Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологияларын қолдану



Дата06.10.2023
өлшемі18,04 Kb.
#183952
Байланысты:
Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологияларын қолдану
Бакуша 1, бакуша 2

Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологияларын қолдану
Білім дегеніміз қашанда жақсылыққа жетелейтін жарық жұлдыз іспетті. Қазіргі таңда мектеп мұғалімдерінің басты міндеті-оқушылардың озық білім дағдыларын қалыптастыру.Соңғы жылдардағы білім саласында орын алып жатқан ауқымды өзгерістер әртүрлі ынталы бастамаларға жол ашуда. Осы тұрғыдан қарастырсақ, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын педагогикалық қызметтің тиімді жолдарын іздестіру, оны жаңаша қалыпта ұйымдастыу қажетілігі туындайды. Бастауыш сынып мамандарының кәсіби біліктілігін көтеру мен шығармашылық әрекетін ұйымдастыруда жаңа технологияларды игерудің маңызы өте зор. Бастауыш білім-мектептегі үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы. Мұғалімдерге жүктелген міндет білім берудің жаңа моделін жасап, белгілі бір деңгейде білім, білік дағдыларын қалыптастыру, оқу мен тәрбие процесін ұймдастыру ісінде сан алуан жаңа әдіс-тәсілдерді іздестіру, жаңа педагогикалық технологияларды сабақта тиімді пайдалана алуы, жалпы айтқанда, оқу үдерісін жоғары деңгейге көтеру. Бұған дәлел ретінде Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында айтқан «XXI ғасырда білімін дамыта аллмаған елдің тығырыққа тірелетіні анық» деген пікірін келтірсек болады. Жаһандану заманындағы жаңартылған білім беру мазмұнының мақсаты-оқушыларға тек білім, білік дағдыларын меңгертіп қана қоймаай,өз бетінше ізденіп, өзін-өзі дамта алатын, ой-өрісі кең, бәсекеге қабілетті, талантты жастарды тәрбиелеу. Әрине, үнемі даму үстінде болатын баланың ішкі жан дүниесі мен болмысын қалыптастыруда мұғалімнің ықпалы зор. Әрбір мұғалім алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, өз шеберлігіне қарай жаңа технологияның тиімдісін таңдап алады. Жаңа педагогикалық технологияларды сабақта тиімді пайдалануда мұғалімнің белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі маңызды рөл атқарады. Жалпы алғанда, оқыту мен білім беру саласында жаңа технологиялардың 40-тан астам түрі белгілі.
Бастауыш сынып мұғалімі үшін оқушы жазылмаған ақ қағаз іспетті. Бастауыш сынып мұғалімдеріне жүктелген негізгі міндет-баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеті мен мүмкіндіктерін айқындау, дұрыс түсінік қалыптастыра отырып, оң бағыт-бағдар беру. Бастауыш сыныпта жаңа педагогикалық технологияларды қолданудың маңызы оқушылардың білім деңгейін арттырумен, оқыту іс-әрекетін тиімді ұйымдастыра алуымен байланысты. Жас ұрпаққа қазіргі заман талабына сай тәрбие мен білім беруде ұстаздар қауымының инновациялық технологиялардың ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгере білуі өзекті мәселеге айналып отыр. Бүгінгі таңда мектеп мұғалімдері инновациялық және интербелсенді әдіс-тәсілдерді оқыту процесінде пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне өз септігін тигізуде. Оқыту үдерісінде жаңа педагогикалық технологияны пайдаланудың тиімділігі:
1.Оқушы өз бетінше жұмыс істеуді үйренеді және соған дағдыланады.
2.Сабақ барысында оқушының таным-қабілеті анықталады.
3.Өзара бәсекелестік туындап, алға қарай талпынады.
4.Тапсырманың қарапайымнан күрделіге өту деңгейіне қарай оқушының ойлау, орындау қабілеті артады.
5.Өз-өзіне есеп беруге ұмтылады.
6. Оқушы тапсырманы орындау қабілетіне қарай бағаланады.
Бастауыш сыныптарда қолданылатын тиімді әдістердің бірі-сын тұрғысынан ойлау. Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз оқушының өз ойы мен жолдастарының пікіріне сынай қарап, естіген, білгенін талдап, сұрыптап, жүйелі түрде тұжырым жасауға бағыттау.Өз бетінше және топпен бірлесіп жұмыс жасау. Бұл әдістің тиімді жағы сабақ барысында оқушылар тез шешім қабылдауға, логикалық ойлау жүйесін дамытуға, өтілген тақырып аясында өз ойларын ашық жеткізуге дағдыланады. Мәселен, әдебиет пәні бойынша оқушылардың топтық жұмыс барысында аталған технологияның инсерт, болжау, миға шабуыл әдістерін пайдалануы тиімді болып саналады. Сондай-ақ зерттеуші ғалымдардың пікірінше, бастауыш сыныптарда ақпараттандырудың міндеттерін шешуде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың төмендегідей бағыттарына сүйенуіміз қажет:
-Білім беру үдерісінде қазіргі ақпараттық технологияларды пайдалану;
-Бастауыш сыныптарда электронды оқулықтарды жиі қролдану;
-Кәсіби-педагогикалық іс-әрекетті АКТ мен қаматамасыз ету;
-Оқу-тәрбие процесін басқару.
Бастауыш сыныптарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды мынадай бағыттарда қолдануға болады:
1.Бастауыш мектепте оқытылатын информатика және ақпараттық мәдениет негіздері пәнінің мазмұны оқушылардың компьютерде өз бетімен жұмыс жасауды жетік меңгеруіне құрылуы тиіс.
2.Ақпаратты алу және құрбыларымен ғаламтор арқылы қарым-қатынас орнату көзі.
3.Салауатты түрде таңдалған компьютерлік программалардағы оқу тапсырмалары мен ойындардың вариативтілігі оқушы жұмысына өз ықпалын тигізеді.
Қандай да бір технологияны пайдаланған кезде оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшағаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл-күйінің көтеріңкі болуын қамтамасыз ету жағын қарастырумыз қажет.
Қорыта келгенде, бүгінгі таңда мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технологиялар ойлауды дамыту, қабілетті қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер болып табылады.Оқытуың жаңа технологияларын пайдалану оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырып, білім көкжиектерін кеңейте түседі. Егер де жаңа технология элементтерін сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, оң нәтиже береді деп ойлаймын.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет