Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық Қабілеттерін арттыру жолдары



бет2/4
Дата12.12.2019
өлшемі320,75 Kb.
#53521
1   2   3   4
Байланысты:
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс
ktj 20476, sbornik inkljuziv obraz, жұмыспен қамту мәлімет, аралық бақылау сұрақтары, Комиссия5а, Комиссия5а, Өтініш, fyu, 3 prakt rab, 102 Журн. преп, Аятул курси суреси, Науаи Фонетика, Аятул курси суреси, Аятул курси суреси

Мына фигураға бір кесінді жүргізу арқылы бір тік төртбұрыш, бір үшбұрыш шығарып алуға болады. Ол үшін қай нүктелерді қосу керек?

Мақсаты: геометриялық фигураларды ажырата және тани білуге үйрету.

№ 7. Слайд

Екі адам 2 сағат шахмат ойнайды. Олардың әрқайсысы неше сағат шахмат ойнайды? Мақсаты: Оқушыларды мәтіннің логикалық түйінін түсіне білуге үйрету.



№ 8. Слайд

Сиқырлы үшбұрыштағы бос орынды толтыр. Мақсаты: оқушылардың жылдам есептеу дағдыларын дамыта түсу.

Бастауыш сыныптарда дүниетану пәні бойынша оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Дүниетану пәні — жоғары сыныптардағы биология, география, физика, химия,тарих пәнінің бастамасы. Ендеше, бұл пәндердің негізі бастауыш сыныпта қаланады да, бастаыш мұғалімдерінің мойнына ауыр жүк артылады. Осы себепті дүниетану сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып отыру қажет. Жалпы оқушылардың шығармашылығын дамытуда «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы мен «Дамыта оқыту» технологиясын тиімді деп есептейміз және сабақтарымызда жиі қолданамыз. Енді сол жұмыстарымыздың кейбір түрлеріне тоқталып өтейік.

I слайд


Су. Судың қасиеті. Бұл тақырыпты өту барысында оқушыларды топқа бөлемін. Тәжірибелер жасау барысында оқушылар судың түссіз, мөлдір екеніне, оның ағатынына, жұғатынына, жабысатынына және табиғатта 3 күйде кездесетініне көздерін жеткізеді деп төмендегідей кластер құрастырады:

Сабақты қорыту мақсатында әр топқа тапсырма беремін:

I топ-эссе жазады
II топ-сурет салады
III топ-өлең шығарады

ЭССЕ «Су-тіршілік көзі»»

Бізге су өте қажет. Су болмаса біз өмір сүре алмаймыз. Біз суды күнделікті өмірде пайдаланамыз. Су түссіз, мөлдір болады. Сусыз жануарлар да тіршілік ете алмайды, өсімдіктер де өспейді.Сондықтан суды үнемдеуіміз керек.

5 жолды өлең:

Су
Мөлдір, түссіз
Ағады, жұғады, жабысады
Ол бізге өте қажет
Сусын

II слайд


Өсімдік пен жануарлардың байланысы.

II слайд


Өсімдік пен жануарлардың байланысы. 

Оқушыларға ой тудыратын сұрақ қоямын: — гер адам осы ағашты кесіп алып тастаса не болар еді?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет