Бб-п-20 Студент: Серікбаева Зағипа


Жұқпалы ауруларды тоқтатуға жасалтын іс-шаралар



бет4/5
Дата11.01.2022
өлшемі20,95 Kb.
#111053
1   2   3   4   5
Байланысты:
дала диыны 21 аперль 2
Қазақстан тарихынан БЖБ жұмысы, 1583408943, Unit5, Бекмагамбетов Асылхан
Жұқпалы ауруларды тоқтатуға жасалтын іс-шаралар

Жұқпалы аурулардың шет елдерден әкелiну қаупi төнген жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде мынадай шектеу iс-шаралары енгiзiледi:
     1) жұқпалы аурулар бойынша қолайсыз елдермен жолаушы көлiк (авиациялық, темiр жол, су және автомобиль) қатынасын уақытша тоқтату;
     2) жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық қолайсыздық байқалатын елдерге Қазақстан Республикасы азаматтарының туристiк және iскерлiк мақсаттарда баруын уақытша тоқтату;
     3) жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық қолайсыздық байқалатын шекаралас елдермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын уақытша жабу.
     3. Ереженiң 2-тармағының 1) - 3) тармақшалары бойынша шектеу iс-шаралары халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен енгiзiледi және тоқтатылады.


Елдi мекеннiң (ауыл, кент, қала) аумағында осы қаулымен бекiтiлген тiзбеге сәйкес жұқпалы аурулар жағдайлары (iндетi) туындаған кезде, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын атқарушы органдар тиiстi аумақтарда мынадай шектеу iс-шараларын жүргізедi:
     1) жұқпалы аурулардың ықтимал таратушы көздерi болып табылатын, сондай-ақ жұқпалы аурулармен ауыратын науқастармен араласып жүрген адамдарды зертханалық тексерудің терiс нәтижелерi алынғанға дейiн жұмыстан шеттету;
     2) жұқпалы аурулардың көздерi болып табылатын адамдарды мiндеттi түрде ауруханаға жатқызу;
     3) жұқпалы аурулармен ауыратын науқастармен араласып жүрген адамдарды iндеттiк көрсетiмдерi бойынша инкубациялық кезең мерзімiне ауруханаға провизорлық жатқызу;
     4) санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердiң бұзылуы жойылғанға дейiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен жекелеген жұмыс түрлерiн, жұмыс iстеп тұрған объектiлердi пайдалануды тоқтата тұру.

1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет