Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту



бет10/11
Дата04.07.2020
өлшемі315,5 Kb.
#74882
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1 Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
2. Умарова Гульнора
Қорытынды
Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын дайындауда, олардың дүниетанымын, өмірлік бағдырын кеңейтіп, жан-жақты жетілген азамат етіп шығару талабы тұр. Көп уақыт орта білім беретін мектептің негізгі міндеті – білім беру, дағды мен біліктерін қалыптастыру болып келсе, қазіргі мектептің негізгі міндеті – біршама күрделі ойы ұшқыр, шығармашылық қабілеті жоғары, өмірге икемді, жан-жақты дамыған жеке басты тұлға тәрбиелеу. Әр заманның ұсынары бар және қалай болғанда да заман ағымынан қалмай, ілгері жүру - ұлы мұрат. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық ерекшелігі қалыптасуды Елбасының халыққа арнаған "Қазақстан 2030" жолдауындағы негізгі идеяларды іске асырудағы білімнің басты миссиясын оқушылардың қазақстандық патриотизмге, шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға, реформаға белсене қатысушы ретінде тәрбиелеу деп есептейміз. ХХІ ғасырда Қазақстанның Орта Азия барысына айналуын елестету үшін бүгіннен бастап жас ұрпақтың бойына ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік пен білімділік, шығармашылық қасиеттерін қалыптастыруымыз керек.

Мектеп - әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзекті мәселелердің бірі. Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарына жаңаша көзқараспен қарау қажеттілігі туындайды. Қазақстанның болашағын ойласақ, егемен еліміздің білім беру жүйесі мен мектептері қазіргі жағдайда шығармашыл жаңа адамды қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізуі тиіс. Адам баласының шығар биігі тек білім арқылы боларын терең пайымдаған мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев білім қызметкерлерінің І-ші құрылтайында: "Ұстаздар ескі қалыптасқан көзқарастан құтылуы керек, өйткені ескі білімге оқушылардан сұраныс жоқ" деген еді. Бұл ойдан аңғарып отырғанымыз, қоғамның бүгінгі таңда жалпы білім беретін мектепке қоятын талаптарының өзгеріп отырғандығы. Әрбір мектептің болашығы мектебінде шыңдалады. Келешекте осы елдің тізгінін ұстайтын азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары болғандықан, Қазақсанның барлық мектептерге үлгі болуға тиісті қазақ тілінде оқытатын мектептердің, оқушылардың білім сапасы, даму бағыттары, қоғамның, мемлекеттің назарында болып 1999 жылы 7 маусымда "Білім туралы заңы " қабылданды. Білім туралы заңда білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының бірі – педагог қызметкерлер, оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, баланың жеке шығармашылық қабілетінің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі көрсетілген.

Шығармашылық - бала бойындағы дарындылығын дамыту, тәрбиелеу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Баланың қызығушылық қабілетін арттыру арқылы шығармашылық қабілетін де дамыту қажет. Қызығу – бұл адамның саналы әрекеті. Қызығушылық қалай пайа болады? Баланың қызығуы үшін – оның көңіл-күйі көтеріңкі, көңілді болуы тиіс. Бала бір нәрсеге қызығу үшін қызығатын нәрселер адамға жағымды сезімдер тудыруы керек. Жалпы адамның қызығуы бірнеше түрге бөлінеді. Қызығу туралы психологтар, педагогтар көптеген еңбектерін жазып, дәлелдеген, зерттеген. Олар мыналар: Аралбаев Ж, Балақаев М. Бұл ғалымдар қызғушылықты зерттеп, оның жемістерін де атап өтті. Мысалы:

А) қызығушылық қабілетті арттыра отырып оқушының шығармашылық қабілетін оятуға;

Ә) бала бойында шығармашылық заңдылықтарды дамытып, тәрбиелеуге; т.б.

Қазіргі таңда жаңа педагогикалық ойлауға оқыту мен тәрбие үрдісінде де, елеулі өзгерістер орнығуды. Мұндай өзгерістер кіші мектепте оқыту мен тәрбие үрдісін ұйымдастыруға жаңаша талаптар қоюда. Бүгінгі таңда әрбір білім мекемесінің, әрбір педагогикалық ұжымның өзіндік келбеті, өз оқушысы, өзіндік тәрбиелік мәні яғни жүйесін құру қажеттілігі мұғалім іс-әрекетін тиімді ұйымдастыруды талап етеді.

Ғылым - әлемді танудың қайнар көзі болса, негізгісі – білім. Ал, білімнің іргетасы бастауыш мектепте қалыптасады. Бастауыш мектеп – бұл жалпы білім беретін мектептің оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және өзін-өзі іске асыруына, белсенділігін жетілдіруіне, қызығушылығын, қабілетін арттыруда қолайлы жағдай туғызатын негізгі буыны. Сондықтан мектептегі тұтас педагогикалық үрдіс сапалы нәтижеге жетуі үшін, оның бастауыш буындағы оқу-тәрбие үрдісі заман талаптарын қанағаттандыратындай деңгейдеұйымдастырылуы, ғылыми негізделуі және әдістемелік қамтамасыз етілуі тиіс.

Кіші мектеп жасындағы оқушылар әр нәрсеге еліктегіш, қызығушылықтары соншалықты көрген нәрсесін қолымен ұстап, көзбен көргенше асығады. Сол үшін мектептегі әрбір ұстаз оқушылардың сабағын тартымды, әрерлі, қызығушылығын артыру арқылы ұйымдамтыру жұмысын жолға қойса, онда біздің еңбегеміз жемісті болар еді. Психологтардың айтуы бойынша бала ойын үстінде қалай болса, есейгенде еңбек үстінде сондай болады деген. Сондықтан ойын баланың дүниетанымы мен өміртанымының алғашқы қадамы. Баланың өмірді тануы, оны білуі, қоршаған орта мен араласуы, еңбекке, үлкендермен қарым-қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Кіші мектеп жасындағы балалар өздерін ойын үстінде еркін сезінеді, тапқырлық, іскерлік, ізгілік, шығармашылық әрекеттері қалыптасады. Сонмен қатар бала ойын кезінде қуанады, ренжиді, біреуге қамқор болады, ызаланады. Бастауыш сынып мұғалімдері оқушыны сабақта, ойын барысында көңілін шаттандыратындай, ойын, қиялын оятатындай, іскерлігін дамытып, қалыптастыратындай болу керек. Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың шығармашылығын, белсенділігін саналы ойлана білуін, ой-өрісінің дамуын, қиыншылыққа төзу, ептілігін қалыптастыру, үйрету, баулу мұғалімнің негізгі міндеті. Бастауыш сыныпта оқушының қызығушылығын дамытудың бірнеше жолдарын айтуға болады.

а) мадақтау;

ә) бағалау;

б) көрнекілік түрлерін қолдану;

в) ойын элементтерін пайдалану;

г) дидактикалық материалдар;

д) деңгейлік тапсырмалар беру арқылы.

Бастауыш сатыдағы оқу-тәрбие жұмысын бөлір-п-жарып қарау мүмкін емес. Бастауыш саты мұғалімдерінің педагогикалық қызметін ұйымдастыруында оқыту барысында кіші мектеп жасындағы оқушының оның белсенділігін жетілдіру, шығармашылық қызығушылығын арттырудың алғы шарттары ретінде ұсынылады.

Сонымен бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған орай оқушыға белгілі бір көлемде оқыту барысында білім дағдыларымен бірге, шығармашылық ақбілетін, қызығушылығын арттыру мақсатында, белсенділігін жетілдіру және оларды шығармашылық бағытта, жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.

Сонымен бірге, бастауыш мектептің негізгі міндеттері – балының жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет