Балалар ревматизмі (ревматикалық қызба) Ревматизм



бет15/15
Дата25.09.2023
өлшемі79,4 Kb.
#182316
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Ревматикалық қызба
ГН и ПН каз ПДФ
Алғашқы (бірінші реттегі) профилактика ревматизмнің пайда болуына қарсы жүргі-зілсе, екінші реттегі алдын-алу жұмыстары оның қайталап соғуына қарсы бағышталған.
Бірінші реттегі (алғашқы) ревматизмнің алдын-алу жұмыстары баланың табиғи қорғаныс мүмкіндіктерін (иммунитетін) көтеруге бағышталған (шынықтыру, жұмыс пен демалыстың ретін дұрыстау, тиімді тамақтандыру, поливитаминдерді, аскорбин қышқылын беру).
Екінші реттегі алдын алу. Бұл мақсатпен әсері ұзартылған пенициллинді дәрілер қолданылады: бициллин-3 және бициллин-5. Бициллинопрофилактика мерзімді және жыл бойлық болып бөлінеді.
Мерзімдік – 3-6 апта бойына 7 күнде бір рет мектеп жасына дейінгі балаларға 600 000 бірлік, мектеп жасындағы балаларға 1 200 000 есебінен ацетилсалицил қышқылы беріледі.
Жыл бойы профилактикасында бициллин-5 қолданылады. Оның әсері 3-4 апта бойы сақталады. Мектеп жасына дейінгі балаларға 2-3 аптада бір рет 750 000 бірліктен, мектеп жасындағы балаларға 1 500 000 бірліктен 4 аптада бір рет етке егіледі. Күзде және көктемде әр жасына 0,1г есебінен (бірақ тәулігіне 1г-нан артық болмауы керек) 4-6 апта бойына ацетилсалицил қышқылы қолданылады.
Жүрек ақауы құралмаған немесе жүректе айқын өзгеріссіз, хорея бар алғашқы ревмокардитте, ұстамадан кейін 3 жыл бойы алдын-алу жұмыстары, содан кейін 2 жыл бициллин және ацетилсалицил қышқылына мерзімді алдын-алу жұмысы жүргізіледі. Жүрек ақауы пайда болған хорея бар созылмалы енжар және үзіліссіз қайталама дамыған алғашқы ревмокардитте және қайталама ревматизммен ауырған барлық балаларға жыл бойы алдын-алу жұмыстары 5 жыл қатар жүргізіледі.
Бициллинді егер алдында толық және ұқыпты түрде аллергологиялық мағлұматтар, әсіресе пенициллинге аллергиялық реакцияның бар жоғы туралы жинау керек. Егер ондай мағлұмат бар болса, бициллин жасауға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет