Бейнелеу өнерінің жолдары: кескіндеме, графика,сурет, қол өнері Орындаған: 306қб топ студенті Жұбатқанова Назгүл



Дата11.03.2022
өлшемі0,84 Mb.
#135190
Байланысты:
Жұбатқанова Назгүл 306қб арт

Бейнелеу өнерінің жолдары:кескіндеме, графика,сурет, қол өнері

Орындаған:306қб топ студенті Жұбатқанова Назгүл

Тексерген:маг.аға оқытушы Бекенова Б


Қазақ бейнелеу өнері — көркем кескіндеме, мүсіндемеграфика, сән және қолданбалы өнер салаларын қамтитын, ұлттық дүниетанымға негізделген көркем өнер.
Қазақ бейнелеу өнерінің бұқаралық ең ежелгі түрі – халықтың қолөнері болып табылады.
2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда Қазақ Бейнелеу Өнерінің барлық түрі: кескіндеме, мүсіндеме, графика ілгері дамыды.
Қазақ және өзбек халықтарына ортақ суреткер – қазақ табиғатын тамсана жазған, алғашқы академик-суретші О.Н. Таңсықбаев Қазақ Бейнелеу Өнерінде ерекше орын алады.
Ол елден жырақ жүрсе де (Өзбекстанда тұрған) бар болмысымен, жүрегімен өзін әрқашанда елімен, жерімен бірге сезінген,
қазақ табиғатын ерекше бір сүйіспеншілікпен жазған суретшінің бірі болды (“Қазақстан жолдары”, “Көш”, т.б.). 50-жылдардың соңы (Қ.Телжанов, М.Кенбаев) Қазақ Бейнелеу Өнері жанрлық және ізденіс бағыттарының сонылығымен ерекшеленеді
Қазақ Бейнелеу Өнерінде графика елеулі орын алады.
60-жылдары акварельдің, офорттың, линогравюраның, автолитографияның өзіндік бағыттары бар дарынды шеберлері (А.А. Дячкин, Е.Г. Сидоркин, Н.С. Гаев, Ш.Б. Кенжебаев, И.Г. Квачко, т.б.) өсіп жетілді.
Қазақ Бейнелеу Өнерінің дамуына А.Ғалымбаева, Г.Ысмайылова, Қ.Телжанов, М.Кенбаев, С.Мәмбеев, Ә.Жүсіпов, С.Романов, А.М. Степанов, К.Шаяхметов, Ү.Әжиев, т.б. суретшілердің тақырыптық картиналары үлкен үлес қосты.
Ауыл тақырыбы көптеген Қазақстан суретшілерінің назарында болып, әсіресе, шығармашылық жолын 60 – 70-жылдары бастаған шеберлердің ең басты тақырыбына айналды.
С.Айтбаев, Ш.Сариев, Т.Тоғызбаев, Ә.Садыханов, О.Нұржұмаев, А.Ақанаев шығармаларына өзіндік дүниетаным, өмірді кең көлемде тани білу, символикаға құштарлық тән болды.
М.Аманжолов, К.Муллашев, Е.Төлепбаев, т.б. шығармаларынан романтикалық-символдық және сезімдік бастаулар көрініс тапты.
Бұл суретшілердің шығармалары айқын да күрделі түсімен, шиыршық атқан бояуымен, белсенді кеңістік ортасымен, бейнелердің әсемдігімен және сырлылығымен ерекше көзге түседі.
М.Қисамединов еңбектері жұртшылықтың қызығушылығын туғызды. 
Графика гректің "грапо" деген сөзінен шыққан, қазақша "жазамын", "сызамын", "суретін саламын" деген мағынаны білдіреді.
Қарындашпен, тушьпен салынған сурет немесе гравюралар графикаға жатады.
Ол бейнелеу өнерінің бір саласы болып табылады.
Кітаптағы иллюстрациялар, газаттегі суреттемелер мен карикатуралар, түрлі көшедегі плакаттар - осының бәрі график суретшілерінің туындылары.
Графикада сызықтар, штрихтар, ашық және қоңыр дақтардың арақатынасы жетекші маңызға ие болады.
Графика өнерінің кейбір түрлерінде түстер де пайдаланылады.
Қазақстан суретшілерінің ұлттық графикаға қосқан үлесі зор.
Еліміздің графика өнерін дамытып, сол салада жемісті еңбек етіп жүрген суретшілерден: И. Исабаев, Ә, Рахманов, М. Қисамединов, А. Смағұлов, Б. Табылдиев, К. Баранов, Н. Гаев, В. Гурьев, Е. Сидоркин, Т. Ордабеков, Қ. Қаметов, В. Тимофеев, т. б. атауға болады.
Графика өнері каллиграфиямен, жазбамен тығыз байланысты деп табылады. ХІХ ғ. дейін графика мен сурет түсініктері қатаң ажыратылып қаралды.
Графика деп тек баспа техникасымен салынатындарды атаса, суретке - қолмен салынатын жұмыстарды: нобайды, нұсқа, т. б. жатқызады.
Гравюрлеу француздың grawer - "қию", "тырнау" деген сөзінен шыққан.
Гравюра деп бетіне сурет ойып салынған тақтаны да, сондай - ақ одан алынған басылымды да айтамыз.
Гравюра Қытайда шамамен VI ғасырда пайда болды.
Батыс Еуропада ол XIII - XIV ғасырларда шығып, XVI ғасырда кемеліне жетті.
Көптеген график суретшілері байқасақ, олар қарындаш, акварель, тушь сияқты қолайлы әрі ыңғайлы материалды қолданған.
Графикаға гравюралардың барлық түрлері де жатады, суреттерден айырмашылығы сол - оларды көп дана етіп көбейтуге болады.
Гравюралар бірнеше тақталардан басылады.
Гравюраның түрлері өте көп, олар: офорт, ксилография, линогравюра, литография т. б. болып бөлінеді.
Графика өнері бейнелеу өнерінің бір түрі.
Қазақ графика өнерінің бастауы тас дәуірі мен ата – бабаларымыздың рухына табынуға барып тіреледі. Жартастарға салынған сызықтық суреттер Балқаш, Түркістан, Маңғыстау өлкесінен табылған.
Қасиетті қазақ халқының қолөнерінің тарихы тым тереңде. Ол кеңбайтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ тәрізді көне түркі тайпаларының мәдениетінен арқау алады.
Жәнеде оған Оңтүстік- Сібір, Орта Азия мен Ресей халықтарының да мәдениеті өз әсерін тигізген.
Осындай үнемі жаңғыру үстінде болған қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінің даму биігіне көтерілген кезкңі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы.
Қазақ халқының қолөнері ерте кезден ақ әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін қызықтырған.
Геродот тіпті былай деп жазып қалдырған: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған.
Жайдың металдан істелген бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан істелген. Бас киімдері мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған.
Сондай- ақ, ат омырауындағы өмілдіріктер де мыстан соғылып, жүген сулығы, ауыздығы тағы да басқа бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріліп, безендірілген».
Қазақ халқында қолөнер шеберлері жасаған ыдыстарының өздері 65 түрлі .
Ал музыкалық аспаптары 18 ғылыми деректер бойынша Қазақстан жерінде қолөнер кәсібі мұнан екі жарым мың жыл бұрын түрлі тайпалардың творчествасы арқылы байқап, ұрпақтан- ұрпаққа мәдени мұра болып қалып келеді.
Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен роль атқарған және оны ұқсатуды ел бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген.
Қазақ халқының шаруашылығында мал жүнінің ең асылы және бұйымдар жасауға ең көп қолданатыны түйе және қой жүндері, ешкі түбіті, оның қылы, содан кейінгісі жылқының жал-құйрығы, түйенің жүні, шудасы.
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет