Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Жүрек дыбыстарының өзгеруі



Pdf көрінісі
бет327/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Жүрек дыбыстарының өзгеруі, 
жүрек ауруларына байланысты және жүректен тыс
себептерден пайда болуы мүмкін.
Екі дыбыстың бірдей әлсіреуі тер асты шел майы шектен тыс дамығанда, өкпе
эмфиземасында, сол жақты экссудативтік плевритте, сұйықтық перикардитте байқалады.
Жүрек еттеріне зақым тигізетін жұқпалы ауруларда және басқа миокардитте де, жүрек
жұмысы әлсірегенде, екі дыбыстың бірге әлсіреуі байқалады. Бұл жағдайларда
дыбыстарды қатаңдау немесе қатаң деп атайды.
Екі дыбыстың бірдей күшеюі кеуде қуысы нәзік болғанда (астениктерде), жүдегенде,
денеге салмақ түскенде және психикалық өзгерістерде, невропаттарда, анемияда, әр түрлі
себепті жүрек гипертрофиясында анықталуы мүмкін. Бірінші дыбыстың жүрек ұшының
тұсында әлсіреуі митральды ақауда, аорта қақпағының жетіспеушілігінде, үш жармалы
қақпақтың және өкпе тамырының қақпағының жетіспеушілігінде пайда болады. Бірінші
дыбыстың жүрек ұшының тұсында күшеюі жыбыр аритмиясында, экстрасистолияда
естіледі. Екінші дыбыстың аорта тұсында әлсіреуі аорта қақпағының жетіспеушілігінде
байқалады.
Екінші дыбыстың өкпе тамырының тұсындағы әлсіреуі, өкпе тамырының
кақпағының жетіспеушілігінде немесе өкпе тамырының тарылуында пайда болуы мүмкін.
Екінші дыбыстың аорта тұсында күшеюі (акценті) қан айналу жолының үлкен шеңберінде
тамыр қысымының жоғарылауында, нефрит, гипертониялық ауру және т. б. байқалады.
221


Екінші дыбыстың өкпе тамыры тұсындағы күшеюі (акценті) митральды ақауларда,
ашық тамыр өзегінде, эмфиземада, пневмосклерозда, плевралар жабысып қалғанда
байқалады. Кейбір кездерде аускультация арқылы бір дыбыстың орнына екі қысқа дыбыс
бірінен соң бірі аз уакыт аралығында естіледі. Бұны дыбыстың жаңқалануы деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   1544




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет