Бастауыш білімге арналған сабақтар мен талаптар Жоспар: Кіріспе Ойын технологиясы оқушылардың білімін дамыту құралы. Бастауыш сыныптардағы ойын түрлері


Ойын технологиясы оқушылардың білімін дамыту құралы



бет2/4
Дата29.04.2022
өлшемі467,46 Kb.
#141384
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Бастауыш білімге арналған сабақтар мен талаптар (копия)
Ромео мен Джулиетта, Өзіндік
1. Ойын технологиясы оқушылардың білімін дамыту құралы
Білім беру жүйесі бүгінгі күн талабына сай түбегейлі өзгерістер талап етеді. Ол талаптар әдістемелік тәсілдерді, жаңа технологиялар қолдану, жас тұлғаға берілген білім жоғары сапалығы, оқуға қызығушылық негізін қалыптас тыруды көздейді. Осыған орай, оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Менің алдыма қойған мақсатым-оқушыларға ұлттық педагогикалық тәрбие мен білім беру мен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, сабақта жаңа технология үлгілерін пайдалану. Сол себепті сабағымды идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланыстырып, оқушының қызығуын, білім құмарлығын танытып, сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен жұмыс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап, баяндай білуге үйретемін. Қазақ тілі пән бойынша сабақтарды қызықты, түсінікті болу үшін, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін жарысуға бір-біріне көмектесу қасиетін дамытуда және өткен сабақты қайталап қорытындылап бекіту барысында ойын технологиясын қолдану өте тиімді деп таптым. Өткен сабақтарды қорытындылап, толықтырып бекітуге, игерілген білім сапасын тексеруде «Бәйге», «Жұлдызды сәт», «Сақина салмақ» ойын түрлерін қолданамын.
Ойын технологиясын қолданған кезде оқушылардың ойлау қабілеті өте жақсы дамиды, осыған орай мысал ретінде «Қатесін тап» ойыны. Бұл ойынды өмір талабына сай компьютермен өткізу өте тиімді. Сабақта ойын элементтерін екі түрлі мақсатта пайдаланамын. Оның біріншісі-оқушының сабаққа қызығушылығын, ынтасын арттыру, тілін дамыту, екіншісі-оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, байқампаздығын арттыру және ойлау қабілетін дамыту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет