Бекітемін шайсұлтан Шаяхметов атындағы


Латын графикасына көшуді көпшілікке насихаттау



бет5/6
Дата12.10.2020
өлшемі75,5 Kb.
#65877
1   2   3   4   5   6
Латын графикасына көшуді көпшілікке насихаттау

Өңірлер бойынша әр жұмыс топтарының нәтижелерін көпшілікке насихаттау жұмыстары 2018 жылдың қазан айынан басталды. Ақпараттық-насихаттау шараларына барлық облыстар, жекелеген қалалар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының тұрғындары қатысып, алғашқы ақпараттармен танысты. Барлық өңірде филолог мамандар жаңа әліпбидегі жазу ережелері бойынша сабақтарға қатысты. Сонымен бірге, Нұр-Сұлтан қаласында арнайы тренерлер дайындайтын курстар ұйымдастырылып келеді. Ақпараттық-насихат жұмыстары жан-жақты жүргізіліп отыр. Интернет сайттары, әлеуметтік желілер арқылы, жұмыс топтары мүшелерінің жеке парақшалары арқылы насихаттау шаралары атқарылып келеді. YouTube каналы арқылы бейне сабақтар жүргізіліп, әдіскер мамандарға көмек беріліп отыр. Арнайы бірнеше бейнебаяндар әзірленіп, әлеуметтік желелерге салынды. Балаларға арналған мультфильм әзірленіп, жас бүлдіршіндер назарына ұсынылды. Қызықты мультфильм таңдап алынып, латын графикасында қазақша субтитрі әзірленді, көрерменге жол тартты. Ақпараттық баннерлер, буклеттер, лифлеттер, таратпа материалдар, арнайы оқу құралдары да насихаттау шараларына ықпал етіп келеді.

Ақпараттық-насихаттау форумы ақпараттық насихат жұмыстарын пысықтау, өзекті мәселелерді талқылау, алдағы міндеттерді нақтылау алаңы болады. Форум барысында барлық өңірдегі мемлекеттік тілге қатысты өзекті мәселелер ортаға салынады. Мамандар пікірлерін білдіріп, мәселенің шешімін табу жолдарын қарастырады. Сонымен бірге, әр өңірдегі озық үлгілер мен тәжірибелер көрмесі арқылы тәжірибе алмасу іске асады. Ерекше атқарылған жұмыстар мен әзірленген өнімдердің белсенділерін ынталандыру шаралары атқарылады. Республикалық деңгейдегі мәселелер хаттамалық шешім ретінде Тіл саясаты комитетіне жолданады.

«Мемлекеттік тіл болашағы – жастар болашағы» тақырыбында тіл саласында қызмет атқарып жүрген белсенді жастар арасындағы өзара пікір алысу алаңы қалыптасады. Қазақ тілінің қоғамның барлық саласында кеңінен пайдаланудың тетіктері мен оны іске асыру механизмдерін талқылайды.

Тіл саясаты комитетінің қызметкерлері өңірлік тілдерді дамыту басқарма басшыларының баяндамасынан өңірдегі тілдік ахуалмен толық танысады. Жаңа әліпби негізіндегі жаңа емле ережелерін оқыту деңгейі сарапталады.

Барлық өңірлік тілдерді дамыту басқармалары арқылы өңірдегі тіл саласы мамандарының ұсыныстары негізінде 2020-2025 жылдарға арналған «Мемлекеттік тіл және Қазақстан халқының тілдері» мемлекеттік бағдарламасының жобасына ұсыныстар жинақталады. Барлық өңірлік тілдерді дамыту басқарма басшыларының қатысуымен алдын ала онлайн конференция ұйымдастырылып, ұсыныстар жобасы іріктеледі, жинақталады. Форум аясында ұсыныстар жобасы пысықталады.



Каталог: file
file -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
file -> Астрономия Мазмұны
file -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
file -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
file -> Расул гамзатов
file -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
file -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
file -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
file -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет