Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпір өмір сүріпті. Жалғыз сиырдың сүті – олардың қорегі болыпты. Сондықтан сиырдың бұзауы сүтке жарымай өле беріпті



бет3/5
Дата25.12.2021
өлшемі236,55 Kb.
#104929
1   2   3   4   5
Байланысты:
Кемалхан Арайлым
70353836-277d-4f3a-aae3-76af9e85239a
жануарлар туралы ертегілер;
2) 
қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер;
3) 
хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер;
4) 
тұрмыс-салт ертегілері.

Негізгі кейіпкер мен мазмұны және қияли әдістердің қаншалықты пайдаланылуына қарай бұл салалардың әр қайсысы тағы бірнеше топқа бөлінеді. Бұлардың ішінде: хикая, өсиет, мысқыл, батырлық туралы ертегілер болады.

Көптеген  жанрда  халық  игілігі үшін жазылған туындылар қаншама. Ауыз  әдебиетінің  көлемді  салаларының бірі, жемісін шындық өмірден алып,  қиял-ғажайып  оқиғалар  араласып  келіп  отыратын,  көбінесе  тарихта  белгілі  адамдардың  атына,  іс-әрекетіне  байланысты  туындаған  көркем  шығарма-аңыз  әңгімелер. Сондай  есте  қалған,  ойға  ой  қосатын, қиялыңа  қанат  бітіретін  аңыз  әңгіме  "Жерұйық"  іздеген  Асанқайғы  жайлы. 

       Қожанасыр  әңгімелері  қоғамдағы  келеңсіздіктерге,  адам  бойындағы  жат  қылықтарға  қарсы  күресетін  ойын-күлкіге  құрылады.  Мысалы, "Қожанасыр  мен  қулар",  "Қожанасыр  мен  ұрылар", " Қожанасыр  мен  хан" т.б. Осы  тектес  әңгімелерде  Қожанасыр сырттай  аңқау  адам  болып  көрінгенімен, оның  аңқаулығының  ар  жағында  ащы  шындық,  мысқыл,  шебер  қулық  жатады.  Қожаның  халық  арасында  жиі  айтылатын  тағы  бір  есімі- Әпенді.  Неге  Әпенді?  Өйткені,  ол  үнемі  өз  қателігі  мен  кемшілігін  өзі  ажуа  етіп  немесе  өзін  ақымақ  ретінде  көрсетіп,  әпенділік  қылықтарымен,  іс- әрекетінің  көмегімен  халықтың  күлкісін  тудырып  жүреді.  

Қорытындылай  келе,  біз  әңгіме  еткен  аңыздардан  дана  халқымыздың  ақылдылық, айламен  жауын  жеңуі,  өткірлік,  батылдық, қайсарлық  секілді  қасиеттерді  адамзат  баласына  үлгі  етіп,  өзімшілдіктен,  сараңдықтан,  ақылсыз  ақымақтықтан  сақтандырғанын,  яғни,  ұрпағының  жетілген,  толыққанды  адам   болғанын  қалайтындығын  байқадық. Аңыз  әңгімелердің  құндылығы  да  осында  болса  керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет