Бастауыш сыныпта ќазаќ тіліндегі туынды тїбірлердіѕ ќўрылымы


II. Сөздің сөзжасамдық құрылымы



бет5/13
Дата14.02.2022
өлшемі261,5 Kb.
#131715
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Дип.-Сөздің-морфологиялық-құрылымы

II. Сөздің сөзжасамдық құрылымы
Сөз құрамындағы тұлғаларды лексикалық мағынасы бар тұлғалар және тек грамматикалық қана мағынасы бар тұлғалар деген екі бөлікке бөліп қарауға болады. Бұл бөліктердің алғашқысы - сөздің лексика-грамматикалық бөлігі, екіншісі сөздің фамматикалық бөлігі деп аталады. Бірінші бөлікке дербес лексикалық мағынасы бар негізгі түбірлер мен сөзге жаңадан лексикалық мағына беретін сөз тудырушы жұрнақтар, демек солар арқылы жасалған туынды түбір тұлғалар жатады да, жаңадан лексикалық мағына тудыра алмайтын функциональді жұрнақтар мен жалғаулар екінші бөлікке кетеді. Сөздерді лексика-грамматикалық бөлікке бөлшектегенде, негізгі морфемалар мен қосымша морфемалардың ара жігі әуелдегідей емес, жаңаша сөз табады. Яғни қосымша морфемалар қатарында жататын сөз тудырушы жұрнақтар туынды негіздер құрамына еніп, сөздің негізгі морфемалар тобына ауысады. Мысалы, ырлавчыга (жырлаушы) деген сөзді құрамына қарай тұлғаласақ, ыр (жыр) тұлғасы негізгі морфема болып шығады да, -ла, -в, -чы тұлғалары мен -га тұлғасы қосымша морфемалар тобына жатады. Ал осы сөзді лексика-грамматикалық бөлігі тұрғысынан қарасақ, оның ырлавчы деген бөлігі үш жұрнақты (ыр-ла-в-чы) туынды түбір болып шығады да, грамматикалық бөлігіне ~га барыс септік жалғауы ғана қалады. Біздің басында қосымша- морфема деп отырған -ла, -в, -чы жұрнақтары бұл жерде сөздің негізгі морфема бөлігіне ауысып кетіп отыр. (Ибатов, 1983,48-6.). Сөйтіп сөздің негізгі морфемалар қатарына ауысушы қосымша морфемалар сөздің дара және күрделі болып келу сипатына қарай үнемі жұрнақ түрінде емес, әр түрлі болып келе береді. Мысалы, туынды түбірлі дара сөз болатын болса, оған қосылғанда негізгі морфема қатарына ауысып кететін сөз тудырушы қосымшалар екі түрде: жұрнақ және жалғау түрінде кездеседі. Мысалы, Толық денелі болса да, әлі жас әйел. Игіліктің күшігі тұрғанын көрсе де, асықпай баяу басып келеді (Ғ.Мус.) деген сөйлемдегі толық сөзін алайық. Мұнда толық сөзінде -ық жүрнағы негізгі морфема құрамына ауысып тұр. Осы сияқты кейбір қос сөздер құрамындағы негізгі морфеманың алдынан қосылатын күшейткіш тұлғалар (қып қызыл) түрінде айтылатын префикс мәндес тұлғаларда да кездеседі. Сөздің негізгі морфема құрамына ауысып кететін қосымшалардың бұлайша әр қилы (жұрнақ, жалғау, күшейткіш тұлға) болып келуіне қарамай, олардың бәрі де өзі қосылған сөзінен жаңа сөз тудыратын қосымшалар болып танылады. Осы қасиетіне байланысты олар әрқашан өзі қосылып айтылған сөзінен жаңа сөз тудырғанда, сол жаңадан пайда болған сөздің бүтін бір тұтас тұлғасына айналып, сөздің лексика-грамматикалық бөлігін, яғни туынды түбір бөлігін құрады.
Сөздің негізгі лексика-фамматикалық бөлігі, әдетте белгілі бір сөз тобына байланысты қаралады. Сөз негізінің қай сөз табына тән екендігіне қарай оның грамматпкалық бөлігінің сипаты айқындалады. Мысалы, негізгі сөз есімдер тобына жататын болса, оның грамматикалық бөлігі бір түрлі ал, етістіктер тобына жатса, екінші түрлі болып түрленеді. Сөздерді лексика-грамматикалық тұлға ретінде жеке алып таңдағанда, оның лексикалық мағынасы грамматикалық түр-тұрпатын еске ала отырып сипаттайтыны да осы себептен.
Сөздің лексикалық және грамматикалық бөлшектерге бөліп қараудың бір түрін біз Ф.А.Ганиевтің зерттеулерінен кездестіреміз. (Ганиев, 1974, 39-6.). Бірақ онда ғалым сөздің лексикалық бөлігін "слово образовательная структура слово" деп атайды да, грамматикалық бөлігін "морфологическая структура" деп атайды. Ғалым "Негізге қосылған не үстемеленген нәрсенің бәрі морфологиялық немесс формалық көрсеткіштер болып саналады, сондықтан оны морфология зерттеу қажет", - дейді. Сонда негізгі және туынды түбір сияқты сөздердің негіз тұлға морфемалары морфология саласына жатпайтын болып шығады.
Сөздің лексика-семантикалық бөлігіне әр түрлі (түпкі, негізгі, туынды) түбір морфемалар жатады да, сөздің безендіруші грамматикалық бөлігіне функциональді жұрнақтар, мен жалғаулар морфемасы жататын болады. Бұл жерде сөз тудырушы жұрнақтар жеке аталмай қалды. Оның мынадай себебі бар. Сөзді бұлайша бөлшектеуге сөз тудырушы жұрнақтар тобы, жоғарыда айтылғандай, туынды түбір деп аталатын сөздер құрамында сөздің негізгі морфемалар қатарына, сөздің лексика-грамматикалық бөлігіне ауысып кетеді. Өйткені сөз тудырушы жұрнақтар өзінің бұрынғы қосымша сорфемалар сипатынан арылып, туынды түбір морфемалардың тұтас түр тұлғасына енеді. Олар өзінің негізгі түбір морфемаларымен бірігіп, тұлғалық тұтастығын да, бір бүтін тұлғаға (туынды түбірге) айналып, оның құрамына сіңіп кетеді. Алғашқы сөз тудырушы қосымша морфема енді негізгі морфеманың тұтастық құрамына ауып, туынды түбір деген дербес лексикалық единицаның құрамына, негізгі морфемалар тобына қосылады. Бұл туынды түбірлер құрамындағы сөз тудырушы қосымшалардың бір ерекше қасиеті. Олар қосымша морфемалық сипатын тастап, негізгі морфеманың біртұтастығына айналады. (Ибатов, 1983, 51).
Сөз құрамының мағыналы және мағынасыз бөліктері дегенде, бір алғашқы топқа түбірлер мен туынды негіздерді, яғни сөздердің лексикалық дербес мағынасы бар негізгі бөлігін жатқыздық. Сол себептен сөз құрамының түбір тұлғаларын еске ала отырып, екі түрлі мәселе: 1 түбір сөздер мен негіздердің (түбір морфемалардың) құрылым жүйесі және 2 жаңадан сөз жасаушы лексика-грамматикалық жұрнақтардың құрылым жүйесі деген мәселелер талдауға алынады. Сөздің морфемалық құрылымы дегенді негізгі екі жікке бөліп, оның алғашқысын сөздің лексика-семантикалық бөлігі, екіншісін сөздің түрлендіруші (яғни грамматикалык) бөлігі деп қараған жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет