«Бастауыш мектепте дүниетану мен жаратылыстануды оқыту әдістемесі» Бастауыш сыныптардағы «Жаратылыстану»



бет1/38
Дата25.05.2023
өлшемі169,33 Kb.
#177652
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
1-43 Бастауыш мектепте дүниетану мен жаратылыстануды оқыту әдістемесі


«Бастауыш мектепте дүниетану мен жаратылыстануды оқыту әдістемесі»



  1. Бастауыш сыныптардағы «Жаратылыстану», «Дүниетану» пәнінің жаңа мазмұндық ерекшеліктері және материалды іріктеуге қойылатын талаптар.

Жаңартылған бағдарламаның мәні – баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Бұл жаңа жүйе бойынша бағдарлама әзірленіп, жаңа оқулықтар қолданысқа түсіп отыр. Бастауышта зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыратын және өмір сүретін әлем туралы жаңа «Жаратылыстану» пәні енгізілді. Қазіргі таңда жаңартылған білім беру бойынша бастауыш сыныпта жаратылыстану пәнін оқытудың маңызы зор. Өйткені, ізденімпаз, шығармашыл жасұрпақ үшін жаратылыстану пәнінің әр тарауға бөлінген қызықты тапсырмалары мен зерттеу жұмыстары, сюжеттік ойындары оқушыларды бейжай қалдырмайтыны сөзсіз. Төменгі сыныпта жаратылыстану пәнін оқу арқылы оқушылардың қоршаған орта, әлем және аспан денелері туралы білімдері молайып, өзбетінше зерттеу жұмыстарын жүргізуге жағдай жасалған. Төменгі сыныпта жаратылыстану пәнін оқытудың ерекшелігі: оқушылардың қоршаған орта, әлем туралы ой-өрісін дамыту, тәжірибе жұмыстарын жасату арқылы шығармашылық ізденіс қабілетін арттыру. Жаратылыстану пәнін оқу барысында оқушылардың санасында осындай зерттеу дағдыларын қалыптасады: зерттеушілік, байқау, мәліметтерді алу және ұсыну, нәтижелерді түсіндіру.
Төменгі сыныптарда жаратылыстану пәнiн оқытудың ерекшелігі: оқушылардың қоршаған орта, әлем туралы ой-өрісін дамыту, тәжірибе жұмыстарын жасату арқылы шығармашылық ізденіс қабілетін арттыру. Сонымен қатар оқушы жаттығуларды өзбетінше зерттеп жасауына және жақсы нәтижеге жетуіне жетелейді, оқушының ақыл ойын дамытып, ғылым саласы мен шұғылдануына қызығушылығын арттырады.
«Дүниетану» пәні бойынша білім берудегі бағдарлама оқушылардың қиялын дамытуға байланысты оқытылады. Тарихи, географиялық және әлеуметтік тұрғыдан түсінуге маңызды рөл атқарады.
«Дүниетану» оқу пәнінің мазмұны адам, табиғат және қоғам, оның ішінде отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет, қоршаған табиғи орта сияқты оқыту нысандарына тоғыстырылған.
Бұл оқу пәні негізгі және жоғары мектепте қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар цикл пәндерінің негізін қалай отырып, олардың өзара байланысы мен тәуелділігі жөніндегі білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пән.
«Дүниетану» пәнінің маңыздылығы
«Дүниетану» пәні оқушыларға қоршаған ортаны, түрлі қоғамдық, мәдени және табиғи үдерістер мен құбылыстарды толық, өзара байланыста танып-білуге мүмкіндік береді. Олардың қызығушылығын оятып: Біз кімбіз? Қайдан шықтық? Қайда тұрып жатырмыз? Бізді не қоршап жатыр? Біздің өткеніміз бен келешегіміз қандай? – деген сұрақтар аясында ойлануына мүмкіндік береді.
«Дүниетану» пәнінің бағдарламасы Қазақстан халқының әлеуметтік, моральдік, шығармашылық және коммуникативтік өмір тәжірибесі жөнінде кеңінен мағлұмат береді. Оқушылар өзі, өз үйі мен отбасы туралы ой қозғаудан бастап, қоршаған ортаның, дүниенің сырларын да түсіне бастайды.
«Дүниетану» пәні бойынша оқушылардың білімі мен біліктілігі қалыптастырушы бағалау шеңберінде сұрақ-жауап нәтижелері, бақылау жұмыстарының, тест тапсырмалары, практикалық жұмыстар мен диктанттар нәтижелері бойынша кері байланыс беру және білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, қажетті форматтағы сабақты құру мақсатында, сонымен қатар, рәсімдер саны нақты анықталынған жиынтық бағалау шеңберінде бағаланады және сынып журналына балл қою қарастырылады.
Талаптары:
Жаратылыстану және дүниетану пәнін оқыту барысында , оқыту үдерісін тәжірибе жұмыстарымен байланыстыра оқыту кезінде баланың жас ерекшеліктерін ескеріп, сабақта жеке және топтық жұмыс кезінде олардың қабілеттерін дамытуғы ықпал жасап, оқушының эмоционалды жағдайына жағымды әсерін тигізуі керек. Бұл орта оқушыларға қауіпсіз, мазмұнды, оқушының жас ерешелігіне сай, өзгермелі және қол жетімді болуы керектігін естен шығармаған жөн. Бастауш сынып оқушыларының зейіні тұрақсыз, қызығушылығы үнемі ауысып отырады. Сондықтан сыныптағы ахуал оқушылардың психологиясына оң әсер тигізуі керек.
Төменгі сыныпта жаратылыстану пәнін оқыту барысында оқушыларға тақырыпты дайын күйінде ұсына салмай, керісінше оқушылардың тақырыпты өзі тауып ашуына жағдай жасау керек. Мысалы, біз бүгін «Су және оның қасиеттері» тақырыбын өтетін болсақ, оқушыларға осы тақырыпқа қатысты сұрақтар қою және интерактивті тақта арқылы сурет, қызықты бейнероликтер көрсету арқылы оқушылардың өздеріне тақырыпты тапқызамыз. Яғни, миға шабуыл, сын тұрғысынан ойлану әдістерін қолданамыз.Оқулықпен жұмыс жасай отырып, оқулықтағы тапсырмалармен қатар қосымша сюжеттегі, кеспе қағаздағы тапсырмаларды орындайды. Тапсырмаларды топтық, жұптық болып бөлініп, ұжымдасқан түрде орындайды. Тапсырмаларды топтық, жұптық болып бөлініп, ұжымдасқан түрде орындайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет