Балмағамбетова Айгүл Жақсыбекқызы Есет батыр атындағы Ақтөбе облыстық мамандандырылған көпсалалы лицей-интернатының



Дата04.07.2018
өлшемі19,17 Kb.
#46250
Балмағамбетова Айгүл Жақсыбекқызы
Есет батыр атындағы

Ақтөбе облыстық мамандандырылған

көпсалалы лицей-интернатының

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Қазақ әдебиеті, 9 «а» класы

Сабақтың тақырыбы: Жыраулар поэзиясы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: XIV-XVIII ғасырдағы жыраулар поэзиясы және жыраулардың өмірбаяны туралы білімдерін жинақтау, кеңейту, пысықтау, толықтыру;

2.Дамытушылық: Жырларды мәнерлеп , сауатты, нақышына келтіріп оқи білуге баулу, танымдық деңгейін көтеру, ой-өрісін, логикалық, есте сақтау, ойлау, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, ауызша тілін дамыту, сөздік қорларын молайту;

3.Тәрбиелік: Жыраулардың жырын оқу арқылы ұлы адамдардың өмірін өнеге ете отырып, адам бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыру, отансүйгіштікке, елін жақсы көруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу,ұжымдық, жеке жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау

Сабақтың жабдығы: интерактивті тақта, суреттер, сызбалар, әдеби кітаптар

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, оқу құралдарын тексеру

2. Үй тапсырмасын сұрау:

Қожа Ахмет Йасауидің «Диуани хикмет» кітабындағы өлеңдерден үзінді жаттау

3. Жаңа сабақ:

Жыраулардың сөзі мақсатсыз айтылмайды. Не айтса да, көптің мұңы, көптің жайы туралы айтылады.

М. Әуезов

1) Кіріспе сөз: Ордада ханның қасында әр уақытта ақылшы жыраулар болған. Жыраулар - халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар. Олар заманының өздері куә болған елеулі уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан...
Жыраулар поэзиясына дейінгі әдебиет халык жасаған ауыз әдебиеті деп аталды. Жыраулар поэзиясы Қазақ хандығы құрылғаннан бастап (XV ғасыр) өріс алды. XV ғасырда Асан Қайғы, Казтуған жыраулар өмір сүрді.
Жырауларды халык, қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келғен кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп (дем беріп), істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. Жыраулар поэзиясы ХV-ХVII ғасырлар аралығын қамтиды.
Жырау деген атау "жыр" сөзінен шыққан. Жыршы деп көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштарды таныған.Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. Олардың толғауларының негізгі тақырыптары - туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті насихаттау.

2) Жыраулардың портретін тақтадан көрсету:

Асан қайғы

Қазтуған жырау

Шалкиіз жырау

Жиембет жырау

Марғасқа жырау

Ақтамберді жырау

Тәтіқара ақын

Үмбетей жырау

Бұқар жырау
3) Әр топқа бір мазмұндағы 3 түрлі мәтін беріледі, белгілі бір уақыттан соң топ құрамы сол мәтінді ауызша баяндайды
4) Әр топқа әртүрлі жыраудың шығармашылығынан үзінділер беріліп, сол мәтінді мазмұндайды, талдау жасайды
5) Әр топ өздеріне берілген жыраудың шығармашылығынан мәнерлеп өлең оқиды, мазмұнына талдау жасайды. қалған топтар сол тақырыпқа сәйкес сұрақтар қояды.

Мысалы:
1-топ: Асан қайғы шығармашылығы


2- топ: Ақтамберді жырау
3-топ: Бұқар жырау

6) Грамматикалық тапсырмалар: (А3 форматына орындайды)


1-топ – жыраулар шығармашылығынан дыбыс үндестігіне құрылған өлең жолдарын оқиды, сол дыбысқа фонетикалық талдау жасайды.

Мысалы:


Жабағылы жас тайлақ,

Жардай атан болған жер

Жабағылы-

Жа-ба-ғы –лы

Жа-ба-ғы-лы – 3 жағдайда тасымалданады

Жабағылы екпін соңғы буынға түседі

Ж-дауыссыз, ұяң


2-топ – Түбірлес сөздерді табу, 1-2 сөйлем құрау:

Жыр, ел, ой


3- топ- Берілген үзінділерден сөздер алып, сө құрамына талдау жасау:

Жиырма деген жасыңыз,

Ағып жатқан бұлақтай.

Отыз деген жасыңыз

Жарға ойнаған лақтай.
7) 3 топқа бірдей ортақ әдебиет теориясынан тапсырма:

1-топ: Метафораны табу

2-топ: Теңеуді табу

3-топ: Өлең құрылысын талдау


8) Пікіралмасу:

«Егер сендер XXI ғасырдың жыраулары болсаңдар қандай тақырыпта жырлар едіңдер?»


9) Қосымша тест сұрақтарын беру.
10) Әр топ мүшелері өз-өздерін бағалайды, талдау жасайды. (А3 форматына)
11) Бекіту сұрақтары:

Жырау дегеніміз кім?

Жыршы дегеніміз кім?

Жыраулар поэзиясының негізгі тақырыптары мен көтерген мәселелері қандай?


12) Үй тапсырмасын беру: жыраулар шығармаларынан үзінді жаттау.
Бағалау, қоштасу
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет