Батыс философиясының жаңа тарихы, 4-том. ҚАзіргі заман философиясы



Pdf көрінісі
Дата26.09.2023
өлшемі0,79 Mb.
#182479
Байланысты:
З.Фрейдтің психоанализі
1549295802, 1549295802, Green minimalist professional Business Proposal Presentation, Ағылшын тілінде ең жиі қолданылатын 700 сөз


14-дәріс
Фрейд пен Психоанализ
БАТЫС ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ 
ЖАҢА ТАРИХЫ, 4-ТОМ. 
ҚАЗІРГІ ЗАМАН ФИЛОСОФИЯСЫ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
АШЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ


Кітап:
Дәріс:
Батыс философиясының жаңа тарихы, 4-том. Қазіргі заман философиясы
14. Фрейд пен Психоанализ
2
Он тоғызыншы ғасырда континенталды Еуропа елдері мен ағылшын тілді әлем ара-
сында философиялық идеялар үнемі құбылмалы болып тұрды. Кант пен Гегель британ 
университеттерінде жаппай өте ықпалды болды, ал британдық эмпиризм дәстүрін континенттің 
радикалды ойшылдарының көбісі мойындап, қабыл алды. Уильям Джеймстің кәсіби жолы сол 
заман философиясының космополиттік бейнесін анық көрсетеді. Француз философын оқу 
арқылы философияға бет бұрған Джеймс Германияда білім алды да, өзі Құрама Штаттарында 
орныққанымен, Ұлыбританияда жиі дәріс оқыды. Оған қоса, жас Бертран Рассел де нақты бір 
жергілікті ғана философ болған емес: өзінің математика философиясын жасақтап жүргенде, 
ол неміс философы Фреге мен итальяндық ойшыл Пеаномен жүйелі түрде хат алмасып тұрды.
Он тоғызыншы ғасырдың ортасына қарай бұл жағдай өзгерді. Континенталды және ағыл-
шын тілді философтар өз идеяларын бірін-бірі түсінбестей, екі түрлі бағытта өрбітті. Рассел 
негізін қалауға үлес қосып, Ұлыбритания мен Америкада қанат жайған философиядағы ана-
литикалық дәстүр академиялық ортада басым бола түсіп, философияның басқа бағыттарын 
мүлде дерлік ығыстырып жіберді. Континенталды Еуропада экзистенциализм сәнді мектепке 
айналды, бұл бағытқа Францияда Жан-Поль Сартр, ал Германияда Мартин Хайдеггер жетекшілік 
етті. Философиялық ой-толғаныстың түрлі бағыттарын біріктіруді мақсат тұтқан әрекеттер сол 
ғасырдың екінші жартысында ғана уақытша бір нәтиже берді.
ХХ ғасырдағы Ағылшын-Америкалық философиялық ойға ең пәрменді ықпал еткен 
континенталды ойшыл тіпті философ та болған жоқ, ол өзін ғалым, жалпы жаңа ғылымның 
ойлап табушысы санаған адам – Зигмунд Фрейд еді. Өзін фрейдист атаған философтар жоқтың 
қасы, бірақ ақыл-ой философиясын оқытумен айналысқандардың барлығы осы саладағы 
Фрейдтің жаңа да қызықты ұсыныстарын ескеруге мәжбүр болды.
Фрейд 1856 жылы Моравияда дінді қатаң ұстанбайтын еврейлердің австриялық отбасында 
дүниеге келді. 1860 жылы отбасы Венаға қоныс аударды, ал Фрейд университетте дәрігер 
мамандығын игеріп шығып, 1882 жылы Бас госпитальдің ұжымына қосылды да, бастапқы 
кезде ол жерде ми анатомиясына маманданды. Сондай-ақ Фрейд истерикалық пациенттерді 
гипнозбен емдейтін невролог Джозеф Брейердің жетекшілігімен қызмет етті. Үш жылдан кейін 
ол невролог Жан-Мартин Шаркодан тәлім алу мақсатымен Парижге көшті, ал 1886 жылы қайта 
оралған соң, көп ұзамай жекеменшік медициналық практикасына кірісті. Сол жылы ол Марта 
Бернейспен отау құрып, олардың жанұясында алты бала – үш қыз және үш ұл дүниеге келді.
1895 жылы Брейермен ынтымақтаса отырып, Фрейд психикалық аурулардың ерекше 
анализін ұсынған истерия бойынша еңбегін жария етті. Бірте-бірте ол гипнозды емдеу әдісі 
ретінде қолдануды доғарып, оның орнына өзі психоанализ деп атаған терапияның жаңа түрін 
пайдалана бастады. Өзінің айтуынша, бұл әдіс жай ғана пациент пен дәрігердің арасындағы сөз 
алмасу еді.
Жаңа әдістің мәні мынада: истерикалық симптомдар – пациенттің санасындағы басып-
жаншылған психологиялық зақым туралы естеліктерінің нәтижесі, оны емін-еркін ассоциация 
үдерісі көмегімен анықтап, қалпына келтіруге болады. Арнайы төсекте жатқан пациентке 
ойына келген дүниелер жайлы еркінше әңгімелеу ұсынылады. Осындай көптеген сеанстардың 
нәтижесінде Фрейд сәйкесінше психологиялық зақымдар балалық шаққа қатысты және 
олардың сексуалды астары бар екендігіне көз жеткізді. Оның инфантильді сексуалдылық 
теориялары Брейермен арадағы келіспеушілікке, артынша байланыстың үзілуіне алып келді.
Медицинадағы әріптестерінен қол үзген соң Фрейд практикасын Венада жалғастырды. 
1900 жылы ол өзінің ең маңызды еңбегі – «Түстердің интерпретациясын» жария етті, бұл 
туындысында ол адам түстерінің, невротикалық симптомдармен қатар, басып-жаншылған 
сексуалды қалауларының жұмбақталған көрінісі екендігін алға тартты. Оның пікірінше, 
мұнда ұсынылған теорияны қалыпты күйдегі, сау адамдарға да, невротикалық ауытқулары 
бар адамдарға да қолдануға болады, бір жылдан кейін Фрейдтің бұл зерттеуі Күнделікті 
өмірдің психопатологиясы атты жұмысында жалғасын тапты. Бұл – оның үнемі жетілдіріліп, 
жаңғыртылып отырған теорияларын паш етіп, оқырмандар тарапынан жоғары сұранысқа ие 
болған кітаптарының алғашқы легі еді. 1902 жылы Фрейд Вена университетінің невропатология 
профессоры атанып, шәкірттер мен әріптестер ортасына ие бола бастады. Олардың қатарында 
Альфред Адлер мен Карл Юнг та болды, бірақ екеуі де кейіннен Фрейдпен байланысын үзіп, өз 
мектептерінің негізін қалады.


3
Кітап:
Дәріс:
Батыс философиясының жаңа тарихы, 4-том. Қазіргі заман философиясы
14. Фрейд пен Психоанализ
3
1923 жылы Фрейд «Эго және Ид» кітабын жариялады, бұл еңбекте ол астарлы ой-сананың 
жаңа да, күрделі анатомиясын жүйелеп шықты. Қарама-қайшылықты ешқашан кедергі 
көрмеген Фрейд «Иллюзияның болашағы» (1927) шығармасында діннің пайда болуы туралы 
дефляциялық пікірін келтірді. Өзін атеист санағанымен, бұл Фрейдті Еврей мәдениетіне өзін 
тиесілі санауға немесе антисемитизмнің шабуылынан қиналуға тосқауыл болған жоқ. Нацистер 
психоанализге тыйым салғандықтан, 1938 жылы Германия Аустрияны аннексиялаған кезде 
Фрейд Англияға қоныс аударуға мәжбүр болды. Лондон қауымы ғалымды жылы қарсы алды, 
мұнда оның еңбектерін Блумсбери тобының мүшелері аударып, басып шығарды. Он алты жыл 
бойы жақ обыры кесірінен азап тартқан Фрейд 1939 жылдың 23 қыркүйегінде өзінің өтінішімен 
дәрігердің еккен қатерлі морфин инъекциясынан ажал құшты. Оның психоаналитикалық 
жұмысын кіші қызы Анна жалғастырды.
1915 және 1917 жылдар аралығындағы кіріспе дәрістерінің топтамасында Фрейд психо-
анализ теориясын екі негізгі тезиспен түсіндірді. Біріншіден, біздің менталды өміріміздің 
басым бөлігі, соның ішінде сезімдер, ойлар немесе ерік-жігеріміз – бейсаналы. Екіншіден, 
кең мағынадағы сексуалды импульстер психикалық аурулардың ықтимал себептері ретінде 
ғана емес, көркемөнер және мәдени шығармашылық қозғаушысы ретінде де алар орны 
аса маңызды. Өнер және мәдениет туындыларындағы сексуалды элементтің айтарлықтай 
деңгейде бейсаналы болуы әлеуметтену барысының түпнегізгі инстинктерді басып-жаншуды 
талап етуімен байланысты. Мұндай инстинктер сублимацияланады, яғни өздерінің о бастағы 
мақсаттарынан ауытқып, әлеуметтік тұрғыда қолайлы іс-әрекетке бағытталады. Бірақ суб-
лимация дегеніміз – бірқалыпты күй емес, басқарып-бақылауға келмейтін және қанағаттан-
дырылмаған инстинктер психикалық аурулар мен ауытқушылықтарға айналып кетуі мүмкін.
Фрейдтің ойынша, бейсаналылық үш түрлі жолмен көрініс табады: күнделікті үйреншікті 
іс-әрекеттерде жіберілетін қателіктер арқылы, адамның көретін түстері арқылы және невроз 
симптомдары арқылы. Оның сөзіне қарағанда, түстер мен невротикалық симптомдар анық 
көрінбейтін және пациенттің өзімен, ешкімнің көмегінсіз түсіндіруге келмейтін сенімдер, 
қалаулар мен сезімдер арқылы ытқып шығып, бейсаналылықтың көрініс табуын қамтамасыз 
етеді. Бірақ анализ барысында маманның көмегімен түсініктеме беруі арқылы емін-еркін 
ассоциацияның жүзеге асуы, оның пікірінше, бейсаналы ақыл-ойдың түпкілікті үлгісін ашып 
көрсетеді.
Бұл үлгідегі негізгі мәселе – сексуалды даму. Инфантильді сексуалдылық оральді/ауыз 
қуысының деңгейінен басталады, бұл тұста ләззаттану ауыз қуысына шоғырланған. Келесі 
саты – бірден үш жасқа дейінгі кезеңде дамитын аналды деңгей, одан кейін – жас баланың 
өз жыныс мүшесіне қызығушылық танытатын «фаллостық» деңгей. Сол кезде, Фрейдтің 
айтуынша, ұл бала анасына сексуалды құштарлық танытып, әкесінің анасына иелік етуіне 
қатысты ызасы келеді. Бірақ әкесіне бағытталған осындай өшпенділік оның бойында әкесінің 
кастрациялау арқылы кек қайтаруы мүмкін деген қорқынышқа жетелейді. Сондықтан ұл бала 
анасына деген сексуалды ойынан арылып, бірте-бірте өзін әкесіне ұқсастыра бастайды. Бұл 
Эдип комплексі – әрбір ұл баланың эмоциялық дамуындағы шешуші кезең. Невротикалық 
тұлғалар – өз дамуының ерте кезеңдерінің шырмауынан шыға алмай қалған адамдар. Эдиптік 
қалаулар мен олардың жаншылу тарихын қалпына келтіру – әрбір анализдің маңызды бөлігі. 
Фрейд mutatis mutandis-тің Эдип комплексінің әйелдерге тән түрі екендігіне еш күмәнданған 
жоқ, бірақ бұл теория ешқашан тиянақты түрде қаралмады.
Өмірінің соңына қарай Фрейд ой-сана мен бейсаналылық дихотомиясының бастапқы түрін 
ақыл-сананың үш сатылы жүйесімен алмастырды. «Эго мен Ид» еңбегінде Фрейд былай деп 
жазды: «Менталды аппарат инстинктілі импульстердің қоймасы болатын Ид-тен және сыртқы 
әлемнің ықпалымен өзгеріске ұшыраған Ид-тің жоғарғы қабаты болатын Эго-дан, сондай-ақ, 
Ид-тен өрбіп шығып, Эго-дан басым болатын және адамға тән инстинктілерге тыйым салатын 
инстинктілердің тежеуіші – Супер-Эго-дан құралады».
«Эго-ның барлық күш-жігері, – дейді Фрейд, – жанның түрлі бөліктері арасындағы келісімге 
қолжеткізуге бағытталады. Эго Ид-пен және Супер-Эго-мен үйлесімді болып тұрғанда, бәрі 
жақсы болады. Бірақ мұндай үйлесімділік болмаса, психикалық ауытқушылықтар дамиды. 
Эго мен Ид арасындағы шиеленіс невроздарға себеп болады; Ид пен Супер-Эго арасындағы 
қақтығыс меланхолия мен күйзеліске алып келеді. Эго сыртқы әлеммен қайшылыққа келсе, 
психоздар дамиды.


Кітап:
Дәріс:
Батыс философиясының жаңа тарихы, 4-том. Қазіргі заман философиясы
14. Фрейд пен Психоанализ
4
Фрейд біздің оны философия тарихына қосқанымызға алғыс айта қоймас еді, себебі ол 
өзін еңбегін адамдардың еркіндікке қатысты иллюзияларының негізінде жатқан қатаң детер-
менизмдерді ашып көрсетуге арнаған ғалым деп санады.
Шындап келгенде, оның эксперименталды сынақтан өтті деп мойындауға жеткілікті 
тиянақты теорияларының көбісі, кейін анықталғандай, негізсіз болып шықты. Медицина 
саласындағы кәсіби мамандар психоанализ әдістерін терапияның тиімді формасы деп сана-
майды, олар тіпті тиімді болса да, оның тиімділігі қайдан шығатынын айта алмайды. Олар 
жетістікке жетуге көмектескеннің өзінде, бұл себеп-салдарлық механизмдерді ашып көрсету 
арқылы емес, жеке тұлғаның өзіндік санасы мен таңдау еркіндігінің ауқымын кеңейту есебінен 
жүзеге асады деп пайымдайды. Фрейд – еңбектеріне қатысты теориялық сыни пікірлерге 
қарамастан, қоғамның сексуалды әдет-ғұрыптарға, психикалық ауруларға, өнер мен әдебиетке 
қатысты түсінік пен тұлғааралық қатынастардың көптеген түрлеріне қатысты ой-пікірге орасан 
ықпал еткен ойшыл.
Фрейд сексуалды импульстерді адам психикасындағы шешуші мәні бар дүние ретінде 
қарастырған тұңғыш ойшыл емес. Оған дейін бұл ойды Адам ата күнәсінің болмысы, жүзеге 
асуы және салдары сексуалды сипатта болды деп санаған теологтардың көптеген буындары 
да ұстанды. Он тоғызыншы ғасырдың екіжүзді ұяңдығы секс мәселесін барынша жасыруға 
тырысқанымен, оның белгілері оңай көзге түсетін. Фрейд Шопенгауэрдің мына бір сөзін 
ұнататын: ер адамның басты көздегені – секс, бірақ ол оны тұмшаланған түрде іске асыруы 
тиіс. Шопенгауэрдің айтуынша, секс – әлемнің нағыз шын билеушісі, ол өзінің жүзеге асуы үшін 
қолайлы жағдай жасау мақсатымен орындалатын дайындықтың бәріне кемсіте қарайды.
Фрейдтің замандастары оның инфантильді сексуалдылыққа қойған екпініне таңдана 
қарады. Алайда балаларға қатысты Викториандық сезімталдылықтың пайда болғанына 
көп уақыт өткен жоқ еді. Мәселен, бұл пікірмен Аугустиннің келісуі екіталай, ол «Тәубе» деп 
аталатын шығармасында былай деп жазды: «Баланың ақыл-ойы емес, мүшелерінің әлсіздігі 
пәк. Менің өзім қызғаншақ баланы көріп, зерттедім. Ол әлі сөйлей алмайтын кездің өзінде 
анасының сүтін бөліп еметін бауырына қызғана да, күйіне қарады. Іс жүзіндегі осы тәжірибе 
туралы кім білмейді?». Қазіргі заманның көптеген қоғамдарының сексуалды шектеусіздігі тек 
жүктіліктен сақтайтын дәрі-дәрмектің болуына ғана емес, Фрейдтің ықпалымен қалыптасқан 
көзқарастарға да байланысты. Ол өз еңбектерінде сексуалды қалаулардың рұқсат етілуін 
дәріптеген жоқ, тек мына бір ықпалды метафораға жол ашты: сексуалды құштарлықты қандай 
да бір жолмен сыртқа шығаруға тиіс психикалық қуат ретінде қарастырған жөн. Бұл мета-
фора тұрғысынан қарайтын болсақ, сексуалды құштарлықты тежеу дегеніміз – психикалық 
денсаулыққа орасан зиянын тигізетін кез келген шектеулерді ақыр соңында бәрібір еңсеріп 
кететін қауіпті басып-жаншу.
Психикалық денсаулықтың біздің кезде қалыптасқан тұжырымдамасы Фрейд, Брейер 
мен Шарконың истерикалық науқастарды жалған аурулар емес, шынайы мүгедектер ретінде 
қарастыра бастаған кезден бері өрбіді десек болады. Бұл медициналық жаңалықтан бұрын, 
мораль тұрғысынан қабылданған шешім болды деген пікір жиі айтылады, бірақ біздің кезде 
адамдардың көбісі бұл моралды шешімді орынды болды деп санайды. Фрейд мораль мен 
медицина арасындағы шектеулерді жойып жіберді деп айтуға болады. Оған дейін жазалауға 
тиісті қылмыс болып саналған мінез-құлық формалары бұдан былай сот залдарымен 
қатар емдеуге болатын аурулар ретінде психологиялық консультация кабинеттерінен бір-ақ 
шығуға себеп болды. Клиникалық шешім қабылдау мен моралды баға беру арасындағы күрт 
және қатаң айырмашылықты енгізудің қиындығы гомосексуалды мінез-құлыққа қатысты 
көзқарастың өзгеруіне алып келді. Ұзақ замандар бойы жиіркенішті қылмыс болып саналып 
келген бұл ерекшелік бір ғасырдай уақыт психопатологиялық ауытқудың симптомы ретінде 
қарастырылып, қазіргі таңда көпшілік тарапынан саналы түрде таңдалған баламалы өмір 
салтының шешуші элементі ретінде қабылданады.
Фрейдтің көркемөнер шығармашылығына неврозға ұқсас ауытқу ретінде жақтыра қой-
маған көзқарасына қарамастан, өнер мен әдебиетке тигізген ықпалы орасан болды. Жазу-
шылар психоаналитиктер сеанстарындағыдай ассоциациялық әдістерді қолданып, сыншылар 
әдеби шығармаларға Эдип комплексі тұрғысынан түсініктеме бере бастады. Тарихшылар 
қалыптасқан қоғам қайраткерлерінің іс-әрекеттерін олардың балалық шағындағы шынайы 


5
Кітап:
Дәріс:
Батыс философиясының жаңа тарихы, 4-том. Қазіргі заман философиясы
14. Фрейд пен Психоанализ
5
немесе ойдан шығарылған оқиғаларға сүйене отырып талдау арқылы психобиографиялар-
ды жазуға кірісті. Суретшілер мен мүсіншілер қиялдар әлемінен алынған символдарды ортаға 
шығарып, бейнелей бастады.
Шындап келгенде, біздің әрқайсымыз тікелей, не жанама түрде психоаналитикалық тео-
рияның көптеген идеяларын бойымызға сіңірдік. Біздің отбасымыз және достарымызбен 
арадағы қарым-қатынастарды талқылай отырып, біз өміріміздегі жеке тұлғаларды аналды 
немесе нарциссизмге шалдыққан адамдар ретінде сипаттап жатамыз. Фрейдтің өзін ешқашан 
оқып көрмеген адамдар өздерінің немесе басқалардың фрейдтік қателіктеріне түсініктеме бере 
жөнеледі. Аристотель заманынан бері бірде бір философ психология мен моральдің күнделікті 
қолданысына осыншама үлес қосқан емес.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет