Баланы ерте араласуды қажет ететін санатқа жатқызудың негізгі критерийлері



бет2/2
Дата02.04.2022
өлшемі23,12 Kb.
#137636
1   2
Байланысты:
ерте жас көмек көрсету
Әлеумектік, Әлеумектік
Міндеттері:


  • мүмкіндіктері шектеулі баланың мәселелері мен мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін кешенді пәнаралық топтық бағалау;


  • ерте жастағы дамуында тілдік ауытқулары бар бар, көру және есту ауытқулары бар балаларға, қимыл-қозғалыс аппараты мен эмоциональдық-ерік салаларында тежелістері бар балаларға, оқу және мінез-құлқы мен қарым-қатынас салаларында қиындықтары бар және басқада әр түрлі ауытқулары бар балаларға кешенді оңалту, бейімдеу және қоғамға ендіруге бағытталған медициналық-педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық түзету көмегін көрсету.;


  • ерте жастағы мүмкіндіктері шектеулі баланың жеке түзете-дамыту бағдарламасын (ЖДБ) құру және оны жүзеге асыру;


  • мүгедек баланың жеке бейімдеу бағдарламасын жүзеге асыру;


  • жеке және топтық, кіші топтық түзете-дамыту сабақтарын өткізу;


  • отбасындағы мүмкіндіктері шектеулі бала тәрбиесі мен білімі туралы ата-аналарға (басқа бала тәрбиесіне жауаптыларға) кеңес беру, оқыту-ағарту жұмыстарын жүргізу;


  • мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін жалпы білім беру мекемелерінің педагогтарына балалардың психофизикалық даму ерекшеліктері мен даму мүмкіндіктері, оқытудағы кездесетін қиындықтар туралы кеңестер беру мен әдістемелік басқару жұмыстарын жүргізу.



Зерттеу жұмысының мақсаты: ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің даму деңгейін анықтау болып табылады.
Ерте жас – баланың қарқынды даму кезеңі. Бір жастан үш жасқа дейінгі кезеңде балалардың әлеуметтік дамуы мен жетекші әрекеті өзгереді. Ерте жастағы баланың жетекші әрекеті заттық әрекет болып саналады, ал ересек адаммен жағдаяттық-іскерлік қарым-қатынас балаға заттармен әрекеттенудің қоғамдық-таңдамалы тәсілдерін меңгеретінін заттық әрекетті ұйымдастырудың түрі және құралы бола бастайды.
Ерте жаста баланың сөйлеу тілі де қарқынды дамиды. Баланың автономиялық сөйлеу тілі (әдетте жарты жыл ішінде) жоғалады. Бала өз ана тілін меңгеруде айтарлықтай табыстарға жетеді, ол оның фонетикалық, семантикалық жақтарын меңгереді. Дыбыстары айтуы дұрыстала бастайды. Бұл жастағы баланың сөйлеу тіліндегі ең үлкен өзгеріс, ол үшін сөз заттық мағына ала бастағанында болады. Ерте жаста баланың енжар сөздігі жылдам өседі. Бала екі жасқа келгенде ересек адам айналасындағы заттарды атап сөйлегенде, бала шамамен барлық сөзді ұғады. Енжар сөздігімен қоса белсенді сөздігі де молая бастайды.
Бала өмірінің алғашқы үш жылы оның сөйлеу тілінің дамуының шешуші кезеңі болып табылады. Бала дүниеге келген кезінен бастап-ақ дыбыстарға құлақ салады, анасы мен әкесінің еріндерінің қозғалысын бақылайды, таныс дауыстарды тани бастайды. Өмірінің алғашқы күндерінен бастап сөйлеу тілінің дыбыстарын өздеріне сіңіреді, сөздерді жинайды және жинақтайды. Бала осылайша кейіннен белсенді түрде пайдалана бастайтын өзінің енжар сөздігін дамыта бастайды.
Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктерін анықтауға бағытталған әдістемелер негізіне келесі параметрлер алынды:

  • ересектің сөйлеу тілін қабылдау деңгейін анықтау;


  • ересектің сөйлеу тілін түсінуін анықтау;


  • белсенді және енжар сөздік қорының көлемін анықтау;


  • контексттік сөйлеу тілінің жағдайын анықтау.


Зерттеу жұмысы Алматы облысы, Қарасай ауданы, «Ұмай Ана» балабақшасында жүргізілді.


Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктерін анықтау үшін Т.Б.Чиркинаның әдістемелерін негізге ала отырып, қазақ тілінің ерекшеліктерін ескеріп, келесі әдістемелерді қолдандық:
№1 Әдістеме. «Сөйлеу тілін түсінуін тексеру».
Мақсаты: ересектің сөйлеу тілін қабылдау деңгейін анықтау.
Құрал-жабдықтар: қуыршақ және балаға жақсы таныс 4-5 заттар /кесе, сылдырмақ, күшік/.
Жүргізілу шарасы: тексеру әр баламен жеке жүргізілді.
1-жағдай: бала өз есімін естігенде жауап қайтаратындығы тексерілді.
2-жағдай: баланың аталған затты көрсетуі өтінілді.
3-жағдай: қуыршақ денесінің қандай да бір бөлігін көрсетуі өтінілді.
4-жағдай: баладан аталған затты беруі өтінілді.
5-жағдай: затпен белгілі бір әрекетті орындау ұсынылды /сылдырмақты қорапшаның ішіне сал/. Тапсырма баланың жас ерекшелігіне байланысты күрделенеді.
6-жағдай: баладан қолымен, аяғымен, басымен, бүкіл денесімен белгілі бір қимылдарды жасауы өтінілді.
7-жағдай: баладан өз денесіндегі немесе бетіндегі ұқсас бөліктерін табу өтінілді.
Тапсырмалардың анықтамасы бірнеше рет қайталанды.
Мәліметтерді өңдеу
Баланың дұрыс түсінуі үшін қажетті тапсырмалардың анықтамасын қайталау саны, дұрыс орындалған тапсырмалар саны көрсетілді. Тапсырма анықтамасын қайталау саны баланың жинаған ұпайларын анықтады:
1 рет – 2 ұпай,
2 рет – 1 ұпай /тапсырманы орындаған кезде/,
2 реттен артық – 0 ұпай /тапсырманы орындамаған кезде/.
Егер бала 11 мен 14 ұпай аралығында жинаса, онда бұл сөйлеу тілін түсінудің жоғары деңгейі.
7-ден 10 ұпайға дейін - сөйлеу тілін түсінудің орташа деңгейі.
6-дан 0 ұпайға дейін - сөйлеу тілін түсінудің төмен деңгейі.
№2 әдістеме. «Ойыншықты тап».
Мақсаты: ересектердің сөйлеу тілін түсінуін анықтау.
Құрал-жабдықтар: балаға таныс әртүрлі заттар /ойыншықтар, пирамидалар, қуыршақтар және т.с.с./
Жүргізілу шарасы: ойын әрекеті үрдісінде біз балалардың заттармен қалай әрекет жасайтынын бақыладық: ойыншықтарға көңіл аударады ма, қолына алады ма, ойыншық жауап реакциясын тудырады ма, ойыншық баланың жүзіне күлкі үйіреді ме, оған қаратылып айтылған сөзді түсінеді ме.
Мәліметтерді өңдеу
Балалардың ересектің сөйлеу тілін түсінуі жоғарыда айтылған барлық бағалау параметрлері бойынша көрсетілді. Орындалған фрагменттердің саны баланың жинаған ұпай санын анықтады: орындау сапасы:
5 ұпай – баланың сөйлеу тілінде нәтижелілікті анықтайтын келтірілген 5 фрагменттің барлығы кездеседі.
Мұндай ұпай саны түсінудің жоғары деңгейіне сәйкес келеді. Барлық параметрлер орындалған.
3-4 ұпай – сөйлеу тілін түсінуін анықтайтын орындалған 3-4 фрагмент.
0-2 ұпай - сөйлеу тілін түсінуін анықтайтын орындалған 0-2 фрагмент.
Сөйлеу тілінің даму деңгейі туралы қорытынды:
5 ұпай – жоғары деңгей.
3-4 ұпай – орташа деңгей.
0-2 ұпай – төмен деңгей.
№3 Әдістеме. «Бұл не».
Мақсаты: белсенді сөздік қор көлемін анықтау.
Құрал-жабдықтар: заттық суреттер.
Жүргізілу шарасы: баланың сөздік қорының көлемін бағалау үшін біз ұсынылған материалдарды балалардың сөздерді сөйлеу тілінде қолдану жиілігінің дәрежесі бойынша шартты түрде 3 топқа бөлдік. Бірінші топқа бала өмірінде жиі кездесетін заттардың атауын білдіретін сөздер кірді. Үлгі ретінде мына тақырыптар бойынша суреттерді іріктеп алдық: /киімдер: қалпақ, шарф, көйлек, шалбар/ көкөністер: орамжапырақ, сәбіз, картоп, пияз/ үй жануарлары: мысық, ит/
Мәліметтерді өңдеу
Дұрыс жауаптардың саны көрсетілді.
1 ұпай – дұрыс жауаптардың бар болуы.
0 ұпай – дұрыс емес жауап.
Сөздік қор көлемінің деңгейі жөніндегі қорытындылар:
10 ұпай – сөздік қор көлемінің жоғары деңгейі.
7-9 ұпай – сөздік қор көлемінің орташа деңгейі.
    1. ұпай - сөздік қор көлемінің төмен деңгейі.


0-1 ұпай - сөздік қор көлемінің өте төмен деңгейі.


№4 әдістеме. «Суретті сипатта».
Мақсаты: контексттік сөйлеу тілінің жағдайын анықтау.
Құрал-жабдықтар: сюжеттік суреттер.
Жүргізілу шарасы: тексеру жеке жүргізілді.
Балаларға біз сюжеттік суреттерді ұсындық. «Суретке мұқият қара және не көріп тұрғаныңды айт. Мұндағы адамдарға ат қой» деген нұсқау беріледі. Сапалы бағалау параметрлері:
1– зат есімдерде /жекеше және көпше түрдегі категориялар/.
  1. Етістіктерде /жекеше және көпше түрдегі категориялар/.


  2. Шылаулар.


  3. Есімдіктердің болуы.


  4. Байланыстырып сөйлеу тілі.


Нәтижелерді бағалау:


5 ұпай – баланың сөйлеу тілінде сөйлеу тілінің 5 фрагменті кездеседі.
2-4 ұпай – сөйлеу тілінің 4-5 фрагменті кездеседі.
0-1 ұпай – сөйлеу тілінің бір фрагментінен кем емес.
Даму деңгейі жөніндегі қорытынды:
5 ұпай – жоғары деңгей.
3-4 ұпай – орташа деңгей.
2 ұпай – төмен деңгей.
1 ұпай – өте төмен деңгей.
Алматы облысы, Қарасай ауданы, «Ұмай Ана» балабақшасының орта тобындағы 20 бала тексеруге қатысты. Тексеру нәтижесінде әр бала өзінің сөйлеу тілінің деңгейін анықтаған белгілі бір ұпай жинады. Әр баланың әр әдістемеден жинаған ұпайларының ортақ саны есептеліп, топтағы балалардың сөйлеу тілінің даму деңгейлері анықталды:

11бала


1бала

8бала

30-34 ұпай 26-30 ұпай 0-26 ұпай
Жоғары орташа төмен
Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің даму деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген әдістемелердің қорытынды нәтижесі топтағы балалардың сөйлеу тілінің дамуы әртүрлі деңгейде екенін көрсетті. Тексеру барысында 1 балада ғана (5%) сөйлеу тілі дамуының жоғары деңгейі көрініс тапты. Ол тапсырмаларды орындау кезінде белсенділік танытты және еш қиындықсыз нұсқауларды орындады. Қарым-қатынасқа оңай түсті және берілген суреттердің атауын атай білді.
Сөйлеу тілі дамуының орташа деңгейін топтағы 11 баладан (55%) байқадық. Бұл балаларда сөйлеу тілін түсінуде қиындықтар туындады. Балалардың барлығы бірдей тапсырманы орындауға ат салыса қоймады. Сұрақтарға 2-3рет нұсқауды қайталаған соң жауап қайтарды.
Сөйлеу тілі дамуының төмен деңгейін 8 бала (40%) құрады. Бұл балалармен қарым-қатынасқа түсу қиындау болды. Олар қойылған сұрақты түсінбеді, сондықтан тапсырманы бірнеше рет қайталау қажет болды. Кейбір тапсырмалар мүлде орындалмады. Сонымен қатар бұл балалардың тапсырмаларды орындауға қызығушылықтары да байқалмады.
Осылайша, ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің даму деңгейі әртүрлі болатындығы және көбісінде сөйлеу тілінің дамуы жоғары деңгейде емес екендігі тексеру нәтижесінде анықталды. Мұндай балаларға олардың сөйлеу тілін жан-жақты дамытатын, коммуникативтік қажеттіліктерін белсендіретін арнайы түзетушілік бағдарламаларды жасау қажет. Зерттеу жұмысының мақсаты бұған дейінгі аталған тақырып төңірегіндегі мәліметтерді жинақтап, оларға толықтырулар енгізіп, қазіргі таңда ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің даму деңгейін анықтау болатын. Бұл жұмыс келешекте ерте жастағы балалардың сөйлеу тілін дамытуды ерте қолға алып, олардың қарым-қатынас дағдыларын дамытуға арналған әдістемелік құралдарды дайындауға мүмкіндік береді.
Ерте түзетушілік араласу баланың бүкіл психикалық даму барысын өзгертуі мүмкін. Мақсатты бағытталған кешенді әсер ету балалардың ересектермен, құрдастарымен эмоционалды және жеке тұлғалық қатынастарын байытуға, әртүрлі сезімдік тануындағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталуы тиіс.
Зерттеу нәтижесінде ерте жастағы балалардың сөйлеу тілін дамытуға бағытталған келесі ұсыныстарды атауға болады:

  • қажетті педагогикалық жағдайлар үшін интерактивті ортадағы арнайы түзетушілік-логопедиялық жұмыстарды жүргізу;


  • балалардың сөйлеу тілін дамытуды олардың сөйлеу белсенділігін дамытуға, сөздік қорын байытуға көмектесетін ойын негізінде ұйымдастыру;


  • Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілін дамытудың басты шарты ретінде арнайы бейімделу ортасын жасау, ойын тәсілдерін талдау, жүйелі мақсатты бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру.



  • Әлеуметтік көмек - бұл экономикалық жағдайы төмен, әлеуметтік әлсіз, психологиялық жағынан әлсіз адамдар тобына әлеуметтік ортада қалыптасуын жақсартуына бағытталған қызмет көрсету кешені. Ол зейнетақы төлемін қосымша төлеумен, сондай-ақ ұзақ қызмет көрсетуімен (медициналық, психологиялық, құқықтық, педагогикалық және т.б.) сипатталады.

  • Бұл үрдіс үздіксіз жүйелі түрде ұйымдастырылады. Оның негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу. Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызмет көрсету институты толығымен ұйымдастырылмаған және әр тұлғаның жеке әлеуметпк қажеттіліктерін анықтау жұмысы толық жүргізілмейді. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» ҚР заңына заңға байланысты 2003 жылдан бастап мүгедек балаларға әлеуметгік көмек көрсету, оларды бейімдеу жұмысы алға басты. Заңды іске асыру жоспарына сәйкес 2003 жылдан бастап 2005 жылға дейін Қазақстан Республикасында 212 бөлімі ашылуы тиіс және де сол бөлімдерде 3236 әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істеуі тиіс. Қазіргі уақытта әлеуметтік көмек көрсету ұйымдарында әр түрлі мамандар жұмыс істеді. Олардың арнайы бөлімдері жоқ. Әлеуметтік педагогикалық даярлау басталғанымен олардың қызметтерінің нормативтік базасы құрастырылмаған және білім беру мекемелерінде әлуметтік педагогикалық қолданудың технологиялар жеткіліксіз.

  • Әлеуметтік көмек көрсету жүйесінде әлеуметтік педагогикалық әрекеттін орны ерекше.

  • Әлеуметік- педагогикалық әрекет (мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға жәрдемдесу)- бұл мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жасына , қоршаған ортасына байланысты даму ерекшелігін ескертетін үздіксіз педагогикалық мақсатты ұйымдастырылған әлеуметтік және мәдени шартталған кеңістіктен «шығып кетуіне» (Л.С.Выготский) әкеледі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет