Бар елде ғана қалана


Өндіріс кезеңі шоттарының өзара байланысы және аудитінің бағыттары



бет12/68
Дата08.02.2022
өлшемі0,92 Mb.
#122601
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   68
Байланысты:
Бар елде ана алана
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д, БА дарламасы емдік дене шыны тыру ж не массаж
Өндіріс кезеңі шоттарының өзара байланысы және аудитінің бағыттары

Өндірістік цикл сатуға арналған материалдық құндылықтармен байланысты. Оны тексеру күрделі және көп уақытты талап етеді. Аудиторлық дәлеледемелердің басым бөлігіне экономикалық субъектілердің өздері жасаған ішкі құжаттар жатады, бұлар аудит жүргізуде аудиторлар үшін құнды дәлелдеме болып саналмайды. Сондықтан тексеруді ойдағыдай жүргізу үшін аудитор клиенттің бизнес ерекшеліктерін, өндіріс процесінің мәнін, жүргізу мен өндірістік ғимараттармен қоймаларды қарау қажет.


Өндіріс кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көзі. 2007 жылғы 28 ақпанындағы №234 Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңы негізінде, табыс - бұл есепті кезенде активтің өсуі (артуы) немесе міндеттеменің төленуі, ал міндеттеме - бұл есепті кезеңде активтің төмендеп немесе міндеттеменің өсуі (артуы) деп көрсетілген. Әдетте, шығын шығармай табысты алу мүмкін емес. Өз кезегінде табыс алмай, шаруашылықтың дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді табысты шешу мүмкін емес.
Шығынның анықтамасы меншікті, өндірісті және тауарлы-материалдық қорларды сатуға, жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге және зиянды басқаруға байланысты шығындарды қамтиды. Әдетте, ол ақша қаражаттары, материалды қорлар, жылжымайтын мүліктер, құрылғылар және жабдықтар сияқты активтердің тұрақтамау немесе пайдалану нысанында болады.
Шаруашылықтың жұмысының сапасын бағалап анықтаушы негізгі көрсеткіштерінің бірі жалпы шығында едәуір үлесі бар өндіріс және өнімді (жұмыс, қызмет) сату шығындарымен оның өзіндік құны.
Өзіндік құнның және оның өсу деңгейі базистік және есепті кезеңдерде негізгі және айналым қорларының қаншалықты тиімді пайдаланылғандығын, тиімділік дәрежесін, еңбекті ұйымдастыру және үнемдеу режимін сақтауды көрсетеді. Өзіндік құн, құнның басым құрамдас бөлігі болумен қатар, сондай-ақ өндіріс шығындарының көлемін сипаттайтын басты көрсеткіш, өйткені бұйымның бағасын белгілеу үшін бастапқы базалық қызмет атқарады.
Баға қоғамдық қажетті еңбек шығындарын мүмкіндігінше дәлірек көрсетуге тиісті. Бұл шығындарды тікелей өлшеуге болмайды, өйткені өзіндік құн, бұл шығындардың құралы ретінде қолданылады.
Баға белгілеуге, өзіндік құн, бағаның төменгі шегіне айналып, өндіріс резервтерін жұмылдыруда ынталандыру қызметін атқарады.
Өзіндік құн, бағаның элементі және шаруашылық жүргізуші шаруашылықтың басқару құралы ретінде кызметін толық жүзеге асырады. Еңбек ұжымдары, әкімшілік, билігі жүйесінде орын алған қоймаға ғана емес, нарыққа жұмыс істеуді бастайды. Өзіндік құнның деңгейі шаруашылықтың экономикалық жағдайын, бәсекелестік қабілетін сипаттайды.
Өзіндік құн, негізгі экономикалық көрсеткіштер, табыс және рента- белділікпен тығыз байланысты. Әдетте, өзіндік құнды төмендету табыстың өсуіне тікелей байланысты болғандықтан, ол ұжым үшін өте маңызды экономикалық ынталандыру құралы болып табылады. Өзіндік құнның өсуінің төмендеуі бюджетке төленетін төлемдерге және меншік иелеріне дивидендтерін төлеуге әсер етеді.
Шығынды дұрыс анықтау, табыстан салық алу кезінде салық алынатын табыстарын жасыруға жол берген шаруашылық жүргізуші субъектілерге айып санкциясын қолдануға кеңінен құқық берілген салык қызметкерлері даулы мәселелерді болдырмауға көмектеседі.
Аудиторлық тексеру жүргізудің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, өндіріс шығындарының есебіне аудит жүргізілген кезде кеткен кемшіліктер мен жіберген қателіктерге, бұрмалаушылықтарға талдау жасауға мүмкіндік туады:

  • аяқталмаған өндірістегі енбек ақы материалдық қорлар ж.т.б. негізсіз көлемі жоғарылатылған (төмендетілген) шығындарға;

  • өндіріс шығындарына, заң актілеріне сәйкес арнайы көздердің есебіне жатқызылған негізсіз енгізілген шығындарға;

  • калькуляциялау объектісіне жатпайтын шығындарға;

  • есепті кезеңнің өндіріс шығындарына негізсіз енгізілген сатылмаған тауардың қалдықтарына тасымалдау шығындарына;

  • өндіріс шығындарына ендірілген негізгі құралдарға салынған күрделі қаржыға;

  • өндірістік сипаты жоқ өзіндік құнға негізсіз енгізілген шығындарға;

  • негізгі құжаттары жасалмаған және растаушы бастапқы құжаттары жоқ өзіндік құнға енгізілген шығындарға;

  • құжаттары мен расталмаған материалдық емес активтердің өзіндік құнға енгізілген амортизациялану сомасына;

  • жеке тұлғаларға жалға берілген негізгі құралдардың өзіндік құнға енгізілген шығындарына;

  • өзіндік құнға енгізілген өндірістік емес, негізгі құралдарды сақтау шығындарына.

Өндіріс шығындарының есебін аудиторлық тексеруге кіріспей тұрып, алдымен аудитордың қабылданған есеп саясатымен, шаруашылықтың ұйымдастыру және технологиялық ерекшеліктерімен, өндіріс типімен, шығарылған өнімдердің түрлері мен пайдаланылған ресурстарымен танысуы қажет.
Есеп саясатының сақталуына байланысты аудитор мынадай мәселелерді анықтауға міндетті:

  • тексеру кезеңінің басында белгіленген шығындар есебінің әдісінің түрақтылығын, оның нормативтік құжаттарға сәйкестігін;

  • есепті кезеңдер бойынша өнімнің өзіндік құнына жатқызылған шығындарын шектеудің сақталғанын;

  • материалдық шығындарының өнімнің өзіндік құнына дұрыс таратылып жатқызылғандығын;

  • негізгі құралдарға дұрыс тозу есептелгендігін;

  • өндіріс шығындарына енгізілген материалды емес активтерге есептелген, амортизациялану сомасының дұрыстығын;

  • үстеме шығындар сомасының объектілері бойынша таратылу әдістерінің негізділігін.

Өнім (жұмыс,қызмет) өндіруге жұмсалған өндірістік шығындардың есебінің дұрыстығын тексерген кезде, аудитор жылдың басында белгіленген өндіріс шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің тұрақтылығын және оның шаруашылықтың салалық және ұйымдастыру ерекшеліктеріне сәйкестігін анықтауға міндетті.
З.Н. Әжібаеваның, Н.Ә. Байболтаева мен Ж.Ғ.Жұмағалиеваның «Аудит» оқулығында өндіріс шығындарының есебінің әдістері мынандай топтарға сыныпталатыны белгілі:

  • технологиялық үрдіске қатынасы бойынша – тапсырыстарға және процестерге;

  • калькуляция объектісі бойынша – тетіктерге, бөліктерге бұйымдарға, біртекті бұйымдар топтарына, үрдіске, процестерге, өндіріске, тапсырысқа;

  • шығындарға бақылау жасауды қамтамасыз ететін ақпараттарын жинау әдісі бойынша;

  • алдын ала бақылау әдісі бойынша - нормативтік әдіске және күнделікті бақылаудағы ағымдағы шығындар есебіне.

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп теориясы жөне практикасы үшін нарықтық экономикасы дамыған Батыстағы елдерде кеңінен қолдау тапқан, әсіресе АҚШ және Германияда «Директ Костинг» жүйесі бойынша өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыру тәжірибесі ерекше. Оның басты ерекшелігі - бұл жүйе кезінде жоғарыда баяндалған өндіріс шығындарының есебінің әдістеріндегіге қарағанда толық өндірістік өзіндік құн есептелмей, айналым шығындарын ғана қамтитын қысқартылған (бөлшектеп) өзіндік құны есептеледі. Өндіріс көлемі өскенімен, өзгермейтін, тұрақты шығындармен салыстырғанда, айналымдағы шығындарды бақылауды күшейтуді талап етеді. Сондықтан өндірістің өсуі -тұрақты шығындарын қысқартатын бастапқы резерві. Шығарылған өнімнің өсуіне қарай өнім бірлігіндегі үлесі кеми түседі.
Өндіріс кезеңінде жасалатын бухгалтерлік шоттардың байланысы 1-сызбада көрсетілген.


К т Дт Кт
1 310 8111 8111
Кт Дт Кт
3350 8112 8112


Дт Кт Дт Кт Дт Кт Дт
Кт Дт Кт 8110 8110 1320 1320 7010 7010 5610
3 150 8113 8113
Дт
1340
К т Дт Кт
8410 8114 8114

1-сызба. Өндіріс кезеңінің бухгалтерлік есеп шоттарының өзара байланысы


Сызба өнімді өндіру кезінде пайда болатын негізгі шығын түрлері мен оларды бухгалтерлік шоттарға жатқызылуын және жабылуын көрсетеді. 8100, 8200,8300 және 8400 бөлімшелерінің шоттарының уақытша болғандықтан, олардың соңғы қалдығы 1320 «Дайын өнім» немесе 1340 «Аяқталмаған өндіріс» шоттарына жатқызылады. Ал есепті кезеңнің соңында негізгі өндіріс шоттары дайын өнімнің өзіндік құнына жатқызылады, ал кезең шығыстары қорытынды пайданың кемуіне әкеледі де, 5610 «Қорытынды кіріс (қорытынды залал)» шотымен жабылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет