Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет58/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

тәртіппен
өз
құзыреттері шегінде жүргізеді.
3. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы жобалардың сараптамасы
бөлігінде – мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары,
санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер бөлігінде мемлекеттік сани-
тариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары жүргізеді. 
4. Санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер санитариялық-
эпидемиологиялық сараптаманың ағзалық-лептикалық, санитариялық-гигиеналық,
токсикологиялық, санитариялық-химиялық, биохимиялық, микробиологиялық, эпиде-
миологиялық, бактериологиялық, вирусологиялық және паразитологиялық зертханалық
зерттеулер, тамақ өнімдерінің энергетикалық және биологиялық құндылығына зерттеулер,
шуылды, дірілді, электр-магниттік өрістерді және физикалық факторларды өлшеуді
жүргізуге, радиометрия мен дозиметрияны қамтитын радиациялық зерттеулер жүргізуге
байланысты бөлігі болып табылады.
5. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша санитариялық-
эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін олар қаржыландыруды қамтамасыз етеді және
қажетті құжаттаманы табыс етеді.
6. Жарамсыз тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізаты болған жағдайларда
санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізілмейді.
7. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама не ғылыми сараптама нәтижелері
бойынша адамның немесе болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін әлеуетті қауіпті деп
танылған химиялық және биологиялық заттарды Қазақстан Республикасында қолдануға
тыйым салынады. Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған әлеуметті
қауіпті химиялық, биологиялық заттар тіркелімі мерзімді баспасөз басылымдарында
жариялануға жатады. 
8. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары тексерулер мен
санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелерінің негізінде:
1) атом энергетикасы мен өнеркәсібі, ғарыш қызметі және жер қойнауын пайдалану
объектілерін, қоршаған ортаға химиялық және биологиялық заттардың шығарындылары,
физикалық факторлары бар объектілерді, экологиялық зілзала аймақтарындағы
объектілерді және баламасы жоқ, жаңа технологиялық процестері бар объектілерді ор-
наластыруға, реконструкциялауға және кеңейтуге;
2) өндірістік күштерді орналастыруға, қалалар мен ауылдық елді мекендер,
курорттық аймақтар құрылысының бас жоспарларына, өнеркәсіптік және азаматтық
мақсаттағы объектілердің техникалық-экономикалық негіздемелеріне, құрылысы мен
реконструкциялау жобаларына;
3) болжамды құрылыстың немесе функционалдық бейінін (мақсатын) ауыстыра
отырып, реконструкциялануға жататын объектінің учаскесіндегі санитариялық-
эпидемиологиялық жағдай туралы материалдарға;
4) қоршаған ортаға ластаушы заттардың және физикалық факторлардың жол беруге
болатын шекті шығарындылары мен жол беруге болатын шекті төгінділері, санитариялық
қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары, геологиялық зерттеулер,
технологиялар бойынша техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобаларға және басқа
да нормативтік құжаттамаға;
5) шикізатқа, тамақ өнімдеріне, тауарларға, бұйымдарға, заттарға, тетіктерге,
мәшинелерге, жабдыққа, құрылыс материалдарына арналған нормативтік құжаттардың
жобаларына, сондай-ақ халықтың әр түрлі топтарын оқыту, тәрбиелеу, олардың тәни даму,
еңбек ету, өмір cүpy, демалу, тамақтану, сумен жабдықталу, медициналық қызмет
көрсетілу режімдеріне;
6) шикізатты, тамақ өнімдерін, ауыз суды, құрылыс материалдарын, кең
тұтынылатын тауарларды, уытты, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру,


тасымалдау, сақтау, қолдану және өткізу, сондай-ақ жұмыстар орындау мен қызметтер
көрсету жағдайларына;
7) халықтың әр түрлі топтарын оқыту, тәрбиелеу, олардың тәни даму, еңбек ету, өмір
сүру, демалу, тамақтану, сумен жабдықталу және медициналық қызмет көрсетілу
жағдайларына;
8) санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды, халықтың денсаулық жағдайын
сипаттайтын материалдарға, инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар туралы және
уланулар туралы мәліметтерге;
9) топыраққа, су қоймаларына және атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық,
токсикологиялық, радиологиялық жүктеме жөніндегі материалдарға;
10) жаңа өнімге, технологияға, жабдыққа;
11) жобаланып жатқан, салынып жатқан және пайдаланылып отырған өнеркәсіптік
және азаматтық мақсаттағы объектілерге, өнеркәсіп бұйымдары мен көлікке, сондай-ақ
халықтың денсаулығы үшін ықтимал қауіпті және (немесе) маңызы бар басқа да
объектілерге;
12) сәйкестігі міндетті расталуға жатпайтын тамақ өнімдеріне, тамақ өнімдерімен
жанасатын материалдар мен бұйымдарға;
13) білім беру ұйымдарындағы оқу-еңбек жүктемесі мен оқу режіміне;
14) балаларға арналған тауарларға, тағамдық қоспаларға;
15) елді мекендер құрылысын жоспарлаудың, өнеркәсіптік және азаматтық
мақсаттағы объектілерді орналастырудың, салу мен реконструкциялаудың, жер қойнауын
пайдалануға арналған келісім-шарттардың, санитариялық-қорғаныш аймақтарының, су
пайдалану мен сарқынды суларды бұру, радиоактивтік және басқа да зиянды заттарды
кәдеге асыру мен көму жағдайларының жобаларына, шикізаттың, технологиялық жабдық-
тың, тамақ өнімдері өндірісі процестерінің, азық-түлік шикізатының, өнеркәсіп
бұйымдарының, құрылыс материалдарының, иондандырушы сәулелену көздерінің,
химиялық заттар мен өнімдердің, биологиялық, дәрілік, дезинфекциялаушы, дезинсек-
циялаушы және дератизациялаушы құралдардың, медициналық иммундық-биологиялық
препараттардың және азық-түлік шикізатымен, тамақ өнімдерімен және ауыз сумен
жанасатын ыдыстардың, буып-түйетін және полимерлік материалдардың, парфюмерлік-
косметикалық және басқа да кең тұтынылатын тауарлардың, жабдықтардың, аспаптар мен
жұмыс құрал-саймандарының жаңа түрлеріне арналған стандарттар мен нормативтік
құжаттардың жобаларына;
16) елді мекендердегі шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтің объектілеріне,
олардың санитариялық-қорғаныш аймақтарының көлемдеріне санитариялық-
эпидемиологиялық қорытынды береді.
9. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың негізінде санитариялық-
эпидемиологиялық қорытынды (гигиеналық қорытынды, гигиеналық сертификат) –
жобалау құжаттамасының, мекендеу ортасы факторларының, кәсіпкерлік және (немесе)
өзге де қызметтің, өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық
актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігін (сәйкес еместігін) куәландыратын
құжат беріледі.
10. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары тексерулер мен
санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелерінің негізінде санитариялық
паспорт береді. 
Санитариялық паспорт – мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға
жататын объектінің, көлік құралының гигиеналық нормативтер мен халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық
актілердің талаптарына сәйкестігін растайтын және оларды іске қосуға немесе пайдала-
нуға құқық беретін құжат.


Санитариялық паспортты беру,  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   1544




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет