Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ІІІ-кезеңі. Сүйек майында қан жасалу кезеңі



Pdf көрінісі
бет382/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

ІІІ-кезеңі. Сүйек майында қан жасалу кезеңі.
Үшінші айдың аяқ шенінде сүйек
майы толық пайда болады. Сүйек майында қан жасалу тамыр сыртында жүреді. Сүйектің
торлы майында 4-ші айдан бастап қан жасалуының қызыл және ақ клеткаларының
қатарлары пайда болады. Дегенмен, миелоидты элементтердің пайда болуы басымдау
түседі. Талақтың қан жасалу әрекеті құрсақтық өмірдің 14 аптасынан басталады. Талақта
лимфоциттермен қатар миелоидтық және эритроидтық клеткалар қатары пайда болады.
Дегенмен, лимфоциттердің пайда болу процессі басым түседі. Талақтың фоликулалары
лимфоидты, ал ұлпасы миелоидты аппарат ретінде қызмет етеді.
247


Олардың саны жасына байланысты өсе түседі. Ұрықтың өмірдің 2-ші айына дейін
эритропоэз басым келеді. Лейкопоэз жокка жақын. 3 айлығында қанда гранулоциттер (25
%) пайда болады. Міне, осы кезеңде қан жасалудың миелобластикалық түрі нормоблас-
тикалықпен ауысады. Ұрықтық кезеңнің 5-айынан бастап қанда лимфоциттер пайда
болады. Қазіргі кезде лимфопоэздің 2-3 айлықта жетілетіндігі, айыршық безбен
реттелетіндігі айқындалған. Ұрықтық кезеңнің аяқ шенінде қанда гранулоциттермен
лимфоциттердің саны көп болады. Сонымен, туылған кезде эритроциттердің, лейкоцит-
тердің және тромбоциттердің негізгі жасалу мүшесі болып торлы сүйек майы
есептелінеді.
Ерте жастағы балаларда қан жасалу барлық сүйектер майында жүреді. Қызыл сүйек
майының сары сүйек майына айналу белгілері 4 жастан бастап пайда болады. Жыныстық
жетілу кезеңінде қан жасалу тек қана жалпақ сүйектердің, қабырғаның, омыртқаның
торлы сүйек майында (сүйек кемігінде) жүреді. 
Туылғаннан кейін айыршық без бен лимфа жүйесі лимфоциттер өсіп, жетілетін
негізгі орын болып табылады. Лимфа жүйесі лимфалық фолликула деп аталатын,
барлығына бірдей лимфа жасалудың негізгі гистологиялық бірлігіне жататын лимфа
түйінінен, талақтан, ішектің фолликулярлы клеткаларынан, ішектің лимфоидты
қатпарларынан және басқа лимфоидтық тканьдардың жиынтығынан тұрады.
Айыршық без құсақтық кезеңнің 6-шы аптасынан пайда бола бастайды. Ұзындығы
40 - 50 мм эмбрионда айыршық бездің қыртыстық және милық заттарын айыруға болады.
11-12 аптадан бастап милық қабатында айыршық бездің денешіктері (Гассол денешіктері)
пайда болады. Тимоциттер 7-8 аптадан бастап пайда болып, 14 аптада айыршық бездің
қыртыстық қабатында орналасады. Одан әрі айыршық без тез өсіп, 6-12 жаста
максимальды салмағына жетеді. Одан кейін ол кері дамып семеді.
Талақ ұзындығы 10 мм (5 апталықта) ұрықта қарынның дорсалды шажырқайында
мезенхималық клеткалардың жиынтығынан пайда болады. Құрсақтық кезеңде, әсіресе,
жүктіліктің екінші жартысында, талақтың салмағы арыта түседі. Дегенмен, туылған кезде
талақ толық өсіп жетілмейді. Трабекулалары және қабығы нашар дамыған, бірақ
лимфатикалық фолликулалар жақсы дамып, көптеген бөлігін алып жатады. Талақтың
салмағы баланың жасына байланысты арыта түседі. Талақтың функциясы толық
анықталмаған. Оның ескірген эритоциттер мен тромбоциттердің өлетін жері екені белгілі.
Қызыл қан түйіршігінің көрсеткіші болып, эритроциттер мен ретикулоциттер саны,
гемоглобин мөлшері, рендік көрсеткіш саналады. Туылған кезде кіндік тамырындағы 1мл
қанда эритроциттер 5 млн. (5 х 10
12
/л), гемоглобин 16,5г % (165г/л) болады. Туылғаннан
кейін бірнеше сағаттың ішінде эритроциттердің саны 7,5 х 10
І2
/л, ал гемоглобин 190 - 240
г/л-ге дейін арытады.
Орта есеппен осындай мөлшерде бұл көрсеткіштер 5-7 күнге дейін сақталады да, 14-
ші күнде 4,3-6,4х10
12
/л дейін эритроциттер және гемоглобин 145-242 г/л
 
дейін төмендейді.
Гемоглобин мөлшері 4,5-5,5 айда Сали бойынша 65 бірлікке (10г%, 100 г/л),
эритроциттер саны 4-4,5 млн (4-4,5 х 10
12
/л) дейін төмендейді. 
Бұл кезеңде қан құрамына
баланың тағамдану ережесі және ауырған науқастары да әсерін тигізеді.
Табиғи жол-
мен тамақтанатын балалармен салыстырғанда, жасанды сүт қоспаларымен қоректенетін
балаларда гемоглобиннің мөлшері мен эритроциттер санының азаюы жиірек кездеседі.
Бір жастан кейін эритроциттер саны 1мл қанда 4,5-5,0млн (4,5-5,0х10
12
/л),
гемоглобин мөлшері Сали бойынша 70-80 бірлік (13-14г%, 130-140г/л) шегінде
тұрақтайды.
Жаңа туылған балада лейкоциттер саны 10 - 30000 (10 - 30 х 10
9
л), бір жасқа дейінгі
кезеңде 10-12000 (10 - 12 х 10
9
/л) орта есеппен
 
11000 (11 х 10
9
л), жастан кейін 1 мл қанда
6-8000 (6-8 х 10
9
л)болады. Эритроциттердің тұну жылдамдығы төмен (1-2 мм), 1 жасқа
дейін – сағатына 4-10 мм.
Лейкоцитарлық формула (Лейкоциттердің түрлерінің
 
пайыздық қатынасы):
эозинофильдер – 2%, базофильдер – 0 ,5-2%, моноциттер – 6%. Орта есеппен
248


эозинофильдер, базофильдер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   1544




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет