көп болады:
*Протейлер, көкіріңді таяқша
*+Ішек таяқшасы, энтерококктар
*Стрептококктер, пневмоцисттер
*Стафилококктар, пневмококктар
*Бифидобактериялар, лактобактериялар
#52
*!Бала 3 айлық. Мерзімі жетіп туылды,салмағы - 3000гр.,бойы – 50 см. Ана сүтімен тамақтанады. Қазіргі уақыттағы дене салмағы - 3800 гр., бойы - 59 см.
Қандай индекс диагнозды ЕҢ нақты дәлелдей алады?
*біліктік
*күйлілік
*Эрисман
*Пондерал
*+салмақ-бойлық

#53
*!Ер бала 12 жаста, емханаға тітіркенгіштікке, шыдамсыздыққа шағымданып келді. Анамнезінде цитрусы бар тағамдарға пайда болатын сирек терілік бөртпелердің пайда болуы, жүйке-психикалық даму жағынан қатарластарының алдында, мектепте барлық пәндерден үздік екені анықталды.


Бұл патологиямен кездесетін балалардың генеалогиялық анамнезінде әкесінде қандай ауру ЕҢ жиі кездеседі?
*+подагра
*ревматизм
*гломерулонефрит
*атопиялық дерматит
*12-елі ішектің ойық жара ауруы

#54
*!Ер бала 12 жас, емханаға шаршағыштыққа,шыдамсыздыққа шағымданып келді. Анамнезінде цитрусы бар тағамдарға пайда болатын сирек терілік бөртпелердің пайда болуы, жүйке-психикалық даму жағынан қатарластарының алдында, мектепте барлық пәндерден үздік екені анықталды.


Диагнозды нақтылау үшін балаға қандай зерттеу әдістері ЕҢ сәйкес?
*қан мен зәрден гюкозаны анықтау
*қан мен зәрден амилазаны анықтау
*қан мен зәрден диастазаны анықтау
*қан мен зәрден протеиндерді анықтау
*+қан мен зәрден зәр қышқылын анықтау

#55
*!Ер балаға 3 жас. Шағымдары: солғындық, аз қимылдау,артық салмақ,ұйықтағанда қорылдайды, мыңқылдап сөйлейді.Анасының анамнезінде мезгілдік поллиноз, ал баласында - жиі тұмаулық аурулар. Қарап-тексергенде: бала гиперстениялық дене бітімді және жоғары тамақтану, мойыны қысқа, кеуде торы кең, салмағы– 18 кг, бойы - 98 см. Тері қабаты таза. Ауыз-жұтқыншақ қалыпты. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр, көкбауыр пальпацияланбайды. Үлкен дәреті мен зәр шығаруы бұзылмаған.


Қандай диагноз ЕҢ сәйкес?
*аллергиялық диатез
*геморрагиялық диатез
*жүйке-артритикалық диатез
*экссудативті-катаральды диатез
*+лимфатико-гипопластикалық диатез

#56
*!Бала 10 айлық, 8 айдан бастап қосымша тамақтар беріледі. Дене салмағы 6 кг. Тәбеті жоғары, жиі іш кебуі, үлкен дәреті көп мөлшерде. Болжамды диагноз: муковисцидоз.


Диагнозды нақтылауға мүмкіндік беретін тексеру қаңдай?
*Қаннан белок анықтау
*Қаннан липидтер анықтау
*Зәрден көмірсуларды анықтау
*Терлік сынамадан сульфаттар анықтау
*+Терілік сынамадан хлоридтер анықтау

#57
*!Жеті күндік қыз бала. Біріншілік патронаж перзентханадан шығарғаннан кейін 3-ші күні жүргізілді. Анасының айтуынша шағымдары жоқ. Анамнезінде: нәресте бірінші жүктіліктің 39 аптасында туған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, тері жабындылары мен склера сарғыштау, шартсыз рефлекстері анықталады, мүшелері патологиясыз.


Туғаннан кейін сарғаюдың қай мерзімде пайда болуы осы нәрестеде ЕҢ ықтимал?
*1-2 күнде
*+2-3 күнде
*3-4 күнде
*4-5 күнде
*5-6 күнде

#58
*!Алты күндік ұл бала. Біріншілік патронаж перзентханадан шығарғаннан кейін 3-ші күні жүргізілді. Анамнезінде: нәресте үшінші жүктіліктің 39 аптасында туған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, негізгі шартсыз рефлекстері анықталады, сонымен қатар нәрестенің ауыз аймағын тітіркендіргенде еріндерінің төмен түсуі мен басын тітіркендірген жаққа қарай бұру рефлексі байқалады.


Сипатталған шартсыз рефлекстің қандай түрі осы нәрестеде ЕҢ ықтимал?
*сору рефлексі
*+іздеу рефлексі
*Бабкин рефлексі
*қорғаныс рефлексі
*хоботковый рефлексі

#59
*!Жеті күндік қыз бала. Біріншілік патронаж перзентханадан шығарғаннан кейін 3-ші күні жүргізілді. Анамнезінде: нәресте бірінші жүктіліктің 40 аптасында туылған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, негізгі шартсыз рефлекстері анықталады, сонымен қатар паравертебральды омыртқаның бойымен арқа терісін тітіркендіргенде, тітіркендірген жаққа бүгіп, ашық доға түзіледі.


Сипатталған шартсыз рефлекстің қандай түрі осы нәрестеде ЕҢ ықтимал?
*Моро рефлексі
*Перес рефлексі
*+Галант рефлексі
*Робинзон рефлексі
*қорғаныш рефлексі

#60
*!Ер бала 11 жаста, емханаға келесі шағымдармен жолықты: жоғары шаршағыштық, ашуланшақтық, шыдамсыздық, ұйқы бұзылысы. Ауру анамнезінде цитрус тарға атопиялық дерматит байқалады. Өмірлік анамнез: әкесі тарапынан тұқым қуалаушылық ауырлаған – ауру буын және бүйрекпен байланысты, бала аурудың нақты атауын білмейді. Жүйке-психикалық дамуы жағынан құрдастарынан озық, мектепте үлгеру дәрежесі жоғары. Спортқа және ағылшын тілі, физика мен математика бойынша репетиторға барады. Ағзалардың патологиясы жоқ.


Бұл баланың тұқым қуалаушылығын ауырлатқан ең ықтимал қандай ауру?
*+подагра
*қант диабеті
*ревматоидтық артрит
*асқазанның ойық жарасы
*жедел ревматикалық қызба

#61
*!Екі жарым айдағы бала мен анасы емханаға жолықты. Анасының айтуы бойынша ешқандай шағым жоқ. Анамнезден: бала І жүктіліктен, ІІ триместрде гестоз болды, І мерзімінен бұрын босану. Бала салмағы 1900 г., бойы 44 см., Апгар бойынша 7/8 балл. Ер бала қарашада дүниеге келді. Бала аралас қоректенуде, қосымша икемделген сүт қоспасымен қоректенеді. Тексеру барысында ішкі ағзалардан өзгерістер анықталмады.


Бұл бала үшін күнделікті Д3 витаминінің профилактикалық дозасы қандай?
*500 ХБ
*1000 ХБ
*1250 ХБ
*+1500 ХБ
*2500 ХБ

#62
*!Бір жарым айдағы бала мен анасы емханаға жолықты. Анасының айтуы бойынша ешқандай шағым жоқ. Анамнезден: бала І жүктіліктен, ІІ триместрде гестоз болды, І мерзімінен бұрын 36-37 аптада босану. Туылғанда бала салмағы 2700 г., бойы 49 см., Апгар бойынша 7/8 балл. Бала аралас қоректенуде, қосымша икемделген сүт қоспасымен қоректенеді. Тексеру барысында ішкі ағзалардан өзгерістер анықталмады.


Бұл бала үшін күнделікті Д3 витаминінің профилактикалық дозасы қандай?
*500 ХБ
*+1000 ХБ
*1250 ХБ
*1500 ХБ
*2500 ХБ


#63
*!Ер бала 2 жаста, 11 айлығынан бастап ботқаны қосқалы бері биопрепараттар мен панкреатикалық ферменттерді қолданса да, басылмайтын іш өту мазалайды. Ішінің ұлғаюы, салмағы мен бойының артта қалушылығы байқалады. Иммунологиялық зерттеу кезінде: anti-tTG Ig A оң, жіңішке ішек биоптатын гистологиялық зерттегенде: ісіну,дуодеманың шырышты қабатының лимфоидты инфильтрациясы, энтероциттердің ісінуі.
Қандай диагноз ЕҢ сәйкес?
*муковисцидоз
*+глютенді энтеропатия
*экссудативті энтеропатия
*лактаздық жетіспеушілік
*дисахаридазды жетіспеушілік

#64
*!Қыз бала 10 жаста, бауыр қызметінің аздаған өзгерісімен созылмалы белсенді гепатит.


Қандай физиотерапиялық ем ЕҢ сәйкес?
*диатермия
*папаверин электрофорезі
*+импульсті магнитотерапия
*тері арқылы электростимуляция
*В тобы витаминдерінің электрофорезі


#65
*!Қыз 7 жаста,созылмалы вирусты гепатит В диагнозымен диспансерлік тіркеуде тұрады. Биохимиялық қан анализінде лабораторлық көрсеткіштердің жоғарылауы байқалады: АЛТ  50 МЕ/л дейін, АСТ 55 МЕ/л дейін, ЛДГ-5 тен 15,67 мккат/л дейін,сарысулы темір 28, 48 мкмоль/л дейін.
Бауыр зақымдану синдромы көбінесе қаңдай болуы мүмкін?
*+цитолитикалық
*холестатикалық
*мезенхимальды-қабынулық
*бауырлық-клеткалық жетіспеушілік 
*бауырды портокавальды шунтирлеу

#66
*!Қыз бала 6 жаста, эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша вирусты гепатит маркеріне тексерілді, сол интерпретирленген, вирусты гепатит В вакцинациясынан соң шыққан антител,қалай вирусты гепатит А ауыстырылған.


Көбінесе қаңдай нәтиже болуы мүмкін?
*anti HAV IgМ, анти-HCVIgM оң
*anti HAV IgG, анти-HDV IgG оң
*+anti HAV IgG, анти- HBs (total) оң
*anti HAV IgG, анти- HBcor IgM оң
*anti HAV IgG, анти- HCV(total) оң

#67
*!«Сау балалар күні» анасы 1 айлық қызымен емханаға учаскелік дәрігердің қабылдауына келді. Анасының айтуынша, баланың шағымдары жоқ. Бала І жүктілік, І жедел босанудан. Жүктілік пен босану еш өзгеріссіз болды. Қыздың туғандағы салмағы- 3200 г.,бойы - 50 см., Апгар шкаласы бойынша 8/9 балл. Қыз қазан айында дүниеге келді. Тамақтануы табиғи жолмен. Қарау кезінде терісінің түсі қызғылт, таза. Ауыз-жұтқыншақ қалыпты. Ішкі ағзалары өзгеріссіз. Үлкен дәреті мен зәр шығаруы қалыпты.


Балаға Д3 витаминінің қандай күнделікті профилактикалық мөлшері ЕҢ сәйкес келеді?
*+500 МЕ
*800 МЕ
*1250 МЕ
*1500 МЕ
*5000 МЕ

#68
*!Бір айлық бала анасымен емханаға шақырылды, анасының айтуынша, балада еш шағым жоқ. Анамнезінен: ер бала І жүктіліктен,жүктіліктің ІІ триместрі гестозбен өткен, анасы жүктілік кезінде поливитаминдік кешенді қабылдамаған, І жедел босану. Туған кездегі салмағы- 3500 г.,бойы - 50 см., Апгар шкаласы бойынша 8/9 балл. Бала қыркүйек айында дүниеге келген. Жасанды бейімдлген сүт қоспалармен тамақтанады. Ішкі ағзаларды қарап-тексеру кезінде ешқандай өзгерістер жоқ.


Балаға рахитті спецификалық постнатальды алдын алу үшін қандай препарат ЕҢ қажетті?
*видехол
*вигантол
*рокальтрол
*+аквадетрим
*эргокальциферол

#69
*!Қыз бала 10 жаста, диспансерлік тіркеуде: созылмалы гастрит секреттік функциясы төмендеген, ремиссия сатысы.


Қандай физиотерапевттік ем тағайындалды?
*+индуктотермия
*диадинамикалық токтар
*ультрадыбыстық терапия 
*электрофорез бромоммен жағалалық аймаққа
*эпигастральды аймаққа новокаинмен электрофорез

#70
*!Қыз бала 15 жаста, 3 жыл аутоиммунды гастрит тип (В12және темір–тапшы анемия) бойынша диспансерлік тіркеуде тұрады. Қан анализінде асқазанның париетальды жасушалары мен ішкі Кастл факторына қарсы Ig G анықталған.


Қандай нәтиже анықталады?
*АТ IgG кПК--0.3,АТ IgG ішкі Кастл факторына - 5 ед/мл
*АТ IgG кПКЖ-0.5, АТ IgG ішкі Кастл факторына - 1,0 ед/мл
*АТ IgG кПКЖ-0.7, АТ IgG ішкі Кастл факторына -1,5 ед/мл
*АТ IgG кПКЖ-0,9, АТ IgG ішкі Кастл факторына - 1,8 ед/мл
*+АТ IgG кПКЖ-1,2, АТ IgG ішкі Кастл факторына - 2,2 ед/мл

#71
*!Ұл бала 10 жаста, созылмалы гастродуоденит диагнозымен диспансерлік тіркеуде тұрады. Әкесінде- ойық жара бар. Тексеру кезінде Helicobacter pylori балада және отбасы мүшелерінде анықталды.


Емдеу тактикаңыз?
*эрадикационды терапия қажеттілігі аз
*балаға эрадикационды терапия тағайындау
*эрадикационды терапия бір уақытта баласы мен әкесіне
*эрадикационды терапияны бүкіл отбасы мүшелеріне тағайындау
*+біруақытта балаға және барлық отбасы мүшелеріне эрадикационды терапия тағайындау

#72
*!Ұл бала 5 жаста, мальабсорбция бойынша диспансерлік тіркеуде тұрады. Шағымдары: буындарында ауру сезімі ,екібасты бұлшықетте ұстамалар. Биохимиялық қан анализінде: кальций и фосфор төмендеген. Копрограмма: креаторея. Объективті: сүйек-буын жүйесі өзгеріссіз, дистальды бөлігіндегі түтікті сүйектерді ұрғылағанда айқын ауру сезімі бар.


Қандай асқынулар тән?
*+остеопороз
*соматогенды нанизм
*аутоиммунды тиреоидит
*теміртапшылықты анемия
*созылмалы гломеруонефрит


#73
*!Қыз бала 11 жаста, созылмалы гепатит С диагнозымен 2 жылдан бері диспансерлік тіркеуде.Тексеруде: терісі сарғайған,көздің ақ қабаты иктериялы, пальмарлы эритема, тамырлық жұлдызшалар, бауыр пальпация кезінде ауырады, тығыз консистенцияда,қабырға асты доғасынан 4,5 см төмен.
Бауыр зақымдануында морфологиялық өзгерістер қандай?
*майлы  кисталар, Мэллори денешіктері
*без клеткаларының дегенерациясы *жұлдызды ретикулоциттердің гипертрофиясы
*подоциттердің  педикулдарының деструкциясы
*+өт жолдарының деструкциясы ,майлы дистрофия,гидропиялық дистрофия

#74
*!Бір жарым айлық қыз бала. Біріншілік патронаж стационардан шығарғаннан кейін 1-ші күні жүргізілді. Анамнезінде: нәресте үшінші жүктіліктен, бірінші босанудан (І-ші жүктілік - медаборт, ІІ-ші – түсік), осы жүктіліктің 34 аптасында туылған. Профилактикалық мақсатта нәресте 3-ші аптасынан бастап күнделікті темір препараттарын (Актиферрин) қабылдайды. Қарап тексергенде: салмағы - 2150 г, бойы - 45 см, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, негізгі шартсыз рефлекстері анықталады, мүшелер патологиясыз.


Осы нәрестеге темір препаратының қандай профилактикалық дозасы ЕҢ тиімді?
*1-2 мг/кг/күніне
*+2-3 мг/кг/ күніне
*3-4 мг/кг/ күніне
*4-5 мг/кг/ күніне
*5-6 мг/кг/ күніне

#75
*!Участкелік дәрігер 8 күндік жаңа туылған нәрестеге І патронажға келді, анасының айтуы бойынша ана сүтін емеді. Шағымдары жоқ. Анамнезінен: нәресте І жүктіліктен, І босанудан. Обьективті: тері таза. Ағзалары патологиясыз. ЖҚА: эритроцит - 4,4 х 10 12/л, Нв – 120 г/л, ТК – 0,95, лейкоцит - 9,8 х 10 9/л, таяқшаядролы– 2, сегментоядролы – 25, лимфоцит– 66, моноцит 3, эозинофил - 4, ЭТЖ - 5 мм/сағ. Участкелік дәрігермен диагноз қойылып, емдеу-сауықтыру шаралары өткізілді.


Дәрігер қандай ЕҢ мүмкін медикаментозды алдын алу тағайындады?
*серуендеу, перманганат калийдын ваннасы, жалпы массаж
*серуендеу, емен қабығы ванналар, нүктелік массаж
*серуендеу, балшық ванналары, банкалық массаж
*+серуендеу, гигиеналық ванна, жалпы массаж
*серуендеу, итошағанмен ванна, жалпы массаж

#76
*!Поликлиникаға профилактикалық қабылдауға 2 айлық баламен анасы қаралды. Ана сүтімен тамақтанады. Шағымы жоқ. Анамнезінен: бала І жүктіліктен, І босанудан. 35-36 аптасында ерте босану. Обьективті: тері таза. Ағзалары патологиясыз. ЖҚА: эритроцит - 4,4 х 10 12/л, Нв – 120 г/л, ТК – 0,95, лейкоцит - 9,8 х 10 9/л, таяқшаядролы – 2, сегментоядролы – 25, лимфоцит – 66, моноцит – 3, эозинофил – 4, ЭТЖ – 5 мм/сағ. Участкелік дәрігермен диагноз қойылып, емдеу-сауықтыру шаралары өткізілді.


Дәрігер қандай ЕҢ мүмкін медикаментозды емес алдын алу тағайындады?
*1мл феркайл бұлшықетке 2 күн сайын 5ай
*0,5мл бұлшықетке феррум лек 2 күн сайын 2 ай
*+5 тамшыдан актиферрин тәулігіне 3 рет 4 ай пероральді
*алоэ сиропы мен темір 2,5мл күніне 3рет 3ай пероральді
*дене салмағына 10мл/кг есеппен эритроцитарлы массаны 1ай құю

#77
*!Ер бала 11 жаста диспансерлік тіркеуде: ремиссия сатысындағы созылмалы гастродуоденитпен тұрады. Хлорлы-натрийлік минералды сулармен санаторлы-курортты ем тағайындалған.


Қандай емдеу орындары Қазақстанға ЕҢ тән?
*Мерке, Алматы
*Бурабай, Манкент
*+Манкент, Сарыағаш
*Жаңақорган, Рахмановские ключи
*Алматы, Ақсай


#78
*!Қыз бала 13 жаста, 3 жасынан бастап целиакия диагнозымен бақыланады. Тәжірибесінде аглютенді емдәмді сақтамайды.Шағымы жалпы әлсіздік, іш өту,бойы мен салмағының қалуы, менструальдық циклдың бұзылуы, сүйектері мен буындарында ауру сезімі, жады нашарлауы, назары төмендеуі. ФГДС: атрофиялық дуоденит, еюнит, биопсия: түктері парциальды және субтотальды семуі.
Болжамында көбінесе қаңдай ауру дамуы мүмкін?
*+остеопороз, соматогенді нанизм, аутоиммунды тиреоидит, темір тапшы анемия
*созылмалы гломерулонефрит, гипотрофия, соматогенді нанизм, темір тапшы анемия
*созылмалы пиелонефрит, атеросклероз, гипотрофия, гигантизм
*мешел, гипотрофия, аутоиммунды тиреоидит, атопикалық диатез
*гипотрофия, соматогенді нанизм, аутоиммунды тиреоидит, атопикалық диатез

#79
*!Бес айлық қыздың анасы баласының тері және шырышты қабаттарының бозғылтығына, әлсіздігіне, аппетиттің төмендегеніне шағымданады. Аймақтық дәрігер І дәрежелі темір тапшылық анемиясы деген диагноз қойды. Нәресте жасанды тамақтандыруда. Обьективті тексергенде: тері қабаты таза, бозғылт. Жұтқыншақ өзегеріссіз. Ағзасы патологиясыз.


Темір тапшылық анемиясы кезінде жалпы қан анализинде НЕҒҰРЛЫМ қандай көрсеткіштерді анықтайсыз?
*ферритин, ретикулоциттардың саны, пішіні, мөлшері
*+эритроциттердің саны, пішіні, мөлшері, гемоглобин саны
*қансарысуындағы темір, десферал, темірмен байланысу қабілеті
*лейкоцитарлы формуласын, ЭТЖ, тромбоциттердің саны, пішіні, мөлшері
*лейкоцитардын, эритроциттердің, тромбоциттердің саны

80
*!Бір жарым жастағы қызды тексеру барсында анасында ешқандай шағым жоқ. Анамнезінде бала 1 жыл бұрын І дәрежелі темір тапшылық анамиясымен ауырған. Қыз пысық, сөйлесуге дайын, қарапайым жауаптар қайтарады, жүгіреді. Обьективті тексергенде: тері қабаттары таза, қалыпты түсте. Жұтқыншақ өзгеріссіз. Ағзасы патологиясыз.


Диспансерлік бақылаудан шығармас бұрын қандай көрсеткіштерді НЕҒҰРЛЫМ тексереді?
*+жалпы қан анализі, қансарысуындағы темір
*десферал саны, темірмен байланысу қабілеті
*каталаза саны, цитохром саны
*миоглобин саны,гемосидерин саны
*трансферриннің қанығу коэффиценті, жалпы қан анализі


#81
*!Ұл бала 11 жаста, шағымдары: гиперкинездер, бұлшықет ригидтілігі, қол треморы, тері сарғаю. 5 см-ге бауыры үлкейген,қыры тығыз-эластикалық консистенциялы, спленомегалия. Окулист көздің қасаң қабығында жасыл-қоңыр сақина анықтады. Диагноз: болезнь Вильсона-Коновалов.
Қандай асқынулар болуы мүмкін?
*өт –тас ауруы, созылмалы вирусный гепатит, жедел бүйрек жетіспеушілігі
*+бауыр циррозы, эпилептикалық талмалар, гепатоцеллюлярлы карцинома
*жедел бауыр жетіспеушілігі, бауыр циррозы, эпилептикалық талмалар
*гепатоцеллюлярлы карцинома, өт –тас ауруы, эпилептикалық талмалар *жедел жүрек-қантамыр жетіспеушілігі, бауыр циррозы, созылмалы вирусный гепатит

#82
*!Он бір жастағы қыз бала "Жедел пиелонефрит, ремиссия кезеңі" диагнозымен «Д» есепте тұрады.


Осы балаға диспансерлік бақылаудың бірінші жылында зерттеулердің қандай схемасы ЕҢ тиімді?
*зәр себіндісі, зәр және қан анализі – 6 айда 1 рет
*зәр себіндісі, зәр және қан анализі – 5 айда 1 рет
*зәр себіндісі, зәр және қан анализі – 4 айда 1 рет
*+зәр себіндісі, зәр және қан анализі– 3 айда 1 рет
*зәр себіндісі, зәр және қан анализі – 3-4 аптада 1 рет

#83
*!Тыныс алу жиілігі баланың жасына байланысты өзгерді.


Жасына байланысты келтін ықтимал шекті мәндерді көрсетіңіз
*1 айға дейін – 70
*2 ден 5 жасқа дейін - 35
*+2 айға дейін – 60
*5 тен 10 жасқа дейін – 30
*10 нан 15 жасқа дейін – 25

84
*!Бес айлық қыздың анасы баласының тері және шырышты қабаттарының бозғылттығына, әлсіздігіне және аппетиттің төмендегеніне шағымданады. Аймақтық дәрігер І дәрежелі темір тапшылық анемиясы деген диагноз қойды. Нәресте жасанды тамақтандыруда. Обьективті тексергенде: тері қабаты таза, бозғылт. Жұтқыншақ өзегеріссіз. Ағзасы патологиясыз.


Темір тапшылық анемиясы кезінде биохимиялық қан анализінде қандай көрсеткіштердің төмендеуі НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?
*тромбоцитрдің саны
*ретикулоцитрдің саны
*эритроцитрдің саны
*лейкоциттердің саны
*+қан сарысуындағы темір

#85
*!Жеті айлық қызды тексеру барсында анасында ешқандай шағымдар жоқ. Анамнезде бала сау. Қыз пысық, үлкендердің шақыруын түсінеді, бөтен және өзінің адамдарын таниды, отырып, еңбектейді. Обьективті тексергенде: тері қабаттары таза, қалыпты түсте. Жұтқыншақ өзгеріссіз. Ағзасы патологиясыз.


Қандай көрсеткіштер ағзадағы темірді тасымалдауды НЕҒҰРЛЫМ дұрыс көрсетеді?
*жалпы қанның темірмен байланысу қабілеті, эритроциттердегі гемоглобин коэффиценті
*латентті қанның темірмен байланысу қабілеті, қан сарысуындағы ферритин
*гемосидерин, десфералдық тест
*+қан сарысуындағы темір, трансферриннің қанығу коэффиценті
*эритроциттердің орташа көлемі, эритроциттердегі гемоглобин мөлшері

#86
*!Бес айлық қыздың анасы баласының тері және шырышты қабаттарының бозғылттығына, әлсіздігіне және аппетитінің төмендегеніне шағымданады. Аймақтық дәрігер І дәрежелі темір тапшылық анемиясы деген диагноз қойды. Нәресте жасанды тамақтандыруда . Обьективті тексергенде: тері қабаты таза, бозғылт. Жұтқыншақ өзегеріссіз. Ағзасы патологиясыз.


Темір тапшылық анемиясы кезінде тек амбулаториялық жағдайда қандай зертханалық зерттеулердің жүргізілуі НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?
*+жалпы қанның темірмен байланысу қабілеті, десфералдық тест
*латентті қанның темірмен байланысу қабілеті, қансарысуындағы ферритин
*десфералдық тест, қансарысуындағы ферритин
*қансарысуындағы темір, жалпы қан анализі
*қансарысуындағы ферритин, жалпы қанның темірмен байланысу қабілеті

#87
*!Әлеуметтік қатер тобына жатқызу үшін нәрестелердің анамнезінде қандай қауіп факторлары анықталады:


*анасы токсоплазмозбен ауырса
*+ата-анасының зиянды әдеттері
*анасының жасы 30-дан жоғары
*тырысуға қарсы дәрілік заттарды қабылдау
*анасының созылмалы экстрагениталды патологиясы
#88
*!Баланың өсуі мен дамуы үшін емшек сүтінің аса маңызды компоненті:
*Жоғары буферлік, бета-лактозаның болуы
*Альфа-лактозаның болуы, липазаның төмен мөлшері
*Липазаның және галактозының төмен мөлшері
*Казеиннің және казеиногеннің жоғары мөлшері
*+Иммунологиялық қорғаныш факторларының болуы, ферменттердің болуы

#89
*!Жаңа туған нәрестені емшек сүтімен емізетін әйелге педиатр гипогалактияның алдын алу жөнінде кеңес берді.


Басқа кеңестермен қатар жиі ұсынылады:
*Сыра және сыра ашытқысы ішу
*Ақуызды және тағамдық аллергендер шектеу
*Сұйықтық және сыра мөлшерін шектеу
*+Анасының толыққанды тамақтануы, емізу алдында 20 минут бұрын сұйықтық ішу
*Сұйықтық мөлшерін шектеу, емізу алдында 20 минут бұрын тәтті жеу

#90
*!Балалардағы аллергиялық аурулардың дамуына әкелетін факторлар қайсысы?


*емшекпен емізу, қосымша тамақты кеш енгізу
*IgЕ деңгейі төмен, вирусты инфекция
*+IgЕ деңгейі жоғары, туысқандарындағы аллергиялық аурулар
*бактериялық инфекция, ерте жасанды тамақтандыру
*ерте жасанды тамақтандыру, қосымша тамақты ерте енгізу

#91
*!Ауру баланың жағдайын неғұрлым мақсатты бағалау дегеніміз:


*барлық ағзалар мен жүйелер бойынша тексеру
*+жалпы қауіп белгілеріне тексеру
*анасының шағымдарына негізделген егжей-тегжейлі тексеру
*анемияның болуы
*салмақтың төмендігі

#92
*!Баланың өсуі мен дамуы үшін емшек сүтінің аса маңызды компоненті:


*Жоғары буферлік, бета-лактозаның болуы
*Альфа-лактозаның болуы, липазаның төмен мөлшері
*Липазаның және галактозының төмен мөлшері
*Казеиннің және казеиногеннің жоғары мөлшері
*+Иммунологиялық қорғаныш факторларының болуы, ферменттердің болуы

#93
*!Екі айдан 5 жасқа дейінгі ауру балалардың аналарынан, шағымына қарамастан, қандай 5 негізгі симптомдарды сұрау керек


*құсу, құрысу, тамақ мәселесі, жөтел немесе тыныс нашарлау
*+қызба, диарея, құлақ мәселесі, тамақ мәселесі, жөтел немесе тыныс нашарлау
*көз мәселесі, қызба, диарея, құлақ мәселесі, жөтел немесе тыныс нашарлау
*құсу, сарғаю, құрысу, тамақ мәселесі, жөтел немесе тыныс нашарлау
*мұрын мәселесі, көз мәселесі, қызба, диарея, жөтел немесе тыныс нашарлау

#94
*!Қандай жағдайда ауруханаға жатқызу керек


*қызба мен балаларды
*терісінде бөртпелер
*+қандай да бір жалпы қауіп-қатер белгісі бар
*сары қатарда жіктелетін балалар
*жасыл қатарда жіктелетін балалар

#95
*!Емшек емізу бойынша кеңесу алгоритмі. Баланың ыңғайлы дене ұстау қалпы қандай?


*Анасынан аулақ, арқасы- арқасымен, әртүрлі жазықтықта орналасқан, барлық денесін ұстайды
*+Анасына толығымен бұрылған, іші-ішімен, бір жазықтықта орналасқан, барлық денесін ұстайды
*Анасына толығымен бұрылған, арқасы- арқасымен, баласының басы мен иығын ұстап отыр
*Анасы аулақ, іші-ішімен, басынан және иығынанғана ұстайды, бір жазықтықта орналасқан
*Анасы аулақ, кеуде-кеудесімен, вертикальды қалпында ұстайды, барлық денесін ұстайды

#96
*!Теміртапшылықты анемияның ЕҢ сәйкес патогенетикалық себебі?


*жиі ЖРВИ
*ақуыз жетіспеушілігі
*+ағзада темір тапшылығы
*дәрумендердің ағзаға аз түсуі
*созылмалы инфекциялық ошақ

#97
*!Теміртапшылықты анемияда ЕҢ сәйкес маңызды этиологиялық фактор?


*эритроциттер гемолизі
*+ішектерде темір сіңірілуі бұзылуы
*гемоглобин түзіліуінің белок тапшылығына байланысты бұзылуы
*гемоглобин түзіліуінің темір тапшылығына байланысты бұзылуы
*гемоглобин түзіліуінің дәрумендер тапшылығына байланысты бұзылуы
#98
*!Қай жас топ балалар теміртапшылықты анемияға ЕҢ бейім?
*кіші оқушылар
*жаңа туылғандар
*+ерте жастағы балалар
*мектеп жасына дейінгі балалар
*пре- және пубертатты жастағы балалар

#99
*!Анемияның қай түрі ЕҢ кең тараған?


*гемолитикалық
*гипопластикалық
*+теміртапшылықты
*белок тапшылықты
*постгеморрагиялық

#100
*!Прелатентті темір тапшылығына ЕҢ тән өзгерістер?


*сарысулық темір азаюы
*сарысулық темір көбеюі
*трансферрин қанығу азаюы
*макрофагтарда гемосидериннің ұлғаюы
*+радиоактивті темір абсорбциясының ұлғаюы




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет