Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Хамза Есенжанов атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасы Управление культуры


СҮЙІНШӘЛИЕВ ХАНҒАЛИ ЖҰМАШҰЛЫ (1918)



бет41/86
Дата06.02.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41874
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   86
СҮЙІНШӘЛИЕВ ХАНҒАЛИ ЖҰМАШҰЛЫ (1918)
туғанына 100 жыл

Филология ғылымдарының докторы, белгілі әдебиет зерттеушісі, сыншы Ханғали Жұмашұлы Сүйіншәлиев Орал облысы, Тайпақ ауданы, Базартөбе совхозына қарасты бұрынғы Қызылжар ауылсоветінде 1918 жылы дүниеге келді. Мектеп табалдырығын да сол ауылда аттады. 1937 жылы Орал қаласындағы зоотехникалық-малдәрігерлік техникумды тәмәмдағаннан кейін сондағы педагогикалық институтқа түседі.


Институт қабырғасында жүріп, бастауыш мектептерге сабақ берген Ханғали әдебиетке құштар, еңбекке бейім, талантты жас екенін танытқан. Әдебиет үйірмесінің бел ортасында жүретін. Өлең, әңгімелер жазып, сол кездің өзінде-ақ болашақ әдебиетші ретінде қалыптасты.
Ел басына күн туып, Ұлы Отан соғысы басталғанда Ханғали Сүйіншәлиев алғашқылардың бірі болып майданға аттанды. Алдыңғы шепте жаумен сан рет айқасып, талай дұшпанды жер жастандырды. Көп ұзамай Волоколамск түбіндегі әйгілі ауыр ұрыстардың бірінде қатты жараланып, елге оралады. Сөйтіп, 1942 жылы Х. Сүйіншәлиев сүйікті мамандығы ұстаздық қызметіне қайта кірісті. Бірте-бірте ол халқының рухани мұрасы - әдебиет тарихын зерттеумен айналысады. 1952 жылы Ханғали “Абайдың прозасы” деген тақырыпта диссертация қорғап, филология ғылымының кандидаты атағын алды. Арада бір жыл өткенде ол Қазақ Мемлекеттік университеттің қазақ әдебиеті кафедрасына доцент болып ауысып ғылыми-зерттеу жұмыстарына бұрынғыдан да қызу араласты. Оның қаламынан күні бүгінге дейін төрт жүзден астам мақалалар мен очерктер, эсселер мен әңгімелер, оқулықтар мен оқу құралдары, монографиялар туған.
Қазақ мемелекеттік университетінде ұстаздық қызметін бастаған Х.Сүйіншәлиев кейінірек “Абай танудан” да арнаулы курс жүргізді. Университет студенттеріне “Абай танудан” арнайы курс оқу академик Мұхтар Әуезовтің бастамасымен қолға алынғаны белгілі. Мұхаң секілді кемеңгерден кейін “Абай танудан” арнаулы курс оқып, жақсы істі жалғастыра білген Ханғали Сүйіншәлиев екені көңіл көншітер жайт.
Ханғали сексенге келген шағында “Қазақ әдебиетінің тарихы” деген көлемді еңбек жазып, әлі бабында екенін аңғартты. Ол “Республикаға еңбегі сіңген жоғары оқу орны қызметкері” құрметті атағының иесі. Сондай- ақ Х. Сүйіншәлиев Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
ӘДЕБИЕТТЕР

Сүйіншәлиев Х. Ғасырлар поэзиясы: зерттеулер.- Алматы: Жазушы,1987.-198 бет.


Сүйіншәлиев Х. VIII-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті. – Алматы: Мектеп, 1989.-280 бет.
Сүйіншәлиев Х.ХІХ ғасыр әдебиеті. Жоғары оқу орындары филология факультеттері студенттеріне арналған оқулық. – 5-ші кітап.- Алматы: Ана тілі, 1992.-360 бет.
Сүйіншәлиев Х. Саңлақтар сарабы. – Алматы: Жазушы, 1978-264 бет.

Ол туралы


Ақбай Ж. Қаламы қолдан түспеген //Орал өңірі.-1998.- №67 (28 қараша)


Қыраубайқызы А. Ежелгі әдебиет ертеңгі әдебиетке жалғасуда. //Егемен Қазақстан.-1998.- 24 желтоқсан (№254)
Сүйіншәлиев Ханғали Жұмашұлы.//Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия.-Алматы: “Арыс” баспасы,2002.- 472 б
Сүйіншәлиев Ханғали Жұмашұлы.//Қазақ әдебиеті: Энциклопедия.-Алматы: Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі, Қазақстан даму институты.-1999.- 606-607 б.
Ізмағанбетов И. Танымал ғалым, парасатты азамат.//Орал өңірі .-2003.- 6 желтоқсан.- (№148)
Ханғали Жұмашұлы Сүйіншәлиев.//Алаштың ардагер азаматтары.- Почтенные люди казахской земли. К.3,ч.2: Батыс Қазақстан облысы бойынша. - Құрастырған Ғ.У. Хаймулдин.- Орал: Полиграфсервис,2000.- 167-168 б.


Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   86




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет