Бастауыш сыныпта «КӨркем еңбек» ПӘНІҢ ОҚыту ерекшелігі



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі19,45 Kb.
#92883
1   2   3   4
Байланысты:
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА «КӨРКЕМ ЕҢБЕК» ПӘНІҢ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІГІ

«Көркем еңбек» пәнінің оқу пәнінің бағдарламасы:
- қоршаған ортада өнер, дизайн мен технология туралы түсінік пен білімді дамытуға;
- Қазақстан және әлем халықтарының көркем-мәдениет мұрасын оқып үйренуге;
- өнер мен дизайнның көркем тәсілдері арқылы шығармашылық идеяларды, технологиялық дағдыларды дамытуға;
- зерттеу, жасау, талдау, нысандарды көркем түрлендіру үдерісінде оқушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға;
- оқу қызметінің барлық түрлерінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы тәжірибе алуға (зерттеу, идеялардың шығармашылықпен іске асыру, жұмыстардың таныстырылымы);
- жұмыс нәтижесі үшін түрлі ақпарат көздері мен ресурстарының маңыздылығын түсіне отырып, зерттеу мен пайдалануға;
- эстетикалық, еңбекке баулу, экономикалық, экологиялық, патриоттық тәрбиелеу мен рухани-өнегелік құндылықтарын қалыптастыруға;
- уақыт, материалдың қасиеті мен басқа да факторлардың әсерін анықтап және оны ескере отырып қызметін өз бетінше жоспарлай алуға;
- оқу мақсаттарына жетуде бірігіп жұмыс істеуді ұйымдастыру (жеке, жұптық және топтық жұмыс) бойынша тәжірибе жинауға бағытталған. Жалпы негізгі білім беру жүйесіндегі «Көркем еңбек» пәнінің ерекшелігі әртүрлі өнер түрлерін зерделеу, идеяларын өнер тәсілдері арқылы көрсету, әмбебап (тұрмыстық) және арнайы (пәндік) білімдер мен икемділікті, материалдар мен нысандарды түрлендіру және көркем өңдеу дағдыларын, үй шаруашылығын жүргізу, технологиялар мен техниканы қолдану машықтарын иелену болып табылады.
Мектепте «Көркем еңбек» пәнінің басты міндеттерінің бірі-балаларды негізінен еңбекке тәрбиелеу, қоғам игілігі үшін еңбек жасату, оқушылардың еңбекке деген көзқарастарын шығармашылық қатынаста тәрбиелеу. Көркем еңбек сабағында баланың ой-өрісінің дамуына түсініктерінің кеңеюіне, ғылым мен техника туралы білімнің негізделуіне әсерін тигізу үшін біріншіден еңбекке баулу пәнінің мұғалімдерінің өзінің саяси сауаттылығымен бірге техникалық сауаттылығы қатар болып, білім аясы терең әрі жан-жақты болуы шарт. Екіншіден, өз бойындағы білімін мектептің бастауыш сатысында білім алып жатқан жас жеткіншектерге жеткізіп, асқан шеберлікпен меңгерте білу. көркем еңбек пәнінің міндеті-осы мақсаттарды шешуді көздейді. 
Пәнге берілген жалпы сағат саны көп болмағанымен оқу материалының ауқымы көлемді. Жалпы білім беретін орта мектептерде өтілетін көркем еңбек сабағы жасөспірім оқушылардың еңбекке ынтасын, сабаққа ықыласын арттыруда, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда орасан зор негіз болып табылады. Адамдардың ең бірінші өмірлік қажеттілігі-еңбек екені, сол арқылы өз бойындағы еңбек қабілеттерін дамытып отыратыны, үлкейе келе өзінің бойындағы асыл қасиеттерінен өмірлік нәр алатындығын мектеп табалдырығын аттаған жасөспірімдердің бойына ерте бастан дарыта білу керек.
Педагогика ғылымының негізгі ұстанымдары бойынша бастауыш сыныптарда өтілетін барлық пәндердің ара салмағы бірдей болып саналатындығы белгілі екенін ескерсек те дегенмен әрбір пәннің өзіндік ерекшеліктері, мүмкіндіктері әркелкі болып келеді. Көркем еңбек сабағы - мектеп оқушыларына жай ғана білім беріп қана қоймай, ең бастысы оқушыларды ізденімпаздылыққа, еңбекқорлыққа баулитын тәлім сабағы болып келеді. Көркем еңбек сабақтары арқылы баланың бойында еңбек қабілеттері, дүниетанымдары кеңейе түсіп, олардың бәрін жинақтау қабілеттері, техникалық сауаттылықтары арта түседі. Көркем еңбек сабақтары арқылы баланың бойында еңбексүйгіштік қабілеттері дами түсіп адамгершілік қасиеттері қалыптасады және еңбек адамдары туралы түсініктері кеңейе түседі. Бастауыш сыныптарда өтілетін көркем еңбек сабақтарында оқушылардың орындайтын жұмыстары қаншалықты қарапайым әрі оңай болғанымен еңбек жөніндегі тәжірибесі аз балаға оны орындап шығу қиынға соғады. Бұл жұмыстар алғашқы күннен бастап мұғалімнің көмегімен жүзеге асырылып отырады. Сондықтан алғашқы сабақтан бастап түрлі жұмыстарды жүйелі түрде орындай білуге оқушыларды дағдыландырсақ, іске төселдірсек олардың қандай істі болса да атқара алатындығына сенімдері арта түседі. Ондай кездерде оқушы бойында еңбекке деген құштарлықтары, сабаққа ынтасы, ықыласы да арта түседі. Бастауыш сынып мұғалімдері жаңа оқу жылы бас кезінде әрбір жекелеген сыныптар үшін бөлінген сағат сандары бойынша бағдарлама талаптарына сәйкес атқаратын тапсырмаларды енгізе білуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет