«Балдәурен» (5-6жас) Мектепалды тобы Ата – аналармен өткізілетін жылдық жұмыс жоспары


Баяндама №1 Отбасы және балабақша ынтымақтастығы



Pdf көрінісі
бет16/31
Дата25.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#159854
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
Байланысты:
Ата аналар жылдык жоспар балдәурен-1

Баяндама №1 Отбасы және балабақша ынтымақтастығы. 
Қазіргі заман талабында отбасы баланың оқу тәрбиесіне араласу қажеттілігі 
айтылған. Сондықтан ата-ана мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты дамыту өзекті 
мәселе боп отыр. Ата – анамен балабақша ынтымақтастығы, баланы оқыту мен 
тәрбиелеудегі – баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да мақсат – мүддесі біреу – 
ол болашақ ұрпақ тәрбиесі. Болашақ азамат тәрбиеленетін алғашқы ұя – отбасы, ата-ана 
құшағы. Жас сәбидің алғашқы еститіні анасының мейірбан сөзі; көретіні анасының аялы 
алақаны. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» немесе «Әке көрген оқ жанар, ана көрген 
тон пішер» дегенде осының айғағы. Яғни, ата –анасының өнегесі, өнері балаға үлгі 
болатыны, бала үйде қандай игі істерге тәрбиеленсе ұядан ұшқанда да сол өнеге – өсиет 
оған сарқылмас қазына болары созсіз. Ғабидден Мұстафин айтқандай «ата – ана қадірін 
білген бала халық қадірін білер, халық қадірін білген бала ата – ананың да қадірін біледі. 
Ол үшін өз халқының дәстүрін мәдениетін, өнерін, тілін қадірлеуді ата – ана және ұстаз 
боп үйрету керек». Ендеше «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші отбасы балабақша 
бірлесе ынтымақтаса отырып, оқу тәрбие жқмысын мақсатты жүргізсе, елдің, халқының 
дәстүрін сыйлайтын ұлтжанды жеткіншек өсіру мақсатымыз еселі өтелері сөзсіз. Болашақ 
ұрпақ тәрбиесін іске асырып отырған кез – келген мекеме үшін отбасымен жұмысты тиісті 
дәрежеде ұйымдастырудың маңызы өте зор. Себебі, отбасы баланың түпкі тамыры 
болмысын қалайтын мекен. Сондықтан да балабақшаның оқу – тәрбие жұмысында ата – 
аналармен жұмысқа ерекше мән беріледі. Сол себепті мен ата – аналармен жұмысқа үлкен 
көңіл бөлемін. Көздеген мақсатым: балабақшамен отбасындағы ынтымақтастықты 
біріктіре отырып оқу және тәрбиелеу жүйесін ұйымдастырып, әр баланы жеке тұлға 
ретінде қазіргі заман талабына сай рухани жан дүниесін байытып, бойындағы 
құндылықтарды дамыту. Балабақша мен ата – ана арасындағы ынтымақтастықты құру. 
Алдыма қойған міндеттерім: 
1.
Ата – аналарға балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық кеңес беру. 
2.
Балабақшадағы іс – шараларға ата – аналарды қатыстыру. 
3.
Ата – аналарды балабақша өмірімен қызықтыру. 
4.
Үлгілі ата – аналарды насихаттау. 
5.
Ата – аналар бұрышын жасау. 
6.
Ата – аналармен біріге отырып құрылған оқу – тәрбие жоспарын жасау. 
7.
Балаларды дамытудың диагностикасын жасау. 
8.
Күнделікті оқу – тәрбие жұмысына ата – аналарды тару. 
Алдыма қойған міндеттерімді іске асыруда мынадай іс – әрекеттерді ұйымдастырдым: 
Тәрбиешінің жүргізген жұмысынан хабарлы болу үшін ата – аналарға топта «Сіздер үшін 
ата - ана» бұрышын жасадым. Онда ата – аналар «Бізбен бірге оқыңыз» айдарынан 
күнделікті жүргізілген тәрбие жұмыстары бойынша толық мағлұматтар алады. Сонымен 
қатар балабақша күн тәртібімен танысады. Сонымен бірге әр тоқсан сайын «Ашық есік 
күндері » ұйымдастырылады. Мұнда ата – ана баласының жетістіктерін немесе 
қиындықтарын көреді, жәнеде балада қиындық тудыратын мәселелерді, үйде 
ұйымдастыру бойынша тәрбиешіден әдістемелік нұсқаулар, дидактикалық ойындар 
пайдаланатын әдебиеттер секілді кепілдемелер алады. 
Сонымен қатар топта «Ата – аналармен байланыс почтасы» ұйымдастырылған, онда ата – 
аналар өзіне маңызды сұрақтардың жауабын тәрбиешіден жазбаша түрде алады. 
«Ғажайып алаң», «КВН», «Жүлдегер отбасы» топтар арасындағы отбасылық жарыстар 
ұйымдастырылады. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие ісін ары қарай 
жетілдіру отбасымен балабақшаның бірлескен жұмысын дамыта және нығайта түсу 
арқылы жүзеге асады. Келесі ата – аналармен ұйымдастырылған «Шебер қолдар үйірмесі» 
жұмыс жасайды. Бұл үйірмеде ата – аналар оқыту тәрбиелеу жұмыстарына декорация 


жасауға атрибуттар дайындауға, сюжеттік ролдік ойындарға бутафориялар, ертегілерді 
сахналауға бетперді жасауға ат салысады. Мұндағы көздеген мақсатымыз: балабақшаның 
оқу – тәрбие іс – әрекеті мәселесіне ата – аналар көңілін аудару. Педагогикалық үрдісті 
жабдықтауға, қазақ халқының мәдениетін, дәстүрін танып білуге белсенді қатысуын 
дамыту. Дегенмен, отбасымен жүргізілген жұмыстар үздіксіз өзгерістерді қажет етеді. 
Себебі, бүгінгі күннің ата – аналары жаңа заманның озық техналогиялардың адамдары. 
Сол себепті ата – аналармен Кітапхана – медиохана жұмыс түрі ұйымдастырылды. Ата – 
аналармен ұйымдастырылған бұл жұмыста ақпараттық технологияларды қолдану әдісі 
арқылы ұйымдастырылған. Бұл жұмыс түрі тіл дамыту, сауат ашу, айналамен 
таныстыруды меңгеру бойынша ойындар және жаттығулары бар кітаптар жиынтығы. 
Балалар көркем әдебиеттері (өлең, тақпақ, ертегілер). Дыбыстарды дұрыс дыбыстауға 
байланысты дыбыстық кітаптар топтың бейнетаспа тұсаукесері. Тақырыптық слайд - шоу. 
Ертегілер, тақпақтар, өлеңдерді электрондық түрде ала алады. Ата – аналармен бұл жұмыс 
тіл мәдениетін, сауат ашу, айналамен таныстыруды жетілдіруге көмегін тигізуде. Мереке 
ойын – сауықтарда «Сүйінші», «Шашу», «Бесікке салу», «Тұсау кесер» салт – дәстүрлерді 
сахналандырып көрсетілді. Бұл ұйымдастырылған шаралар әр отбасында қазақтың салт – 
дәстүрін, әдет - ғұрыпынрухани қуат мемлекетіміздің келешегі ретінде бағалай білуіне 
жұмылдырылған. Жоғарыда аталған жұмыстардың барлығы бүгінгі күні біздің 
мекемемізде кеңінен қолданылды. Әрине бүгінгі таңда бұл жұмыстар өз нәтижелерін 
беруде. Осыдан бірнеше жыл бұрынғы ата – аналар үшін балалардың уақытылы 
тамақтануы, қаралуы ғана маңызды болса, бүгінгі ата – аналар үшін аталған шарттармен 
қатар баланың сапалы білім мен саналы тәрбиемен қамтамасыз етілуі де аса маңызды. 
Сондықтан ата – аналар қауымын мекеме жұмысымен таныстырудың бірден – бір жолы 
оларды мекеме жұмысына , яғни бала тәрбиесіне белсендіре араластыру болып табылады. 
Ал ол үшін ата – аналарды мекемеде жасалып жатқан жұмыстарға қызықтыра білуі қажет. 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартына сүйене 
отырып, мектеп жасына дейінгі балаларға жан – жақты тәрбие беру мен дамыту мәселесін 
балабақша жоспарлы түде шешеді, отбасына педагогикалық көмек бере отырып белгілі 
бір жетістіктерге жетеді. Олай болса бүгінде ата – анамен балабақша бірлесе отырып, 
балаларды оқу мен тәрбиеге баулуда жаңа заманның тұлғасы етіп тәрбиелеп шығару үшін 
отбасымен балабақша бірлесе отырып ат салысудамыз. 


Кеңес « Балалар арасындағы қызғаныш» №2 
Қызғану сезімі барлық адамның жаратылысында бар, одан ешкім толығымен бас 
тарта алмайды. Бұл сезімнің адам өміріне қосар үлесі көп. Дегенмен де, қызғаныш шектен 
тыс болған жағдайда өмірді қиындатып жібереді. Ал, егер қызғанушы кішкентай бала 
болса, өмір одан ары қиындай түседі… Балаларда қызғану сезімі, шамамен, 2 жасында 
басталады. 
Негізінде, ата-ананың ұстанымдары мен баланың сыртта көрген көріністері баланы 
қызғанышқа итермелейді. Яғни, баланың өз бауырын қызғануына үлкендер өзіміз себеп 
болып жатамыз. Қазір сол себептерді тізбектеп, санап көрсек: 
1. Әке-шешенің балалары арасында теңдік орнатуға тырысуы бауырлар арасында 
қызғаныштың басталуына себеп болады. Негізінде, әке-шеше балалар арасында теңдік 
орнатуға емес, әділдік орнатуға тырысуы қажет. Өйткені, әрбір баланың жаратылысы 
әртүрлі болуымен қатар, дүниеге келу уақыты да әртүрлі. Осы өзгешеліктерге мән бермей, 
екеуіне де тең қарау, екеуінің біреуіне әділетсіздік жасау болып табылады. 
2. Әке-шешесінің өзіне әділетсіз әрекет еткенін сезген бала оларға деген сенімін жоғалтса, 
бұл сенімсіздігі оның қызғанышына себеп болады. 
3. Тұңғыш балаға бұрыннан бері ие болған мәртебесін жоғалтпағанын көрсету керек. 
Әйтпесе, кішкентай бауыры дүниеге келген кезде тұңғышы алаңдайды және «анасы 
кішкентай бауырына көбірек көңіл бөліп, өзін бұрынғыдан аз жақсы көре бастады» деп 
қайғырады. Бұл жағдай баланың қызғанышын туындатып, бауырына күш қолдануға дейін 
апаруы мүмкін. 
4. Балалар арасындағы жас айырмашылығы да қызғанышқа себеп болуы мүмкін. Жас 
айырымы аз болған балаларда қызғаныш сезімі жиірек кездеседі. 2 жасар баланың бауыры 
дүниеге келгенде қызғаныштың туындауы табиғи. Өйткені, 2 жасар баланың «мен» сезімі 
басым болады, бөлісуді жақтырмайды. Әке-шешесінің көңілі басқаларына ауғанын 
ұнатпайды. Мамандар балалар арасы жас айырмашылығы 3-4 жас болғаны жөн деп 
ойлайды. Құрандағы емізу жасы 2 жас екенін ескерсек, мамандардың ойымен еріксіз 
келісуге тура келеді. 
5. Балалардың біреуі отбасы мүшелерінің біреуіне көбірек ұқсатылуы және оның ашық 
түрде сөз болуы екінші баланың өзін «керексіз» сезінуіне себепкер болуы мүмкін. Бұл 
сезім де қызғаныш туындатады. 
6. Әке-шешесінің табиғи емес әрекеттері де қызғаныш сезімін оятуы мүмкін. Мысалы, 
бауыры дүниеге келген баланың анасы перзентханадан келе жатқанда баласына сыйлық 
алып: «мына сыйлықты саған бауырың әкелді» десе, үлкен бала да кішкентай нәрестенің 
сыйлық әкеле алмайтынын білетін жаста болса, бұл жағдай оны таң қалдырады және 
анасының сөзіне сенімі азаяды. 
7. Нәрестенің жынысы да қызғаныш сезімін оятуы мүмкін. Атап айтар болсақ, қыз 
баланың інісі дүниеге келген кезде «әке-шешем менің жынысымды ұнатпады» деп ойлауы 
мүмкін. Әсіресе, отбасында баланың жынысына ерекше көңіл бөлініп, бұл жағдай жиі 
тілге тиек етілетін болса, бауырлар арасындағы қызғаныштың туындауын күтуге болады. 


8. Үйге келген қонақтардың немесе туысқандардың қызық үшін айтқан сөздері қызғаныш 
сезімін оятуы мүмкін. Мысалы, кішкентай баладан «сенің шаштарың неге әпкеңдікі 
сияқты бұйра емес (ұзын емес)» , «ойбу, ініңнің бойы сенікіне жетейін деп қалыпты ғой, 
жақында сені озып кетпесін» секілді орынсыз сұрақтар мен сөздер бауырлар арасында 
керексіз сезімдердің туындауына себепкер болады. Балалар арасында бақталастық оятып, 
бір-біріне деген ашуларын тудырады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет