Беғазы-дәндібай мен адронов мәдениеті тохтаухан,з



Pdf көрінісі
Дата27.10.2023
өлшемі157,98 Kb.
#188700
Байланысты:
беғазы-дәндібай мен адронов мәдениеті тохтаухан,з
экзогендік процестер оспанова асия


Қазақстан
территориясындағы
Беғазы-Дәндібай және
Андронов мәдениеті
орындаушы: тохтаухан.з
тексрушы: асанова.г
беғазы-дəндібай мен адронов мəдениеті тохтаухан,з
Страница 1 из 6


Андронов мәдениеті
Андрон мәдениеті – қола дәуірінде б.з.б. 2-мыңжылдықтың алғашқы
жартысынан бастап, б.з.б. 1-мыңжылдықтың басында Батыс, Оңтүстік
Қазақстан, Сібір мен Орталық Азияны мекендеген тайпалар
мәдениеті.Солт. шекарасы Батыс Сібір ормандарымен, ал оңт. Памир,
Тянь-Шань, Тарбағатай, Алтай тауларымен тұйықталады. Андрондықтар
мекен еткен аумақ батыстан шығысқа қарай 3000 км, ал меридианды
бағытта 1500 км-ден астам жерді алып жатты. Физ.-геогр. тұрғыдан
алғанда, андрондық мәдени-тарихи қауым Еуразия құрлығына дендеп
енген. Андрондық мәдени-тарихи қауымдастықтың тұрғындары төрт
ландшафтыны, яғни, орманды даланы, даланы, жартылай шөлейтті, шөл
даланы қамтиды. Әр алуан ауд. археол. ескерткіштерді саралап
қарағанда, андрондар үшін ең қолайлы аймақ орманды дала мен
далалық жерлер болып табылады.
беғазы-дəндібай мен адронов мəдениеті тохтаухан,з
Страница 2 из 6


Ескерткіштердің тұңғыш рет 1914 ж. Ачинск қаласының маңындағы Андронов деревняның
маңынан табылуына байланысты осылай атаған. Бұл мәдениет Орталық Қазақстанды
мекендеген тайпалар арасына кең тараған. Ол таралған аймағына және өзіндік белгілеріне
қарай үш тарихи кезеңге бөлінеді: ерте кезеңі – б.з.б. 17–16 ғ-лардағы Петров мәдениеті; орта
кезеңі – б.з.б. 15–12 ғ-лардағы Алакөл-Атасу, Федоров-Нұра мәдениеттері; соңғы кезеңі – б.з.б. 11–
9 ғ-лардағы Алексеев, Замараев, Сарығары, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері.
Андронов мәдениетін жасаған тайпалар егін егу, мал өсіру, аң аулау кәсіптеріне қолайлы өзен,
көл жағаларында, бұлақтары мол тау аңғарларында тұрған. Алғашқы қоныстары биік
дуалдармен, сырты ормен қоршалған, іші бөлек қамал-қала типтес болған. Орта және соңғы
кезеңдерінде ауылдар ұлғайып, 20–120 үйлік қоныстар пайда болған. Қорғаныс дуалдары,
орлары жоқ. Үйлері шымнан, бөренелерден салынып, кейде іргесіне тас қалаған немесе
жалпақ тастарды тігінен көмген. Пішімі төртбұрышты, трапеция, сопақша (аум. 60–160 м2).
Соңғы кезеңдерінде көшіп-қонуға ыңғайлы дөңгелек, құрастырмалы (диам. 6–10 м) үйлерде
тұрған. Зираттарын ауылдан өзен, бұлақ, сай немесе жота бөліп тұрады. Қайтыс болған
адамдарды тігінен, қырынан немесе жалпағынан қалап шығарған тас қоршаулар мен қоршауы
бар обалар ішіндегі тастан өрілген немесе жалпақ тастарды қырынан қойып қиюластырған
жәшік-көрлер ішіне қол-аяғын бүгіп, бір қырымен басын батысқа, кейде шығысқа бағыттап
жерлеген.
беғазы-дəндібай мен адронов мəдениеті тохтаухан,з
Страница 3 из 6


Беғазы-Дәндібай
мәдениеті
беғазы-дəндібай мен адронов мəдениеті тохтаухан,з
Страница 4 из 6


Беғазы - Дәндібай мәдениеті жасаушы тайпалар да андрондықтар сияқты негізінен табиғат күштеріне (күн, от, су,
т.б.) табынған. Сонымен қатар басты күнкөріс көзі есептелген жылқы, қой, түйе сияқты жануарлар мен қасқыр,
аю, т.б. жыртқыш аңдарды құрметтеп, оларға табыну ғұрыптары пайда болған. Олардың тастан қашалған
бейнесін зират, қоныс маңына (Қойшоқы, Ақсу-Аюлы, Қызыларай, т.б.) тұрғызып қойған. Беғазы - Дәндібай
мәдениеті тұрғындары — өздерінің әлеуметтік дамуында беделді рубасылары басқарған, қалыптасқан діни
наным-сенімі, саяси әкімшілік орталығы бар, өзіндік өндірісі мен өндіргіш күштері дамыған, алғаш мемлекеттік
бірлестік құру дәрежесіне жеткен тайпалар. Олар Оңтүстік Оралдағы (Замарев мәдениеті), Алтай мен Eнисейдегі
(Қарасуық мәдениеті) өздеріне туыс тайпалармен саяси-экономикалық тығыз байланыста дамыды.
Беғазы-Дандыбай мәдениетінің ерекшілігі - ескі қола мәдениетінің түрлері өзгеріп, соның негізінде оған
ұқсамайтын жаңа мәдениет түрлері қалыптасқан. Көзе сауыттар, құрылыс істерінің түрлері, қауымның әдет-
ғұрпымен салт-санасы, рухани тіршілігінің жаңа арнаға ауысқанын айқын дәлелдейді. Беғазы-Дандыбай
мәдениетін жарқын сипаттайтын белгілер: Дәндібай (1933), Беғазы (1946) Бұғылы ІІ-ІІІ (1952), Саңғыру І,ІІІ (1955),
Қойшоқы (1967) жәдігелері, т.б. ескерткіштер[1].
Беғазы-Дәндібай мәдениеті ғылымда - Беғазы кешені, Беғазы қорымы, Дәндібай, Бұғылы ӀӀ-ӀӀӀ, Саңғыру I, III,
Қойшоқы сынды бірқатар археологиялық орындар деректері мен жәдігерліктерін қамтиды. Бұл біздің ерте
заман тарихымыздың бір тарауы болып саналады. Қола, ерте темір дәуірінен сақталған бейіттер тобы. Бұл
қорымнан әр түрлі қыш ыдыстар мен қару-жарақтар, әшекей бұйымдар табылған.
беғазы-дəндібай мен адронов мəдениеті тохтаухан,з
Страница 5 из 6


назарларынызға
рахмет:)
беғазы-дəндібай мен адронов мəдениеті тохтаухан,з
Страница 6 из 6


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет