Балалық шағы



бет2/3
Дата10.11.2016
өлшемі360,56 Kb.
#1463
1   2   3











Отбасы


Зайыбы, Сара Алпысқызы Назарбаева, 1992 жылғы ақпаннан – Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының негізін салушы және президенті. Бүгінде «Бөбек» – республиканың тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге, шет елдерде де мойындалған ең белсенді қайырымдылық қоры.

Қор жүздеген және мыңдаған қайырымдылық шараларын өткізіп, жетім балалар мен мүгедектерге көмек, аналарға қолдау көрсетіп келеді.

С.Назарбаева – 1994 жылғы шілдеден бастап «SOS – Қазақстанның балалар қалашықтары» қорының президенті. 1999 жылғы наурыздан бастап «Демография» қайырымдылық қоры қамқоршылар кеңесінің төрайымы.

Қайырымдылық және қамқорлық саласындағы ерен еңбегі үшін Сара Назарбаева халықаралық ұйымдардың көптеген марапаттарына ие болды. Олардың арасында Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының Ихсан Дограмачи атындағы Халықаралық жүлдесі, Unity халықаралық жүлдесі, «Құрманжан Датқа» жүлдесі сияқты елеулі марапаттар бар. Ол Шыңғыс Айтматов атындағы «Өзін-өзі тану философиясына қосқан ұлы үлесі үшін» алтын медальінің иегері. Сара Алпысқызы Софи Лореннің қолынан Ресей Қызыл Крест қоғамы тағайындаған және өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған көпжылдық қызметі үшін берілетін «Алтын жүрек» халықаралық жүлдесін алды. 

Ол 2010 жылы өз өмірін SOS Kinderdorf балалар қалашығының балаларына арнаған әйелдерге берілетін SOS Kinderdorf International Халықаралық қорының марапаты –  «Алтын жүзікке» ие болды.

Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы (1963 ж.т.), үлкен қызы. Екі ұлы және қызы бар. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Саяси ғылымдар докторы. Қазақ, орыс, ағылшын, итальян және неміс тілдерін меңгерген.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоғамдық Қорының директоры. ҚР Парламенті Мәжілісінің 5-шақырылымдағы депутаты. Әлеуметтік-мәдени даму комитетін басқарады.

Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызы (1967 ж.т.), ортаншы қызы. Ұлы мен қызы бар. 1989 жылы А.В.Луначарский атындағы Мәскеу мемлекеттік театр өнері институтын бітірді. Қазақ, орыс, ағылшын және итальян тілдерін меңгерген.

1998 жылы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтында іскерлік әкімшіліктендіру магистрі дәрежесін алды. 2007 жылы докторлық диссертация қорғады. 2004 жылдан бері Қазақстан-Британ техникалық университеті директорлар кеңесінің төрайымы. Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру қорын басқарады.



Назарбаева Әлия Нұрсұлтанқызы (1980 ж.т.), кіші қызы. Қазақстандағы және шетелдердегі мектептер мен университеттерде оқыды. ҚазМЗУ-ді бітірген. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін меңгерген. Екі қыз тәрбиелеп отыр.

«Европа плюс» радиосында директордың көмекшісі,  «ТұранӘлемБанкте» заң департаментінің стажері,  Нұрсұлтан Назарбаевтың хатшысы болып жұмыс істеді. «Элитстрой» құрылыс компаниясының басшысы.



Нұрсұлтан Назарбаевтың жеті немересі және екі шөбересі бар.


Каталог: files -> blog
blog -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blog -> Программа по предмету «Русский язык»
blog -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blog -> 14 ақпан «Демалыс күн» клубында қазақтың әйгілі күйшісі, композиторы Дина Нұрпейісованың (1861-1955) 155 жылдығына арналған тарихи-танымдық сағат өтті
blog -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blog -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blog -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blog -> Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты мектепішілік көркемсөз сайысы Мақсаты
blog -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blog -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет