Батырбек Алина СӨж тапсырма: Ойынға байланысты ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспарын құру. Сюжетті – рөлдік ойындар



бет8/11
Дата08.02.2022
өлшемі38,16 Kb.
#124289
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Батырбек Алина СӨЖ Сюжеттік ойын
3-дәріс, Батырбек Алина СӨЖ Сюжеттік ойын, Structural and functional organization of eukaryotic cells. Microscopic fungi and yeast., «Бұлшықет корсетін дене шынықтыру көмегімен дамытуға ықпал ету»
Азық - түлік дүкені
Ойынның мақсаты: Балаларды еңбекке, еңбекті құрметтей білуге, сыпайыгершілікке, ізгілікке, адалдыққа баулу.
Қажетті атрибуттар: ойыншықтар, ыдыс-аяқтар, папье-машеден жасалынған тағам түрлері, ақ халат, қалпақ, есеп шот, қағаздан жасалған дөңгелектер.
Ойын шарты. Бұл ойынды әуелі жеке-жеке ойнатып, әбден жаттыққаннан кейін үш дүкенді қатар ашып ойынды күрделендіру.
Балаларды рөлдерге бөлу: 2 бала сатушы, 1 бала кассир, қалғандары тұтынушылар.
Тәрбиеші ойын ережесін түсіндіреді. Ереже бойынша сатушылар да, тұтынушылар да бір-бірімен сыпайы сөйлеседі. Бір затты сатып алған соң, рахмет айтуды ұмытпауы керек. Сатушыда өз кезегінде «Тағы да келіп тұрыңыз», - деп ілтипат білдіреді.
Бірінші ойыншық дүкенін ұйымдастыру. Ойыншық сөресінің жанына үстел қойылып сөреде «Дүкен» деген жазу ілулі тұрады. Кассирдің алдында есепшот, ақша салатын қорап, ақ қағаз, қарындаш. Ойыншық алғысы келген балалар ең әуелі кассирге ақшасын төлейді. Не алғысы келетінін айтады. Кассир чек жазып береді. Чекті алып сатушыға береді. Сатушы «тағы да келіп тұрыңыз» - дейді.
Тәрбиеші ойынға жалпы басшылық жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет