Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасы


-тарау. "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет2/3
Дата08.02.2023
өлшемі40,67 Kb.
#168008
1   2   3
Байланысты:
12 Оқу бағдарламасы АКТ

2-тарау. "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
7. "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәні бойынша білім жүктемесінің көлемі:
1) 1-сыныпта, аптасына 0,5 сағаттан, оқу жылында 17 сағат;
2) 2-ші сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат;
3) 3-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылы бойынша 34 сағат;
4) 4-ші сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат.
8. "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәнін оқытудағы негізгі талап - компьютерлік жүйелерге қолжетімділік. "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәнін тиімді өткізуге арналған қажетті жабдықтардың тізімі:
1) гарнитурамен жабдықталған дербес компьютерлер (микрофоны бар құлаққаптар);
2) Интернетке кең жолақты қосылуымен мұғалімдер мен білім алушылар арасындағы байланыс және құралдарын деректермен алмасуды қамтамасыз ететін жоғары сапалы ашық қатынас желісі;
3) перифериялық құрылғылар: принтер, сканер, көшіру техникасы, интерактивті проектор/интерактивті тақта;
4) робототехникаға арналған жиынтықтар.
9. Оқу пәнінің негізгі мазмұны 5 бөлімнен тұрады:
1) компьютер;
2) ақпаратты ұсыну және өңдеу;
3) интернет желісінде жұмыс істеу;
4) есептей білу;
5) робототехника.
10. "Компьютер" бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
1) компьютердің құрылғылары;
2) программалық қамтамасыз ету;
3) қауіпсіздік.
11. "Ақпаратты ұсыну және өңдеу" бөлімі келесі бөлімдерден тұрады:
1) мәтіндер;
2) графика;
3) презентациялар;
4) мультимедия.
12. "Интернеттегі жұмыс" бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
1) ақпаратты іздеу;
2) ақпаратпен алмасу.
13. "Есептей білу" бөлімі төмендегі бөлімдерді қамтиды:
1) алгоритмдер;
2) программалау.
14. "Робототехника" бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
1) жалпы робототехника;
2) роботтың қозғалысы;
3) датчиктер мен қозғалтқыштар.
15. 1-сыныпқа арналған "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) "Компьютер": Информатика кабинетінде жүріс-тұрыс ережелері; Интернет желісінде жұмыс істеу қауіпсіздігі;
2) "Интернет желісіндегі жұмыс": желіде орналастырылған ақпараттың сенімділігі мен пайдалылығы; желідегі қалаусыз байланыс тәуекелдері;
3) "Есептей білу": алгоритмдер; сызықты алгоритмдерді орындаушы; программалау ойын алаңынының интерфейсі (Scratch); программалау ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу;
4) "Робототехника": білім беру роботының негізгі моделін құру; роботқа арналған программаны жүктеп алу және іске қосу; роботтың доңғалақ бұрылыстарының белгіленген саны бойынша қозғалысы, роботтың берілген бұрышта қозғалысы (90, 180 градус).
16. 2-сыныпқа арналған "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) "Компьютер": компьютерлік құрылғылар; енгізу құрылғылары (тінтуір, пернетақта, микрофон) және шығыс (монитор, принтер, динамиктер/ құлаққаптар).
Программалық қамтамасыз ету: файл және бума туралы түсінік; файл мен буманы құру, көшіру, орнын ауыстыру және жою; контекстік мәзірді пайдалану.
Қауіпсіздік: цифрлық құрылғылармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелері;
2) "Ақпаратты ұсыну және өңдеу": мәтіндер: пернетақта симуляторы мен мәтін редакторында сөйлемдерді теру;
Графика: суретті өңдеу; суретті кесу, айналдыру, өлшемін өзгерту; сурет фрагментін көшіру және көрсету.
Мультимедиа: дыбысты жазу және ойнату; аудиофайлдарды өңдеу.
3) "Интернет желісіндегі жұмыс": берілген тақырып бойынша ақпарат іздеу үшін браузерді қолдану; қосымшалар арасындағы мәліметтермен ауысу.
4) "Есептей білу": алгоритмдер: тармақталған алгоритм; алгоритмнің ауызша түрі.
Программалау: программалау ойын алаңының кірістірілген графикалық редакторында жеке өзінің кейіпкерін жасау; пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру; кейіпкерлер арасындағы мәтіндік диалогті ұйымдастыру.
5) "Робототехника": ауызша түрінде берілген алгоритм бойынша роботтың қозғалысын ұйымдастыру; жанап өтетін датчикті қолдану; роботқа арналған аудиофайлды жүктеу; роботқа арналған программаны әзірлеуде дыбысты қолдану; құрылған роботты аудиторияға ұсыну.
17. 3-сыныпқа арналған "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) "Компьютер": компьютер құрылғылары: таңба регистрін, пернетақтаның орналасуын, меңзерді басқаруды өзгертуге арналған клавиштер.
Программалық қамтамасыз ету: қолданбалы программаларда "қызу" клавиштерді пайдалану.
Қауіпсіздік: Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздігінің негізгі ережелері.
2) "Ақпаратты ұсыну және өңдеу": мәтіндер: мәтінді теру ережелері; маркіленген және нөмірленген тізімдер; мәтінді өңдеу; шрифт пен абзацты пішімдеу (жазылуы, түсі, тегістеу); кесу, көшіру, белгіленген мәтінді құжатқа қою; мәтінге суретті қою және орналастыруын реттеу;
Презентациялар: презентация конструкторы; программа мәзірі; презентацияның ашылуы мен сақталуы; мәтінді және суреттерді слайдқа орналастыру; слайдтар арасында ауысу; презентация дизайны.
Графика: фотосуреттерді өңдеуге арналған программа (жарықтық, контраст, жиектеме);
3) "Интернет желісіндегі жұмыс": ақпарат іздеу: құжаттан мәтін үзіндісін іздеу.
Ақпарат алмасу: желідегі ақпарат алмасу жолдары; жоба бойынша бірлесіп жұмыс істеуге арналған мессенджерлерді пайдалану.
4) "Есептей білу".
Алгоритмдер: цикл; циклдік алгоритмді іске асыру кезінде орындаушының командалары жүйесі.
Программалау: программалау ойын алаңын құру барысында алгоритмді жүзеге асыру; дайын сценарий бойынша ойын әзірлеу; программалау ойын алаңында бірнеше көріністер және кейіпкерлермен жұмыс істеу.
5) "Робототехника": орта мотордың жылдамдығы мен айналымның санын күйге келтіру; робот қозғалысын ұйымдастыру үшін циклді қолдану.
18. 4-сыныпқа арналған "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) "Компьютер": компьютер құрылғылары: компьютерлік және мобильді технологиялардың ескіруі ғылыми-техникалық прогреспен байланысты екенін түсіндіру.
Қауіпсіздік: сенімді пароль критерийлері;
2) "Ақпаратты ұсыну және өңдеу".
Мәтін: мәтіндегі кестелер.
Презентациялар: слайдтың макеті; объектілердің анимациясы; бейне мен аудионы орналастыру.
Мультимедиа: бейнеролик жасау.
3) "Интернет желісіндегі жұмыс": ақпарат іздеу: компьютерде файл мен бумаларды іздеу; ақпарат алмасу : браузерді реттеу (бетбелгі, журнал мен жүктеу); электрондық пошта: хабарлама қабылдау және жіберу, файлдары қоса берілген хабарлама.
4) "Есептей білу": алгоритмдер: енгізілген циклдер, логикалық операторлар, салыстыру операторлары.
Программалау: программалау ойын алаңында айнымалыларды қолдану; жеке сценарийі бойынша ойын әзірлеу.
5) "Робототехника": түс датчигі; ультрадыбыс датчигі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет