Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың ӘРТҮрлі түзеу мекемелерінде жазасын өтеу жағдайлары


Түзеу мекемелерінде жазаны өтеу ерекшеліктері мен оның реті



бет4/5
Дата20.04.2022
өлшемі73,81 Kb.
#140011
1   2   3   4   5
Байланысты:
Драфт версия дипломной работы

2.4 Түзеу мекемелерінде жазаны өтеу ерекшеліктері мен оның реті

Бас бостандығынан айырмайтын жұмыс орнындағы түзеу жұмыстары Казакстан Республжасынын занында көрсетілген.Бұдан басқа кәмелетке толмағандар жөнінде айтқанда, олардың мінез-құлқын қадағалау мен өндірістік мамандык. алуын камтамасыз ету керектігі есепке алынады. Қылмыстық заңға сәйкес түзеу жұмыстары жазанын негізгі түрі болып есептеледі және сот оны екі айдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындауы мүмкін. Түзеу жұмыстарына сотталғанның жалақысынан мемлекет пайдасына сот үкімімен белгіленген мөлшерде ұстап калынады, бірақ жиырма пайыздан аспауы тиіс.Түзеу жүмыстары қылмыстық Кодекс баптарында жиірек көрсетілген, бірак олар қоғамның окшауланбайтын негізінен жеңіл қылмыс жасаған адамдарға колданылуы мүмкін. Түзеу жұмыстары — бұл жазалау шарасы сотталғандарды міндетті түрде еңбекке тарту болғандықтан, жұмысқа жарамсыз азаматтарға колданылмайды. Түзеу жүмыстарына сотталғандар жазаны өтеудің белгіленген тәртібін сактауға, бұл жазаны атқаратын органның шақыруы бойынша баруға міндетті. Бұл талапты себепсіз орындамағаны үшін сотталған жауапқа тартылуы мүмкін. Түзеу жүмыстарын өтеудегі маңызды нәрсенін бірі — ол сотталғанның еңбек ақысынан сот үкімі белгілеген Казақстан Республикасы КК-нің 43-бабына сәйкес ұстап қалынады. Түзеу жұмысына сотталғандар жазаны жұмыс жасап жүрген орнында, қандайда болмасын меншіктегі ұйымда өтейді. Түзеу жұмысына сотталған адамдар сотталғанға дейінгі жұмыс істеген өндірісте, мекемеде, ұйымда, сол лауазымында қызметінде жұмыс жасап қала береді.


Қазіргі уақытта түзеу жұмыстарын орындау Казақстан Республикасы КАК-менреттеледі. Соттың түзеу жұмыстары жөніндегі үкімін жүзеге асыратын орган — ол аудандық ішкі істеріне қарайтын қылмыстық атқару инспекциясы. Инспекция түзеу жұмыстарына сотталғандардың әр қайсысыныңбас-басына есеп жүргізеді; керекті жағдайда оларға бұрынғы істеген жеріне жұмысқа орналастыруға көмек керсетеді; сотталғандардың еңбек акысынан дұрыс ұсталынуын, өндірістер, мекемелер, ұйымдар әкімшілігінін, Қазакстан Республикасының заңдары белгілеген жазаны өтеу жағдайын сақтауды бақылайды; сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізуде; оларға қолданылатын мадақтау және жазалау шараларына катысады; тұрған жері белгісіз сотталғандарды іздеуді заңмен белгіленген тәртіппен ұйымдастырады. Сот үкімі шыкқаннан кейін енбекке жарамсыздығы белгілІ болған сотталғандар жөнінде бұл жаза түрін аткаратын орган сотқа түзеу жұмысын баска жеңілірек жазаға ауыстыру туралы өтініш білдіреді.
Түзеу жұмыстары туралы үкім қылмыстық-атқару инспекциясына түскеннен кейін он бес күннен кешіктірілмей орындалады. Түзеу жұмыстары инспекциясы сот үкімінің көшірмесін алып, жұмысқа орналастырылғаннан кейін әрбір түзеу жүмыстарына сотталған есебіне алынады, оған жеке іс ашылады, одан кейін инспекция сотқа онын шешімі орындалғаны туралы хабарлама кағаз жібереді. Егер де бас бостандығынан айыру жөніндегі түзеу жұмыстарына өзгертілген болса, онда хабарлама-кағаз сотталғанның жаза өтеген түзеу мекемесіне жіберіледі. Түзеу жұмыстарына сотталғандардың жеке басының есебі — олардын. жүмысқа катысуын, еңбек ақысынан ұстаудың дұрыстығын, занда көрсетілген негіздерде сотталғаннын есептен уақытында шығарылуын бақылап жүру үшін керек. Түзеу жүмыстарына сотталғандар үшін тәжірибеде жеке есептеудің төрт түрі белгіленген: оперативті, алдын алатын, бакылау, іздеу салынған сотталғандардын есебі. Түзеу жұмыстарына сотталған адамдардың жүмыс орнына, инспекция сотталғанның қүжатын алғаннан кейін кәсіпорнының, мекеменің, үйымнын, әкімшілігіне үкімнін көшірмесін және белгіленген түрде хабарлама кағаз жібереді. Егер де сотталған бұрынғы жұмыс орнынан шығып кетіп және еш жерде жүмыс жасамайтын болса, бұл жазаны орындататын органдар сотталғанға он бес күн мерзім ішінде жүмыска кіруге талап қояды, керек болса жұмыска орналасуына көмек көрсетеді. Қазакстан РесгтублРІкасы ҚАК-нің 30-бабы түзеу жүмыс-тарына сотталғандардын жазаны өтеп жүрген кәсіпорны, ме-кемелер, ұйымдар әкімшілігінін, міндеттерін көрсеткен.Бұл міндеттері мынандай:
- сотталғандардың өндірістегі мінез-кұлкына бакылау жасау және сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізуде инспекцияға жәрдемдесу;
- сотталғаннын табысынан ұстап қалатын ақыны дұрысжәне уакытында жүргізу мен ұсталған сомаларды белгіленгентәртіппен аударып отыру;
- түзеу жұмыстарына көзделген жазаны етеудің ережелерінсактау;
- қылмыстық-атқару инспекциясына сотталғанға қолданыл-
ған мадактау және жазалау шаралары, оның жазаны өтеуде
жалтарғаны туралы хабарлап отыру, сондай-ақ басқа қызметке ауыстырылуы мен босатылуы жөнінде алдын ала хабарлаужүктелген.

Инспекция сотталғандар жұмыс істейтін кәсіпорындар, ме-кемелер мен ұйымдардын, әкімшілігі мен тығыз байланыста жұмыс жасауы тиіс. Тәжірибеде олардың өзара қарым-катынастары әр түрлі болуы мүмкін, бірақ солардың ішіндегі тиімдісі — ол инспекция қызметкерлерінің түзеу жұмыстарына сотталғандар еңбек ететін ұйымдарға, мекемелерге,өндіріс орындарына тікелей баруы. Инспекцияның мұндай баруы сотталғандардың қылмыстық жазаны өтеу жағдайлары мен тәртіп шараларын уақытында анықтайды, сотталғандармен әкімшіліктің құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді және сотталғандардың мінез-құлқын, оның еңбекті қалай істейтінін т.б. аныктайды. Түзеу жұмыстарын өткеріп жүрген сотталғандар үшін Заң-мен бұл қылмыстық жазаны өтеу жағдайлары мен тәртібінің шаралары, онымен байланысты құқық шектеулері белгіленген, ал оның мақсаты — сотталғандарға тәрбиелік әсер ету болады. Түзеу жұмыстары жазасын өткеру кезінде инспекцияның рұксатынсыз сотталғандарды өз тілегі бойынша жұмыстан шығаруға болмайды, Жұмыстан шығуға рұқсат етпегенде, онда жоғары лауазымды адамға шағым етуге болады. Түзеу жұмыстарын өтеп жүрген адамдарға уақытша жұмысқа жарамсыздығына жәрдемақы еңбекақысы есебінен сот үкімімен тағайындалған ұстап қалуды шегеріп тастағаннан кейін төленеді. Қылмыстық-атқару заңымен (Қазақстан Республикасы КАК-нін 40-бабы) түзеу жұмыстарына сотталғандардың жалақысынан ұстап қалуды жүргізу тәртібі толық реттелген. Әрбір жұмыс айы үшін жалақы төлегенде орындау парақ құжаттары бойынша ұстап қалу, сотталғанға талаптардың болуына қарамастанжалақының барлық түрінен жүргізіледі. ¥стап қалулар, әрбір толық жұмыс істеген айға жалақыны айдың екінші жартысында төлегенде, ал жұмыстан шығарылғанда — айдыңжұмыс істеген күндерінен жүргізіледі. Қосымша жұмыс істейтін адамдардан ұстап ай сайынғы жүмысының жалақысынан жүргізіледі. Сотталрандарға еңбекақы төленген күні ұсталған сомасы белгіленген тәртіппен мемлекет пайдасына аударылады. Зейнетақыдан, әлеуметтік камтамасыздандыру және әлеуметтік кауіпсіздендіру орындарынан берілетін жәрдемақыдан, жалақы жүйесінде қаралмаған бір жолғы төлемдерден, кызметпен жүргендегі жалақысының жәнет.б. шығындар үшін төленетін сомадан, ұсталымдар алынбайды. Егер соттың үкімі бұзылып, іс тоқтатылған кезде сотталғанның еңбекақысынан ұсталған сомасы, оған түгелдей қайтарыладьі. Қазір тәжірибеде пайда болған мәселе, ол әр түрлі коммерциялық жұмыс жасайтын адамдардың жалақысын қалай анықтауға болатындығы, себебі оларда еңбекақыны төлеу дұрыс жөнге келтірілмеген, ол тек кейбір жұмыстарды орындап, сауда келісімін аяқтап және т.с.с. кіріс түскеннен кейін төленеді. Жалпы ереже бойынша бұл жағдайда жазаны өтеу уақытында алынған немесе жазаны өтеудің бөлігі кезеңіне келетін барлық табысы есептелуі тиіс. Басқа да негіздермен артық ұсталған сомасы қайтарылады: мерзімінен бұрын босатылғанда, кешірім жасалғанда және т.с.с.


Мемлекеттің қылмыспен күресу саясаты принциптеріне негізделген, түзеу мекемелері әрекетінде қылмыспен күресудегі, алдына қойылған міндетті, сот белгілеген жазаны тиісті дәрежеде орындауды камтамасыз етуге тиісті. Заңмен белгіленген жазаны орындаудағы осындан принциптердің бірі топтастыру мен жекелендіру болады. Сотталғандарды тәрбиелеу мен түзеудегі колданылатын негізгі тәсілдердін бірі осындай жекелеп қараудың объективті кажеттілігі, жазалау-тәрбиелеу әрекетінде әрбір сотталған бәріне белгіленген режим талабын мүлтіксіз орындауға (сот-талғандар бәрі де жұмыс істеуге, жазаны атқару режимін сақтауға, тәрбие шараларына қатысу және т.с.с.) міндетті. Бұлардың әсер етуін істелген қылмыстың сипаты мен қауіптілігіне байланысты даралау және сотталғанның жеке басынын өзгешелігі мен әрбіреуінің мінез-кұлқының өзгешелігін еске ала отырып, яғни еңбекке, оқуға қарым қатынасына байланысты қасиетін еске алу тиіс. Бұл ережелер халыкаралык актілерге, соның бірі қамаудағылармен айналысудағы Ең аз үлгі Ережесіне сәйкес келеді. Ереженін 8-тармағында оларды категорияларға бөлудін жалпы ережелері мынандай: "Қамаудағы адамдарды әр түрлі категорияларға бөліп жынысына, жасына, бұрынғы сотталғанына, қамаудың заңды себептеріне байланысты әржерденемесебір мекеменің ішінде бөлек-бөлек орналастырылады". Топтастыру мен жекелендіру максаты Ереженің 67-тармағында белгіленген, онда былай делінген: Топтастырудын мақсаты мынада:
а) қамаудағыларды бұрын сотталғандардан немесе нашар мінез-кұлкынын нәтижесінде теріс әсер ету қауіп мүмкін болғандықтан оларды бөлу;
ә) камаудағыларды категорияға бөлу, оларды қоғам өміріне кайтару мақсатында олармен жұмыс істеуді женілдетеді.
Түзеу амалдарын даралап қолдану біртектес сотталғандарды топқа бөлуді камтамасыз етеді. Мұндай бөлуді сотталғандарды топтастыруда атау қабылданылған.
Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды топтастыру, ол оларды тиісті белгілерімен тиісті топқа бөлу жазалаудын мақсатына жету үшін қолайлы жағдай жасау болады.
Сотталғандарды топтастыру қылмыстық пен қылмыстық-атқару құкығы принцштерінің бір түрі жазаны жекелендіруді бір ізбен Іске асыру үшін жүргізіледі. Жазаны жекелендіру сот қылмыстық жазаны және оны орындауды белгілегенде жүзеге асырылады.
Жазаны орындауды жекелендіру -— ол еңбекпен түзеу құқығының нормалары белгілеген, әрбір сотталғаннын жеке басын сипаттайтын мәліметін еске ала отырып жалпы режим ережесін қолдану және тиісті еңбекпен түзеу принциптерімен әсер ету.
Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды топтастыру төмендегілерді камтамасыз етуге арналған:
а) коғамға кауіпті кылмыскерлердің, қауіпті деп күдік тудырмайтын сотталғандарға теріс әсер ету мүмкіндігін болдырмау максатында оларды әр түрлі топтарға белу;
ә) түзеу мекемелерінін. тиімді жүйесін тұрғызу;
б) түзеуге әсер ету амалдары мен әдістерін жекелеп катал қолдану;
в) жазалаудын мағынасын қүрайтын кылмыстың жәнекылмыскердін, яғни жазалау шараларынын. Коғамдықкауіптілігінін дүрьіс аракатынастыгы;
г) жазаны ажаруға тиісті жағдай жасау.
Көрсетілген мәселелерді шешуді тек ғылыми негіздегі топ-тандыру қамтамасыз ете алады. Қазіргі кездегі куші бар қыл-мыстык, кылмыстык-атқару зандары бас бостандығынан аііы-руға сотталғандарды ғана топтастыруды қамтиды. Сот әлі шешім қабылдамағандарды кылмыстык-кұкыктык топтастыру мен сот кылмыстык жазаға сотталғандарды кылмыстык атка-руға топтастырудын айырмашылығы бар деп есептеуге бола-ды. Қылмыстық-аткару топтасуының негізі қылмыскерлердің қылмыстық-құқықтықтоптасуы болып табылады. Қылмыстық атқару мен қылмыстык-құқықтық топтасуларының өзара байланысы былайша түсіндіріледі; біріншіден, қылмыстық-құқықтық топтасудың негізгі өлшемі істеген қылмыстың коғамдық кауіптілік дәрежесі мен қылмыстык. жазаны өткергенде еске алынатын қылмыскердің жеке басы болады да, екіншіден, екі топтасудың міндеті — жазаның мақсатына тиімді жетуін қамтамасыз етуде болады.
Сонымен бірге тікелей мақсатының айырмашылығы — ол қандай оқиға үшінтоптастырылуында, сондықтан қылмыстық-құқықтық және қылмыстық-атқару топтасулары деп бөледі. Қылмыстық құқықта қылмыскерлерді топтастырудын негізгі мақсаты — ол жауапкерді кылмыстық жауапқа тартқанда және жаза шарасын белгілегенде қылмыстың сипаты мен істелген қылмыстық қоғамдық қауіптілігі дәрежесіне және қылмыскердің жеке басына байланысты да, ол мәселені карағанда әділ шешім қабылдауды камтамасыз ету. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды топтастырудың негізгі максаты — ол сотталғандардың әр түрлі топтарының жазаны даралап өтеуі және осы жазаның түрін барынша тиімді атқаруды қамтамасыз ету. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар заң (құқық), педагогика және психологиялық өлшемдерімен топтастырылады. Көрсетілген өлшемдер жиынтығы тағы екі өлшемге бөлінуі мүмкін: физиологиялық (биологиялық) және әлеуметтік.
Заң өлшемімен топтастыру — ол барлық бас бостандығы-нан айрылғандарды сыр-сипатымен жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесіне және қылмыскердің жеке ба-сының қоғамға қауіптілігіне байланысты топтарға бөлудіайтады.
Барлық бас бостандығынан айыруға сотталғандар бұл белгіге лайыкты былай бөлінеді: а) өмір бойы бас бостандығынан айыруға және тез өткеруші адамдарға; ә) бұрын бас бостандығынан айыруды өткерген адамдармен оған бірінші рет сотталғандар; б) әр түрлі ауыр дәрежеде қылмыс жасаған адамдар: в) қылмысты қайталап істеп сотталған (рецидив) адамдар мен қайталанған аса кауіпті қылмыс және т.б.
Физиологиялық (биологиялык) өлшеммен топтастыру — бұл барлык бас бостандығынан айыруға сотталғандарды жынысына, жасына, денсаулығына байланысты бөлу.
Бұл белгімен бас бостандығынан айыруға сотталғандар бы-лайша бөлінеді: а) ерлер және әйелдерге; ә) кәмелетке жет-кендер (18 жаска толғандар) және кәмелетке толмағандар (14-тен 18жасқа дейінгілер);б)еңбеккежарамдылар мен мүгедектерге; в) дендері сау мен ауыр науқасы барларға; г) әйелдерге, аяғы ауыр және 8 жаска дейінгі баласы бар әйелдерге.
Педагогикалық өлшеммен топтастыру — бұл бас бостанды-ғынан айыруға сотталғандарды тікелей педагогиканың міндетіне байланысты, қандай да болмасын топтың біреуінде шешуге тура келетін, сондай-ақ педагогикалық әсер етудің тиісті амалдары мен әдістерін қолданудың орындылығымен бөлуге болады.
Бұл өлшемнің негізінде сотталғандарды, олардың оған дейінгі және бас бостандығынан айыру орындарындағы еңбекке қатынасы (енбекті адал ниетімен істейді немесе жалкау). түзеу мекемелеріндегі мінез-кұлқы (мінез-кұлкы үлгілі немесе қасақана режим ережесін бұзушы) және т.б. байланысты бөлуге болады.
Психологиялық өлшеммен топтастыру — бұл әр адамның қасиетіне байланысты топқа бөлу. Мұндай бөлу жалпы және пенитенциарлық психологиясының мінез-құлық түрін топтастыру мәліметтеріне сүйенуі тиіс.
Тузеу мекемелерінде тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін бұлармен бірге жеке басының да қасиетін білу тиіс.
Психологиялық өлшемге байланысты төмендегілерді айы-ра білген орынды сиякты:
а) аса қауіпті мемлекеттік қылмысқа сотталғандарды жәнебасқа әр түрлі кылмыстарға сотталғандарды;
ә) қасақана қылмысқа сотталғандарды және абайсызда істелген қылмысқа сотталғандарды;
б) өмірге, денсаулыққа, адамның денесіне кол сұқпаушылығынақауіп төндіргені үшін сотталғандарды;
в) пайдақорлық қылмыс үшін сотталғандар;
г) бұзақылық үшін сотталғандар;
д) пайдақорлығы үшін емес, кызметін немесе мамандық
функциясын орындауға байланысты жасалған кылмысы үшін сотталғандар;
е) басқа да қылмыстар үшін сотталғандар.
Сотталғандарды топтастыру тәрбие процесін дұрыс ұйым-дастыруға жағдай жасайды, себебі ол сотталғандардың бір тобының екіншісіне жағымсыз, кері әсерін тигізбеуге және оларға жеке-жеке амал қолданып әсер етуге мүмкіндік береді.
Заңда қабылданғандай сотталғандарды топтастыруға сәйкес түзету мекемелер жүйесі кұрылады. Осындай заңдарға лайықты мұндай мекемелер жүйесі заңдық (кұқықтык) және физиологиялық (биологиялық) өлшемдерге негізделген.
Педагогикалык және психологиялык өлшемдер түзеу ме-кемелер жүйесінің кызметін бейнелемейді. Сонымен қатар түзеу амалдарын пайдаланып жеке-жеке істеу үшін және сот-талғандардын әр біреуімен тәрбие жұмысын ұгіымдастыруға әсер етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет