Ббк 1. Англ я у 57 рецензенттер



бет11/94
Дата07.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#91416
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   94
Байланысты:
А.А.Унгарбаева АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ ГРАММАТИКАСЫ
!10-ОШ ТЖБ Информатика 7-сын қаз Обновлен, 1 Информатика 6 сынып Компьютерлік ойындарды әзірлеу Сахна мен кейіпкерлерді бейнелеу Сабақ жоспары, 00043618-d8ad8d67, с одаренными 2, с одаренными 2, терінің маңызы мен құрылысы. (3), форма оценки, 7 Оку жоспары Информатика 7 сынып, өзін-өзі тану, 1 Информатика 6 класс Как работает компьютер Поурочный план, 7 Оку жоспары Информатика 7 сынып, 9 сынып тарбие са5аты
Есімдіктер
The Pronouns
Есім сөздердің (зат есім, сан есім, сын есімнің) орнына жүретін сөз табы есімдік деп аталады.
Есімдіктер мағынасына қарай мынадай топтарға бөлінеді: жіктеу есімдіктері, тәуелдік есімдіктер, өздік есімдіктері, сілтеу есімдіктері, белгісіздік есімдіктері, сұрау есімдіктері.


Жіктеу есімдіктері (personal pronouns)

Жақ

Атау септігі

Объектілі септік

Жекеше түрі

1

I

мен

me

маған, мені, менде, менімен, менен

2

you

сен

you

саған, сені, сенде, сенен, сенімен

сіз

сізге, сізді, сізде, сізден, сізбен

3

he

ол

him

оған, оны, онда, одан, онымен



she

ол

her

іt

ол

it

Көпше түрі

1

we

біз

us

бізге, бізді, бізде, бізден, бізбен

2

you

сендер

you

сендерге, сендерді, сендерде, сендерден, сендермен

сіздер

сіздерге, сіздерді, сіздерде, сіздерден, сіздермен

3

they

олар

them

оларға, оларды, оларда, олардан, олармен

Атау септігінде тұрған жіктеу есімдіктері бастауыш қызметін және атау тұлғалы баяндауыш қызметін де атқарады:


We live in a small town. Біз кішкентай қалада тұрамыз.
(бастауыш)
It is I. Бұл мен.
(атау тұлғалы баяндауыш)
Объектілі септікке тұрған жіктеу есімдіктері толықтауыш қызметін атқарады және етістіктен кейін тұрады.
Объектілі септікке тұрған жіктеу есімдіктері тура толықтауыштың қызметін атқарады, қазақ тіліндегі барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің есімдіктеріне сәйкес келеді.
I met them at the station. Мен оларды станциядан күтіп алдым.
(табыс септігі)
He showed her the picture. Ол суретті оған көрсетті.
(барыс септігі)
This article was translated by her. Мына мақала онымен аударылды.
(көмектес септігі)
He, she есімдіктері жанды зат есімдердің орнына қолданылады. It есімдігі жансыз зат есімдердің орнына қолданылады.
They есімдігі көпше түрде жанды да, жансыз да зат есімдіктерді ауыстырады.


Тәуелдік есімдіктері (possessive pronouns)
Тәуелдік есімдіктері тәуелділікті білдіреді және whose? кімнің? ненің? деген сұрақтарға жауап береді. Олардың екі формасы бар: жай және абсолюттік.



Жақ

Жіктеу есімдіктері

Тәуелдік есімдіктері

Жай формасы

Абсолюттік формасы

1

I

мен

my

менің

mine

менікі

2

you

сен

your

сенің

your

сенікі

сіз

сіздің

сіздікі

3

he

ол

his

оның

his

оныкі

she

ол

her

hers

it

ол

its

its

1

we

біз

our

біздің

ours

біздікі

2

you

сендер

your

сендердің

yours

сендердікі

сіздер

сіздердің

сіздердікі

3

they

олар

their

олардың

theirs

олардікі

Тәуелдік есімдіктерінің жай формасы анықтауыш қызметін атқарады және анықтайтын сөзінің алдында тұрады:


I know him and his brother. Мен оны және оның ағасын білемін.
Тәуелдік есімдіктердің абсолюттік формасы да анықтауыш қызметін атқарады. Бұндай жағдайда ол of предлогымен енгізіледі және зат есімнен кейін тұрады:
He is a friend of mine. Ол менің досым.
Тәуелдік есімдіктердің абсолюттік формасы сонымен қатар атау тұлғалы баяндауыштың қызметін атқарады:
This book is mine. Бұл кітап менікі.
Өздік есімдігі (reflexive pronouns)



Жақ

Жекеше түр

Көпше түр

1

myself

мен өзім

ourselves

біз өзіміз

2

yourself

сен өзің

yourselves

сендер өздерің

сіз өзіңіз

сіздер өздеріңіз

3

himself

ол өзі


theirselves

олар өздері

herself

itself

Белгісіз өздік форма

oneself

біз

-

-

Өздік есімдіктері my, your, our тәуелдік есімдіктеріне, him, her, it, them жіктеу есімдіктеріне және one белгісіздік есімдігіне self (жекеше түрде) пен selves (көпше түрде) жалғанады.


Өздік есімдіктері әрдайым етістікпен байланысты. Жай сөйлемде олар әдетте толықтауыш қызметін атқарады.
I wash my hair myself. Мен басымды өзім жуамын.
Сілтеу есімдігі ( demonstrative pronouns )
this – мынау, that - анау. Олардың жекеше және көпше түрлері бар – these – мыналар, those – аналар.
That, those есімдіктері алыста тұрған заттарды көрсету үшін қолданылады.
Ең көп қолданылатын белгісіздік есімдіктері some, any, no, many, much, few, little, one (another), both, all, every, each және олардың туындылары somebody, somewhere, something, anybody, anything, anywhere, nobody, nothing, nowhere, no more болып табылады.
Some, any есімдіктері – бірнеше, қандай да бір, кішкене – адамдардың не заттардың белгісіз санын меңзейді, some болымды сөйлемдерде, ал any сұраулы және болымсыз сөйлемдерде қолданылады. No болымсыз есімдігі бір нәрсенің жоқ болуын көрсетеді.
Сөйлемдегі some, any, no есімдіктері және олардың туындылары

Болымды сөйлемдер

some

something

somebody

someone

Болымсыз сөйлемдер

(not) any
no

(not) anything

(not) anybody
nobody

(not) anyone
no one

Жалпы сұрақтар

any

anything

somebody

anyone

Арнайы сұрақтар

some

something

somebody

someone

Өтініш

some

something

somebody

someone

I have some English books. Менде бірнеше ағылшын кітаптары бар.


Have you any English books? Сізде қандай да бір ағылшын кітабы бар ма?
I have not any English books. Менде ешқандай ағылшын кітабы жоқ.
I have no English books. Менде ағылшын кітаптары жоқ.
Is there anybody here? Мұнда біреу бар ма?
Where can I buy something to eat? Мен қандай жейтін бірнәрсе сатып ала аламын?
Give me something to read, please. Маған оқитын бір нәрсе берші.
Any есімдігі болымды сөйлемдерде қазақ тіліне қайсыбір, кейбір деп аударылады:
Take any book you like. Ұнаған қайсыбір кітабыңызды алыңыз.
Some және аny есімдіктері біраз, кішкене деген мағынаны білдірсе, қазақ және орыс тілдеріне аударылмайды:
Give some milk to the child. Балаға сүт беріңіз.
There is not any sugar in the sugar-bowl. Қант салғышта қант жоқ.
Some, аny, no есімдіктері thing, body (one)–мен тіркесіп, something, anything, nothing, somebody (someone), anybody (anyone), nobody (no one) деген есімдіктері туындайды.






thing

body
one

some

something
бірдеме, бір нәрсе

somebody
someone
біреу, әлдекім

any

anything
бірдеме, бір нәрсе

anybody
anyone
біреу, әлдекім

no

nothing
ештеңе

nobody
no one
ешкім



Something, somebody, someone есімдіктері болымды сөйлемдерде, anything, anybody, anyone сұраулы және болымсыз сөйлемдерде қолданылады.
Somebody is waiting for you downstairs? Сізді төменде біреу тосып тұр.
I cannot tell you anything definite. Мен сізге анық ешнәрсе айта алмаймын.
Will you speak with anyone on that problem? Сіз бұл сұрақ туралы біреумен сөйлесесіз бе?
Nothing, nobody, no one есімдіктері болымсыздық есімдіктері деп аталады. Етістіктер бұл есімдіктермен болымды түрде қолданылады, өйткені ағылшын тілі сөйлемінде бір ғана болымсыз түр болуы қажет.
Nobody saw him yesterday. Оны кеше ешкім көрген жоқ.
I know nothing about that book. Мен бұл кітап туралы ештеңе білмеймін.


Many (көп) және few (аз) есімдіктері
Олар саналатын зат есімдермен қолданылады:
Have you many friends? Сіздің достарыңыз көп пе?
In our library there are very many English Біздің кітапханада ағылшын кітаптары өте көп,
books, but very few Spanish books. ал испан кітаптары өте аз.
Much (көп), little (аз) есімдіктері саналмайтын зат есімдермен қолданылады:
Is there much light in your room? Сіздің бөлмеңізде жарық көп пе?
I have so little information about him. Менің ол туралы ақпаратым аз.
Many, much есімдіктері сұраулы және болымсыз сөйлемдерде қолданылады. Many, much есімдіктері very, so, too деген сөздермен тіркесіп келсе ғана болымды сөйлемдерде қолданылады. Басқа жағдайларда many мен much есімдіктерінің орнына болымды сөйлемдерде a lot (of), lots (of), plenty (of), a great deal (of) қолданылады:
England imports a great deal of oil. Англия өте көп мұнайды импортқа шығарады.
Little және few есімдіктері белгісіздік артиклімен қолданып, a little (кішкене), a few (бірнеше) деген мағынаны білдіреді:
I have a little free time today. Менің бүгін кішкене бос уақытым бар.
I know a few French words. Мен бірнеше француз сөзін білемін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   94




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет