Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Корпрологиялык зерттеулер



Pdf көрінісі
бет377/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   373   374   375   376   377   378   379   380   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Корпрологиялык зерттеулер.
Нәжісті зерттеудің де ішек-қарын жолдарының
ауруларын анықтауда алатын орны үлкен. Нәжісті копрологиялық зерттеу жалпы қарау,
микроскопиялық, химиялық, бактериологиялық тексерулерді қамтиды. Қарап, нәжістің
түсін, иісін, консистенциясын, құрамында көзге түсетін басқа заттарды анықтайды. Бұл
көрсеткіштер баланың жасына, тамақтану түріне, қандай тағамдармен
тамақтанатындығына байланысты болады.
Микроскопия жасағанда, бір көру аймағында эритроциттер, лейкоциттер, ет
талшықтарының санын анықтайды. Құрттар жұмыртқасына тексергенде, нәжістің кішкене
бөлігін шыныға жағып, дистилляцияланған судың немесе глицериннің бір тамшысын
тамызып, жабқыш шынымен жауып, микроскопия жасайды. Крахмал дәндерін анықтау
үшін Люголь ертіндісімен, майды анықтау үшін судан III реактивімен бояйды.
Химиялық зерттеу әдістерін нәжістегі жасырын қанды (бензидин сынамасы), өт
пигменттерін, ферменттерді анықтау үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   373   374   375   376   377   378   379   380   ...   1544




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет