Бауыржан Бақытжанұлы +7 747 140 1400



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата25.04.2024
өлшемі0,49 Mb.
#201395
түріСабақ
1   2
Байланысты:
11-13 бей зачет (1)
Русский язык0, 1, авторлық бағдарлама, Рус 3 апта 2 см аян, презентация 11 кл, sabak-zhospary-1
Соқтығысу жиі болған сайын химиялық реакцияның жылдамдығы жоғары
болады. 
12.
Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін фактор ? Концентрация,әрекеттесуші 
заттардың табиғаты, температура, катализатор, қысым.
13.
Химиялық кинетиканың негізгі заңы ? Әрекеттесуші массалар заңы.
14.
Әрекеттесуші массалар заңына анықтама ? Температура тұрақты болғанда реакцияның 
жылдамдығы әрекеттесуші заттар концентрациясының көбейтіндісіне тура пропорционал.
v = k · сa(A) · cb (B)
15.
Егер реакция бірнеше сатыда жүрсе, онда барлық процестің жылдамдықтарының 
қосындысы оның ең баяу жүретін бір сатысының жылдамдығымен анықталады, бұл саты 
қалай аталады ? Лимиттеуші саты.
16.
Молярлық концентрацияға тура пропорционал жылдамдыққа әсер ететін фактор ? Қысым.
17.
Реакция концентрациясын арттырғанда реакция жылдамдығының өзгерісі ? Артады.
18.
Химиялық реакция жылдамдығына қысым қалай артады ? Қысым артқанда химиялық 
реакцияның жылдамдығы өседі, қысым төмендегенде жылдамдық кемиді. 
19.
Әрекеттесуші масслар заңы қай кезде қолданылмайды ? Әрекеттесуші массалар заңы газдар 
қоспасы мен ерітінділер үшін орындалады, ал 
қатты заттар
қатысатын реакциялар үшін 
қолданылмайды. 
20.
Гетеронгенді реакция жылдамдығы неге тәуелді ? Гетерогенді реакциялар жылдамдығы 
реагенттердің әрекеттесу бетіне
, олардың 
араласу деңгейіне
тәуелді. 
21.
Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін маңызды факторлардың бірі — әрекеттесуші 
заттар табиғаты. Осыған мысал келтіріңіз ? Қалай түсінесіз ? Мысалы металдардың 
қышқылдармен әрекеттесу реакциясының жылдамдығы олардың табиғатына тәуелді. 


Бауыржан Бақытжанұлы
+7 747 140 1400
Химия мектебі
З а ч е т
4 | 7
Мысалы, магнийдің тұз қышқылымен әрекеттесу жылдамдығы (сутектің бөліну 
жылдамдығы) мырышқа қарағанда жоғары, ал темір мырышқа қарағанда тұз қышқылымен 
баяу әрекеттеседі. Ал мыспен реакцияға түспейді.
22.
Реакция жылдамдығына температураның әсері қандай ? Көптеген реакциялар жылдамдығы 
температура көтерілгенде өседі.
23.
Реакция жылдамдығының температураға тәуелділін тұжырымдайтын ереже ? Вант-гофф 
ережесі.
24.
Вант-гофф ережесіне анықтама беріңіз ? Температураны әр 10°С-қа көтергенде реакция 
жылдамдығы 2—4 есе өседі.
25.
Вант-гофф ережесіндегі γ мағынасы қандай ? Химиялық реакция жылдамдығының 
температуралық коэффициенті, ол әрекеттесуші заттар температурасын 10°С-қа көтергенде 
жылдамдықтың неше есе өсетінін көрсетеді. 
26.
Белсенді соқтығысулар заңы деген не ? Химиялық реакцияға әрекеттесетін заттардың 
жеткілікті энергиясы бар белсенді молекулалары ғана қатысады. Бөлшектердің тиімді 
соқтығысуы нәтижесінде атомдардың аралық тобы — белсенді кешен түзіледі.
27.
Белсендіру энергиясы деген не ? Реакцияның жүруіне қажетті бастапқы заттардың 
бөлшектерін белсендіру үшін жұмсалатын ең аз мөлшердегі энергия белсендіру энергиясы 
Е
б
(кДж/моль) деп аталады. 
28.
Белсендіру энергиясы неге тәуелді ? Әрекеттесуші заттардың табиғатына тәуелді, ол 
реакцияның жылдамдығын анықтайтын негізгі факторлардың бірі болып табылады. 
29.
Белсендіру энергиясы неге жұмсалады ? Белсендіру энергиясы бастапқы заттардағы 
химиялық байланысты әлсіретуге немесе үзуге жұмсалады.
30.
Реакция жылдамдығының температураға тәелділігін анықтайтын теңдеу ? Аррениус 
теңдеуі.
31.
Белсенді молеклулар санын анықтайтын заң ? Максвелл- Больцман заңы.
32.
Химиялық реакцияны тездететін, бірақ реакция нәтижесінде жұмсалмай қалатын заттар ? 
Катализатор.
33.
Өршіткі қатысында жүретін реакциялар қалай аталады ? Катализдік реакциялар.
34.
Өршіткілердің түрлері ? Гомогенді және гетерогенді.
35.
Гомогенді катализдік реакциялар қандай реакциялар ? Әрекеттесуші заттар мен өршіткі бір 
агрегаттық күйде болатын катализ гомогенді катализ деп аталады.
36.
Типтік гомогенді өршіткілер ? Қышқылдар мен негіздер.
37.
Гетерогенді өршіткілер ? Металдар, олардың оксидтері.
38.
Биоөршіткілер деген не ? Құрамы нәруыздардан тұратын ферменттер.
39.
Химиялық реакцияның жылдамдығын баяулататын заттар ? Тежегіштер/ ингибитор.
40.
Өршіткіні “уландыратын”, яғни оның белсенділігін төмендететін немесе катализдік әсерін 
толығымен тоқтататын заттар ? Катализдік улар.
41.
Кең тараған катализдік уларды атаңыз ? Н
2
О, СО, СО
2
, H
2
S, N, P, As, Sb және т.б. жатады. 


Бауыржан Бақытжанұлы
+7 747 140 1400
Химия мектебі
З а ч е т
5 | 7
Химиялық тепе-теңдік 
1.
Химиялық реакциялар жүру бағытына қарай нешеге жіктеледі ? Қайтымды, қайтымсыз 
реакциялар деп жіктеледі.
2.
Қайтымды реакциялар қандай реакциялар ? Берілген температурада бір мезгілде өнім түзілу 
жағына да, бастапқы зат түзілу жағына да, яғни қарама-қарсы бағытта жүретін химиялық 
реакция қайтымды реакция деп аталады. 
3.
Қайтымды реакциялар ? Аммиак синтезі, озон түзілу реакциясы.
4.
Тура және кері реакциялардың жылдамдықтары теңескен жүйе күйі қалай аталады ? 
Химиялық тепе-теңдік.
5.
Қандай факторлар тұрақты болғанда жүйенің тепе-теңдік күйі ұзақ уақыт сақталады ? 
Температура мен қысым.
6.
Тепе-теңдік константасының сандық мәні не ? Реакция өнімдерінің шығымын сипаттайды.
7.
Константаның мәні 1 ден үлкен болса ? Константа мәні неғұрлым көп болса, бастапқы заттар 
реакция өнімдеріне көп мөлшерде түзіледі.
8.
Константаның мәні ден аз болғандағы мәні ? K
T–T 
< 1 бастапқы заттардың мөлшері көп, яғни 
өнім шығымы төмен. 
9.
Химиялық тепе-теңдікке әсер ететін фактор ? Концентрация, қысым, температура.
10.
Бастапқы заттардың концентрациясын арттырғанда тепе-теңдік қайда ығысады ? Өнім жаққа. 
11.
Өнімнің коцентрациясын кемітсек тепе-теңдік қайда ығысады ? Өзіне қарай ығысады.
12.
Тепе-теңдікке қысымның әсері қандай ? Қысымды арттырған кезде тепе-теңдік көлемі аз 
заттар түзілу бағытына, ал керісінше қысымды төмендеткенде көлем ұлғаятын реакция 
бағытына ығысады.
13.
Тепе-теңдікке температураның әсері қандай ? Температураны көтеру тепе-теңдікті 
эндотермиялық, ал төмендету экзотермиялық реакциялар бағытына ығыстырады. 
14.
Өршіткі тепе-теңдікке әсер етеді ме ? Әсер етпиді.
15.
Ле Шаталье-Браун принципіЛе Шаталье-Браун принціпіне анықтама ? Егер химиялық тепе-
теңдіктегі реакцияның жүру жағдайларын (температураны, концентрацияны немесе 
қысымды) өзгертетін болса, тепе-теңдік сол сыртқы әсерді әлсірететін бағытқа қарай 
ығысады. 


Бауыржан Бақытжанұлы
+7 747 140 1400
Химия мектебі
З а ч е т
6 | 7


Бауыржан Бақытжанұлы
+7 747 140 1400
Химия мектебі
З а ч е т
7 | 7


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет