18
Қазақстандағы
діни сенім бостандығы туралы
Жалпы ескертпелер (General Comment) No. 22, 20.07.1993 жылғы АСҚХП-да
көрсетілген кейбір құқықтарды нақтылайды. Онда діни сенім бостандығы
әмбебап ретінде көрсетіледі, яғни ол барлық адамдар мен нанымдарға
бірдей қолданылады. «18-бап теистикалық, теистикалық емес және атеи-
стикалық нанымдарды қорғайды, сондай-ақ ешқандай дін мен нанымды
ұстамауға құқық береді».
34
Сонымен қатар, ол өзінің діні мен нанымын
өзгертуге еркіндік береді (5-тармақ). Бұдан бөлек өзінің ар-ожданының
қалауымен әскери қызметтен бас тартуға мүмкіндік беріліп, оны осы
қызметтің балама түріне ауыстыруы керек (11-тармақ).
АСҚХП-да көрсетілген діни сенім бостандығына арналған мемлекеттік
шектеулер осы құқықтың маңызын сақтауға бағытталған қатаң кри-
терийлерге байланысты. Соған орай қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті
және өзге де тұлғалардың құқығын қорғау мақсатындағы мүмкін болған
құқықтық шектеулер тек қана forum extemnum-ге сүйенеді, ол сыртқа
әлем алдында нанымның іске асуын түсіндіреді. Адамның жеке сақтығы
мен оның нанымы құралатын ішкі дүниесін forum internum деп белгілейді.
АСҚХП-ны ратифициялаған мемлекеттердің үкіметтері өздеріне діни
сенім бостандығын құрметтейміз, қорғаймыз және оған кепілдік береміз
деген міндеттеме алған. Мемлекет діни сенім бостандығына негізсіз ара-
ласпауы керек, оны басқа тұлғалардың шектеулерінен қорғауы тиіс және
діни сенім бостандығын адам құқықтарының бірі ретінде қолдауы керек.
Сонымен қатар оларға осындай құқықтық жеңілдіктерді беруді жеңілде-
тетін тиісті кешенді шаралар өткізуді қарастыруы қажет.
35
34
БҰҰ-ның адам
құқықтары жөніндегі комитеті, жалпы негіздегі ескертпелер № 22: Ой,
ар-ождан және дін бостандығы жөніндегі құқық (18-бап АСҚХП), 20.07.1993 (CCPR/C/21/
Rev.1/Add.4), 2-тармақ.
35
Билефельдт, Хайнер. Дін еркіндігі – жиі қате түсіндіріледі, бірақ қажет. – Діни сенім
бостандығы. Негіздер. О й-толғамдар- модельдер (Бір дүниенің теологиясы 5) – Клаус Кре-
мер/Клаус Вельгут (баспагер), Брейсгау ат.Фрейбург 2014, 115–137 беттер, осында: 121–124
беттер.