Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет4/159
Дата20.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#181811
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159
Байланысты:
file-6694
9 апта талдау тапсырмасы
ер
(атқа салатын) деген зат есімнен етістік 
тудырғанда 
ерле
болуға тиіс, бірақ қолданыста 
ертте
тұлғасы 
жиірек кездеседі, сол сияқты 
қозы
сөзінен етістік 
қозылады
деп 
жасалуы керек, бірақ қазақ тілінде 
қоздады
түрі қолданылады. 
Ал біздің байқауымызша, бұл күнде 
туды-туылды
деген жа-
рыспа қатардың қолданыстары пікір таласын тудырып келеді. 
«Пәленше пәлен жылы 
туды
» деп айтылып келген сөйлемді 
туылды 
деп жазу активтеніп барады. Егер тілдік жүйеге 
сәйкестікті қуаласақ, 
туылды 
тұлғасы дұрыс: 
туатын
– ана, 
туылатын
– бала. 
Туылу
– ырықсыз етіс. Бірақ қолданыста 
туды
тұлғасының орнығуы – узустық көрініс. Узустық 
тұлғаның тілден берік орын алғандығы сондай, ол – 
туған-
туысқан (туылған-туысқан
деудің орнына), 
туған
ағасы (бір-
ге 
туылған
ағасы емес), 
туған
жері 
(туылған
жері деудің ор-


10
нына), 
туып-өсу (туылып-өсу
емес) сияқты қолданыстарды 
қалыптастырған.
Узустық құбылыс мақал-мәтелдерде тіпті көбірек кезде-
седі. Мысалы, 
ішкен асын жерге қояды
деген мәтелде мағы-
налық алогизм сезіледі, бұл мәтел «есі-дерті сонда болды, сон-
шама қызықты» деген мағынаны береді, ондайда 
ішкен
(ішіп 
болған) асты емес, енді ішейін деп отырған асын жерге қоюы 
(ұмытуы, ескермеуі) керек қой, бірақ мәтел дәл осы тұлғада 
(ішкен асын)
қалыптасқан. Бұл да – узустық құбылыс.
Тегінде, норма мен узусты айырып таныған жөн. Норматив-
тік бірліктер де – қолданылып кеткендер, олай болса 
узус
де-
геніміз – әдеттегі тілдік жүйеге негізделген норма емес, тілдік 
дағды, тіпті узустың бір айырым белгісі – оның тілдік жүйеге 
қайшы келетіндігі деп танимыз.
Узустық қолданыстың барлығы бірдей белгілі бір жүйе 
түзетін бірліктер болып шықпайды. Айталық, әйел адамдар-
ды 
азаматша, мұғалима, комсомолка, төрайым 
деп «женский 
родқа» көшіріп бөлек атаушылық бар. Бұл – бір жағынан, орыс 
тілінің ықпалы болса, екіншіден, араб тілінен енген 
мұғалима
сияқты кейбір сөздердің, әсіресе адам аттарының жынысқа 
қарай ажыратылатын үлгісі 
(ғазиз – ғазиза, Латип – Латипа, 
Фәрид – Фәрида),
үшіншіден, қазақ тілінің өзінде 
аға-апа, әке-
шеше, апа-жезде, аға-қарындас
сияқты лексикалық корреля-
тивтер әсер еткен болар, бірақ соңғылар морфологиялық емес, 
лексикалық қатарлар. Дегенмен бұл – қазақ тілінің жүйесі 
мен құрылымына қайшы қолданыстар: қазақ тілінде «род» ( 
«жыныстық») категориясы жоқ: 
ақын
десек ол ер адам да, әйел 
адам да болады, егер міндетті түрде әйел адам екенін атау ке-
рек болса, 
ақын қыз, ақын әйел, ақын апа
деп аналитикалық 
жолмен атаймыз.
Сірә, 
азамат-азаматша, мұғалім-мұғалима
сияқты 
қолданыстар етек алмайтын құбылыс. Біз бұрын жазған бір 
мақаламызда 
төрайым
сөзінің де нормаға қайшы неологизм 
екенін көрсеткенбіз. 
Төраға
сөзінің «әйел жынысты» сыңары 
төрайым-ның қалың көпшілікке ұнап, жаппай қолданыла бас-
тауына сөздің сонылығы, тосындығы, «әйел-еркек» деп бөліп 
көрсету мүмкіндігі себеп болған. 
Төраға
– орысша «предсе-


11
датель» дегеннің баламасы, бұл сөздегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет